Материалдар / Ата аналар жиналысының хаттамасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата аналар жиналысының хаттамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата аналар жиналысының хаттамасы қаулысымен жазылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қаңтар 2024
451
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

А.Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектебі

Ата-аналар жиналысының хаттамасы

2


Өткізу күні: 9 қараша 2023 жыл

Өткізу уақыты: 17:30

Қатысушылар: ата-аналар (балалардың заңды өкілдері).

Күн тәртібінде:

  1. 1-тоқсан қорытындысы

  2. «Баланың бас ұстазы- ата-ана»

  3. Ағымдағы мәселелер


Бірінші мәселе бойынша сынып жетекшісі С. Тұрмаханбетова сөз алып, ата-аналарға 1- тоқсанның қорытындысын таныстырды.

Бірінші тоқсанда жалпы білім сапасы 43%- ды құрады. 2-оқушы үздік, 8- оқушы екпінді. Атап айтар болсақ үздіктер: Амангелді Сания және Калдарова Балауса

Екпінділер қатарына: Абдраман Назерке, Жандарбек Ұлдай, Бектай Даниял, Орынбасар Дария, Полатбек Каусар, Тұрғанбек Диас, Сейлханова Жаннұр, Юсупбек Лилия. Жалпы сыныптың сабақ үлгерімі қанағаттанарлық деңгейде. Дегенмен, алдыңғы тоқсанда бұдан да артуына үлкен мүмкіндіктер бар.

Екінші мәселе бойынша сынып жетекшісі С. Тұрмаханбетова баяндама оқыды

Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі,мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы – ата – анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек , отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат-әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан — жақты дамуына ата-ана, мектеп жағдай жасауы керек. Сондықтан сіздерге балаларыңыздың мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып өзін-өзі басқаратын азамат болуына ат салысу қажет.Бізде көптеген ата-аналар баланың кемшілігін мектептегі мұғалімдерден көреді. Отбасында мұғалімдер туралы жақсы пікір айтылса, алдымен ата-ананың мектеп, ұстаз туралы жақсы ниеті балаға жақсы әсер етеді. Ондай балалардың оқуға, білімге, мектепке құштарлығы артады. Ұстазды, адамды сыйлауы өзгеше болады. Мектеп, ұстаз туралы басқаша пікірде көңілі толмаған ойлардың жетегінде баласының алдында ғайбаттау сөздер сөйленетін болса, ол баланың мектеп, мұғалімге көзқарасы өзгереді. Оқу-үлгеріміне әсер етеді. Немқұрайлы қарап, үлгерімі нашарлайды. Ата-ана өз баласының ынтасын үйдегі тәрбие арқылы өзі жойып отырғанын білмейді.Бала тәрбиесі отбасынан басталады. Мектепке келгеннен кейін ол мінез отбасында қалыптасқан тәрбие одан әрі жалғасады. Бір тәуліктің яғни 24 сағаттың 6 сағаты мектепте, қалғаны тәрбие ордасы, үнемі ата-ана болып қала береді.Баланың сабаққа саналы қарап озат оқушы болып өсуі, ол мұғалім мен ата-ананың бірігіп өсірген жеміс ағашы, немесе ұшқыр ұшақ жасаумен тең десем артық емес. Дұрыс өспеген жеміс ағашы, дұрыс жеміс бермесе қуануға бола ма? Бір бөлшегі бұрыс жасалған ұшақты ұшырғаннан не пайда? Ол өзінде, өзгені де мерт етпей ме?

Сонымен әрбір ата-ана өз баласының тәрбиелі де, саналы, мәдениетті, жүрген ортасында сүйкімді болу үшін алдымен тәрбиені өзінен бастағаны жөн, яғни оғаш қылықтармен баласына үлгі-өнеге көрсетпеуге тырысқаны жөн. Жас кезінде баласына дұрыс тәрбие бере алмаған ата-ана кейін бармағын тістеп өкініп қалады. Қалай қисайтсаң солай өседі. Оның түзу жолмен жүріп білімді де саналы азамат болып өсуі біздің, яғни әрбір ата-ананың қолында.



Үшінші мәселе бойынша сынып жетекшісі С. Тұрмаханбетова ағымдағы мәселе жайында сөз қозғады. Біздің басты мәселеміз сабаққа уақытылы келу, кешікпеу. Балаларды ерте тұрғызып, сағат 8:00 –ге дейін мектепке жетуі керек. Сабақтан қалмау, оқу құралын түгел әкелу сынды күнделікті қажеттіліктерді ата аналар қадағаласаңыздар.




