Балалардың мінез- құлқына
кері әсер ететін
ата -аналардың қарым
қатынас типтері
Сынмен үйреніскен( бала
айыпталуды)
Қатты ұялған( бала
жасқаншақ)
Қастықпен өскен( бала қалай
шабуыл жасайтынын біледі).
Төзімділікпен өскен (бала
төзімді болады).
Орынсыз қамқорлық (өз бетімен
шешім қабылдай алмайды).
Орынсыз жұмсақтық
(көнгіштік)(баланың мінез- құлқын бүлдіреді,басқаларға
түсіністікпен қарамайды).
Орынсыз қорқыныш,үрей( баланы
мазасыз етеді,тіпті психосоматикалық ахуалға
жеткізеді).
Жоғары талаптар қою (балалар
сасқалақ,жабырқаңқы,тұңжыраңқы болып,сәтсіздікке ұшыраймын деген
сезім басым болады).
Кемсіту,елемеу (мұндай
сезіммен өскен балаларда агрессия,ашу- ыза басым,қызба
болады).
2.Бала тәрбиесіндегі ананың
рөлі
«Жұмақтың кілті -ананың
аяғының астында».
Құраннан
«Ана -от анасы. Оның
қорғаушысы»
Онере де
Бальзак
«Ұлт болашағы ананың
алақанында»
Онере де
Бальзак
Өмірдегі барлық тамаша заттар
күннің нұрынан,ананың ақ сүтінен нәр
алады.
М.Горкий
Бала өмірінің алғашқы бес
жылында міндетті түрде анасымен болуы керек.Ана өзінің міндетін
өзгелерге аудара салмауы тиіс
(ата-әжесіне,күтушіге,бала
бақшаға)
Өте ерте жастан бастап
тәрбиеге әлеуметтік мемекемелерге берілген балалар анасы бере
алатын мейіріммен,жылылықтан,ізгіліктен,сүйіспеншіліктен кенде
қалады.
3. Бала тәрбиесіндегі
әкенің рөлі
Әке отбасында ең басты орынды
иеленеді.
Еркек- білімнің даналықтың
тәртіптің іске асыраушысы.
Бала тәрбиесінде барлығы өз
шекарасынан шықпауы тиіс.Әр кезінде сүйіспеншілік пен тәртіп болу
керек.
4. Тәрбиедегі
ынтымақтастық
Ынтымақтастық баланың өзіндік
тұлғалық дамуы мен ерекшеліктерін сезіну,түсіну.Оның осы өмірге
өзінің мақсат міндетімен келгенін ұмытпау.Ол осы өмірге леп
әкелгенін есте ұстау.Ата -аналар баланың өзінің бойында бар
ерекшеліктерін іске асыру үшін,сүйіспеншілікпен,құрметпен жағдай
жасауы тиіс.Бала сол кезде ата -ананың беделін құрметін
түсініп,олардың айтқандарына құлақ сала
бастайды.
Мысалдармен
айту.
Телефонда жоқ деп айта
сал,темекі тартпа деп темекі тарту т.б.
5.Жақсы отбасының
қасиеттері
Барлық баланы жақсы көру
керек.Жақсы көру барлығын жаңғыртатын күш.
Баланың шынайы табиғатын
сезініп,табиғат берген ерекшеліктерін ескере отырып,түсіне білу
керек.
Әр баланы жақсы
көру,түсіну,сыйлау арқылы қанағаттандыруға
болады.
Әрбір ата -ана өз баласы үшін
өз бойындағы барлық жақсы қасиеттерді соның ішіндегі ата- ана
махабатын риясыз сүйіспеншілік арқылы бала бойына сіңіру қажет.Біз
аула алдындағы терекке су құйып,баптап,өз сүйіспеншілігіміз арқылы
өсірсек,ағаш әдемі болып дұрыс өседі.Одан кейін ағаш адамдарға да
саясын,жемісін береді.Бала да ағаш сияқты оған дұрыс көңіл
бөліп,күтіп,өз сүйіспеншілігіміз бен шынайы махабатымызбен
тәрбиелеуіміз керек.
Мектеп бағдарламасында өзін-
өзі тану сабағы
1-11 сыныптарда өткізіледі.Бұл
сабақтың негізгі мақсаты бала бойындағы 5 құндылықты сіңіру.Бұл
құндылықтарды бала бойына сіңіру үшін біз ата- аналар аса көңіл
бөлуіміз қажет.Сонда ғана біздің балаларымыз махаббатқа толы адал,
Отаны үшін қызмет ететін, жақсы азаматтар болып өсіп
жетіледі.
Бала бойындағы жақсы
қасиеттерді білу үшін біз баланың ішкі жан сырын,ішкі дүниесін
бақылап,түсініп білуіміз қажет.Сонда ғана біз өз балаларымызды
түсіне аламыз,және дұрыс риясыз сүйіспеншілік арқылы Отанға адал
еңбек ететін азамат етіп тәрбиелеп
шығамыз.
6 .Құндылықтар терегін
айтып өту.
Үй
тапсырмасы
Ата- аналар бәріміз үндінің
бала тәрбиесіне үлкен көмек бере алатын «Звездочка на земле» атты
фильмді көріңіздер.Келесі жиналыста осы фильмді талқылайтын
боламыз.
Жиналыстың қорытынды
сәті
Өз балаларыңыз үшін алтындай
уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін мың алғыс.Өз балаларымызды
риясыз сүйіспеншілікке бөлеп өсірейік.
Ата -аналарға сөз
беру
Ата- аналар жағынан ұсыныстар
алу
Ата -аналардан анкета
алу.
|