Ата-анаға психологиялық кеңес

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ата-анаға психологиялық кеңес

Материал туралы қысқаша түсінік
психологиялық қызмет бес бағытта жұмыс жасайды.Жұмыстың негізгі бағыты кеңес беру болып табылады.Кеңес беру ата-аналарға кәзіргі уақыттың жаңа өзекті бөлігі болып табылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ата-анаға психологиялық кеңес.

Отбасындағы тәлім-тәрбиенің мақсаты-баланың,жеке ерекшелігін,психикалық процестрін ескере отырып,жарасымды жетілген ұрпақты тәрбилеу .Аталған нысанаға жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді

-Отбасында баланың өсіп жетілінуіне ,денсаулығына қамқорлық жасау,нығайту, бекіту.Тазалық дағдыларын қалыптастыру.

-Еңбек сүйгіштікке,  еңбекті қажетсінуге баулу баланың күнделікті  өмірін мәнді ұйымдастыру тұрмыстағы,үй шарушылығындағы еңбекке құлшынысын арттыру өзіне- өзі қызмет ету дағдыларына үйрету.

-Отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым-қатынасын, тіл табысып түсінісуін, бірін-бірі тыңдап, ата-ананы, туған туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету.

-Оқудың, білім алудың, мәдени мінез-құлықтың әдеп-дағдыларын қалыптастыру.

-Отбасында баланың икемділігі мен қабілетін байқап, кәсіптік жағынан бағдарлау.

-Өнерге, мәдениетке, ғылымға құштарлығын тәрбиелеу, уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру.

-Баланың  ақылына, күшіне, біліміне сай берілген тапсырманы, талапты орындауға дайын болуға үйрету.

Бақылау, тексеру, бағалау.

-Тәртіптілікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ойшылдыққа, сергектікке, естілікке, т.б. баулу.

-Өзін-өзі тәрбиелеуге, дербестікке, шығармашылыққа баулу.

Адам баласы-өмір бойы психологиялық көмекке зәру болмақ. Әсіресе, оның нәрестелік, сәбилік, балалық шақтарында, тіпті ауадай қажеттілік деп айтсада болады. Бірақ, біз өмір сүрген бұрынғы қоғамда, адамның психикасын тәрбиелеуге еш уақытта мән берілген емес. Соның салдарынан балабақшаларда да, мектептерде де, тіпті жоғары оқу орындарымен адамның қызмет істейтін орындарында да, адамның психологиялық тәліміне көңіл аударылмады. Мұндай надандылықтың адамдарға тарттыратын азабыда аз емес. Осындай қалыс тәрбиенің ауыр кемшіліктерін ескере отырып,азды-көпті психологиялық көмектің қасиеттеріне тоқталуды жөн көрдік.







Бала атаулының бойында біртіндеп қалыптасатын невроздың негізгі себепкері, жалпы бала тәрбиесінен хабары шамалы, ал бала психологиясы дегенді естіп көрмеген ата-аналардың үкімі де сорақы лыққа толы қатыгездіктерінен екенін ашып айтқымыз келеді. Олардың көпшілігі бала тәрбиесінің қиын да қызық сәттерін іздеп үйренудің орнына, тек жазалау, қорқытып-үркітумен ұстағанда білетіндіктерімен шектелетіндіктері белгілі. Тіршілік тартысына енді келген сәбилер үшін, бұл аттап өте алмастай ауыр күйзелістерге апарады. Айта берсе үлкендер тарапынан болатын дөкерде дөрекі қылықтар толып жатыр.Екінші бағыт-тез арада ата-аналар мен балалар тәрбиесіне қатысты үлкендердің арасында жүргізілетін психологиялық көмекті айтуға болады. Мұның өзіне тән әдістері де толып жатыр. Үлкендерге бала психикасы жөнінде түсінік беру, оны мұқалтпаудың маңызы жайлы, психологиялық тәрбиелерді үйретудің жолдарын-кітаптардан, кинофильмдерден-тереңдей талдап көрсету арқылы. Ата-аналар мен үлкендердің бала тәрбиесіндегі қатыгездіктен тыйылуын талап ету. Осылайша, жас баланың психикасындағы ауыр өзгерістер мен қорқыныштардан туындайтын, оның жан дүниесіндегі жапа шегушіліктің зардабымен қатаң және жедел күресу керек. Әрине, бұл жағдай ата-аналардың көпшілігі білмегендіктен істейтінін де ескеру керек.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.12.2021
559
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі