Материалдар / Ата-аналар жиналысының хаттамасы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата-аналар жиналысының хаттамасы.

Материал туралы қысқаша түсінік
"Отбасы мен балабақшаның сабақтастығы "атты ата-аналар жиналысының хаттамасы.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің 6 бөбекжай бақшасы» ҚМҚК

















Ата – аналар жиналысының №2 хаттамасы.

Тақырыбы: «Отбасы мен балабақшаның сабақтастығы.»

Ортаңғы «Балапан» тобы.

Тәрбиешілер: Нургалиева С.М.





























Қостанай 2022ж.



2 Ата-аналар жиналысының хаттамасы

Тақырыбы: Отбасы мен балабақшаның сабақтастығы.

Өткізген күні: 09.12.2022ж.

Тізім бойынша бала саны: 11

Қатысқан ата-аналар саны: 9



Күн тәртібі:

1. Амандасу «Сиқырлы сөздер»

2. Баяндама: «Тәрбие үдерісіндегі отбасының рөлі»

3. «Біздің жетістіктеріміз» бейімделу кезіндегі нәтижелер.

4. «Қош келдің, Жаңа жыл» атты ертеңгілікке байланысты ағымдағы сұрақтар.



  1. Амандасу «Сиқырлы сөздер»

Ата-аналармен ең алдымен амандасып алу мақсатында оларды шеңберге тұрғызып, қолдарына доп ұсынды. Сол допты бір-біріне есімдерінің бірінші әрпінен басталатын жылы лебіздерін , жақсы тілектерін айтып қолдан -қолға ұсынады. Мысалы:Сауле-сымбаттымын, Сізге сабырлық тілеймін т.б.



  1. Баяндама: «Тәрбие үдерісіндегі отбасының рөлі»

Отбасы, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі - ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы.

Балалардың отбасыдағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады, ол отбасы мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасу мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара бауырмалдық, тұрмыстық өмір. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешқандай да түрі алмастыра алмайды.

Отбасы – болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моральдық қалып туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі.

Отбасы тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым. Алайда, қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және демографиялық өзгерістер отбасыға белгілі бір қиыншылықтар туғызады.

Нарық қатынастарының дамуы нәтижесінде отбасыда айтарлықтай адамгершілік тұрғыдан ересектердің де, балалардың да жаңа құндылық бағыттарын қалыптастырып, отбасы өміріне елеулі өзгерістер әкелді. Ата-ана мен мұғалімдердің міндеті – қоғамдық қатынастардың жаңа жүйесі ұсынып отырған әлеуметтік мүмкіншілікті дұрыс пайдалану. Бала-бақша мен отбасы балаларды тауар мен ақша қатынастарының мәдениетіне үйрету жұмыстарын ұйымдастыру қажет, сондай-ақ алып сату, пайда табу немесе пайдақорлық емес, ол жалпы игілік үшін және өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құқықтық екі жақты қызмет көрсету екенін көрсету. Ата-ананың маңызды міндеті балалармен біріккен коммерциялық қызмет-әрекетке қатысып, оны бақылау, оларды баланың адалдығын, адамгершілінін, ұқыптылығын дамытатын қызмет көрсетудің әртүрін орындауға үйрету. Нарық отбасы мүшелерінің алатын орнына жанама әсер етеді, олардың өміріне жаңа әлеуметтік бағдарлар енгізеді. Қоғамдық және мемлекеттік тәрбие беделінің төмендеуі отбасы өмірінің тәрбиесіне «өзінше» қиындық әкеледі.

Өркениетті қоғам дамыған сайын отбасыдағы бала саны азайып келеді. Аз балалы отбасыда, негізінен бір баласы бар отбасыда, ішкі отбасылық тәрбиенің ең басты жағдайы жоқ, ол - балалар қарым-қатынасы. Бір баланың тәрбиесі қосымша педагогикалық күш салуды талап етеді. Жалғыз балаға деген ата-ананың, әжесі мен атасының артық көңіл бөлуі оны белсенділігінен айырып, оның эгоистік жақтарының басым болуы.

Толық емес отбасыларда, ата-анасының біреуі жоқ болған отбасыларда тәрбиелік мәселелерді шешуде кейбір адамгершілік-психологиялық ыңғайсыздықтар болуы мүмкін. Мұндай отбасылардың көбінде ана және бала ғана болады.

Отбасы тәрбиесінің проблемасы – ананың отбасы тұрмысынан қолы босамауы. Ананың уақыты жетпеуі көбінесе насихат, жазғыру, ұрсу сияқты тәрбиелік ықпалдың нәтижесіз әдістерін пайдалануға мәжбүр болады.

Микроклиматы жағымсыз, отбасы өмірі ұрыс-керіске, ата-ананың бір- біріне, балаларына деген шағымдарына, айқай-шуға, қорлық сөздер мен іс-әрекеттерге толы отбасыларда өте маңызды тәрбие проблемалары туындайды.