Қаулы:

  1. 1-тоқсан қорытындысы қанағаттанарлық деп танылсын.

  2. Ата –аналар тарапынан балаларға жақсы тәрбие үлгісін көрсету жалғастырылсын .

  3. Балаларды сабаққа өз уақытында жеткізу ата аналарға тапсырылсын ;





















































А.Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектебі

Ата-аналар жиналысының хаттамасы

3


Өткізу күні: 29 желтоқсан 2023 жыл (онлайн түрде)

Өткізу уақыты: 10:30

Қатысушылар: ата-аналар (балалардың заңды өкілдері).

Күн тәртібінде:

  1. Мектепішілік ереже

  2. Ата аналардың міндеттері мен жауапкершіліктері

  3. Мереке күндері оқушылардың қауіпсіздігін сақтау

  4. Құқық бұзушылыққа жол бермеу

  5. Әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік шаралары


  1. Бірінші мәселе бойынша сынып жетекшісі С.Тұрмаханбетова сөз алып мектепішілік ережемен таныстырды.

-Білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын

талаптарды орындауға;

- Ұлдар – ақ түсті жейде, классикалық қою көк түсті костюм, шалбар.

- (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

- Қыздар – шашына ақ бантик, ақ көйлек, классикалық қою көк кастюм, юбканың ұзындығы

тізеден төмен болуы керек.(қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға

арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

-Мектепке аса құнды әшекей заттар мен бұйымдарды (сақина, сырға, білезік, моншақ т.б) әкелмеуге және сабақ уақтында (смартфон) ұялы байланыс құралын пайдаланбауға міндетті;

- Мектепке діни тұрғыдағы заттар мен бұйымдарды (крест, тәспі, айшық, діни әдебиеттер, аудио және бейне таспалар т.б) және бас киім, киімдерді ( хиджаб,орамал, некап, паранжа, ряса, митра, ермолка т.б) әкелмеуге, пайдаланбауға, басқа адамдарға, соның ішінде тәрбие алушыларға насихаттамауға міндетті;

-Білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті.

- ҚР білім беру саласындағы заңнамасын бұзу ата-аналардың немесе заңды өкілдердің Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады; («ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодекстің 409- бап, 2 тармақ)

Күн тәртібіндегі екінші мәселеде ата-аналардың міндеттері мен жауапкершіліктері таныстырылды.

-Жеке тұлғаның интеллектуальдық, адамгершілік, эмоцианалдық және физикалық дамуы үшін, оның мүмкіндігін жан-жақты дамыту үшін жағымды жағдай жасауға, жеке тұлғаның құқығы мен еркіндігін қорғауға кепілдік беруге;

-Оқушының денсаулығын қорғауды және бекітілген санитарлық-гигиеналық нормаларды, ережелер мен талаптарды сақтауды қамтамасыз етуге; өмір қауіпсіздігі негіздерін, қауіпсіздік техникасы ережелерін, қозғалыс ережелерін үйретуге;

- «Ата-аналарды» Жарғымен, мектептің ішкі тәртіп ережелерімен, оқу процесін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін басқа да мектеп актілерімен таныстыруға;

- Оқытуды жалпы білім берудің мемлекеттік стандартын меңгертуді қамтамасыз ететін білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асыруға;

- Оқушылардың жас ерекшелігі мен психофизиологиялық ерекшеліктеріне, бейіміне, қабілеттілігіне, қызығушылығына сәйкес оқу процесін ұйымдастырудың түрлері мен тәсілдерін талапқа сай қолдануға;

-Мектеп әкімшілігінің кешкі рейдінде және ойын-сауық орындарында сағат 20.00-ден кейін ата-анасыз ұсталған жағдайда, ата-ана түсініктемесі 2 рет болған жағдайда мектепішілік және қалалық тәртіптік кеңеске ұсынылады;

-Сынып жетекшімен және басқа да педагогтармен тұрақты байланыс жасап отыруға, ата-аналар жиналысына жүйелі түрде қатысуға;

-Баланың оқуы мен тәрбиесіне үнемі бақылау жасауға, оның дәптерлерін, күнделігін, оқу құралдарын қадағалауға; баланың сабаққа қатысуын қадағалауға, өмірі мен қызығушылығын білуге;

-Оқушының мектепке барлық оқу құралымен, ұқыпты киініп, мектеп формасында, уақытылы сабаққа келуін қамтамасыз ету;

-Сынып жетекшісіне баланың мінез-құлқындағы ерекшеліктері туралы, басқа да психологиялық өзгешеліктері туралы, оқушының денсаулық жағдайын, оның басқа мектепке кету себептерін хабарлауға;


Сынып жетекші Тұрмаханбетова Сәнім төртінші мәселеде құқықбұзушылыққа жол бермеу туралы айтты. Ата-аналарға  мектептің ережесімен толық танысып, назар аудару керек деді.

-Мектепке суық қару, от қауіпті және жарылғыш қауіптілігі бар және адам өміріне зиян келтіретін заттарды әкелуге, таратуға және қолдануға, спирттік ішімдіктер қолдануға, темекі шегуге;

-Қарым-қатынасты анықтауға, қорқыту, бір-бірін жәбірлеп, ақша сұрау, қоқан-лоқы көрсету

арқылы күш көрсетуге;

-Қоршаған орта үшін қауіпті саналатын кез-келген іс-әрекет қолдануға;

-Жалған анықтамалар, ата-аналар атынан жазбалар және басқа да құжаттар ұсынуға,

журналдағы бағаларын және басқа да құжаттарын түзетуге;

-Мектепте сабақ уақытында ұялы телефон (смартфон) ұстауға, бағалы әшекей бұйымдар тағуға;

-Басқа мектептің оқушыларын мектепке шақырып, кездесуге;

-Мектептің мүлкіне зиян келтіруге, ауласын ластауға;

-Баланың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін)

ойын-сауық мекемелерінде болуына, сол сияқты онда жіберілуіне тыйым салынады;

(«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы

345 Заңы, 36-бап.4 тармақ)

  • 4.9. Заңды өкілдері еріп жүрмеген баланың тұрғын жайынан тыс жерлерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуына тыйым салынады. («Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы №345 Заңы, 36-бап.5 тармақ)

- Осы әрекеттер байқалған жағдайда, ата-аналары шақырылып, ИДН қызметкерлерімен, мектеп психологімен жұмыс жүргізіліп, шара қолданылады деді.

Бесінші мәселеде әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік шаралары туралы айтылды. Көптеген ата-ана әлеуметтік желіде балаларымен түскен суреттерді үздіксіз жариялай береді. Тіпті, кейбіреулер әр 20 минут сайын баласын қайда апарғандығын және мектептен (балабақшадан) қашан алатындығын, яғни әр әрекетін салып отырады. Әлеуметтік желі – көптеген ақпарат алаңы, ол арнайы жобаларға, компанияларға, жарнамалаушыларға және балаларымызды қорғағымыз келетін ұрыларға да арналған ақпарат көзі. Сондықтан, жұртшылыққа балаңыздың қатысы бар ақпаратты қаншалықты жариялау керектігін ойланыңыз. Себебі арам ойлы адам ересекті алдау қиын екендігін білгендіктен, сіз берген ақпарат арқылы баламен байланысқа шыға алады. Әрине, әлеуметтік желіге салу керек деп ойлайтын нәрсені ғана жариялаңыз, бірақ бірнеше рет ойланыңыз. Біріншіден, әлеуметтік желіде өзіңіз немесе отбасыңыз туралы өте жеке немесе ашық ақпаратты жарияламаңыз. Бұл әрекетіңізді балаларыңыз да өзіне сабақ етіп алады. Балаларыңызға өте ашық суреттер неге салуға болмайтындығын түсіндіріңіз. Екіншіден, әлеуметтік желідегі балаларыңыздың достарын өз аккаунтыңыздан тексеріңіз. Ол жақтан не тапсаңыз да, түсіністікпен қарап, баламен сабырлы сөйлесіңіз. Егер айқай шығарып, тыйым салсаңыз, бала түбінде сізге айтпай басқа аккаунт ашып алады. Үшіншіден, маркер-сөздерді балаңыздың есіне түсіріп айтып тұрыңыз және оларды көрген бойда сізге келіп айтуын өтініңіз. Содан соң оны бірге талқылаңыздар. Төртіншіден, әлеуметтік желідегі суреттерде балаңыз достарымен есерленеді. Оған тыйым салмай, сын айтпай, керісінше, түсіністікпен қараңыз. Олардың өсіп жатқан ортасы бөлек, мәдениеті басқа екенін ұмытпаңыз. Бастысы, өзіңіз бен бала арасындағы шекараны сақтаңыз. Сол кезде ол бір нәрсеге күмәнданса, кеңес сұрау үшін бірінші сізге келеді.




Қаулы:

  1. Мектепішілік ережелер өз дәрежесінде сақталсын.

  2. Құқықбұзушылыққа жол бермеу туралы түсіндірме жұмыстары жалғасын тапсын.

  3. Білім алушылар буллинг және кибербуллинг жағдайларымен толық таныстырылсын;















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!