Материалдар / Ата-аналарға арналған жадынама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата-аналарға арналған жадынама

Материал туралы қысқаша түсінік
Логопедтің отбасымен ынтымақтастығы балаға табысты түзете оқыту әсерінің қажетті шарты болып табылады. Ата-аналардың көмегі міндетті және өте құнды. Сондықтан бұл үдеріске ата-аналардың саналы қатысуы маңызды. Осыған орай, логопед-мұғалімнің ата-аналарға арналған ұсыныстары қажет.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2021
1053
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ата-аналарға арналған жадынама

Құрметті ата-аналар!


Логопед-мұғалім: Жумашева А.К. Павлодар қаласы


Логопедтік сабақтар дыбысты дұрыс айтуды бұзылуын түзету бойынша аптасына екі рет – жеке, тілдің бұзылудың өиындығына қарай жүргізіледі. Сабақтан соң оқушыларға жеке дара, тілінің бұзылуына сәйес үй тапсырмасы беріледі.үй тапсырмалары білім мен шеберлікті бекіту мақсатында мектепте логопедтік сабақтардан алынғандары беріледі. 

Үй апсырмаларын орындауда келесі бірнеше жағдайларды сақтау қажет:

1. үй тапсырмаларын орындауға кіріскенде сіздің балаңыз дені сау, тоқ, тыныш болуы керек.

2. Баланың біліктілігін құру қажет, түсіндіру, дыбысты дұрыс айту оңды жағын жеке түсіндіру, нақты және түсінікті тіл.

3. Үй тапсырмалары жүйелі, нақты логопедтің ұсыныстары бойынша күнделікті орындалады.

4. Баланың міндетті түрде үй тапсырмасын орындайтын орны болуы қажет, айнамен жабдықталған болуы керек (тапсырмаларды орындау уақытында баланы өзін-өзі бақылауына мүмкіншілігі үшін), қағаз сүрткілер, түрлі-тсті қарындаштар т.б.артикуляциялық жаттығуларды орындау үшін қажет.

5. Тапсырманы бала өзі орындауы қажет, ал ата-аналары оның дұрыс орындалуын және қажет кезінде түзетулері қажет, бақылаулары керек.

6. Егер бала орындау уақытында шаршаса, оған міндетті түрде демалу қажет. Егер бала сол уақытта даындалғысы келмесе, сабақты кейінге қалдыру керек, бірақ тапсырмаларды кештеу орындау қажет.

7. Балаға ешқашан ұрыспаңыз, тапырманы орындай алмай жатса, қолдап, келесі тапсырманы орындау керек, өзіне деген сенімділікті орнату және алынған біліктерін жоғалтпауға тырысу керек.

8. Баланы жиі мақтаңыз, өзіні деген күшіне сенімділікті қалыптастырыңыз, жемісті жағдайларды жасауға тырысыңыз.


Ата-аналаға ұсыныстар

 1. Өзіңіздің балаңызбен барлық жағдайда сөйлесіңіз, тамақ дайындау, жиинастыру, киіндіру-шешіндіру, ойын, серуендеу және т.б. Не істеп жатқаныңыз туралы, баланың не істеп жатқандығын көріп, басқа адамдар не істеп жатқандығын және балаңыздың не көргендігін айту.

2. Сөйлегенде асықпай, қалыпты темпте, интонациямен сөйлеу.  

3.  Сөйлегенде дұрыс сөздермен құрылғанды қолданып, сіздің сөйлемдеріңіз баладан 1-2 сөзден ұзағырақ болуы қажет. Егер балаңыз бір сөзді сөйлеммен ғана шектелсе, ал сіздің сөздеріңіз 2 сөзден құралу керек.

4. Уақытша үзілісті ұстаңыз, баланың сөйлеуіне және сұрақтарға жауап беруіне мүмкіншілік беріңіз.

5. Бізді қоршаған дыбыстарды және шуларды тыңдаңыз. «Тыңдашы, ит қалай үреді, ал мына жел шулайды» және басқа да дыбыстарды баладан сұраңыз. Содан кейін сұраңыз «Бұл не дыбыс?» Бұл иттің үргені, желдің гуілдегені, ұшақтың моторы, жапырақтар сыбдыры, өзеннің ағысы және т.б. болуы мүмкін.

6. Қысқаша әңгіме, болған жағдайды айтып беріңіз. Содан кейін балаға осы жағдайды Сізге немесе басқға айтуға көмектесіңіз.Қиындық туған жағдайда, балаға бағыттайтын сұрақтар қойыңыз.

7.  Егер бала тілінде бірнеше сөздер ғана қолданса, оған жаңа сөздермен тілін көбейтуге көмектесіңіз. 5-6 сқздерді таңдап (дене мүшелерінің бөлігін, ойыншықтар, азық-түліктерді) және оны балаға атаңыз. Балаға осы сөздерді қайталауға мүмкіншілік беріңіз. Бала оны дұрысты айтады деп тоспаңыз. Баланы жандандырыңыз және оларды айтуды жалғастырыңыз. Содан кейін, бала қалай осы сөздерді айтты, 5-6 жаңа сөздер енгізіңіз. Сөздерді қосуды бала көптеген заттарды білмейінше, қошаған ортаны білмейінше жалғастыра беріңіз. Баламен күнде дайындалыңыз.

8. Сабақтарды көбірек ойын түрінде өткізіңіз. Баламен жұмыс тілді қайталауды белсендіру қажет, байланыс тілін қалыптастыру, еске сақтауын және көңілін дамыту қажет.

Ұмытпаңыз: Баламен ойнап үйретіңіз.



Логопедтің ұсыныстары

Балалардың тіл дамуындағы кемшіліктерін дамытуда қол саусақтар моторикасының ерекшеліктеріне көңіл бөлу керек. Баланың түймелерін ағытқаны және салғаны, бауларын шешуі мен тағуы, саусақтарының координациясының жетіспеушіліктерін көруге болады.

Дәлелденген, қол саусақтарының ұсақ моторикасын қалыптастыру бойынша арнайы жұмыстар тіл дамуына жағымды ықпал етеді.Ойындар және ойынды қбылдаулар.

Баулаулар: дайын сатылатындар (ағаш және пластмассалар) түйме түрінде,башмактар, үйлер, жануарларжәне т.б. Осындай фигураларды картоннан және қатты материалдан ойып алуға болады, контур бойычнша тесіктер істеуге болады. Қарапайым баудың көмегімен бала ойыншықтың аяқ киімінің бауын байлайды және т.б.

Қызықты картинкалар: ермексазды картон бетіне біркелкі қылып жаяды. Балаға бұршақтармен немесе басқа да дәндермен түрлі картинкаларды жасауды ұсыныңыз: гүлдер, теңіз, (кеме мен толқындарды), аквариумды (балықтарды) және т.б.

«Қоршап шықшы»: трафераттарды басу, түрлі заттарды суреттейтін, басу, қию. «Суретті бастырып шық» басу бойынша картонда жай заттардың суреттерін басып шығу.

Қол саусақтарының моторикасын дамытуға жақсы түрлі мозаикалар әсер етеді.

Осы ойындардың барлығы саусақтарды және тілді ғана емес, сонымен қатар ойлаудың образды-кеңістігін қалыптастырады, сезімталдықпен қабылдаулар, шығармашылықты фантазиясы мен баланың логикасын қалыптастырады.


Сіздің балаңыз ең керемет!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!