Ата-ана құқығынан айрылғалы тұрған ата-аналар әлеуметтік және педагогикалық проблемалар тудырады. Мемлекет олардың ата-аналық құқығынан айырғанда балалардың мақсат-мүддесін басшылыққа алады. Алайда бұл ретте олардың өмірі өз мәнін жоғалтады, өйткені өмір сүру мен дамудың маңыздылығы кемиді.

Елдегі түбегейлі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге, жеке меншіктің пайда болуына, жеке адамның баю мүмкіндігінің тууына байланысты материалдық жағынан ауқатты отбасылар пайда бола бастайды. Мұндай отбасыларда тәрбие белгілі бір проблемаға кездеседі. Көбінесе бұндай отбасыдағы бала балалық ұжымдардан алшақ болады, оның ерекшелік сезімі қалыптасып, қоршаған адамдарға деген жөнсіз наразылық эгоизмі тууы мүмкін.

Отбасының жоғары материалдық ауқаттылығы (материалдық жағдайының төмен болуы да) отбасы жұмысын ұйымдастыруда қолайсыз жағдайлар туғызады. Мектеп отбасы әдістемелерін нақтылап, оның кемшіліктерін түзете отырып, бұл проблемаларды жеңуге тырысу.

Осылайша, демократиялық қоғамда ата-ананың бала тәрбиесіндегі қызметі толығымен қалпына келетінін есте ұстауымыз керек. Алайда, қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық жағдайлар бала тәрбиесінде қиыншылықтар туғызып отыр. Ата-ана отбасы тәрбиесінің маңыздылығы баланың құндылық бағыттарын, оның моральдық қасиеттерін қалыптастыру.


Баяндама бойынша қойылған сұрақтарға сұрақтарға жауап берді, кейбір жайттарды түсіндіріп өтті. Ата-аналар алған әсерлерімен бөлісті. Өз ойларын қосып, ақыл-кеңестерін ұсынды.



  1. «Біздің жетістіктеріміз» бейімделу кезіндегі нәтижелер.

Жарасбаева Қ.Е. балалардың балабақшаға келген сәттен бастап бейімделу уақытында қандай қиындықтар туындағанын және олардан қалай қткні жайлы айтып өтті. Мысалы: күн тәртібіне үйрене алмауы, топқа келгенде таңертең ұйқылары қанбай жатып қалатындары туралы,өз беттерінше киініп-шешіну туралы, мінездерінің тұйық болғаны туралы, кейбір балалар қарындаштармен жұмыс істей алмайтындары жайлы т.с.с. көптеген қиындықтарды тәрбиешілер мен ата-ананың бірлескен жұмыстарының арқасында (ойындар арқылы, денсаулық сақтау технологиялары арқылы, жеке және бірлеске жұмыстар арқылы, көрсету, түсіндіру, қайталату, көмектесу тәсілдері арқылы т.б.)көп жетістіктерге жеткенін атап өтті.

Сонымен қатар Ұйымдастырылған оқу әс-әрекетінде , серуен, шынықтыру шараларында т.б. балалардың жасаған жұмыстарының фотоларын,видеоларының қысқаша үзінділерін көрсетті АКТмен жұмыс.

  1. «Қош келдің, Жаңа жыл» атты ертеңгілікке байланысты ағымдағы сұрақтар.

Ең алдымен төртінші сұраққа көшпес бұрын «Алтын күз» мерекесіне орай подделка жасаған балалардың ата-аналарын мадақтамалармен марапаттады. Қалған ата-аналарды келесі мерекелерге белсене атсалысуларын сұрады.

Жаңа жыл мерекесіне арналған етеңгіліктің қай күні болатынын айтып, қандай костюмдер мен қажетті құралдар керек екенін ескертті. Жаңа жылға дайындаған тақпақтары мен өлеңнің сөздерін үйде бірге қайталауды ұсынды. Ертеңгілікке келген кезде ,жалпы балабақшаға келген кезде сақтық шараларын естен шығармау керек екенін ескертті. Жыл мезгіліне сәйкес киініп, түрлі аурулардың алдын алу шараларын да айтты.Күн тәртібін қатаң түрде сақтауға ата-аналардың көмегі зор екенін айтып өтті. Үйде уақтылы жатқызып, таңертең күнде -күнде бір уақытта балабақшаға әкелулерін сұрады. Баланың үстіне ыңғайлы киім кигізіп жіберулерін сұрады. Ата-аналардың балаларының жеке басына қатысты туындаған сұрақтарына жауап беріп, кеңестер айтты. Жақсы көңіл -күймен қоштасып шығарып салды.



Ата- аналар комитетінің мүшелері: Исабекова Алия Нағашбаевна

Шевчук Анна Владимировна

Закенова Динара Баяділқызы

Хатшы: Бейсембаева Салтанат Аманжоловна.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!