Ата-аналарға ашық сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ата-аналарға ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналарға психологиялық қолдау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Бала тәрбиесіндегі ата-ана» тренингі


Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.

Міндеттері: Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу саласының аз да болса жоғарылауына ықпал ету.

Қажетті құрал-жабдықтар:  Үлестірме қағаздар, А4 формат, қалам, доп, ватман, маркерлер және т.б.

Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, психологиялық жаттығулар.

Барысы: Кіріспе сөз. «Танысу» жаттығуы; «Балам туралы не білем?» жаттығуы; «Менің диаграммам» жаттығуы; «Сөйлемді аяқтаңыз» жаттығуы; Рефлексия

Кіріспе: Бігінгі біздің «Бала тәрбиесіндегі ата-ана» атты тренинг-сабағымызға хош келдіңіздер! Ата-ананың тілегі – баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.

Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң,

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек – дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана.

«Танысу» жаттығуы

Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы 1 қасиет кезекпен айтып шығады.

Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді.


«Балам туралы не білем?» жаттығуы

Мақсаты: Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсарту.

Ата-аналар бір-біріне допты лақтыра отырып, қойылған сұрақтарға жауап беруі керек.

Қызықты сұрақтар қатары:

1. Балаңыздың туған күні?

2. Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?

3. Балаңыздың досы кім?

4. Балаңыз қандай өлшемді аяқкиім киеді?

5. Бүгін сабақтан қандай баға алды?

6. Балаңыздың сүйікті асы қандай?

7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

8. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

9. Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барды?

10. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

11. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен қандай сөз ауызыңызға түседі?

12.Балаңыз болашақтағы кім болғысы келеді?



«Менің диаграммам» жаттығуы

Мақсаты: ата-аналарды күн тәртібін ұйымдастыра білуге дағдыландыру.

Ата-аналарға шеңбер сызылған бланкі таратылады.

Нұсқау: «Дөңгелек шеңберді 24 сағатқа бөліп, ата-ананың бір күндік диаграммасын құрыңыз».

Ата-анаға берілетін сөздер қатары: Ұйқыға, Мектепке, Отбасымен қарым-қатынасқа, Үйірмеге, Достарын, Үй шаруасына, Жалғыз болуға, Диаграмманы қорытындылау

«Сөйлемді аяқтаңыз» жаттығуы

Мақсаты: Ата-аналардың бала тәрбиесі жайлы пікірлерін тыңдау .

Ата-аналар бала тәрбиесіне байланысты аяқталмаған сөйлемдер жазылған карточкаларды кезектесіп таңдап, ойланбастан жауап беруі керек.

Басқа ата-аналар жауап беруші ата-ананың жауабын талқылайды.


Ата-аналарға берілетін сөйлемдер:

Егер баланы үнемі сынап отырса ....................................................
(оқуға құлқы болмайды)

Балаға үнемі күлсе ...................................................................
(ерке болып өседі)

Баланы қолдап отырса ........................................................
(білімге деген ынтасы артады)

Баланы қолдап отырса ..........................................................
(өз ісіне сенімді болады)

Бала төзімділікте өссе .......................................................................
(адал болып жетіледі)

Бала қауіпсіз жағдайда өссе ........................................................
(ол адамға сеніммен қарайды)

Бала кекшілдікте өссе ......................................................................
(ол қатыгез болып өседі)

Бала адалдықта өссе .....................................................................
(әділ болып жетіледі).

Бала түсіністікте және сүйіспеншлікте өссе ............................................
(бұл әлемнен махаббат табуға үйретеді)

Қорытынды:

Ата-анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі.

Көңіліне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой-өлкесі, — деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт-арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық. Адам да өсімдік сияқты, күтілмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізде ұстайық.

Балаға жан және дене өзгерістерінің байланыстарын табуға көмектесу;

Балаға маман тарапынан тағылған мін, ескертулерді шын пейілмен түсіну және түсіндіру; Баланы ағза қызметінің қалыптасуымен мұқият таныстыру.

Рефлексия

Бүгінгі кездесуден қандай әсер алдыңыздар?

Тренингте өз ойларыңызды еркін жеткізуге кедергілер болды ма?

Өздеріңізді бала тәрбиесінде толғандыратын қандай мәселелер ма?

Қандай жаттығуларды орындау қиын болды?




















































Рефлексия сұрақтары:

  1. Бүгінгі кездесуден қандай әсер алдыңыздар?

  2. Тренингте өз ойларыңызды еркін жеткізуге кедергілер болды ма?

  3. Қандай жаттығуларды орындау қиын болды?

  4. Жаттығуларды орындау барысында не сезіндіңіздер?







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.12.2020
1207
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі