Материалдар / Ата-аналарға арналған кеңес
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата-аналарға арналған кеңес

Материал туралы қысқаша түсінік
материал ата-аналар үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Ақпан 2021
339
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылы «Маърифат ана» балабақшасы педагог-психологі: Ештаева Мухлиса Мирзакаримовна


«Баланы жазалаған дұрыс па?»

Бала – әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Ата-бабамыз бала тәрбиесіне ерекше назар аударып «баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше құлынша қина, он төрттен кейін құрдасыңдай сыйла» - деп баланың ой-өрісі даму кезеңін ерекше бағалаған. Абай атамыз: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» - дейді.

Кейде ата-аналар жазаға немқұрайлы қарап, көбіне істі түзетудің орнына бүлдіріп алады. Жазалау – өте қиын нәрсе: ол тәрбиелеушіден үлкен әдептілік пен сақтықты талап етеді. Сондықтан біз ата-аналарға мүмкіндігінше жазалаудан аулақ болып, дұрыс тәртіпті қалыптастыруды, ұсынамыз.

Балаға дұрыс, бұрысты үйретіп, жазалау керек десек, бір жағынан, ол баланы қорлау, кемсіту сияқты көрінеді. Жазалауда бала өз қателігін түсініп, жасаған жаман қылығы үшін, ата-анасынан кешірім сұрағаны да дұрыс. Бірақ, бала қалай жазаланса да, ол не істесе де, сізді әрқашан туған жақын адамы ретінде сезінуі тиіс.

Жазалаудан бұрын қателерді түзетуде, ең әуелі, мейірім мен насихаттың әсері мол екенінескергеніміз жөн. Себебі балалар көбіне жасаған қателіктердің парқына бара бермейді. Мұндай жағдайда балаларға ұрысып, жекудің пайдасынан зияны басым болуы мүмкін. Үлкендердің баланың басынан сипауы, маңдайынан сүйіп, иіскеуі немесе құшақтап, арқасынан қағуы, көтеріп құшағында тербетуі балаға оң әсерін тигізеді. Бала үлкендердің бұл ілтипатынан өзін жақсы көретіндігіне сенеді.

Зерттеушілер құшаққа алынып, құштарлана сүйілмеген, басынан сипалап, маңдайынан иіскелмеген балалардың кейбір психикалық ауруларға ұшырайтынын дәлелдеуде. Мысалы, бес жасар қыз дүкенге барғанда қалтасына ұрлап бір кішкене зат салып алды делік. Үйге келгенде сізге көрсетеді. Бұндай жағдайда не істеу керек? Шара қолданып, жазалау керек пе? Себебі неде?

Жалпы балалардың мұндай әрекетке баруына үш себеп бар:

  • Біріншіден, өнегелі көзқарастың жеткіліксіздігі (мысалы, бала өзінікі, біреудікі, жақсы, жаман түсініктерін айыра алмайды);

  • Екіншіден, байсалды психологиялық қанағатсыздық болуы мүмкін (баланың ішкі қабылдаулары т.б)

  • Үшіншіден ерік дамуының жеткіліксіздігі (әлгіндей әрекеттерге еріксіз барады)

Осындай жағдайларда баланы қорқытып жазалауға болмайды. Өйткені жазалау әрекеті баланың бойында қорқыныш сезімін туғызуы мүмкін. Керісінше, ұрланған затын қайтару, баланы ашық болуға шақыру, жәбірленушінің орнына өзін қоя білуді үйрету (6 жастан бастап балаларда ұят сезімі қалыптасады) керек. Ұрлық жасауға барған әрекетінің себебін тауып, мәселені, шешуге тырысқаныңыз дұрыс. Балаға ұрысқаннан гөрі оған жақсы көретініңізді білдіру аса маңызды.

Тәрбие берудің негізгі мәйегі – мейірім мен сүйіспеншілік

Психология ғылымында дәлелденген, кішкентай балалар үшін орны ерекше осы бір әрекетке тоқталып өтейік.

Баланы, әуелі, тыңдай білуі керек. Әр нәрсені дұрыс түсінуге бала ақылы жете бермейді. Сол себепті баланың не ойлаптұрғанын білу қажет. Біз көбіне баланы қателікке ұрындырған себепті іздеп, дереу өзіне ұрса жөнелеміз. Балалар балалықпен қателік жасайды. Қате жасаса ұрсып, жазғыра жөнелеміз. «Балалар тыңдауды қажет етеді екен» деп те ойламаймыз. Бала өз қателігін түсінген жағдайда ата-анасының не үшін ұрсып, не үшін жазалағанын түсінбей дал болып жатады. Содан «ата-анам мені жақсы көрмейді» деген ойға қалады. Міне сондықтан баланың ішкі жан дүниесімен сырласпастан, оның ойын білместен, жасаған ісінің дұрыс еместігінтүсіндірместен, оған ұрысып, жазалау дұрыс емес. Есесіне, балаңызбен дос, сырлас болыңыз. Ешқашан қатігездікпен адамды адам ете алмайсыз. Қатігездік баланы ашындырады, өшпенділік тудырады.

Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі қателіктері

Ата-аналардағы қателіктердің бірі – баланы не болса содан тиып, іс-әрекетін шектей беру. Баланың қате қылығын тыйған кезде орнына басқа дұрыс, нәрсені көрсету керек, яғни балама әрекет немесе зат арқылыдұрыс әрекетке бағыттау керек. Олай болмаған жағдайда бала баяғы істеген қателіктерін қайта жасауы, болмаса қырсық мінезділікке бейімделуі мүмкін. Мысалы: бала ыдыс-аяқпен ойнағысы келгенде дереу қолынан жұлып алғанна гөрі «Ойнасаң, мә, мына сынбайтын ыдыспен ойна» - деп, оған басқа ыдыс (мысалы, балаларға арналған ойыншық ыдыс) беру керек.

Жай жазалаудың салдары баланың ой-өрісінің дамуына кері әсерін тигізеді, содан реніш пен күйзеліске әкеліп, соңынан үлкендерге деген сенімсіздік сезімі пайда болады. Қатал қарым-қатынас болатын отбасылардағы балалардың неврологиялық реті бұзылады: тұтығу, түнгі, қорқыныштар, ұйқының бұзылуы сияқты ауытқулар болуы ықтимал. Кішкентай адамның психикасы – өте жіңішке аспап. Оны жеңіл бұзып, сындырып алуға болады, бірақ сосын оны түзету қиынға соғады.

Ата-аналарға кеңес:

  • Баланы қателескені үшін, кемсітіп, бетінен алмаңыз;

  • Балаңыздың жетістігі мен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз жақсы көретініңізді сездіртіңіз;

  • Әрқашан өз балаңыздың қылықтарын түсінуге тырысыңыздар;

  • Ешқашан шешім шығаруға, әсіресе, жаза қолдануға асықпаңыздар.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!