Материалдар / Ата-аналар жиналысы. Тақырыбы: Жалпыадамзаттық – құндылықтар отбасы тәрбиеснің негізі.

Ата-аналар жиналысы. Тақырыбы: Жалпыадамзаттық – құндылықтар отбасы тәрбиеснің негізі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілер үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қаңтар 2019
1437
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Ата-аналар жиналысының жоспары

Мектеп: Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебі.Сынып: м\а,1-4Мерзімі:31.03.2018Ата-аналар саны : Мектепшілік жалпы ата – аналар жиналысы Мұғалім: Шынтеміров Еркебұлан ҒабитұлыАта-аналар жиналысының тақырыбы: Жалпыадамзаттық – құндылықтар отбасы тәрбиеснің негізі.

Мақсаты: Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктерін, баланы рухани-адамгершлікке тәрбиелеудегі отбасының рөлінің маңыздылығын аша отырып, жалпыадамзаттық құндылықтар туралы ақпарат беру.
  • Міндеттері:
  • Бағдарламаның аксиологиялық негіздері туралы түсініктерін қалыптастыру. Ұлдар мен қыздар тәрбиесіндегі ата –ананың рөлі, балаға үлгілі ата –ана болуға шақыру.




  • Ресурстары: (материалдары, көздері)





    Жоспар:1. Қазіргі әлемдегі рухани-адамгершілік білім берудің басымдылығы туралы. Дағдарыс: Жеке тұлғалық

    1.зияткерлік 2.эмоционалдық 3.тәндік. Қоғамдық

    1.экономикалық 2.саяси 3.мәдени 4.отбасылық 5.білім беру



    Экологиялық

    1.климаттық 2.ресурстық. 3.табиғи (ең үлкені)



    ІІ. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының педагогикалық – психологиялық негіздері.

    Сананы тазарту:Күн сайын жағымды көңіл күйге ену тәсілін қолданған жөн. Бұл сананы тыныштандыру мен бақылау үшін, әлемді түйсінуге арналған тікелей әдіс. Күні бойы барлық адамдарға сүйіспеншілік нұрын шашуға талпыныңыз. Ұйықтар алдында күні бойы не істегеніңізді еске түсіру үшін бірнеше минутыңызды бөліңіз, және де оданда жақсысын жасауға шешім қабылдаңыз. Ашу-ызыңызды бақылаңыз. Өзіңізді ұрсып, ренжіткен адам сізге өз ашу-ызаңызды бақылауға көмектесетінін әрдайым есте ұстаңыз. Ашулана бастасаңыз: Бір стакан суық су ішіңіз; Айнадан бет-жүзіңізге қараңыз; Тыныш қана жатыңыз. Өзіңізді тыныштандыратын ізгі немесе жұбату сөздерді дауыстап айтыңыз. Жан тебірентіп, жайландыратын, жалпыадамзаттық құндылықтарға толы ән салыңыз. Жақсы компания, орта табыңыз. Басқаларға тыныштық беруге, оларға қызмет етуге және оларды жұбатуға үйреніңіз. Тыныштық сақтауға үйреніңіз. IIІ. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негіздері.Т.И.Петракова (д.пед.наук.профессор МПед ГУ) құндылықтар жүйесінің жіктемесін үш түрге бөліп қарастырады;Табиғи құндылықтар – бұл адамның табиғи күші мен жан – дүниесінің қабілеттілігі құндылықтары: яғни, ақыл – ой. Сезім, күш – жігер, (ақылдың айқындығы, ойдың үшқырлығы, сезімнің тазалығы, естің сенімділігі, күш – жігердің қайраттылығы).Жүре пайда болған құндылықтар – бұл адамның интелектуалды және адамгершілік тұрғыдан дамуы барысында меңгерген құндылықтар (әдептілік, сыпайлылық, сыйластық, жанашырлық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, сабырлылық т.б.) Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар(мәңгілік) - ол уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар. (Адамға даналық, адалдық, қуаныш, тыныштық, мейірімділік, сүйіспеншілік, әділдік сияқты қасиеттер өздігінен келеді.) Сонымен қатар, аксиологиялық бағыттың ізгілік педагогикасына тән екенін міндетті түрде ескеру керек, сондықтан адам қоғамдағы ең жоғары құндылық ретінде қарастырылып, қоғамдық дамудың өзіндік мақсаты болып табылады. Сол себептен, аксиология құндылықтарды зерттеумен айналысатын философиялық пән ретінде, білім берудің жаңа философиясының негізі және соған сәйкес қазіргі педагогиканың әдіснамасы ретінде қарастырылады. VI.Әкенің отбасындағы рөлі. Отбасында әке басты рөль атқарады. Ер адам жары мен балаларын қорғап, денсаулығы мен білім алудағы қажеттілігін қанағаттандырушы. Еркек әйелін, балаларын қорғаушы, отбасының барлық мұқтаждықтарын өтеуші, олардың денсаулығына, білім алуына кепілдік беретін адам. Еркек пен әйел ата-ана болғанда олар бір-бірін үйлесімділікпен толықтырып, бала тәрбиелейді. Ата-аналарға бала тәрбиесіндегі ең негізгі міндет бұл - дұрыс мінез-құлқын қалыптастыру болып табылады.Бала тәрбиесінде барлығы өз шекарасынан шықпауы тиіс.Түйін: Баланың рухани жан дүниесін отбасындағылар қалыптастырады. Құрметті ата-аналалар сіздер өздеріңізді терезе сияқты елестетіңіздерші. Сіз баланың алдындағы терезені ашып берсеңіз, балаңыз сіз арқылы әлемді таниды. Сіз дұрыс нәрсені дұрыс деп, бұрыс дегеніңізді бұрыс деп әлемді танитытынын естен шығармаңыз. Егер сіз терезені жауып қойсаңыз, балаңыз басқалардың терезесінен дүниені көретін болады. Сондықтан сабырлық пен баланың сөзін тыңдап, өзіңіздей көріп, онымен ақылдасыңыз. Адамзат алдында тұратын міндеттердің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.Әңгімелеу: Жағдайлы бір отбасы баласын ешкімнен кем өсіргісі келмей барлық жағдайын жасайды. Қазіргі заманның озық технологиясымен жасалынған ойыншықтар, компьютер, тіптен қымбат телефонды да алып береді. Бірақ баласы осының бәріне қанағаттанбай, күнде ата-анасының жұмысқа кетпеуін өтінеді. Ата-анасы жұмысқа бармаса болмайтынын, ақша табатынын баласына түсіндіреді. Ал, баласы осы сәтте ата-анасының күніне қанша ақша табатынын сұрап біледі. Бала сол күннен бастап ата-анасының өзіне тастап кетіп жүрген ақшасын жұмсамай жинай бастайды. Жинаған ақшасы ата-анасының бір күндік табысына жеткен күні бала ата-анасына өтініш жасайды. Отбасының бала тәрбиесінің түрлері:1. Ынтымақтастық-баланың бойындағы асыл қасиеті.2. Материалдық қажеттілік тұрғысынан тәрбиелеу-жақсы болсаң-мадақтаймыз, жаман болсаң-жазалаймыз.3.Қиянат жасау арқылы тәрбиелеу – жасағың келмесе де жасайсын, мен айтқан соң істейсің деп, бұйыра сөйлеу.Баланы айтқанды тыңдауға үйрету жолдары:1.Ата-ана отбасында ереже құрып, өздері де соны орындау керек.2.Олардың бойындағы бар әрекеттері балаға үлгі болу керек.3.Ойын арқылы өмірлік сабақ беру керек.Отбасы туралы.Отбасы-ұлттың, мемлекеттің, әлемнің, адамзаттың негізі. Сондықтан оны нығайту керек. Отбасында тыныштық болса – мемлекетте де тыныштық болады, мемлекетте тыныштық болса – бүкіл әлемде тыныштық болады.
    Талдау



    Шығармашылық тапсырма: 1.Ата – анаға балаларына арнап эссе жазғызу. 2.Ата-аналарды екі топқа бөліп,бірінші топ баланы қоршаған жақсы ортаны,екінші топ баланы жағымсыз ортаға итермелейтін құбылыстарды бейнелейді,қорғау.

    Үйге тапсырма. Балаңызды күнде құшақтап, оны қаншалықты жақсы көретініңізді айтып жүріңіз.
  • Келесі жиналыста қандай тақырыптар бойынша әңгімелескіңіз келеді?
  • Жиналыстың қорытынды сәті. Құрметті ата-аналар! Міне, сіздермен қоштасатын сәт те жетті! Біз сіздермен отбасындағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. «Отбасы-жылулық пен жылылықтың мекені», - дегендей, ендігі кезекте бір-бірімізге тілек айтып, бүгінгі кездесуден алған әсерлерімізбен бөлісейік. Бүгінгі ата-аналар жиналысына келіп, белсенді қатысқандарыңыз үшін сіздерге алғысым шексіз! Сіздерге зор денсаулық, бақыт, сүйіспеншілік пен сәттілік тілеймін!









    Топпен ән айту: «Ана мен әке» (Сөзі мен әні: Әбдіжаппар Әлқожа)Рахмет! Келесі кездескенше сау болыңыздар!





    Мұғалім: Аргингазина А.Т

    Директор: Шынтеміров Е.Ғ











    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
    Осы аптаның ең үздік материалдары
    Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
    Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
    тақырыптармен дайындаймыз
    Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
    Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
    Толығырақ