Материалдар / «Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті»

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге арналған. Ата аналар жиналысын өткізуге көмегі мол
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Ақпан 2020
1504
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ШҚО. Алтай ауданы

«Алтай ауданы әкімдігінің №1 Жаңа Бұқтырма орта мектебі» КММ

Давлетбаева Роза Нагашбаевна



Тақырыбы: «Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті» атты ата-аналар жиналысы.

Мақсаты: Оқушылардың ата аналарына, өздерінің педагогикалық мәдениет деңгейлерін ұғынуға көмектесу.

Мектеппен өзара әрекет етуде белсендірек атсалысуға ынталандыру.

Балаларды тәрбиелеу процесінде басшылыққа алуға қажетті басымдықтарға ерекше көңіл аудару.

Міндеттері:

  • баланың тұлға ретінде дамуындағы ата-ана мен педагогикалық ұжымының бірлесе жасалған жұмысын ұйымдастыру, қарым-қатынасты нығайтып және қолайлы жағдайды жасау.

  • ата -аналардың психологиялық-педагогикалық білімдерін жетілдіру;

  • ата -анаға баланың жас ерекшеліктер кезеңіндегі мінез- құлық тұстарын айқындауға көмектесу;

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Жоспар

1. Амандасу.Топқа бөлу: «Аталар айтқан асыл сөз»

2. Кіріспе сөз: Ата- ананың басты қуанышы бала

3. І тапсырма: Ситуациялық жағдаяттар көрінісін көрсету

4.II Ата-аналарға арналған кеңестер

5. ІІI тапсырма: Сіз қандай ата-анасыз? Сауалнама.

6.Рефлексия

7.Қорытынды.

Мұғалімге сөз: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата аналар, қонақтар!Бүгінгі жиналысты ерекше өткізгім келіп тұр. Жиналысымызды бастамас бұрын топ – топқа бөлінейік.

Топқа бөлу «Аталар айтқан асыл сөз» (сөздер жазылған қималарды біріктіріп, мақал мәтелдерді табу арқылы топқа бөлінеді).

Барысы:

І тапсырма: Мақал - мәтел мәнін түсіндіру.

І - топ: Ата – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ,

бала - жағасындағы құрақ.

ІІ – топ: Біреу әкеге тартып туады,

Біреу әкеден артып туады.

ІІІ – топ: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»

дей келе бүгінгі ата-аналар жиналысын ««Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін жетілдіру»» атты тренинг түрінде өткізсек.


Амандасу. Шеңберге тұрып бір-бірімен амандасып алайық. Амандасқанда күнделікті амандасудан бөлек, арқа түйістіріп, тізімен, құшақтасып амандасу түрлерін қолданамыз. Енді осы амандасулардың ішінен қандай түрі ұнады?/ата-аналар жауабы/. Рахмет.

Келесі бөлім

Мұғалімнің сөзі

«Бүгінгі мектеп партасындағы оқушы - ертеңгі ел болашағы» - деп Елбасымыз айтқандай, бүгінгі таңда жас ұрпақ тәрбиесіне айрықша назар аударылуда.Бүгінгі күні ұрпақ тәрбиесі үшін мектеп, ата-ана және қоғамның алар орны зор. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген халқымыздың ұлағатты сөзіне құлақ түрсек, жасөспірімнің тұлға ретінде қалыптасуы ең біріншіден ата-анаға байланысты болады. Сондықтан, бала тәрбиесі жайында сөз еткенде, бар жауапкершілік алдымен ата-анаға жүктелетіні шындық. Ата-ана - бала тәрбиесіндегі негізгі тұлға. ҚР-ның «Білім туралы» Заңында: «Ата-аналар-алғашқы педагогтар» деп жазылған. Олар баланың мінез-құлқына, жан дүниесіне терең үңіліп, отбасындағы бірлік пен тыныштықты сақтаулары қажет. Әр бала дүниеге келген сәтінен бастап, ес біліп, ер жеткенге дейін ата-анасынан үлгі алады. Олардан жақсы мен жамандықты, мейірімділік пен қатыгездікті үйренеді. Алайда, бала тәрбиесіне мектеп пен мұғалім де аса жауапкершілікпен қарауы тиіс. Ең бастысы, ата-аналар білім беру мекемелерімен тығыз қарым-қатынаста болуы шарт.

Әр халықтың алға қойған асыл мұраты - көзі ашық, көкірегі ояу, дені сау ұрпақ тәрбиелеу.

Баланы ақылды, есті етіп тәрбиелеу - отбасы мен мектептің бірлесіп істеген жұмыстарына тікелей байланысты екені анық. Жас ұрпақ тәрбиесі тек ата-ана мен мектептің ғана мәселесі емес, ол бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Сондықтан бүгінгі өткізгелі отырған ата-аналарға арналған тренингімізге қош келіпсіздер!

І тапсырма: Ситуациялық жағдаяттар көрінісін көрсету

1-жағдаят: Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?

