Материалдар / Ата-аналармен жиналыс жоспары "Отбасындағы рухани-адамгершілік тәрбие беру"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата-аналармен жиналыс жоспары "Отбасындағы рухани-адамгершілік тәрбие беру"

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пәнінен ата-аналармен жұмыс жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
3322
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ата-аналар жиналысының жоспары

Мектеп: №19 жалпы білім беретін мектеп

Мерзімі: 21.11.2015 ж.

Сынып: 9 «А»

Ата-аналар саны: 20

Мұғалім: Бектұрғанова Қ. Ә.

Ата-аналар жиналысының тақырыбы: «Рухани адамгершілік тәрбиенің отбасында алар рөлі»

Мақсаты: Ата-аналарға рухани-адамгершілік бағдарламасының негізгі мақсаты - бала тәрбиесіндегі рухани құндылықтардың маңыздылығын түсіндіру.

Міндеттері:

  1. Отбасы мүшелерінің арасындағы сүйіспеншілікті нығайту

  2. бауырмалдылықты, қайырымдылықты, сыйластықты, достық – қарым қатынасты қалыптастыру

3. Кешірімшіл болу, шынайылық, жанашырлық

Ресурстар:

/материалдар , көздері, интерактивті тақта, плакаттар, маркер, қағаз, қалам,видеофильм,үнтаспа/

Жоспар: /жоспардың әрбір пунктің 3-5 сөйлеммен ашу/

  1. Өзін –өзі тану пәнінің бала тәрбиесінде алар орны

  2. Жалпыадамзаттық құндылықтар жөнінде түсінік

  3. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі мен жауапкершіліктері

  4. Балалардың мінез-құлқына кері әсер ететін
    ата-аналардың қарым-қатынас типтері

  5. Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі

  6. Тәрбиедегі ынтымақтастық

  7. Жақсы отбасының қасиеттері


1. Жиналыс барысы:

«Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын... адамның ең басты шаттығы болып саналатын балалардың өсіп, өмір сүретін орны»

А.С. Макаренко

Отбасы – ұлттың, мемлекеттің, әлемнің, адамзаттың негізі. Сондықтан оны нығайту керек.

Отбасында тыныштық болса – үйде тыныштық болады;

Үйде тыныштық болса – мемлекетте тыныштық болады.

Мемлекетте тыныштық болса – әлемде тыныштық болады. Халық даналығы

  • Жаңа туылған нәрестенің ақыл-ойы, миы таза болады, қайырымдылық пен зұлымдықтың ешқайсысын таңдай алмайды, қайырымдылық адамның өмір сүру үдерісінде жиналады.

  • Адам дүниеге келгенде таза мектеп тақтасындай болады, тақта бетіне әр адам өз қолжазбасын жазып қалдырғандай кішкене нәрестенің де таза санасына өсе келе әр нәрсе жазылады.

Әбу Насыр әл-Фараби

Сара Алпысқызы: “ Өзін-өзі тану пәні адамның өзін-өзі тануына, өзінің ең жақсы қасиеттерін анықтауға, өз ар-ұжданын сақтап, әрқашанда АДАМ деген атқа лайық болуына ықпал етеді. Жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту – Өзін-өзі тануға” негізгі рухани жол болып табылады.

2.Жалпыадамзаттық құндылықтар жөнінде түсінік

Аксиология (грек тілінен аударғанда ) акcио-құндылық, логос-ілім – «құндылық» категориясын зерттейтін философия саласы.

Философиялық тұрғыдан алғанда құндылық дегеніміз – жалпы қоғам үшін,  адам үшін ең қадірлі, ең қасиетті нәрсе туралы түсінік. 

Құндылықтар туралы мәселені алғаш рет – ежелгі философ Сократ қарастырды.

    «Кімде шынайы бейне мен ұшқыр ой болса ол бақытты»

    “Достықсыз адамдар арасындағы қарым-қатынастың ешқандай құндылығы жоқ” Сокра́т 

Т.И.Петракова (д.пед.наук.профессор МПедГУ) ұсынған құндылықтар жүйесінің жүктемесі оларды үш түрге бөліп қарастыруды көздейді: табиғи, жүре пайда болған және абсолюттік.

