Материалдар / Ата-аналар жиналысы "Отбасындағы бала тәрбиесі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата-аналар жиналысы "Отбасындағы бала тәрбиесі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде пайдалану үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Мамыр 2020
15786
53 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Карманов жалпы орта білім беретін мектеп – балабақшасы












«Отбасындағы бала тәрбиесі»

(ата-аналар жиналысы)

Picture 3


Сынып: 1

Сынып жетекшісі: Бисембиева А.А












Тақырыбы: «Отбасындағы бала тәрбиесі»  

Жиналыстың мақсаты: Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Баланың мейірімді сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру.Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен қарым – қатынасты жақсарту.

Міндеттері: Ата-аналардың мектеппен тығыз байланысын арттыру.

Күтілетін тәтиже: Ата-аналар мектептегі тәрбие жұмысының

нәтижелігі өздерімен бірлескен әрекетте ғана болатынын және мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда

сынып жетекшісі негізгі рөл атқаратынын түсінеді;


Күн тәртібі

1.Мотивациялық кезең

2.Ата-аналарды топқа бөлу;

3.Ой қозғау «Отбасындағы бала тәрбиесі»;

4. І жарты жылдықтың қортындысы;

5.Ағымдағы мәселелер

І.Кіріспе бөлімі:

Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің «Отбасындағы бала тәрбиесі» атты жиналысымызға хош келдіңіздер! Ата –ана тілегі баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, кішіпейіл, мейірімді болуы.
Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырып демеуші ата-ана.


1.Мотивациялық кезең

Жылулық шеңбері:

Ата - аналарды қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне тұрғызу. Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір - біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар. Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір - бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз.

Енді, өз балаңызға қанай жылы сөздер айтсаңыздар бір-бірімізгеде сондай жақсы тілек, шаттана қуанып күлкімізді сыйлап айтамыз.

Қағаздан өз баласының моделін жасау.


2. Ата-аналарды топқа бөлу

Мақсаты: Ата-аналарды топтық жұмыс түрлерімен таныстыру; өз көзқарастарын еркін жеткізу.

Енді ата - аналар, «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші адам табиғатпен тығыз байланысты, табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш, енді сол ағаштың несі болады деп ойласыздар?

3 топқа бөлу

1-топ Тамыр 2-топ Жапырақ 3-топ Дің

1-топ Отбасы деген кім? Ата-ананың отбасындаға рөлі қандай?

2-топ Қазіргі отбасындағы бала қандай болу керек?

3-топ Қазіргі отбасында ата-аналар қандай болу керек?

Сол бойынша постерге сызып, жазып қорғайсыздар.

(әр топтың сөзі тыңдалып, қошеметпен шапалақ ұрылып отырады).

Тапсырма: 

Ата-аналар, сіздер қазір үйдің суретін саласыздар.

5 минут қана уақыт беріледі, алдарыңыздағы бояудың сан түрін пайдаланып, әдемі үйдің суретін бейнелеңіздер.

Үйдің суретіне  қойылатын критерий:

1.  Суреттің  бетте орналасуы.

2. Суреттің көлемі
3. Бояуының қанықтығы, дұрыс боялуы
4. Терезелерінің симметриялы болуы.
5. Барлық қабырға, есік, шатырларының болуы.

Бағалау

Баға – еңбек жемісі

  • Ата-аналар,сіздердің салған суреттеріңіздің ішінен ең жақсы бағаға лайығын тауып, өз бағаларыңызды беріңіздер.

  • Ал мұғалім үшін де  оқушы еңбегін, жұмысын бағалау өте қиын іс.

  • Барлық талапқа сай келсе ғана  оқушы жақсы баға алады.

  • Дегенмен кейбір кеткен кемшіліктер үшін де оқушы еңбегіне сай бағаланады. 

  • Баға бала көңіліне әсер етеді.

  • Қазіргі кезде оқушыға бұрынғыдай баға қойылмайды, тек мақтау, мадақтау, қолдау көрсету, қолпаштау, смайликтер, бағдаршам әдістері бойынша т.б әдістер арқылы бағалап отырамыз.

1 сынып оқушылары үшін 1,2 тоқсан баға шықпай, бірақ әр сабақта қалыптастырушы бағалау (ҚБ) жүргізіліп отырды. Қалыптастырушы бағалау ол - оқушының күнделікті білім сапасы,  білім алудағы олқылықтарды күнделікті түзеу, оқушының қиындық тудыратын сұрақтарын анықтау және оны жою, кемшіліктерін анықтау және өзін-өзі бағалау, мұғалім - оқушы  арасында кері байланысты орнату.

