Материалдар / Ата аналар жиналысының жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата аналар жиналысының жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге әдістемелік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қазан 2019
1518
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АТА – АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

ОТБАСЫ – ТӘРБИЕ БАСЫ

1 ЖОББМ

СЫНЫБЫ:3 «ә»

Сынып жетекшісі :Аманжолова Шолпан Казиевна

Мақсаты:

Бала тәрбиесіндегі ата- ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Отбасы мүшелінің арсындағы бауырмалдық, қайырымдылық,достық қарым- қатынасты қалыптастыру; 

Баланың алғашқы тәрбие алатын орны – отбасы. Отбасында баланың мінез-құлқы, әдет дағдысы қалыптасады. Еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру – біздің негізгі мақсатымыз.
Тәрбие – күрделі үдеріс. «Тәрбие отбасынан басталады» деп халық даналығы бекер айтпаған. Саналы да, білімді болашағын қалыптастыру әрбір ата-ананың мерейлі міндеті, парасатты парызы. Еліміздің болашағының тізгінін ұстар тұлғаның бойына білімнің нәрін, тәрбиенің иісін сіңіруміз қажет. Ата-бабамыздан қалған ұлттық тәрбиемізге дақ түсірмеу үшін барлық қажетті жауапкершілікті ата-ана өзіне алғаны жөн, себебі бала ата-ананың өмірінің жалғасы. «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деп өткен ғасырдың ұлы тұлғасы А.Байтұрсынұлы айтқандай, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса елдің болашағы зор болмақ.
Сіздерді ортаға шаттық шеңберіне шақырамын.

1. Шаттық шеңбері:

Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.

Міне сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің балабақшамыздың қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.

Танысу: Бір шаңырақ иесі ретінде бір-бірімізбен жақынырақ танысайық. Мына үлгі бойынша: өз есіміңіздің алдына сын есім қосып айтасыз. Мысалы: мен сымбатты Самалмын . Ал, мен ақкөңіл Ажармын.... Олай болса барлығымыз орнымызға жайғасайық.

2. Негізгі бөлім

2 лекция.
Отбасыларының қазіргі модельдері

Берикханова Айман Еженхановна

п.ғ.к., доцент, ҚазҰПУ профессоры,

Педагогикалық шеберлік академиясының директоры

Дәрістің мақсаты:
отбасының қазіргі модельдерінің ерекшеліктерін ашып көрсету

  • Жоспар:

  • Отбасының типтері

  • Қазіргі заман отбасының өзгеруіне әсер ететін факторлар.

  • Қазіргі отбасыларының этникалық және конфессиялық ерекшеліктері

  • Некелік қатынастардың заңды тіркелуі бойынша:

  • Ресми тіркелген неке

  • Азаматтық неке

  • Отбасындағы билік бойынша:

  • Дәстүрлі патриархалды

  • Дәстүрлі матриархалды

  • Жаңапатриархалды

  • Жаңаматриархалды

  • Эгалитарлы отбасы

  • Қосмәнсаптық отбасы

Бала саны бойынша

  1. Баласыз отбасылар

  2. 1 балалы отбасы

  3. Аз балалы отбасы

  4. Көп балалы отбасы

  5. Психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық
    жағдайларына байланысты ахуалдары жағымды, формальды түрде жағымды және жағымсыз отбасылар деп бөлуге болады.

  6. 1. Ахуалы жағымды отбасылар: қызығушылықтары бір, рухани байланыстары берік, отбасылық тәрбиеге көп назар аударылады, материалдық жағдайлары жақсы. Мақсаты – отбасылық құндылықтарды қалыптастыру, ата-ана абыройын асқақатып, балаларға жақсы ата-на болуға тәрбиелеу.

    2. Ахуалы формальды түрде жағымды отбасылар: жағымды ахуалдың сыртқы көрінісі, отбасылық құндылықтардың жоғалуы, тәрбиемен ата-аналар айналыспайды. Мақсаты – әлеуметтік ортада, қоғамда өмір сүруге тәрбиелеу.

    3. Ахуалы жағымсыз отбасылар: отбасылық дәстүрлердің жоқтығы, тәрбие ата-аналық міндет ретінде қарастырылмайды, материалдық жағдайдың төмендігі. Мақсаты: қоғамда күнкөрушілік.

 3. «Балаңызға деген сүйіспеншілік деген» ойыны өткізіледі.

    Баланың жан дүниесі – Бұл толып тұрған ыдыс сияқты. Өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Қандай  қабілеттері болғанын  және сіз өзіңізден қандай қасиетті алғанын қалайсыз? Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда жүрек бар. Сол жүректің ішіне өздеріңіздің ойларыңызды жазып, осы ыдыстың ішіне салып қойыңыздар және де жазған сөздеріңізді айтып шығуларыңыз керек. Қорыта айтқанда ата ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт, Осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер.

3. Байлаулы бала (тренинг):

Бір ата-ана ортаға шығады. Төмендегідей сұрақтар қойылады.

  1. Сіз балаңызбен көл жағасына бардыңыз. Балаңыз суға қызыққаны соншалық суға қарай жүгіріп кетті. Сіз қалай тоқтатасыз? (аяғы байланады)

  2. Қарасаңыз балаңыз адамдардың тастап кеткен темекінің тұқылын жинап алып, сонымен ойнап отыр. Сіздің әрекетіңіз? (қолы байланады)

  3. Жұмыстан шаршап келсеңіз бала теледидардан атыс-шабыс, бір сөзбен айтқанда өз деңгейіне келмейтін кино көріп отыр. Сіздің әрекетіңіз? (көзі байланады)

  4. Балаңыз сізге басқа ұлттың қызын ұнатты. Бірақ сіздің қалауыңыз ол емес еді. Сіздің әрекетіңіз? (кеудесі байланады)

  5. Балаңыз досымен келіспей қалды да, жаман сөздермен сыбағасын берді. Сіздің айтар сөзіңіз? (аузы байланады)

Міне, баламыз қандай күйге түсті, құрметті ата-ана. Мұндай күйге түспес үшін баламызға неге болмайтынын, «өйткені» сөзін қолдана отырып түсіндіруіміз керек. Сонда ғана сіз бала тәрбиесінде мақсатыңызға жете аласыз.

4.Қорытынды бөлім


Рефлексия


Жүректен жүрекке:Құрметті ата-аналар! Енді осы тренинг бойынша сындарыңызды, ұсыныстарыңызды, жылы лебіздеріңізді   немесе тілектеріңізді қағазға жазып көрсетейік.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!