Табиғи құндылықтар – бұл адамның күші мен жан дүниесінің қабілеттілігі құндылықтары: яғни ақыл – ой, сезім, күш-жігер (ақылдың айқындығы, ойдың ұшқырлығы, сезімнің тазалығы, естің сенімділігі, күш-жігердің қайраттылығы)

Жүре пайда болған құндылықтар – бұл адамның интеллектуалды және адамгершілік тұрғыдан дамуы барысында меңгерген құндылықтар (әдептілік, сыпайылық, сыйластық жанашырлық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, сабырлылық және т.б)

Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар – ол уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар

Абсолюттік (мәңгілік) жалпыадамзаттық құндылықтар тұлғаға рухани-адамгершілік білім берудің негізгі өзегі болып табылады.Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар табиғи және жүре пайда болған құндылықтарды да қамтиды.Өйткені жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан алғанда олар адами қасиеттер болып табылады. Олар Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, және Қиянат жасамау.

Сананың құрылымы туралы

Оқыту, ойлау және түсіну – осының бәрі бес сезім мүшелері арқылы сананың ішінде жүретін үдерістер.

Олардың екеуі: көру мен есту ақпарат алудың маңызды жолдары болып табылады.

Ақпарат бес сезім мүшелері арқылы сыртқы әлемнен түпкі санаға (кейде саналы түрде, кейде санадан тыс) түседі де, осы жерде психикалық-эмоциялық реңге ие болады.

З. Фрейд бірінші рет бейсаналық (санадан тыс) бөлігін ажырата отырып, адам санасының құрылымын жасады. Ол невроздарды зерттей отырып, сана саласынан шығып қалған эмоцияларды тапты және оларды түпкі сана (подсознание) деп атады. К.Г. Юнг сананың төменгі, жеке тұлғалық деңгейінен басқа жоғары деңгейінің (жоғарғы сана) бар екеніне назар аудара отырып, бейсаналық ұғымын кеңейтті. Ол сонымен қатар жоғары деңгейде әсерленудің терапевтік әсері бар екендігін және адамды ізгілендіре түседі, оған шығармашылық шабыт, қуат беретінін дәлелдеді.

Сананы тазарту

Трениг Құтыдағы су

- Егер стақандағы лас суды түгел төгіп тастауға болмаса, оны қалай тазартуға болады?



1. Күн сайын жағымды көңіл күйге енуу тәсілін қолданыңыздар. Бұл сананы тыныштандыру мен бақылау үшін, әлемді ұғынуға аранлаған тікелей және тура әдіс.

2. Күні бойы барлық адамдарға сүйіспеншілік нұрын шашуға талпыныңыздар.

3. Ұйықтар алдында күні бойы не істегеніңізді еске түсіру үшін бірнеше минутыңызды бөліңіз, және де одан да зорғысын жасауға шешім қабылдаңыз.

4. Ашу-ызаңызды бақылаңыз. Өзіңізді ұрсып, ренжіткен адам сізге өз ашу-ызаңызды бақылауға көмектесетінін әрдайым есте ұстаңыз.

Ашулана бастасаңыз, онда:

- бір стақан суық су ішіңіз;

- айнадан бет-жүзіңізге қараңыз;

- тыныш қана жатыңыз;

- ашуыңыз келіп тұрған жерден кетіп қалыңыз.

Өзіңізді тыныштандыратын ізгі немесе жұбату сөздерді дауыстап айтыңыз.

6. Жаныңызды тебірентетін, жайландыратын, жалпыадамзаттық құндылықтарға толы ән салыңыз.

7. Жақсы компания, орта табыңыз.

8. Басқаларға тыныштық беруге, қызмет етуге және оларды жұбатуға үйреніңіз.

9. Тыныштық сақтауға үйреніңіз. Жұмсақ, әрі мейірімді интонациямен сөйлеңіз. Тек қана жақсы нәрсе айтыңыз. Пайдалы нәрсе айта алмасаңыз, одан да үндемей қалыңыз.

10. Тыныс алуыңызды бақылаңыз: әр уақытта баяу, терең және ырғақты тыныс алыңыз және бұған кедергі жасайтын нәрсенің бәріне абай болыңыз.