2 тоқсан соңында оқушының үлгерімі минутына 20-25 сөз құрап, барлық 42 әріпті жатқа біліп, дыбыс, әріп, буын, сөз, сөйлем, диктант жазып, мәтін оқып, ауызша, жазбаша есептер шығарып, кітаптан көшіріп үйреніп, геометриялық фигураларды сызып, әдемі жазуып үйрену және осының бәрін жаймен іздену арқылы біліп, үйреніп жатырмыз.

Енді осы тоқсанда, сабақа таңертен 8.00 болады. Сабақ уақыт 40 минут болып өзгереді және осы тоқсан баға шығады, бөлім бойынша бағалау(БЖ), тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) болады және сол арқылы бағаланады. Қойылған балл негізінде оқу кезеңі және жылдық бағалар бойынша автоматты түрде есептеліп шығарылады. Оқушы сол кезде сабақтан қалып қойсады сол тапсырманы орындайды.

Жиынтық бағалау (1 сынып)

Жиынтық бағалау балдарының пайыздық мазмұны

Бағалау көрсеткіші

Баға

0-20%

Қанағаттанарлықсыз

«2»

21-50%

Қанағаттанарлық

«3»

51-80%

Жақсы

«4»

81-100%

Өте жақсы

«5»

Ағымдағы мәселелер:

  1. Тазалық сақтау;

  2. Мектеп формасы;

  3. Оқылуы 1 жарты жылдықда минутына 20-25 сөз оқу;

  4. Көркем жазуы; Тақтадан көшіріп жазғанда қате жіберу,

  5. Күнделікті толтыру; (апта сайын күнделікке қол қойып отыру);

  6. Қосымша тапсырмалар орындау;

  7. Түсқайта мектепке шақырып оқушыармен жеке жұмыстау;

  8. Кітапты толығымен қаптау, таза ұстау;

  9. Оқушыардың себепсіз сабақ қалдымау;

Рефлекция

Енді ата - аналар мына үлкен қағазға «тамыр тобы»- тамырды, «діңгек тобы» діңгекті,»жапырақ тобы»- жапырақты жапсырамыз. Себебі: 

Осы ағаштың тамыры – ата - ана, діңгегі - мұғалім жапырағы – балаларымыз.

Егер тамырдан нәр алып, діңгегі мықты болып, бұтағы жапырағын жайса ағашымыз

жемісін береді.

Стикерге ата аналар балаларына тілек жазып, осы ағашқа жапсырады





































Мақсаты:

Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Баланың мейірімді сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру.

Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл атқарады.

Мұғалім мен ата-аналардың өзара қатынасы міндеттерінің ең негізгісі — психологиялық-педагогикалық білімдерін көтеру болып табылады.

Осы міндеттерді шешуде оқу бағдарламасын меңгертуде түрлі тиімді әдістер мен технологияларды пайдаланғаны сияқты, ата-аналарға көмек ретінде «Өзін-өзі тану» пәнінің формаларын пайдалана отырып ата-аналар жиналысының дәстүрлі емес түрін өткізгенде интерактивті тақтаны, яғни ақпараттық технологияны пайдалану ата-ана қызығушылығын арттырып қана қоймай, жеке танып- білуге, байланысты нығайтуға қосар үлесі зор.

Осындай формада мектеп психологымен бірлесіп өткізілген ата-аналар жиналысының үлгісін сіздермен өткізсек.

Сіздерді ортаға шаттық шеңберіне шақырамын.

1. Шаттық шеңбері:

Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.

Міне сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің мектебіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.

Танысу: Бір шаңырақ иесі ретінде бір-бірімізбен жақынырақ танысайық. Мына үлгі бойынша: өз есіміңіздің алдына сын есім қосып айтасыз. Мысалы: мен сымбатты Сайрангүлмін. Ал, мен ақкөңіл Анармын.... Олай болса барлығымыз орнымызға жайғасайық.

2. Ой қозғау:

Ата-аналар 3-топқа кәмпит түстері арқылы бөлеміз.

1-топ Қызыл түсті кәмпиттер

2-топ Жасыл түсті кәмпиттер

3-топ Сары түсті кәмпиттер

Бала тәрбиесі жөнінде сұрақтар қойылады. Сол жағдаяттан шығу жолдарын тірек-сызба, сурет арқылы қорғап шығады.

  1. Бала жақсы білімді болу үшін ата-аналардың міндеті қандай болу керек?

  2. Баланың оқу үлгеріміне отбасының қарым — қатынасы әсерін тигізе ме?

  3. Сіз жұмыстан ашулы келдіңіз, балаңыз компьютер алдында отыр, үйдің іші жиналмаған, тамақ істелмеген, сіздің айтып кеткен тапсырмаңыз орындалмаған сіздің әрекетіңіз?

  4. Тоқсандық қорытынды бойынша сіздің балаңыз бір сабақтан үшке кетті делік. Сіздің іс-әрекетіңіз?

3. Топпен жұмыс

Үш топқа тапсырма беріледі. Сол бойынша постер құрап қорғайды

Мақсаты: ата-аналарды топтық жұмыс түрлерімен таныстыру; өз көзқарастарын еркін жеткізу.

1-топ Қазіргі замандағы ұстаз қандай болу керек?

2-топ Қазіргі оқушылар қандай болу керек?

3-топ Қазіргі ата-аналар қандай болу керек?

«Сағат тілі» тренингі

Сағат салу 1-12 тілімен. Әр санның қасына өзінің қасындағы адамдардың аттарын жазып шығу немесе кісі аз болса сағаттың 1,2,3,6,9,12 сияқты сандарын алуға болады.

1. Қолын қысыңыз,

2. Арқасын қағыңыз.

3. Күлімсіреңіз.

4. Қол былғаңыз.

5. Көз қысыңыз.

6. Қомплимент айтыңыз.

7. Тілек айтыңыз.

8. Воздушный поцелуй.

9. Массаж жасаңыз.

10.   Арқаңызды үйкелеңіз.

11.   Құшақтасу.

12.   Қол ұстап  3 рет секіру.




4. Байлаулы бала (тренинг):

Бір ата-ана ортаға шығады. Төмендегідей сұрақтар қойылады.

  1. Сіз балаңызбен көл жағасына бардыңыз. Балаңыз суға қызыққаны соншалық суға қарай жүгіріп кетті. Сіз қалай тоқтатасыз? (аяғы байланады)

  2. Қарасаңыз балаңыз адамдардың тастап кеткен темекінің тұқылын жинап алып, сонымен ойнап отыр. Сіздің әрекетіңіз? (қолы байланады)

  3. Жұмыстан шаршап келсеңіз бала теледидардан атыс-шабыс, бір сөзбен айтқанда өз деңгейіне келмейтін кино көріп отыр. Сіздің әрекетіңіз? (көзі байланады)

  4. Балаңыз сізге басқа ұлттың қызын ұнатты. Бірақ сіздің қалауыңыз ол емес еді. Сіздің әрекетіңіз? (кеудесі байланады)

  5. Балаңыз досымен келіспей қалды да, жаман сөздермен сыбағасын берді. Сіздің айтар сөзіңіз? (аузы байланады)

Міне, баламыз қандай күйге түсті, құрметті ата-ана. Мұндай күйге түспес үшін баламызға неге болмайтынын, «өйткені» сөзін қолдана отырып түсіндіруіміз керек. Сонда ғана сіз бала тәрбиесінде мақсатыңызға жете аласыз.

Видеоролик көрсету

5. Слайд көрсету (ата-анаға кеңес). Слайдқа назар аударыңыздар.

Жүректен жүрекке: Құрметті ата-аналар! Енді осы балапандарымызға жүрегімізден шыққан жылы сөздеріңізбен, тілектеріңізді қағазға (жапырақ) жазып ағашты көркейтейік.

Жүректен шыққан тілектеріңіз әрдайым жер бетіндегі балаларды қолдап желеп-жебеп жүрсін дегім келеді.

Кері байланыс. Екі жұлдыз бір тілек

Шығыс Қазақстан облысы

Зырян ауданы

Серебрянск қаласы

«Серебрянск қаласының №4 орта мектебі» КММ

жанындағы шағын орталық тәрбиешісі

Бибосынова Алтынгуль Елтаевна


Ата-аналармен тренинг

  Тақырыбы: «Бала бақыт бастауы, отбасы алтын діңгегі»  

Тренингті өткізу мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың рөлін анықтау.

Тренинг мақсаты: Ата-ана – мектеп-бала болып, үш жақты тығыз қарым-қатынас орнату.

Міндеттері: Ата-аналардың мектеппен тығыз байланысын арттыру.

Ситуациядан шығу арқылы бала тәрбиесінде кездесетін қиыншылықтардың алдын алу.

Жоспары: 1.Мотивациялық кезең

2. Ата-аналарды топқа бөлу

3.Жиналыс мақсатымен таныстыру

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!