2-жағдаят: Балаңыз сабақтан қашып, үйге ерте келді. Не істейсіз?

3-жағдаят: Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?

Ата-аналардың пікірі тыңдалады.

II Ата-аналарға арналған кеңестер

Осы жерде мен ата-аналарға мынадай кеңестер айтқым келіп отыр.

Егер балам қатыгез,қайырымсыз,өзімшіл болып өспесін десеңіз,бала тәрбиесінде мына қателіктерге жол бермеңіз!

1-қателік: «Егер сен мен қалағандай болмасаң мен сені жақсы көрмеймін»

2-қателік: «Не істесең оны істе маған бәрібір»

3-қателік: Аса қаталдық «Мен не айтсам соны орындауың керек,өйткені мен үйдің басшысымын»

4-қателік: Балаларды тым еркелету

5-қателік: «Саған көңіл бөлуге уақытым жоқ»

6-қателік: Балаңызды тым көп ақшамен қамтамасыз ету

7-қателік: Баланың ісіне көңіл-күйіңізге қарап баға беру,яғни көңіл-күйіңіз нашар болса оның қуанышына ортақтаспау,әңгімесіне құлақ аспау

Міне құрметті ата-аналар,бала тәрбиесінде осы қателіктерге жол бермесеңіз ғана балаңыздың саналы азамат болып өсіп,сізді бақытқа кенелтері сөзсіз.

Ата-ананың міндеті:

1. Балаңыздың сынып жетекшісімен тығыз байланыста болуы;

2. Сабақтан келген баланың күнделікті күнделігін тексеріп, көмек көрсету;

3. Мектепішілік ата-аналар жиналысына қатысу;

4. Сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымымен байланыста болу;


ІІІ тапсырма: Сіз қандай ата-анасыз? Ата-аналардан сауалнама алынады.

1.Кез-келген өзіңіздің бар ісіңізі тастай салып баламен айналыса аласыз ба?

2.Балаңыздың жасын ескермей онымен ақылдаса аласыз ба?

3.Балаңызбен қарым- қатынас барысында қателіктеріңізіді мойындайсыз ба?

4.Өзіңіздің қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?

5. Өзіңіз балаңыз жасаған ісі ашу шақыртқан кезде, өзіңізді ұстап, игере аласыз ба?

6.Баланың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?

7.Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге бола ма?

8. Өзіңіздің басыңыздан өткен, балалық шағыңыздан ескерілетін жағдайды айта аласыз ба?

9.Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып уәдеңізді орындайсыз ба?

10. Баланың жүрегін жарақаттайын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?

11. Балаға өзіңіз қалаған ісін жасауға,өзін ұстауға кедергі жасамайтындай бір күн еркіндік бересіз бе?

12. Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе, көңіл

аудармайсыз ба?

13. Баланың еркелеген дөрекі мінезінің уақытша екенін көре тұрып, соған қарсы тұра аласыз ба?

Ата-ананың аты-жөні:

Құрметті ата-ана сіздің шын жүректен жауап бергеніңізге көптен-көп рахмет!

Жауабы: келісемін-3ұпай

Кейде келісемін -2 ұпай

Келіспеймін-1 ұпай


0-16 ұпай: Бала тәрбиесі-сіз үшін үлкен мәселе.Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз
16-30 ұпай: Сіз үшін балаға қамқорлық жасау бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызда тірбиешінің қабілеті бар,бірақ тәжірибеде бір қалыпты ретпен, бір қалыптағы мақсатпен қолдануды әрқашан жасайсыз.

Кейде қатал, кейде мүлде жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.
30-39 ұпай: Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.

Рефлексия:

Менің балам..............

Менің балам қандай? Балаларыңыздың мінезі, бойында қандай қасиеттері және қабілеттері бар.

Баланың жан дүниесі – Бұл толып тұрған ыдыс сияқты. Өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Қандай қабілеттері болғанын және сіз өзіңізден қандай қасиетті алғанын қалайсыз? Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда алманың суреті бар. Сол алманың ішіне өздеріңіздің ойларыңызды жазып, алма ағашына іліп қойыңыз және де жазған сөздеріңізді айтып шығуларыңыз керек.

  1. Қорытынды:

Қорыта айтқанда ата ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт. Осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер.

Ата-анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі.

Көкірегіне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой-өлкесі, — деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт-арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық. Адам да өсімдік сияқты, күтілмесе жайнап өспейді дейді. Адамға нағыз бақытты-тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады.Ендеше әрбір отбасына күннің нұры жауып,сыңғырлаған сәби күлкісі естілсін. Мерейлеріңіз үстем болсын, ұл-қыздарыңыздың өркені өссін!




































«№1 Жаңа Бұқтырма орта мектебі» КММ










Ата-аналар жиналысының тақырыбы:



« Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті»





Сыныбы:5

Сынып жетекшісі: Давлетбаева Р.Н.















2019-2020 оқу жылы





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!