Материалдар / Ата-аналар жиналысы 1 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата-аналар жиналысы 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал 1 сынып мұғалімдеріне қажет. Тәрбие сағаттарында қолдануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Мамыр 2020
13492
24 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаңа форматты ата-аналар жиналысының қысқа мерзімді жоспары

1-4 сыныптар

Сынып жетекшілер:

Ата-аналар жиналысының тақырыбы: 1 қыркүйек –Білім күні

Ата-аналар жиналысының мақсаты:

  • Алғаш мектепке келгенде кездесетін қиындықтармен ата-ананы таныстыру.

  • Қиындықты жеңудегі тәжірибелік көмек ұсыну.

  • Ата-анамен біріге отырып , білім жолына жол ашу.

Табыс критерийлері: 1. Алғаш мектепке келгенде кездесетін қиындықтармен ата-ана танысады.

  1. Қиындықты жеңудегі тәжірибелік көмек ұсынылады.

3. Ата-анамен біріге отырып , білім жолына жол ашылады.



Күтілетін нәтиже: 1. Мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігі нығаяды.

2. Оқушының күн тәртібінің дұрыс ұйымдасуына ата-ана ықпал етеді.

3. Бірлескен жұмыс арқылы оқушының мектепке бейімделуі қалыптасады.

Ата-аналар жиналысының

барысы (кезеңі)

Әдіс-тәсілдері

Ата-ана әрекеті

Ресурстар

1.Ұйымдастыру кезеңі (Мұғалімге сілтеме)










Ата-аналар жиналысын өткізуге арналған әдіс: – үстелдерді жинап, орындықтарды шеңбер түрінде орналастыру. Бұл ата-аналардың бір-бірін көріп, танысып отыруына жақсы; ата-аналармен топтық және жеке әдістер ұйымдастыру; уақытпен жұмыс істеуді ұмытпаңыз; – жиналысты керемет сөздермен және нәтижелі жағымен аяқтау қажет.


















Толығы

рақ: https://massaget.kz/okushyilarga/mektep_omiri/45640/





2.Психологиялық ахуал.


«Амандасу құпиясы»

Энерджайзер «Қол алысуды жинау»

Мұғалім:

1. Кім қанша қол алысу жинады?

2.Осы жаттығу не үшін жүргізілді?


Қатысушы ата-аналар бір-біріне шапалақ соғу арқылы алғыс білдіреді.


Музыка

3. «Шашу әдісі»

Топқа бөлу


Құрметті ата-аналар балаларыңыздың алғаш мектеп табалдырығын аттаған қадамы құтты болсын! Қазақ халқы қуанышты сәттерге шашу шашып, қуанышымен бөліскен. «Шашу» әдісі арқылы 4 топқа бөлінеді.

Ата-аналар конфетті таңдап, конфет түстеріне қарай 4 топқа бөлінеді.


4. Танысу тренингі



Ата-аналарға (А4 форматты) парақ беріледі.

Әрқайсысы сол қағазды екіге бүктеп, бірінші жағына ата-ана өзінің есімін үлкен етіп жазып, екінші жағына баласының атын жазып, баласын неге теңейтінін суретін салып, таныстырады.


5. Ағымдағы жағдаятты талдау

«Алғаш мектеп табалдырығын аттаған баланың мектепке бейімделуі»

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Әрбір ата-ана өмірге бала әкелгеннен кейін оған тәлім-тәрбие береді. Бірақ бала ата-ананың тәрбиесін алып қана қоймайды. Балаға үш түрлі адамның мінезі беріледі екен. 1. Ата-ананың тәрбиесі. 2. Ұстазынан, өйткені алғаш ес біліп, мектеп қабырғасын аттағанда сауатын ашып, өмір жолын салатын ұстазы. 3. Достарынан. Осы үш адамның бойындағы мінез-құлықтардың өзіне ұнайтын жақтарын алады екен.

