Материалдар / Ата-аналар жиналысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата-аналар жиналысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшіге ата-аналар жиналысын ұйымдастыруына көмек береді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
751
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ата –аналар жиналысы.

Тақырыбы: «Балам қалай бағаланып жүр?»

Мақсаты

Ата –аналар бағалау түрлерімен (қадыптастырушы, жиынтық , критериалды ) танысады, критериалды бағалауды қолданудың тиімділігін біледі.

Күтілетін нәтиже

Ата – аналар бағалаудың түрлерімен танысады, мұғалімдер пайдаланатын бағалау түрлері туралы біледі.

Ата –аналар балаларының жаңаша бағалану түрлерін таниды.

Негізгі ұғым

- қуаныш сезімін ояту.Балаларының теріс әрекетке түрткі болатын жаман әдеттен арылту жолдарын қарастыру.

- ата-аналарға балаларына ықпал ету арқылы баланың өзіне сенімін нығайту,

- Балаларын бағыттау, бағалаудағы әдістер туралы түсініктерін қалыптастыру.

Барысы:

Кіріспе сөз: Құрметті ата-аналар, бүгінгі тренингімізге қатысып пікірлесіп, сіздермен ой бөлісейік деген оймен бүгінгі шараны өткізіп отырмыз. Қош келдіңіздер!

Шаттық шеңберге тұру:

  1. «Танысу» жаттығуы:

1-жаттығу. Танысу Шеңбер бойымен танысу. Қатысушылар тапқырлық, ой икемділіікгерін жүзеге асырады.

Жүру барысы: Қатысушыр өз аттарының бірінші әріпіне байланысты бойындағы жағымды қасиеттерді атайды. Үлкен шеңбер құрылып, әркім өзінің бір қасиеттерін айтып, сөзді келесі адамға береді.

  1. Топқа бөлу:

Ата-аналар жыл мезгіліне қарай бірігеді. Қыс, күз, көктем мезгілдері бойынша топ құрып, үстелдерге жайғасып отырады.

  1. Ой жинақтау:

Үш топқа тақырып беріледі.

Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.

I-топ. Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар.

II-топ. Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері.

III—топ. Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай байланыс болу керек.

Ата-аналар үстел үстіндегі үлестірме қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.

  1. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?

  2. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қоятын көрінеді. Мысалы, түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады….деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да осындай сауалдарды көп қойса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ әлде, елеусіз қалдырасыз ба?

  3. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

  4. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»,-деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

  5. Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?

  6. Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?

  7. Балаңыздың сабағы тәртібі жайлы білгіңіз келіп, мектепке келіп тұрсыз. Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?

  8. Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан. Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал, балаңыз тәрбиеңізге еш көнер емес, не істейсіз?

Әр топтан ата-аналар осы берілген ситуациялық сұрақтарға жауап береді.

4.Ойланып сұрақтарға жауап беріңіздер:

-Бағалау дегеніміз не?

-Бағалау не үшін қажет?

-Ал, білім не үшін керек?

Ал енді келесі сәтте өздеріңіздің балалық шақтарыңызды бір сәт еске алып көріңіздер. Ең алғашқы алған бағаларыңызды еске түсіріп көріңіздерші.

  • Сол кезде қандай сезімде болдыңыздар?

  • Ойлаңыздаршы, ондай сезім неден туындады.

  • Ата- аналарыңыз төмен баға алғанда қалай қабылдады?

  • Сіздердің кездеріңізде мұғалімдер қандай сөздер айтып, қалай ынталандыра білді? Осындай сөздерді естігенде

  • қалай сезіндіңіздер?

5.Мысалы мынадай мәселеге тоқталайық. Егер анасы баласына: «Сен өте әдемі сурет салдың.» немесе «сен төсекті дұрыс жинамадың»- дегенде ол баласының әрекетіне не берді деп ойлайсыз? Әрине ол бағалады.

Топ ережелерімен таныстыру (слайд)

Жұмысқа кірісер алдында мен сіздерді мынадай ережелер мен таныстырып кетсем:

  1. Әр ата- ананың сөйлеуге құқы бар,

  2. Барлығымыз ортақ жұмыс істегендіктен, біздерде көрермендер жоқ.

  3. Балаларымыз бір сыныпта оқыған соң барлығымыз доспыз, тәрбиелі де мідениетті адамдармыз. Өзіміздің де өзгенің де құпияларын сақтай аламыз.

  4. Біз бір- бірімізге сенеміз.

3 мин

6.«Критериалды бағалау» бойынша видеоролик көрсетіледі.

7.Сергіту сәті

Әр топқа тапсырма: Алдарыңызда жатқан ресурстарды пайдаланып үйдің суретін салыңыздар.

Өз суреттеріңізді бағалаңыздар.

Ендігі кезеңде суреттеріңізді бір бірлеріңізбен ауысыңыздар.

-Бағалаңыздар.

Топтар қойған бағаларды қорғайды.

-Неге осындай баға қойылды?

-Баға қойғанда неге көңіл бөлінді?

-Келесі сәтте тақтаға назар аударыңыздар.

Критериалдық парақты пайдаланып тағы бір рет баллдарды қоюларыңызды сұраймын.

Тақтада слайд

Дескриптор арқылы баллдарды бағаға аударыңыздар.

Критериалдық парағы бойынша баға қойған оңай ма?

Сіздер суреттеріңізді бағаладыңыздар.Қандай бағалау түрлерін қолдандыңыздар?

Бұл бағалаулардың айырмашылығы бар ма?

Қай бағалауды таңдаушедіңіздер?

Слайд.

8.Постер жасау

7.Құрметті ата –аналар, бүгінгі жиналысымыздың тақырыбы бағалау, осы бағалаудың бір неше түрлерімен танысып жатырсыздар . Осы түсінген ойларыңызды жинақтай отырап постер жасауларыңызды сұраймын.

Әр топ постерлерін қорғайды

9.Рефлексия.

Мектеп – кеме,білім –теңіз. Осы білім теңізіндегі кемеде әр қайсылыларыңыздың балаларыңыз бар екен. Әр ата-ана өз баласының біліміне алаңдаулы.Қай ата –ана болса да өз баласының болашақта білімді азамат болуын қалайды. Сондықтан, бәріміздің тілегіміз білімді тұлға қалыптастыру.Көптің тілегі - көл демекші, өзіміздің жүрегімізде,көңілімізде жүрген тілектерімізді балаларымызға жолдасақ. Жүрек- ол сезім, алақан – ол жылулық, күн – ол жарық сәуле.Олай болса алдарыңызда жатқан күннің,жүректің, бейнелеріне балаларыңызға тілектеріңізді жазып, білдірулеріңізді сұраймыз, «Күн шуағы» өздерінің тілектерін жазады.

  1. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?

  2. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қоятын көрінеді. Мысалы, түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады….деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да осындай сауалдарды көп қойса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ әлде, елеусіз қалдырасыз ба?

  3. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

  4. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»,-деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

  5. Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?

  6. Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?

  7. Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?

  8. Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан. Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал, балаңыз тәрбиеңізге еш көнер емес, не істейсіз?

«Ашық айтсам…» жаттығуы; қорытынды:

Ата-аналарға төмендегідей бланкілер таратылып, толтырылады.

Сабақтың жүргізілген күні___________________________________________

Менің есімім_____________________________________________

Менің тренинг барысында түйгенім____________________________________

__________________________________________________________________ Бәрінен де маған мына жаттығу ұнады_________________________________ Сынып жетекшіге ұсыныс_________________________________________________

__________________________________________________________________ Қолы__________________

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!