Материалдар / Ата-аналар жиналысын жоспарлау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата-аналар жиналысын жоспарлау

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие ісі-жөніндегі орынбасарларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қараша 2018
1557
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сынып жетекші жұмысының маңызды бір бағыты оқушылардың отбасымен жұмыс жасау. Және де балалар дамуының қай жағын қарастырсақ та, оның әрбір жастта тиімді болуында отбасының атқарар рөлі үлкен. Сондықтан да негізгі тәрбиелеуші отбасы, ал сынып жетекшінің міндеті оларға көмектесу.

Сыныптағы ата-аналар жиналысы  - сыныптағы барлық ата-аналар ұжымымен бір мезгілде қарым-қатынас жасаудың тиімді формасы. Алайда көбіне мынадай жағдай,а тап боламыз, сыныпта көзқарастарынан абаржу байқалатын 5-6 ата-ана маған не айтылар екен дегендей үрейлене қарап, ішінен тынып отырғанын, ал мұғалім балалар ұжымының өмірінен жағымсыз оқиғаларды ғана тізбектеп тұрғанының куәсі боламыз. Мұндай жағдайда ата-аналар мектеп жиналысына барарда іштей жағымсыз әсер сезінеді.

Ата-аналар жиналысына дайындалу бірнеше кезеңнен тұрады.

1-кезең. Ата-аналар жиналысын ұйымдастыру.

Бұл кезең күн тәртібін анықтау және барлық қатысушыларды шақырудан басталады. Бұдан әрі сынып жетекшінің пән мұғалімдерімен әңгімелесу өзкізген жөн.  Бұл кездесудің мақсаты – оқушылардың оқу жетістіктері мен мінез-құлық ерекшеліктерін оңаша талқыға салу. Ата-аналарды балаларының оқуы барысындағы егжей-тегжейлі нәтижелері қызықтыратыны сөзсіз, сондықтан да, біздің ойымызша, әр балаға жеке-жеке үлгерім парағы толтырылуы тиіс. Бұл жұмыс қанша қиын болса да, өзін ақтайды, өйткені күнделік оқушының оқу-процесіндегі тұтыс дамуы туралы мәлімет бере алмайтыны баршаға белгілі.

Жиналысты дайындағанда ата-аналардың келуін ұйымдастыру да қарастырылуы тиіс. Тәжірибеде бұл оқушылардың күнделігіне бақылау жазбаларын жасаудан да маңызды. Ата-аналарды алдын-ала шақыру, балалардың сыныптан тыс өмірін көрсететін альбомдар мен бейне материалдарды даярлау, балалары конкурстар мен олимпиадаларға қатысқан ата-аналарға алдын ала алғыс хат жазу. Дайындық кезеңінің ұйымдастыру бөлімі сынып бөлмесін ата-аналар жиналысын

2-кезең. Жиналыс сценарийін даярлау және өткізу.

Жиналыс сценарийң мен өткізу  - педагог шығармашылығына байланысты.

Кез келген жиналысқа мыналар кіреді.

-         Сынып оқушыларының оқу жетістіктеріне талдау жасау.

-         Ата-аналарды сыныптың әлеуметтік эмоциялық ахуалымен таныстыру.

-         Психологиялық- педагогикалық ағарту.

-         Ұйымдастыру мәселелерін талқылау.

-         Ата-аналармен жеке сұхбаттасу.

3-кезең. Ата-аналар жиналысының қорытындысын шығару.

Жиналыс қорытындысын шығару жиналыстың өзінде-ақ басталады: қорытынды шығару, қажетті шешімдерді жинақтау, келесі жиналысты дайындауға ақпарат беру қажет. Ата-аналардың өткізілген жиналысқа көзқарасын білу, ата-аналардың бағасы мен тілектерінен білуге қажетті сауалнама парақтарын даярлау маңызды. Мұның барлығы кейін  сынып жетекші үшін ой жүгірту нәрсесіне айналады.

Сынып жетекшіге кеңес

Жиналысты басталар алдында нашар көңіл-күйді есік сыртында қалдыру керек

Жиналысты өткізуге 1-2 сағаттан артық уақыт бөлмеңіз.

Адамға ең жақын дыбыс - өзінің есімі. Алдыңызда ата-аналардың аты-жөні жазылған парақ ашық жатсын.

Ата-аналар жиналысын бастар алдында талқыланатын мәселелерді атап өтіңіз.

Педагогикалық талдаудың «алты ережесін» сөзді жақсыдан бастап, содан кейін жағымсыз нәрселерді  сөз қылып, әңгімені келешекке ұсыныс жасаумен аяқтау қажеттігін ұмытпаңыз.

Уақыт тауып келгендері үшін алғыс айтуды  (әсіресе әкелерге) ұмытпаңыз.

Ата-аналарға «нашар оқушы», «нашар адам» деген сөз емесін ұқтырыңыз.

Ата-аналар жиналыстан өз баласына көмектесе аларына сенімділікпен қайтуы тиіс.

Мыналарды жасауға болмайды.

Жекелеген оқушылар мен әртүрлі сыныптар табыстарын салыстыруға

Сыныпқа тұтас жағымсыз баға беруге

Жекелеген пәндерді асыра бағалауға

Уағыз айтар үнмен сөйлесуге.

