Материалдар / Ата-ана сүйіспеншілігінің даңалығы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ата-ана сүйіспеншілігінің даңалығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-ана сүйіспеншілігі даңалығына рухани әзірілікке баулу- бұл қазір, менің байқауымша, жас адамның адамгершілік негіздерінің пайда болуындағы ең маңызыды да нәзік мәселелердің бірі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Ақпан 2018
765
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Батыс Қазақстан облысыТеректі ауданы Восход ЖОББМ –нің әлеуметтік педагогМ.К.ГаббасовАта-ана сүйіспеншілігінің даңалығыАта-ана сүйіспеншілігі даңалығына рухани әзірілікке баулу- бұл қазір, менің байқауымша, жас адамның адамгершілік негіздерінің пайда болуындағы ең маңызыды да нәзік мәселелердің бірі.Бізідң ел азаматының қоғамдық қызметі- бала тәрбиелеу, ата-аналық міндетін атқарумен мүлде байланыс жоқ нәрсе деген қөзқарас мейлінше қате.Адам тәрбиелеу өзінің тұған ұлы мен қызын тәрбиелеу- азаматтың ең бірінші аса маңызды қоғамдық қызметі, оның азаматтық борышы.Ата-аналардың басым көпшілігі мұны өте жақсы түсінеді.Әрбір ата-ананың әкелік және аналық сүйіспеншіліктің даналығын меңгеріп алуына қол жеткізуіміз керек,- біз мұнда оқу-тәрбие процесінің аса маңызды міндеттерінің бірі жатқаны көреміз.Аналық және әкелік сүйіспеншіліктің даңалығы, мейірімдік пен талап қоюдың, аялау мен қаталдықтың үйлесмі жайлы пікір – ата-аналармен қандай әңгіме өткізсек те соның бәрінің арқауы.Біз үлкен әдептілікпен, жеке бастарына тимей, көбіне-көп шынай батып жүретін жайларына қозғамай ақ ата-аналардың рұхани өмірдегі осы бір ең нәзік істе жіберер қателерін болдырмуға тырысамыз.Ата-ана тәрбиесінің даналғы болмаған жерде ана мен әкенің балаларға деген сүйіспеншілігінің өзі сол балаларды қоғамаға жат етеді.Мұндай сүйіспеншіліктің көптеген түрлері бар, солардың ең бастылары:
  • Емірене сүю;
  • Рақымсыз сүю;
  • Борышты сүю;
Емірене сүю – бұл ата-аналар мен балалардың арасында бол қалады деп есептейтін қарым-қатынастардың ішіндегі ең қүйіктісі.Мұны нағыз инстинктивті, санасыз, кейде тіпті өзін сүю деп те айтқын келеді.Ана мен әке баланың әрбір басқан қадамнына, ол қадамнының қандай екенін және неге әкеліп соғарын ойланбастан, масаттанып отырады.Емірене сүю баланың жан дүниесін ең алдымен оның өз тілектеріне тоқтам жасай білмейтін халге түсіретіндігімен бұзады; тағылық девиз оның өмірлік принципіне айналып кетеді.Мен не тілесем, бәріне де маған жол ашық, екшімде де менің жұмысысым жоқ, ең бастысы – менің тілегім деп ойлайды ол.Емрену рұхында тәрбиеленген бала адамдардың қоғамдық тұрмысында «болады», «болмайды», «қажет» деген ұғымдар барын білмейді. Оған оның бетіне ешкім қақпайтындай болып көрінеді.Көп ретте өмірдің сәл ғана талабының өзі ол үшін шама келсе ауыр жүкке айналып, аяншақ қыныр жан болып өседі. Емірену рұхынды тәрбиеленген, бақайына дейін деп айтарлықтай өзімшіл болған ол өзінің ата-ана алдында борышты екенің түсінбейді, еңбектене де білмейді, еңбек еткісі де келмейді, өйткені оның көзіне ешкім де ілінбейді және оны қоршаған жаңдардың ең алдымен анасының, әкесінің, атасының, әжесінің өз тілектері, өз талғамы, өзіндік рұхани дүниесі бар екенін жүрекпен ұқпайды.