Материалдар / Ата-аналар жиналысы 1-сынып Балаңыз оқушы атанды
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата-аналар жиналысы 1-сынып Балаңыз оқушы атанды

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата - аналар жиналысы 1-сыныпқа арналған. Алашқы өткізетін жианлыс. Ата-аналармен танысу үшін, баланың 1-сыныпқа бейімделуі туралы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қырқүйек 2023
4337
44 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Балаңыз оқушы атанды»

Мақсаты: ата-аналармен танысу, 1-сыныпқа келген оқушылардың мектеп өміріне алғашқы бейімделу кезеңінде болатын өзгерістермен таныстыру, ата-аналар арқылы балалардың бойындағы ерекшеліктерін анықтау.

Күн тәртібі:

1. «Балаңызды көзінен танисыз ба?» тренинг, «Өрмекші торы» ата-аналармен танысу

2. Мектепке баланың психологиялық бейімделуі

3. Топтық жұмыс, «Лабиринт» тренингі

4.Ата-аналар комитетін сайлау

5.Әр түрлі мәселелер 

1.Ұйымдастыру.

МҰҒАЛІМ:
 -Қош келдіңіздер, құрметті ата - аналар. Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен
«Балаңыз оқушы атанды» атты ата -аналар жиналысына қош келдіңіздер!

МҰҒАЛІМ:

-Бүгінгі жиналыстың ерекшелігі сол, тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану. Отбасы - Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. 

Бала қанша білім алып, мектеп табалдырығын аттағанымен, оның өмірінің көп бөлігі әке - шешесінің қасында өтеді екен. Ал сіздердің ата - ана, өміріңізде үш рет мектепке баратыныңызды әрқашан естен шығармаңыз. Бірінші рет – өзіңіз, екінші рет – балаңыз, ал үшінші рет – немереңіз барады екен. Ендеше бүгінгі жиналысымызға қатысып отырған ата - аналарға әрдайым осы балаларыңыздың қорғаны болып, немере сүйіп мектебімізге келе беріңіздер демекпіз!  

1. «Балаңызды көзінен танисыз ба?» тренинг

Picture 6 Оқушылардың көздерін қиып дайындап қою. Ата-аналар өз балаларын табу керек.

«Өрмекші торы» ата-аналармен танысу

Өздеріңізбен танысу мақсатында барлықтарыңызды шаттық шеңберіне шақырамын. Сіздермен «Өрмекшінің торы» атты тренингін өткіземін.  Мен жіптің басын ұстап қалып, өзімнің аты – жөнімді және өзім туралы қысқаша мәлімет айтамын да, келесі адамға жіпті лақтырамын. (Ата-аналар өз аты-жөндерің және қай баланың ата-анасы екенін айтады) Осылайша кезектесіп жіпті бір – біріңізге бересіздер. Бір-бірімізге жіпті беру арқылы өрмекшінің торы шығады.


2. Мектепке баланың психологиялық бейімделуі

Бала бірінші сыныпқа келді. Мектепке бару баланың өміріне үлкен өзгерістер енгізеді. Мектепте оқыған алғашқы айлар өте күрделі және шиеленісті болып табылады. Мектепке алғаш келген баланы балалар мен ересектерден тұратын жаңа ұжым қарсы алады. Оған құрдастарымен және мұғалімдермен байланыс орнатуы, оқу жұмысына байланысты жаңа міндеттерді және мектеп пәндерінің талаптарына қатысты үйрену міндетін орындауы қажет. Мектеп алғашқы күннен бастап-ақ оқушылар алдында тікелей олардың жинақтаған тәжірибесіне қатысы жоқ бірқатар міндеттер қояды, ерекше зияткерлік және физикалық күш салуын талап етеді. Тәжірибе көрсеткендей, балалардың барлығы бірдей мұндай өзгерістерге дайын болмай шығады. Кейбір оқушылар, тіпті жоғары интеллектуалды даму деңгейімен келген оқушылардың өзіне, мектептің оқыту жүйесі міндеттеген салмақты жүк түседі. Психологтар көрсеткендей, көптеген бірінші сынып оқушылары, әсіресе алты жасарлардың, мектепке әлеуметтік бейімделуі қиын, себебі мектеп режиміне бағынышты, мектептің мінез-құлық нормаларын игерген, мектеп міндеттері мойындайтын жеке тұлғалық қасиеттері әлі қалыптаспаған болып шығады. Баланың мектепке, оқуға деген қарым-қатынас негізі сол уақытта, дәл сол 1-ші сыныпта қаланады. Баланың мектепке бейімделуі – өте ұзақ процесс. Кішкентай оқушының мектепке нық үйреніп, дағдылануы үшін бір күн емес, бір апта емес, ұзақ уақыт қажет болады. Зерттеулер көрсеткендей, 1-сынып оқушысының әлеуметтік-психологиялық бейімделуі әртүрлі өтуі мүмкін, балалардың 50-60%-ы алғашқы 2-3 айда бейімделіп кетсе, балалардың 30%-ы бірінші жартыжылдықтың соңына дейін бейімделеді. Ал балалардың 14%-ның бейімделуі жылдың соңына дейін созылуы мүмкін.

Есіңізде сақтаңыз!

Балаңызды мектепке дайындағанда сіз өзіңізге мұғалім ролін алмай, балаңыз үшін оны жақсы көретін және түсінетін ата-ана болып қала беруіңіз керек. Бала өзінің қолынан келетіндердің бәрін бар ықыласымен орындайды. Сондықтан ол жалқау бола алмайды. Балаңыздың жетістігін ешқашан өз жетістігіңізбен және үлкен бауырының, сыныптас құрбысының жетістіктерімен салыстырмаңыз. Тек қана сіздің шыдамдылығыңыз бен сүйіспеншілігіңіз балаңыздың оқуда алға ұмтылуына кепіл бола алады.

3. Топтық жұмыс, «Лабиринт» тренингі

«Рандом» әдісі арқылы ата –аналар топқа бөлінеді. Топтық тапсырмаларды орындайды.

І ТОП

А.Құнанбаевтың «Сегіз аяқ» өлеңін тәрбие тұрғысынан талдау.

ІІ ТОП

Ш.Құдайбердіұлының өлең жолдарындағы тәрбиенің маңызы.

ІІІ ТОП.

С.Сейфуллин бейнебаян. QR– кодпен жұмыс.

«Лабиринт» ойыны

(Ата-аналардың ұйымшылдығын арттыру мақсатында)


САУАЛНАМА АЛУ


КЕРІ БАЙЛАНЫС «СМАРТФОН» ӘДІСІ

ҚОРЫТЫНДЫ.

Әрбір адам баласының соның ішінде жас ұрпақтарымыздың бақытты болуы ол біздің беріп жатқан тәрбиеміз және бойларына сіңіріп жатқан құндылықтарымыз. Сондықтанда адалдық бұл тәрбиенің басты негізі деп білеміз. Бүгінгі айтып өткен тұлғаларымыздың Абай Сәкен Шәкәрім аталарымыздың үлгі еткен өнер-білімдері, адамгершілік ізгі қасиеттері, өнеге жолы арттарына тастап кеткен тәлімі балаларымыздың әрқашанда жадында сақталады деп ойлаймын. Ілияс Есенберлиннің мынадай нақыл сөзі бар Бақытты болашақтың ең басты негізлерінің бірі бұл жалпыға бірдей жақсылық тілеу.

АТА-АНАЛАРМЕН ӘН АЙТУ « ТӘТТІ




























ТОПТЫҚ ЖҰМЫСТАР


 І ТОП

А.Құнанбаевтың «Сегіз аяқ» өлеңін тәрбие тұрғысынан талдау.


А.Құнанбаев «Сегіз аяқ» (ҚЫСҚАРТЫЛЫП АЛЫНҒАН)

Тасыса өсек,

Ысқыртса кесек,

Құмардан әбден шыққаны.

Күпілдек мақтан.

Табытын қаққан2 —

Аңдығаны, баққаны.

Ынсап, ұят, терең ой

Ойлаған жан жоқ, жауып қой.


Болмасын кекшіл,

Болсайшы көпшіл,

Жан аямай кәсіп қыл.

Орынсыз ыржаң,

Болымсыз қылжаң

Бола ма дәулет, нәсіп бұл?

Еңбек қылсаң ерінбей —

Тояды қарның тіленбей.


Егіннің ебін,

Сауданың тегін

Үйреніп, ойлап, мал ізде.

Адал бол – бай тап,

Адам бол – мал тап,

Қуансаң қуан сол кезде.

Біріңді қазақ, бірің дос

Көрмесең, істің бәрі бос.


Малыңды жауға,

Басыңды дауға

Қор қылма, қорға, татулас.

Өтірік, ұрлық,

Үкімет зорлық

Құрысын, көзің ашылмас.

Ұятың, арың оянсын,

Бұл сөзімді ойлансын.


Тамағы тоқтық,

Жұмысы жоқтық

Аздырар адам баласын.

Таласып босқа,

Жау болып досқа,

Қор болып, құрып барасың.

Өтірік шағым толды ғой,

Өкінер уақытың болды ғой.


-Осы өлең жолдары арқылы Абай атамыз не айтқысы келді? Баланың бойына қандай құндылықтарды сіңіртуіміз қажет?

ІІ ТОП

Ш.Құдайбердіұлының өлең жолдарындағы тәрбиенің маңызы.


Ш.Құдайбердіұлы «Адамдық борышың»

Адамдық борышың –

Халқыңа еңбек қыл.

Ақ жолдан айнымай

Ар сақта, оны бiл.

Талаптан да бiлiм мен өнер үйрен,

Бiлiмсiз,

Өнерсiз,

Болады ақыл тұл.

Мақтанға салынба

Мансаптың тағы үшiн.

Нәпсiңе билетпе

Басыңның бағы үшiн.

Өмiрiңдi сарп қыл өлгенiңше,

Жоба тап,

Жол көрсет,

Келешек қамы үшiн.

Қайтадан қайрылып

Қауымға келмейсiң.

Барыңды,

Нәрiңдi

Тiрлiкте бергейсiң.

Ғибрат алар артыңа iз қалдырсаң –

Шын бақыт‚

Осыны ұқ,

Мәңгiлiк өлмейсiң!


-Осы өлең жолдары арқылы Шәкәрім Құдайбердіұлы не айтқысы келді? Баланың бойына қандай құндылықтарды сіңіртуіміз қажет екен ?



























ІІІ ТОП.

С.Сейфуллин бейнебаян. QR– кодпен жұмыс.



Рисунок 1



-Бейнебаянда қандай құндылықтарды баланың бойына сіңірту керек делінген?

Сауалнама

(құжат бойынша толтыру)


Оқушының аты-жөні: _________________________________________________________

Туған жылы, айы, күні: _______________________________________________________

Оқушының ұялы телефоны (болса) _________________________________________

ЖСН № _____________________________________

Мектепке дейінгі болған мекемесі: _____________________________________________

Оқушының қатысатын үйірмелері: ______________________________________________

____________________________________________________________________________



Әкесінің аты-жөні: ___________________________________________________________

Туған жылы, айы, күні: _______________________________________________________

Білімі: __________________________

Әкесінің телефоны:___________________________________________________________

Әкесінің жұмыс орны:__________________________________________________________

Атқаратын қызметі: __________________________________________________________

Әкесінің электронды адресі (болса) ______________________________________________


Анасының аты-жөні ____________________________________________________________

Туған жылы, айы, күні:__________________________________________________________

Білімі:_________________________________________________________________________

Анасының телефоны:____________________________________________________________

Анасының жұмыс орны:__________________________________________________________

Атқаратын қызметі:_______________________________________________________________

Анасының электронды адресі (болса) _______________________________________________


Отбасындағы бала саны:_________________________

Әр баланың аты-жөні, туған жылы, айы, күні, қайда оқиды, нешінші сыныпта т.б

1.__________________________________________________________________________

2.___________________________________________________________________________

3.____________________________________________________________________________

4.____________________________________________________________________________

5.___________________________________________________________________________

6.____________________________________________________________________________

Отбасының әлеуметтік жағдайы:________________________________________________

Толық отбасы:_________________________________

Толық емес отбасы:______________________________

Мекен-жайы:___________________________________________________________________

Үй телефоны (болса) ______________________________________________________________













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!