Топтық жұмыс. Постер қорғау.Әр топқа дайын мәтін беріледі. Мәтінді топта талқылап, бір шешімге келеді. Шыққан нәтижені өзге топтарға таныстырады.

Бала жаңа өмір жағдайына бірдей емес үлгеріммен «көндігеді». Г.М.Гуткинаның зерттеуінде балалардың мектепке бейімделуінің үш кезеңі көрсетілген.

Мұғалімнің қорытынды сөзі: Оқушылардың мектепке бейімделуі осындай үш деңгейде өтетіндігін білдік. Олай болса баланың мектепке бейімделуін дұрыс қалыптастыру үшін баланың күн тәртібін тиімді ұйымдастыра білу қажет.

1 топ: «Бейімделудің жоғары деңгейі»

Бірінші сынып оқушысы мектепке дұрыс көзқараспен қарайды, ұсынылған талаптарды бірдей қабылдайды; оқу материалын жеңіл меңгереді; бағдарламалық материалды толық және терең игереді, қиындатылған міндеттерді шешеді; мұғалімнің түсіндірмесін, нұсқасын назар қойып тыңдайды; тапсырмаларды ішкі бақылаусыз орындайды; өзіндік жұмысқа үлкен қызығушылық танытады, барлық сабаққа дайындалады; қоғамдық тапсырмаларды жауапкершілікпен орындайды; сыныпта жақсы беделге ие.

2 топ: «Бейімделудің орташа деңгейі»

Бірінші сынып оқушылары мектепке жағымды көзқараспен қарайды, оның мектепке келуі жағымсыз уайымды туғызбайды; оқу материалын мұғалім нақты және көрнекі түрде түсіндірсе ғана түсінеді; оқу бағдарламасының негізгі мазмұнын игереді, типтік есептерді өз бетімен шешеді; үлкендердің нұсқауларын, тапсырмаларын орындауда ұқыпты, бірақ оның бақылауымен сабаққа дайындалады және үй тапсырмасын үнемі орындайды; қоғамдық жұмыстарды адал орындайды; сыныптастарының көбімен дос.

3 топ: «Бейімделудің төменгі деңгейі»

Бірінші сынып оқушылары мектепке кері және енжар көзқараспен қарайды; денсаулық жағдайына жиі шағымданады; тәртіп бұзушылығы байқалады; мұғалімнің түсіндірген материалын үзіп-үзіп меңгереді; оқулықпен өзіндік жұмыста қиналады; өзіндік оқу жұмысын орындауда қызығушылық танытпайды; сабаққа үнемі дайындалмайды, мұғалім және ата-аналар тарапынан оған бақылау, ескертулер қажет; үлгі бойынша жаңа есепті шешу үшін зейіні мен жұмысқа қабілеттілігін сақтайды; үлгі бойынша жаңа есепті шешу үшін мұғалім мен ата-аналардың маңызды көмегін талап етеді; қоғамдық тапсырмаларды ешқандай ықылассыз, тек бақылаумен ғана орындайды, енжар; жақын досы жоқ, сыныптастарының кейбіреулерінің ғана аты мен тегін біледі.

-Әр топ мәтінді топта талқылап, шыққан нәтижені өзге топтарға постер арқылы таныстырады.

Постер қорғау

6. Тақырыпты өзектендіру. «Бейнебаян»

Келесі кезекте «Оқушының күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру» тақырыбындағы бейнебаянды көруді ұсынамын.





https://www.youtube.com/

7. «Бүгінгі күнге рецепт» әдісі

Мұғалім:

Кім дұрыс қорытынды шығарып, кім өзін-өзі жетілдіру жолына түссе, сол ғана өмірде өз дегеніне жетеді.

Жабырқама! Жабырқаушының әрқашан жолы болмайды, сәтсіздікке ұшырайды. Қорықпа! Қорқақтар әрқашан ұтылуға бейім болады.Ата-аналарға ата-аналар міндетін таныстыру.

Ата-ана міндеті

1. Балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі, имандылық, адамгершілік тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;

2. Білім беру ұйымының жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға;

3. Балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын, кешікпеуін және сабақтан кейін алып қайтуын қамтамасыз етуге;

4. Білім беру ұйымы жұмыскерлерінің ар- намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;

5. Оқушының киім үлгісіне негізделген міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға;

6. Балалардың мекемеге баруын үздіксіз білім алып, үлгерімін қадағалауға;

7. Баланың жеке басының тазалығын қарауға, құрал-жабдықтарын алып беруге;

8. Мектеппен үнемі байланысты болуға;

9. Баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында түрлі үйірмелер мен жазғы демалыста мектеп жанында ұйымдастырылатын сауықтыру лагеріне қатысуға міндетті;




8. Тапсырма бойынша бірлескен талқылау

«Жұдырық» жаттығуы. Мақсаты: Өзін-өзі тану қабілетін, қарым-қатынасты дамыту.


Талдау: Қандай сезімде, қандай күйде болдыңыз?


Мұғалім:

Қорытынды: Біз әбден күш көрсеткенге, адам жанын қинауға құмармыз. Жай сөйлесек, «жылы-жылы сөйлесе жылан інінен шығады», біз күштемей-ақ қолыңызды аша салыңызшы деп айтуымызға да болар еді. Яғни,

(Бала мен Баға!)

Бес алмады деп баланы сөкпеңіз,

Оған бола болмасын көп өкпеңіз.

Сары түсті қоссаңыз да өзгермес,

Сол қалпында қалады ғой көк теңіз.

Төрт алса да балаңызды қолдаңыз,

Қатігездеу ата-ана болмаңыз.

Жасытпаңыз бойындағы жігерін,

Қайта оны ынта беріп қорғаңыз.

Қарап тұрған ештеңе жоқ бағаға,

Ол үшін де ұрыспаңыз балаға.

Білім – теңіз, үйретіңіз жүзуді,

Еңбектеніп шығатындай жағаға.

Қай пәндерді ұнатады балаңыз,

Соны байқап, соны қарап, елеңіз.

Ақылдысың деп айтыңыз күн сайын,

Түбі сенен түк шықпайды демеңіз.

Тым қаталдық кей балаға жақпайды,

Бұл сөзімді кей ата-ана жақтайды.

Қандай баға алса дағы жүрсін аман,

Түбі бала өз міндетін ақтайды.

Авторы: Ермекұлы Саян

Нұсқау: Қазір барлығымыз бір тапсырманы орындайық. Көршілер бір-бірімізге қарама-қарсы отырып, біреуіміз жұдырық түйіп, екіншіміз жұмылған жұдырықты ашуымыз керек. Жұдырық түйген кісі аштырмау керек. Ал екінші кісі ашуға тырысыңыз. Енді осыны қарама-қарсы қайталау керек.


9. Бірлескен шешім

1. Оқушының мектепке бейімделуі ата-ана мен мұғалімнің арасындағы тығыз байланыс орнату арқылы қолға алынсын.

2. «Ата-ана міндетін» ата-аналар жадында ұстасын.



10. Рефлексия (ата-ана)

«Бір ауыз сөз» әдісі

Ата-аналар бір ауыз сөзбен бүгінгі жиналыс туралы өз ойларын жеткізеді.


11. Кері байланыс (жазбаша)

«Ашығын жазсам...» жаттығуы


Ата-аналар бүгінгі сабақтың қорытындысын жазу арқылы орындап шығады. «Ашығын айтсам...» ата-аналар жиналысының жүргізілген күні_____________

Менің жиналыс барысында түйгенім_________________

Ата-аналар жиналысының мұндай формасы қажет пе?_________________________


12. Сынып жетекшінің рефлексиясы

1. Жиналыста не сәтті, не сәтсіз болды?

2. Неліктен?

3. Нені, қалай жақсарту керек?

Ата-аналар шешімі:






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!