Онда тек сол өзінің жарық дүниеде өмір сүріп, қарапайым жүргенімен- ақ ата-анама шаттық, бақыт әкелемін деген берік сенім болады.Адамның адамға жүргізген биілігіне дәл осындай рақмсыз масаттанудан жиреніштірек бірдене болды деп ойлаудың өзі қиын-ау. Адамдағы ізігілік бастауы туралы баланың түсінігі жас шағынан – ақ бұрмалану, оның адамға және адамгершілікке сенімі жоғалу себептерінің бірі – надан ата-аналадрың пасықшыл рақымысыздығы. Рақымысыз есерсоқтық, ұсақ мінегіштік, үнемі кінәлап ортыру жағдайында кішкетай адам қатыгезденіп алады –бұл, менің біліумде, баланың, жас өспірімнің жан дүниесінен орын алар бүліктің ең бірінші сатысы.Дұрыс отбасында бала ізгілінің, оның саналы тоқтам жасай және кешірімді бола білуінің басы болатын маңызды рұхани қозғауды есерсоқтық қашан да ығыстырып жібереді.Рұхани қозғау дегеніміз - мәпелеу.Балғын шағында мәпелеу көрмеген бала жеткішек кезі мен жаң есейе бастаған уақытында дөрекі, тас баур болып кетеді. Ата – аналардың: «Ұлым кішкене шағында мейірімді, тіл тапқыш, тіл алғыш еді, ал енді есейе бастағанда дөрекі, жат мінезі болды. Неліктен бұл осылай болып отыр» деген ала-көңіл ойларын мен жиі естимін.Мұндай жағдайлардың бой көрсету себебі ата-аналық билігін қолдана білмеуінде екеніне, ал кыспалау дегенді бала жаны өзінің жігерін жасытатын дүлей күш көріп, уайымдап қабылдайтына мың сан рет менің көзім жетті.Ата- ана билігі баланың ішкі күштерін – оның жақсы адам болғысы келетін тілегін дәріптеп, рұхтандырып отыру керек.Баланың жақсы болғысы келетін тілеген қастерлеңіз, ол қылығын адам жанының аса бір нәзік рұхани қоғалысы ретінде аялаңыз, билгіңізді шектен тыс қолдана көрмеңіз,ата-ана билгінің парасаттылығына рақымсыз есерсоқтыққа ауыстырып алмаңыз.Өз баладарымызды каңдай болмасын, дәл сондай адам, біреу- міреу оны өзінің өктемдігіне ойыншық етіп алғысы келген жағдайда, оның жан дүниесі көбіне қарсылық білдіреді.Ата-аналық санасыз сүйіспеншіліктің үшінші бір – түрі борышты сүю.Балалардың тұрмыстық қажетін қамтамсыз етумен өзіміздің ата-аналық міндетімізді өтеп жүрміз деп шын ықылысмен сеніп жүрген әкелер бар.Баламның тамағы тоқ, көйлегі көк, дені сау, не ішем, не жеймін демейді, барлық оқу құралдары бар- одан артық бақыт барма ата- анада деп көбі ойлайды.Осында ата-аналар сүйіспеншілікті материалдық шығын мөлшерімен өлшеуге, тым құрығында борышты өтеуге болады деп есептейді.Шынын айтақанда ата-аналар сүйіспеншіліктің не екенің түсінбейді.Сөз неліктен алдымен әке туралы болып тұр.Өйткені балалармен күнделікті рұхани ортақтасу арқылы байланыс жоқтың қасы. Қазіргі заман сай бізідің балаларымыз өздерінің әлемінде қалады. Неге дейсіндер ғой.Ата-ананың қолы тимейді күнделікті жұмыс, ақша табу, отбасына көніл бөлу, балалармен әнгімелесу қажет.Ал балаларымыз болса үйдегі өзінің компьютер, самартфон арқылы өзінің уақытың өткізумен болады. Осындай жағдайдан кейін ата-ана мен бала арасындағы сезім жоғалады.Олар адамдардың арасында өмір сүреді де адамадарды түсенбейді – міне, мұндай отбасында ең қауыпты жағдайы осы: адамдарға тән нәзік сезімдер, ең алдымен мейірімділік, жан ашу, қайғы мен қуаншықа ортақтасу – олардың жүректеріне жат болады және жетпейді.

Пайдаланған әдебиет: «Ата-ана пеадгогикасы» Алма – ата, 1982 жыл,авторы: В.А.Сухомлинский

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!