Материалдар / Ата-аналар жиналысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата-аналар жиналысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Алдымызда отырған оқушылардың ата-анасымен жақын қарым –қатынаста болу,мақсаттында жиналыс –тренинг өткізу. Ата-ананың отбасындағы рөлін анықтау, өз балаларының болашағы туралы пікірлерін тыңдау. Ата-ананың мектеппен байланысын нығайту. Мұғаліммен дұрыс тіл табыса білу ерекшеліктерін білу, ойларын ашық айтуға баулу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Желтоқсан 2020
2184
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Баланың бас ұстазы ата-ана.
Түрі: тренинг
-жиналыс
Мақсаты:Алдымызда отырған оқушылардың ата-анасымен жақын қарым –қатынаста болу,мақсаттында жиналыс –тренинг өткізу.
Ата-ананың отбасындағы рөлін анықтау, өз балаларының болашағы туралы пікірлерін тыңдау. Ата-ананың мектеппен байланысын нығайту. Мұғаліммен дұрыс тіл табыса білу ерекшеліктерін білу, ойларын ашық айтуға баулу.
Көрнекілігі: суреттер, тірек схемалар, слайдтар, кестелер, т. б.

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Ұстаздар мен ата-аналардың назарын тренингке аудару. 1.Шаттық шеңбер. 2.Топқа бөлу. (3 топқа)
ІІ.Негізгі кезең.
Мұғалім түсіндірмесі: Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.

Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.

      Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері – баланың «әдепті бала» болып өсуі.

      Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген.

      Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.

      Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған.


Әрине кез-келген ата-ана өзі туралы да, баласы туралы да жоғары пікірде болады. Сондықтан бұл жұмыстар бастапқы кезде түсінік-танымын кеңейту ретінде жүргізілгенімен кейіннен тереңдей бастайды.

Сонымен қатар, жаңа үлгіде өткізілген ата-аналар жиналысының да маңызы айтарлықтай. «Баланың бас ұстазы ата-ана» атты ата-аналар жиналыстарын өткізу жоспары төмендегідей үлгіде ұйымдастырылды.
Жүрісі:
3. Постер қорғау(3 топқа).
«Ата-ана» «Ұстаз» «Бала»
Әр топтың бір мүшесі қорғайды.


ІІІ. Педагогикалық ойын.
Мақтау Ұрсу.Тәрбиелеу
(2 минут уақытта кестені толтыру, іштей шешімге келу. Кестенің қай жағындағы сөздер көп? Ойлану).
Сіздің балаңыз сізді қатты қуантты (бір ісімен) сіз не айтасыз?Қалай қолдайсыз?
(Балаға мадақтау сөздерін айтып, мәреге бірінші жету).
(Тамаша! Тіпті ертегідей ғой! Сенсіз мен не істер едім? Өте жақсы! Мақтанышым менің! Мен де осындай нәтиже күтіп едім!Қандай қуанышты!)

Ү. Педагогикалық ситуациялардан шығу.
(әр топ мүшелері өз шешімін қорғайды).

ҮІ. Сөйлемді аяқтау.
І топ.
1. Егер баланы үнемі сынап отырса...(оқуға құлқы болмайды).
2. Балаға үнемі күлсе...(бұйығы болып өседі).
3. Баланы қолдап отырса...(өз қадірі үшін оқиды).

ІІ топ.
1. Баланы қолдап отырса...(ол өз бағасы үшін оқиды).
2. Бала төзімділікте өссе...(адал болып жетіледі).
3. Бала қауіпсіз жағдайда өссе...(ол адамға сеніммен қарайды).

ІІІ топ.
1. Бала кекшілдікте өссе...(ол қатыгез болып өседі).
2. Бала адалдықта өссе...(адал болып жетіледі).
3. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе...(бұл әлемнен махаббат табуға үйретеді).

ҮІ. «Күн нұрындағы менің суретім»

Қағаздың дәл ортасына күн шеңберін сызып шығыңыз. Күннің ортасына өз есіміңізді жазыңыз немесе өз суретіңізді салыңыз. Күннің нұрларының орнына өзіңіздің бойыңыздағы жақсы қасиеттеріңізді жазып шығыңыздар. Күн нұрларының көп болғаны өзіңізге жақсы. Бұл: неліктен мен құрметтеуге лайықпын? сұрағының дәлме-дәл жауабы.



ҮІІ. «Алақанға жан бітір»ақ бетке алақанын салып, оған жан бітіру керектігін ұсынады. Алақанға ауыз, көз … салу. Саусақтарын бояу. Әрбір саусаққа өзін жақсы көретін адамдардын атын,кімді үлгі жазу. Соңында неге оларды жазға туралы айтып береді


ҮІІІ. Маржан сөздер сайысы. «Бақытты отбасы»
(үй құрастыру сөздер айту.
Әр топтан өз пікірін қорғау)

ІІІ. Қорытынды.
Ата-аналардың өз балаларының жан-дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта тудырады.
Бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттілігі артады.

Қорыта айтқанда «Бала тәрбиесі- бесіктен» деп тегін айтылмаған.оларды өмірге жақсы тәрбиеге, өнегелі еңбекке баулып еліңе пайдалы азамат етіп өсіру- абзал борыш.Отбасы-бала тәрбиелеудегі алғашқы ұя.Ерте ме, кеш пе сіздің тәрбие беру жолындағы еңбегіңіз белгілі бір табыстарға жеткізері сөзсіз.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!