400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ата-ана мен колледждің қарым-қатынасы ұрпақ тәрбиесінің қайнар бұлағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада колледж студенттерінің тәрбиесіне ата-анамен қарым-қатынасты орнату жайында баяндалған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ата-ана мен колледждің қарым-қатынасы ұрпақ тәрбиесінің қайнар бұлағы


Ата-ананың басты - қазығы, алтын тіреу діңгегі - бала. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта. Отбасының қоғамдағы мақсаты, баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында баланың жан-жақты қалыптасуына ата- ана мен отбасы мүшелерінің қарым қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т.б келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян. Мына жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде колледж қабырғасында отырған баланың жан - жақты білім алуына ең бірінші ықпал ететін - ұстаз болса, оның сүйеніші ата- ана. Сондықтан ата-ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасауы тиіс. Бала тәуліктің бір бөлігінде, яғни 6 сағат колледжде болса, 18 сағат өз отбасында тәрбие алады.

Бала тәрбиесі - ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адамда сондай жақсыға да, жаманға да бірдей бейім болатыны баршамызға мәлім. Қазақта «Баланың бас ұстазы - ата-анасы» деген сөз бар. Жас кезінде дұрыс тәрбие алмаса есейе келе тәртібі қиындап кетеді. Мұндай жағдайларда «не істеу керек» деген ой туады. Әрине, ата-аналар балаларының оқу - үлгеріміне күнделікті назар аударып, оны қадағалап отыруы қажет. Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс күндер дегенді білмейді.

«Ұлды тәрбиелеп отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қызды тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деп тұжырымдаған. Негізі, ой санасы дамыған адамгершілік және дене тұрғысынан салауатты, мәдениетті тұлғаны жан-жақты қалыптастыруды көздеген тәрбие мәселесіне колледж де, ата-ана да бей-жай қарай алмайды. Ал тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі колледж бен ата-аналар  арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынаста. Өйткені адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы ата-ана. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алып өседі.

Қазіргі таңдағы колледж бен отбасының байланысы нақты қай түрде көрінуі керек десек, бала тәрбиесінде оқытушы мен ата-ана ынтамақтастығы бір-біріне ауадай қажет. Себебі, жанұя - әрбір бала үшін алтын бесік болса, баланың жақсы өсуі - тәрбиеден болмақ. Баланың ата-анасы ең алғашқы тәрбиешісі болса, сол тәрбиенің дұрыстығы - тәрбиешісінен. Ал, ұстаз - бала бойына білім дәнін себетін тұлға.

Бүгінгі қоғам алдындағы басты мақсат өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу. Ол үшін бала тәрбиесімен айналысатын отбасы, колледж, қоғам және жұртшылықтың тәрбие ісі кіріктіріліп, жүзеге асуы тиіс. Оқытушылар мен ата-аналардың өзара әрекетінің арқасында ғана студент тұлғасын дамыту мәселелерін табысты шешуге болады. 

Колледж, оқытушы және ата-ананың орны бөлек, себебі баланың бір жақты тәрбие алуы мүмкін емес. Үйде ата-ана баулыса, колледжде оқытушылар тәрбие береді. Тәлім-тәрбиедегі жарасымдылық бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына: оқытушыға, ата-анаға, бірге оқыған құрбы-достарына, олардың күнделікті іс-әрекеттеріне байланысты.

Осы тұрғыда Жамбыл политехникалық жоғары колледжде студент, оқытушы, ата-ана ынтымақтастығы жүйелі жұмыс жасайды. Негізгі мақсатымыз - әр студенттің колледжде, колледжден тыс уақытын дұрыс пайдалануын қадағалау және тәрбие жұмысында, алуан түрлі бірлескен іс-шаралар барысында студент, ұстаз, ата-ана арасындағы берік ынтымақтастықты қалыптастыру. Осы мақсатпен атқарылуға тиіс негізгі іс-шараларды міндеттедік:

  • ата-аналардың өзін-өзі басқару жұмысының қалыптасуын ұйымдастыру мен ұстаздық көмек көрсету;

  • колледж бен отбасының біріккен тәрбиелік қызметін жоспарлау;

Ата-ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Халқымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді. Бала әрқашанда ата анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата ананы өмірдің тірегі санайды.

 Ата ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы перзенті. Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол.


Молдакулова А.Д.

Жамбыл политехникалық жоғары

колледжінің арнайы пән оқытушысы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19.11.2020
456
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі