Материалдар / Ата-аналарға арналған тренинг
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата-аналарға арналған тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналарға арналған тренингтер және бала тәрбиесіне байланысты баяндама, ақпараттар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қырқүйек 2024
213
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» тақырыбында тренинг, әңгімелесу.



Мақсаты: Мектеппен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту, жаңа заман балаларын тәрбиелеуде ата-ананың мәдени денгейін көтеруге ықпал ету.

«Қызықты сұрақтар» ойыны.( доп лақтыру арқылы)
 1. Балаңыздың туған күні?
 2. Сынып жетекшісінің  толық аты-жөні?
 3. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
 4. Балаңыз қандай өлшемде аяқ киім киеді?
 5. Балаңыздың досы кім?
 6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
 7. Балаңыздың бірінші тісі қанша айында шықты?
 8. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
 9. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі? 

10. Балаңызды қалай еркелетесіз?

«Қасиеттер жиыны» ойыны
Қажетті құралдар: доп
Уақыты: 15 - 20 минут
Барысы: Ұстаздар ортаға шығып, дөңгеленіп тұрады. Жүргізуші қолына допты алып, ортаға шығады. Кез келген қатысушының біреуіне допты лақтырып қалып, бір әріпті айтады. Допты қағып алған ойыншы сол әріптен басталатын бір қасиетті айтады.
Мысалы:
Жүргізуші «Ә» әрпі
Ойыншы «Әдемі»

Баяндама. «Ата-ана махаббаты»

         Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп-инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде  ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым-қатынстарында  мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты.

Адам өмірінің мәне мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі  - баланың ата-анасын     ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.

Бала – ата - ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті  ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған.

Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.

  Ата-аналардың жастығы мен бала тәрбиесіндегі тәжірибенің жоқтығы, болмаса тәрбие жұмыстарында тек қана өз ойлары мен көзқарастарына ғана жүгінуі немесе қажетті педагогикалық  білімдерінің жетіспеушілігі салдарынан тәрбие процестері көптеген қателіктерге ұшырап отырады.

Сондықтан да мектеп өміріндегі ата-аналардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның нәтижесінде ата-ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдастырылатын семинар тренингтердің маңызы орасан зор.

Ата-ананың бас қуанышы – бала. Ата-ананың басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта. Қоғамдағы отбасының мақсаты баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында баланың жан-жақты қалыптасуына ата-ана мен отбасы мүшелерінің қарым-қатынасында  махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, түсінушілік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т.б. кісілік келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян.

Сонымен «Бала деген кім?» деген тапсырманы орындайық (қағазға жазып көрсетеді)

Мынау жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан-жақты білім, тәрбие алуына ең бірінші ықпал ететін ұстаз болса, оның сүйеніші – ата-ана. Сондықтан ата-ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасауы тиіс. Бала тәуліктің бір бөлігінде, яғни 6 сағат мектепте болса 18 сағат өз отбасында тәрбие алады.

Келесі тапсырмада неке және отбасы туралы кодексте айтылғандай, ата-ананың міндеттері мен жауапкершіліктерін білуге тиіспіз, соны қағазға түсіресіздер.(кестеге жазып береді)


Ата-ананың міндеті

1. Мәдениетті адам тәрбиелеуге және өз баласын адал өмір сүруге бейімдеу;

2. Білім алуына көмектесу;

3. Жүйелі білім алуына жағдай жасау;

4. Ата-аналар жиналысына қатысуға, мұғаліммен кездесуге, баласының мектеп өмірімен танысуға;

5. Баланың өміріне, денсаулығына зиян келетін темекі, арақ т.б улы заттарды қолдануға, балаға зиянды екенін түсіндіруге;

6. «Баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше білім беріп қина, он төрттен кейін үлкен азамат деп сыйла» - деген қағиданы берік сақтауға міндетті.


Ата-ананың жауапкершілігі

1. Балаға деген адамгершіліксіз әрекет жасағаны үшін жауапты;

2. Мұғалімге, мектептің педагогикалық ұжымына балағаттау және әдепсіз қарым-қатынас жасағаны үшін жауапты;

3. Бала тәрбиесі үшін қабылданған барлық қаулылардың орындалмағанына жауапты.

4. Баланың адамгершілік тәрбие алуы үшін, өз отбасында бірлік пен татулықты ұстануға жауапты.

5. Мектептен кейінгі баланың білім мен тәрбие алуына бақылау жасауына жауапты

6. Кәмелеттік жасқа жеткенге дейінгі баланың саламатты өмір салтына сай тәрбие алуына жауапты.


Келесі тапсырма ата-ана диаграмма құрастыру арқылы бір тәуліктегі жұмысын бөліп көрсетеді (сағат бейнеленген қағаз беріледі)

Рольдік ойын: әр топ жанұя мүшелерінің рөлін алып баламен сөйлесу мәнерін көрсетеді (сөздер: ата,әже,әке-шеше, апа-аға, іні)


Қорытынды: 

Халқымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді. Бала әрқашанда ата-анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата-ананы өмірдің тірегі санайды.

Ата-ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы- ол перзенті. Баланың бойында туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады.

Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол.

Соңында Бүгінгі сұхбат сабағынан алған әсерлеріңіз? деген тапсырманы орындайды.

 


«Менің бойымдағы құнды қасиеттер» тренингі
Әр адамның алға қойған мақсат – мұраты, тілектері болады. Бойына жақсы адами қасиеттерді дарыта алғандар ғана өмір жолындағы қиыншылықтарға қарамастан шыдамдылық танытып, өзін - өзі тәрбиелеп мақсатына жетеді. Ал адам бойында болуға тиісті 20 құнды қасиет бар. Осы қасиеттердің қайсысы өз бойында бар деп ойлайсыздар . Соны белгілейміз.
Адами құнды қасиеттер Менің бойымдағы құнды қасиеттер
1. Өмірге риза болу
2. Ақылдылық
3. Ұқыптылық
4. Кең пейілділік
5. Қарапайымдылық
6. Әділдік
7. Ашықтық
8. Өз бетінділік
9. Принциптілік
10. Шыншылдық
11. Өзіне сенімділік 
12. Еңбекқорлық 
13. Батылдық 
14. Тұрақтылық
15. Төзімділік
16. Сабырлық
17. Тіл табысушылық
18. Саналылық
19. Бауырмалдық
20. Сыпайылық



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!