Материалдар / Ата-аналар жиналысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата-аналар жиналысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Колледж білім алушыларының ата-аналарына арналған жиналыстың жоспары, түрлі трениенгтер ұйымдастыру жолдары көрсетілген
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2022
536
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ата- аналар жиналысының жоспары


Жиналыстың тақырыбы: Ата-ана мен бала, білім беру мекемелерінің қарым-қатынасын нығайту

Мақсаты: қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, тиімді қарым-қатынас орнату.
Міндеттері: ата-аналардың колледжбен,мұғаліммен тығыз байланысын арттыру,балаларды білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу саласының аз да болса жоғарылауына ықпал ету.

Қажетті құрал жабдықтар: үлестірме қағаз, А4 формат, қалам, ватман, маркерлер.
Әдістері: пікір алмасу,сұрақ-жауап, психологиялық жаттығулар.

Жиналыс барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі:

Ата аналарды отырғызу


2. Кіріспе:

Жиналыс мақсатын айту


Кіріспе сөз.

Ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен білім беру мекемелері. Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді. Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.

Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.

Бүгінгі өтіп жатқан «Ата-ана мен бала қарым-қатынасын нығайту» атты тренингімізге қош келдіңіздер! Ең біріншіден сіздермен жақсылап танысып алсақ!

«Танысу» жаттығуы: Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне бір сын есім қосып және өз бойындағы бір қасиетін кезек-кезек айтып шығады.
Талқылау: қандай әсер алдыңыздар, не қиындық туғызды?

Баяндама: «Ата-ана махаббаты»

Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп-инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым-қатынстарында мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты.

Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.

Бала – ата- ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін», деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған.

Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.

Ата-аналардың жастығы мен бала тәрбиесіндегі тәжірибенің жоқтығы, болмаса тәрбие жұмыстарында тек қана өз ойлары мен көзқарастарына ғана жүгінуі немесе қажетті педагогикалық білімдерінің жетіспеушілігі салдарынан тәрбие процестері көптеген қателіктерге ұшырап отырады. Сондықтан да мектеп өміріндегі ата-аналардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның нәтижесінде ата-ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдастырылатын жиналыс, тренингтердің маңызы орасан зор.

«Кім шапшаң?» ойыны

Өз балаларымызды қаншалықты білетіндігімізді байқау үшін «Кім жылдам?» ойынын ойнайық.

Ата-аналар дөңгелене тұрады, мұғалім сұрақ қойып допты береді ,ата-ана жылдам жауап беріп келесі ата-анаға береді.

Сұрақтар:

-Балаңыздың туған күні қашан?

-Балаңыздың кураторының аты-жөні кім?

-Балаңыздың парталас көршісі кім?

-Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?

-Балаңыздың сүйікті асы?

-Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

-Балаңыздың аяқ киім өлшемі қандай?

-Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

-Балаңыздың досы кім?

-Балаңыздың сүйікті фильмі қандай?

-Балаңыздың хоббиі?

-Балаңыздың арманы?

Ой жинақтау: 3 топқа тақырып беріледі. Ата аналар берілген тақырып бойынша өз ойларын ортаға салады.
1 топ. «Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар»
2 топ. « Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері»
3 топ. «Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай байланыс болуы керек?»

Ситуациялық сұрақтар:

Ата-аналар үстел үстіндегі үлестірме қағаздарды бөліп алып,сұрақтарға жауап береді.
1. Балаңыз сабақтан қашып, үйге ерте келді, не істейсіз?
2. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?
3. Балаңыз соңғы үлдегі ұялы телефон алып бер деп сұрады. Сіз: «Шамалы шыдай тұр, уақытында алып беремін» - дедіңіз. Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауып кетіп қалды. Сіздің әрекетіңіз?
4. Балаңыз белгілі бір пәнді ұнатпай, сабақ оқығысы келмейтінін айтты. Сіздің әрекетіңіз?
5. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың», деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?



Сұрақ-жауап: «Мадақтар мен жазалау»

Мақсаты: Ата-ананың балаға көңіл бөлуін байқау.
Барысы: Қағазды екіге бөліп,бір жағына баланы мақтау кезінде қолданатын сөздерін,екінші жағына сөгіс жариялау кезінде қолданылатын сөздерді жазыңыз.Қай бөлікте сөздер көп болғандығы жайында сараптама жасалып, ата-аналарға қорытынды жасау ұсынылады.


«Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал» диагностикасы

Ата-аналарға мынандай ережелерді қадағалап отырып сурет салатындығы ескертіледі:

-Бұл жұмыста сіздер өз бейсаналарыңыздың хатшысы іспеттес боласыздар, сол себепті де еш ойланбай, қорықпай, берілген тапсырманы тездетіп орындауға тырысыңыздар.

-Сурет салу тапсырылғанда, «Қалай саламын? Суреттер қандай болу керек?» деп сұрауға болмайды: өз қалауларыңыз бен шешімдеріңіз бойынша салу керек.

-Суреттерді тез салу керек, өйткені оларды салуға уақыт өте аз беріледі.

-Суреттерді салғанда, басқалардың суреттеріне қарауға болмайды.
Осыдан кейін ата-аналарға үй, жол, жылан, шарап ішетін бокал, шалбар мен әйелдердің басына тағатын орамалды кезекпен салуға тапсыру керек: әр затты салуға мейлінше аз уақыт беріп (5-10 сек), ата-аналарды асықтырып, жұмыстарын жеделдетіп отырған жөн.Ата-аналар салынып біткен суреттерін бір-біріне көрсеткеннен кейін, оқытушы олардың мынандай мағына білдіретіндігін айтады:


Үй – адамның өзін-өзі бағалау деңгейін көрсетеді.

Үйдің суреті кең әрі биік болса, онда бұл ата-ана өзін-өзі бағалау деңгейі жоғары деп есептеуге тұрарлық.Үйдің есік-терезелері бар болса онда бұл ата-ана – қарым-қатынасқа ашық адам.Үйдің есігі ашық болып немесе оның тұтқасы бар болатын болса, бұл жәйт ата-ананың қонақжай екендігін білдіреді.
Жол – адамның қарым-қатынасқа қандай деңгейде араласатындығының айғағы.

Жол кең, әрі үйдің есігінен басталатын болса, бұл адамның қарым-қатынасқа бейім және қонақжай екендігін көрсетеді. Жол тар немесе үйдің қасынан (үйге бұрылмай) өтіп жатса, онда бұл жәйт адамның қарым-қатынасқа оңай кірісіп кетпейтіндігін білдіреді.
Жылан – «Басқа адамдардың мен туралы пікірі қандай?» деген сұраққа өзіңіздің қалайша жауап беретініңіздің айғағы. Жылан үй жаққа қарап тұрса әрі оның айрық тілі аузынынан көрініп тұрса, онда Сіз «Басқалардың мен туралы пікірі жақсы емес: олар күні бойы мені жамандаудан басқа іспен айналыспайды екен» деген ойдасыз. Жылан үй жаққа қарап тұрмаса, онда, онда сіз «Басқалардың мен туралы ойы жаман емес» деген ұстанымдасыз.
Бокал – адамның ішімдікке деген көзқарасын білдіреді. Бокалдың суреті кішкене болып, оның іші бос болса, онда мұны салған адамның ішімдікке немқұрайды болғаны.
Шалбар мен орамал – ата-аналардың түсінігіндегі ер адамдар мен әйелдердің дәрежесін көрсетеді. Шалбардың суреті орамалдан биік тұрса, онда ата-ана өмірде ер адамды әйелдерден жоғары санайды деген сөз.


«Мен балалық шағымда армандадым.........» жаттығуы:

Бір біріне допты лақтыру арқылы балалық шағындағы армандарымен бөліседі.

«Өтінемін» ойыны.
Мақсаты: Ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, бір-біріне көңіл бөлу, бір-бірін тыңдай білуге үйрету.

Қатысушылар ортаға жартылау шеңбер жасап тұрады.

-Құрметті ата-аналар! Сіздер қандай «сиқырлы» күші бар сөздерді білесіздер?

-Рахмет, өтінемін т.б

-Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет. «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, сіздер ол өтінішті орындамайсыздар.

-секіріңіздер

-оң аяқтарыңызды көтеріңіздер

-өтінемін, алақанмен қол шапалақтаңыздар

-өтінемін, бір-біріңді құшақтаңыздар.

- оң қолдарыңызмен сол құлақтарыңызды уқалаңыздар


Қорытынды

Жаттығу: «Тілек шамы».
Мақсаты: тренинг туралы пікірлерді ортаға салу
Құрметті ата - аналар! Біз сіздермен жанұядағы ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынасын түрлі 
жақтарын тануға, жан - жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшақ ұя - жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір - бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір - бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.
Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл - қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет деп бүгінгі жиналысымызды аяқтағалы отырмыз.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!