Ата-аналарға арналған Мастер класс Л дыбысын қою

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ата-аналарға арналған Мастер класс Л дыбысын қою

Материал туралы қысқаша түсінік
«Л» дыбысын сөзде анық айтуға машықтандыру.«Л» дыбысын басқа буын, сөз ішінде дұрыс ажырата білуге үйрету. Фонематикалық қабылдауын дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе облыстық білім алуға ерекше қажеттіліктері бар

балаларға арналған арнайы (түзетім) балабақшасының

логопеді Махашова Жансая Танатаровна





Ата-аналарға арналған мастер класс


Тақырыбы:«Л дыбысын қою және дұрыс айтуға машықтандыру»

Мақсаты: «Л» дыбысын сөзде анық айтуға машықтандыру.«Л» дыбысын басқа буын, сөз, ішінде дұрыс ажырата білуге үйрету. Фонематикалық қабылдауын дамыту, ойын тапсырмалар арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру

арқасында педагогтар балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін - В.А.Сухомлинский


Демек, ата-аналардың өз балаларының жан дүниесін жақсы түсінуі, бала тәрбиесіне қатысты білім-біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттерін өздері түсінуі үшін ата-анамен педагог тығыз байланыста бола алатын тиімді әдіс: ата-аналарды оқу қызметіне шақырып, қатыстыру болып табылады.


Өткізілу барысы:

І. Тыныс алу жаттығулары (Алжапқыш ертегісі, спиральды аңдар )
Тыныс алу дегеніміз – мүшелер қызметінің тіршілігін реттейтін, ағзаның негізгі тіршілік көзі. Тыныс алу жаттығулары-ауамен емделуді дұрыс пайдалана білу, тыныс алу мүшелерінің жұмысын жақсартуды көздейді. Ол дегеніміз-ағзаның тыныштық қалпындағы орындалатын және қозғалыста орындалатын жаттығулар.

«Бауырсақ» алжапқыш ертегісі.Ойын: «Аңдардан бауырсақты құтқар» (тыныс жаттығуы арқылы спиральды аңдарды үру)



ІІ. Артикуляциялық гимнастика. Стақан ертегісі

Тіл дыбыстарын жасауда дыбыстау мүшелерінің қызметін артикуляция деп атайды. Біздің міндетімізге дикция ақауларын түзету емес, дыбыстардың анық, дұрыс айтылуын қадағалау жатады. Демек, артикуляциялық жаттығуларды қолдану баланың дыбыстау (сөйлеу) мүшелерінің қызметі арқылы дыбыс шығару дағдысын қалыптастыруға ықпал етеді.

Артикуляциялық гимнастиканы еріннің және тілдің негізгі,барлық дыбыстардың анық, дұрыс айтуына қажетті, қозғалыстарынан және қалыптарынан бастау қажет.

1."Кеме гуілдейді" (ЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛ)-тілдің ортасын жоғары көтеру қозғалысын дағдыландыру, ауызды ашынқырап Ы дыбысын созып айту (пароход гуулдеген тәрізді). Тілдің ұшы төмен түсіп, ортасы таңдайға көтеріліп, ауыздың түкпірінде тұрады. 10-15 секунд ұстап тұру керек.

2. "Ине" (ЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫ)-ауызды кең ашып тілді алға қарай жіңішкертіп шығарып 10-15 секунд ұстап тұру керек.

3."Әткеншек"-жіңішке тілді ауыздан шығарып біресе мүрынға созып, біресе иекке созу жаттығуды жасағанда ауыз ашық болу керек. 10-15 секунд ұстап тұру керек.

4. "Сылақшы"- ауызды сәл жартылай ашып. Тілмен таңдай бояу. 10-15 секунд. 10-15 секунд ұстап тұру керек.



ІІІ. «Л дыбысын қою»

Фонемалардың дұрыс айтылуын алғашқы қалыптастыру немесе

 қою кезеңінде  негізгі үш тәсіл қолданылады. 
Бірінші тәсіл еліктеуге негізделген. Бала естуді, көруді, тактильді-тербелісті, бұлшық ет түйсігін пайдалана отырып фонеманың дыбысталуын, артикуляциясын қабылдайды, қажетті дыбыстарды қайталауға талаптанады.

Екінші тәсіл кұралдардың /шпатель, зондтар/ немесе саусақтың көмегімен сөйлеу органдарына механикалық ықпал жасауды көздейді.

Үшінші - аралас тәсіл. Бұл тәсіл бойынша сөйлеу тілі механикалық ықпал жасаудың мақсаты-еліктеу және аузша түсіндіру арқылы қажетті артикуляцияны мейлінше толық және дәл меңгеруге көмектесу.

«Ешкі мен лақтар» ертегісі (маскі, алжапқыш)

Ойын «Мен бастаймын сен жалғастыр, мен бастаймын сен аяқта»

А....ла, қа...ла, да...ла, ба...ла, ша...ла.

Ба...л, қа...л, та...л, жа...л, ша...л, ма...л, е...л.

ІV. Л дыбысын авторизациялау

Дыбыс айтуды машықтандыру кезенінің негізгі  мақсаты қойылған дыбысты ауызекі сөйлегенде дұрыс айту болып саналады. Қойылған дыбысты бекіту, немесе дұрыс айтуға машықтандыру жұмысы керекті жүйелікпен және кезектілікпен жүргізуді талап етеді. Қойылған дыбысты алдымен буында (ашық, жабық, ортада), сосын сөздің басында, ортасында, аяғында, сөз тіркестерінде, сөйлемде, байланыстырып сөйлеуде дурыс айтуға машықтандыру керек. 

«Шалқан» ертегісі бойынша– буынұйқас айту. (Шұлық ертегісі)

Шалқан: ла-ла-ла,

Шал: ло-ло-ло,

Кемпір: лу-лу-лу,

Қыз: ли-ли-ли,

Күшік: ле-ле-ле,

Мысық: лы-лы-лы,

Тышқан: лю-лю-лю. 



Осындай жұмыстар бала тәрбиесіндегі жетекші рөл – ата-ана мен педагогтің тығыз байланыста болуы екеніне көз жеткізеді.



























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2022
992
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі