Материалдар / Ата-аналарға арналған тренинг сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата-аналарға арналған тренинг сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл тренинг сабақтың бастауыш сынып ұстаздары үшін өте тиімді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қаңтар 2019
720
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Алғашқы ұстаз — ата-ана

«Отбасы — көзбе-көз» ата — аналар жиналысының әдістемелік дайындау конкурсы

Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.

Көрнекілігі:

Тақтаға ұлағатты сөздер жазған парақшалар ілінеді: «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Балақан өсіру — Балапан ұшыру емес», «Бала нені білсе жастан, ұядан — өле өлгенше соны таныр қиядан», кестелер, т.б.

Баяндама «Жанұядағы тәрбиенің ерекшеліктері»

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы.Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындаулына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Өстіп баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу,зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді.Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздармен үй шаруасында жұріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шешеғ үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартқандар бар. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді, ертең-ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді. Сонда арақ пен темекінің зиянын қалай ұқтырамыз.Негізінен жанұяның шырқы бұзылған, ата-анасы маскүнемдікке салынған немесе жарамдық жағынан азғынданған ортада бала, жасөспірім қашанғы жиренішті көріністі, ондағы айқай-шу мен дау-жанжалға, ұрыс-керіске шыдап жүре бермек. Басқа өмір аңсайды немесе теріс тәрбиеге тез бой алдырып үлгереді, егер осы теріс жолға мүлде бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің бір бұтағы қисық өсті дей беріңіз. Бақытсыз қыз, бұзақы ұл осыдан шығады. Сонда негізгі кінәні кімнен іздейміз?!Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады. Кейде сабақты жиі қалдыруға әр түрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады. Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырған аңғармай да қалуы мүмкін. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Иә, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау — ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала — әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.

Жиналыс барысы: (Ата-аналар үш топқа бөлініп отырады)

Кіріспе сөз

Мұғалім: — Құрметті ата-аналар, қонақтар! Бүгінгі «Алғашқы ұстаз — ата — ана» атты жиналысына хош келіпсіздер! Сіздермен бас қосып пікір алысудағы мақсатымыз отбасындағы бала тәрбиесін дұрыс жолға қою, білімге деген ынтасын арттыру. Сонымен қатар ата-аналардың бала тәрбиесіндегі шешуі табылмай жүрген мәселелер болса, ойымызды ортаға салайық деп отырмыз.

І. Баяндама «Жанұядағы тәрбиенің ерекшеліктері»

ІІ. Баяндама төңірегінде пікір алысулар және ата-аналарға сұрақтар қойылып, мәселелер туралы айтылады.

А) Бала тәрбиесінде кемшілік бар екенін мойындайсыз ба?

Ә) Балаңызға үлгі болатындай бойыңызда қандай жақсы қасиеттер бар?

Б) Келешекте балаңыз қандай адам болғанын қалайсыз? т.б.

ІІІ. «Ассоциация» жазу

Өнегелі отбасы дегенді қалай түсінесіз? (үш топқа бірдей)

Әр топтың бір мүшесі қорғайды.

IV. Педагогикалық ойын

1)Кесте толтыру.

Мақтау

Ұрсу

 

 

(2 минут уақытта кестені толтыру, іштей шешімге келу.Кестенің қай жағындағы сөздер көп? Ойлау)

Жауаптар:

— Қай сөз көп болу керек?

— Неліктен?

— Ата-ана жауабы:

— Мақтау баланың көңіл-күйін көтереді, өзіне деген сенімділік артады.

Егер ата-ана баланы үнемі ұрсып, айыптап, балағаттап жатса онда ол бұйығы, қатыгез, кекшіл болып өседі.

V. Педгогикалық ойын. «Кім мәреге бірінші жетеді?»

Сіздің балаңыз сізді қатты қуантты (бірісімен). Сіз не айтасыз? Қалай қолдайсыз? (Әр топтың бірмүшесі тақтаға шығып, балаға мадақтау сөздерін айтып, мәреге бірінші жетуге тырысады). (Тамаша! Жарайсың құлыным! Сенсіз мен не істередім? Өтежақсы! Мақтанашым менің! Қандай тамаша! т.б.).

VІ. Сөйлемді аяқтау. «Ой — өрісіңді тексер»

І топ

1) Егер баланы үнемі сынап отырса ............
(оқуға құлқы болмайды)
1) Балаға үнемі күлсе ................................
(бұйығы болып өседі)
2) Баланы қолдап отырса ...........................
(білімге деген ынтасы артады)

ІІ топ

1) Баланы қолдап отырса .....................
(өзісіне сенімді болады)
2) Бала төзімділікте өссе .................................
(адал болып жетіледі)
1) Бала қауіпсіз жағдайда өссе ..............................
(ол адамға сеніммен қарайды)

ІІІ топ

1) Бала кекшілдікте өссе .............................
(ол қатыгез болып өседі)
2) Бала адалдықта өссе ...........................................
(әділ болып жетіледі)
3) Бала түсіністік те жәнес үйіспенш
ілікте өссе ........................
(бұл
әлемнен махаббат табуға үйретеді)

(Әртоптың бірмүшесі оқып береді)

Толғаныс

«Жанұя типтері»

  1. Әмірлі (авторитарлық)

  2. Демократиялық (егемендік)

  3. Бетімен жіберушілік

  4. Рақымшыл жанұя

Сіздің жанұя, жанұя типтерінің қайсысына жатады? (іштей ойланып, сіздің жанұяңыз сіз таңдаған типте болғаны сізді қанағаттандырама?... Өзгерткіңіз келмейме? Қалай өзгертер едіңіз? Кімніңкөмегі керек?) Ұсынысыңыз, қосар пікіріңіз болса, рефлексия парағына жазып қалдыруға болады.

VIII. Білім сапасын көтерудегі ата — ана рөлі

«Біреулер құдайдан бала тілейді». Олбаланы не қылады?

— Өлсем орнымды бассын, — дейді.

— Артымнан құран оқысын, — дейді

— Қартайғанда асырасын, — дейді.

Осыдан басқа бар ма?

— Сіз қалай ойлайсыз?

— Білімді, жан-жақты тәрбиелі болсын т.б.

— Қандай білім алғанын қалайсыз?

— Сапалы білім

— Ал баланың сапалы білім алуы кімге байланысты?

Олардың әрқайсысына қандай талаптар қойылады? Талдау

Баланың сапалы білім алуы мұғалімге, балаға, ата-анаға байланысты екенін талдадық, соның ішінде білім негізі — стандарт талаптарын орындау, яғни күнделікті сабаққа дайындалу кезінде оқушыға мұғалім мен ата-ананың көмегі, қадағалауы, уақыт бөлуі міндетті түрде қажет.«Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.» В.А.Сухомлинский

Қорытынды

Жоғарыдағы даналық сөзге сүйенсек, мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі үшін тек ата-анамен бірігіп жұмыс істеу керек екенін ескерткен. Сондықтан, балаңыздың тамағының тоқтығы мен көңілінің көктігіне қарайтын, құр асыраушысы рөлінен шығып, ендігі жерде, сіздің алдыңызда балаңыздың білім алу жолындағы серіктесі болу міндеті тұр.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!