Ата-аналармен жұмы формалары

Жеке кеңес беру

Жеке кеңес беруді ұйымдастыру мен өткізу. 5 сыныптарда баланың пән мұғалімдеріне бейімделуі жеңіл өтуі үшін топтық және жеке кеңестер беру – ата-аналармен сұхбаттасу ұйымдастырылады. Жеке кеңес беру зерттеп білу сипатында болып, ата-анамен мұғалім арасындва жақсы қарым-қатынас орнауына көмектесуі тиіс.

Сынып жетекші әрбір бала туралы неғұрлым көп мәлімет алған сайын, оның қалыптасуы үшін қалыпты жағдай жасауға мүмкіндігі көп болмақ.

Тақырыптық кеңес беру

Тақырыптық кеңес беруді ұйымдастыру ынтасы мұғалімнен де, ата-аналарының өздерінен де болуы мүмкін. Тақырыптық кеңес беру сынып жетекші тарапынан және оған қатысатын басқа мамандар тарапынан күрделі дайындықты қажет етеді. Сынып жетекші тек қана тақырыптық кеңес беруді басшылыққа алмауы керек. Егер ол кеңес бергісі келетін мәселе сынып ата-аналрының көпшілігіне қатысты болса, оны ата-аналар жиналысында немесе басқа да ата-аналармен қарым-қатына жасау түрінде  жеткізгені жөн.

Әңгімелесу

Әңгімені негізінен ата-аналар мен балалар, жекелеген педагогтер мен отбасылар арасындағы қарым-қатынасты жолға салу үшін пайдаланған дұрыс. Ата-аналармен әңгімелесуді сенімді  атмосфера жасау, жанжалды жағдайларда қиын түйісу нүктесін табуға пайдалануға болады. Егер қатысушылардың бірі оның жария болғанын қаламайтын болса, әңгімелесу нәтижесі жарияланбайды. Әңгімелесу кезінде сынып жетекші ақыл айта сөйлемей, көбіне тыңдауға бейім болғаны жөн.

Ата-аналар оқуы

Ата-аналар оқуы – ата-аналармен жұмыс жасаудың өзіндік ерекшелігі бар түрі, ол ата-аналарға педагогтер дәрісін тыңдап қана қоймай, өзі де осы проблема бойынша әдебиеттер оқуына мүмкіндік береді. Ата-аналар оқуының ерекшелігі сол, онда ата-аналар мәселеге байланысты өз түсінігін айтып, басқа ата-аналармен бөләсуге болады.

Ата-аналар кеші

Ата-аналар кеші – ата-аналар ұжымын тамаша ұйымдастыратын жұмыс түрі. Өзін-өзі ұстайтын мерекелік атмосфера, ресмиліктің жоқтығы, әзіл-қалжың ата-аналардың өз проблемалары жайлы ашық айтуына, ақыл-кеңес сұрап, қажет еткен жандарға қол ұшын беруге ұсыныс жасауға мүмкіндік береді. Ата-аналар кеші реніш пен уайымды барынша жылы және шын жүректен бқлісуге, бала тәрбиесіндегі проблемаларға қызуланбай, байсалды көзқарас танытуға көмектеселді.

Ата-аналар тренингі

Ата-аналар тренингі – бұл отбасындағы проблемалық жағдайды сезінетін, өзінің баласымен қарым-қатынасын өзгерткісі, оны неғұрлым ашық әрі сенімді өткізгісі келетін және өз баласын тәрбиелеуде жаңа білімдер мен біліктерқажеттігін түсінетін ата-аналармен белсенді жұмыс формасы. Егер кейбір баланы тәрбиелеуде сынып жетекшісі шешуші қиын проблемалармен  кездесетін болса.

Ата-аналар мен оқушылар үшін ойын тренингтер

Ата-аналар мен баларға бірлесіп өздерініңойын тренингіне қатысу эмблемаларын ойлап тауып, оны жұртқа бірге таныстыру ұсынылады. Орындау уақыты 5-6 минут.

«Сәлеметсіздер ме, менің атым  Айару». Шеңбер бойымен дөңгеленіп тұрғандар кезегімен өз атын және есімінің бірінші әрпінен басталатынсын есімді айтады. Мысалы, Асыл- ақылды, Шынар – шыншыл  т.б. Әрбір қатысушы өз көршісінің есімін қайталауы тиіс.

Ойын тренингінің өатысушылары сабақ үстінде өздеріне жаңа есім қойып алады. Әркім өзіне ұнайтынесімді таңдайды. Тапсырманы орындау уақыты – 6-7 минут.

Қатысушылар шеңбер бойымен сөйлемді жалғастырып, әркім «байлық» сөзіне байланысты ойына келген ойды айтады.

Ортаға үлкендер мен балалар кезегімен шақырылып, ол жылап тұрған адамды бейнелейді. Жүргізуші тұрғандарды жағалай 1,2,3 қамыққанға  көмек күш! Таңдау түскен адам жылап тұрған адамды жұбатуы керек. Тапсырманы орындау уақыты -10 минут.

Ойынға қатысушылар бірінің артына бірі отырып, алдыңғы адамның арқасына саусағымен бір тілек жазады. Топтың әр мүшесі еш сұрақ қоймай-ақ артындағы адамның не жазғанын табуы тиіс. Тапсырманы орындау уақыты -10 минут.

Тренингке ата-аналармен қатар балалардың қатысуына да рұқсат етіледі. Тренингке бірлесіп қатысу ата-аналарға кейбір күнделікті мәселелерге баланың көзімен қарауға мүмкіндік беріп, өзі үшін бала өмір сүретін әлемді ашуына болады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!