11. Күнделікті өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстануға ұмтылыңыз.


Ата-аналар мен мұғалімдер үлгі ретінде

Белгілі педагог С. Соловейчик келтірген статистика бойынша ата-аналар баласының тәрбиесіне күніне 17 минут арнайды.

Осы уақыттың ішінде қалайша жақсы адам тәрбиелеуге болады?

3. Балалардың мінез-құлқына кері әсер ететін
ата-аналардың қарым-қатынас типтері

Балалардың махабаты таза, риясыз. Олар өздерінің ата-аналарын бар жан-тәнімен жақсы көреді және оларға еліктейді. (кейбір келеңсіз мінез-құлықтарына да).

Кей-кейде балалар ата-аналарының тілін алмайды. Бірақ-та олардың мінез-құлықтарын, іс-әрекеттерін зер сала бақылайды. Бұл балаларға үлкен әсер етіп, ықпалын тигізеді.

Олар ата-аналары өтірік айтып, алдап тұрса, екіжүзділік танытса, оны байқап қояды.

  • Орынсыз қамқорлық (бала ата-анасының орынсыз қамқорлығына еті үйреніп, дағдыланғаны сондай, өз бетімен шешім қабылдай алмайды).

  • Орынсыз жұмсақтық (көнгіштік) (баланың мінез-құлқын бүлдіреді, басқаларға түсіністікпен қарамайды)

  • Орынсыз қорқыныш, үрей (баланы мазасыз етеді, тіпті психосоматикалық ауруларға апарады).

  • Жоғары талаптар қою (балалар сасақалақ, жабырқаңқы, тұнжыраңқы болып, сәтсіздікке ұшыраймын деген сезім басым болады)

  • Кемсіту, елемеу (мұндай сезіммен өскен балаларда агрессия, ашу-ыза басым, қызба болады. Өсе келе түрлі қылмсыс, зорлық-зомбылық жасау, нашақорлық сияқты келеңсіз жағдайларға бой алдыруы мүмкін).

СЫНҒА үйреніскен балалар
айыптаушылықты үйренеді.
ҚАСТЫҚПЕН тәрбиеленген балалар,
Қалай шабуыл жасауды біледі..
Ажуа-мысқылмен өскен балалар,
Жасқаншақтықты сіңіреді.
Көп және жиі
ҰЯЛТЫЛҒАНДАР –
Жазықтылықтан
айырылмас.
ТӨЗІМДІЛІКПЕН тәрбиеленгендер,
төзім ғылымын ұғады.
ҚУАТТАУ сөзімен тәрбиеленгендер
Өзіне
сенімді болады.
МАҚТАУМЕН өскен балалар,
жақсыны көре біледі.
ӘДІЛДІКПЕН тәрбиеленгендер
балаларды сенімділікке үйретеді.
МАҚҰЛДАУМЕН тәрбиеленген балалар,
Өзімен үйлесімде өмір сүреді.
Бойына
ДОСТЫҚ, ЖАН ЖЫЛУЫ дарығандар –
Әлемнен сүйіспеншілік табады.
Сэлли Фельдман

4.Бала тәрбиесіндегі ананың рөлі

  • Жұмақ - ананың аяғының астында.

Құраннан

  • Ана-от анасы. Оның қорғаушысы.

  • Ұлт болашағы ананың алақанында.

Оноре де Бальзак

  • Өмірдегі барлық тамаша заттар күннің нұрынан , ананың ақ сүтінен нәр алады.

М.Горький

«Жақсы отбасында жазалау деген атымен болмайды және бұл-отбасы тәрбиесінің ең дұрыс жолы». А.С.Макаренко

  1. «Бала жөнінде әділ пікір айту үшін оны өз ортасынан өзіміздің ортамызға алып келмей, өзіміз олардың рухани дүниесінде көшуіміз керек».                                    Н.Н.Пирогов

  2. «Ата-аналар балаларына сыйлы болуы тиіс. Бірақ сый – сияпат сүйіспеншіліктен туындауы қажет» В.Г.Белинский

  3. «Ата-ана қадірін білмеген халық қадірін біле алмас. Халық қадірін білмеген ата-ана қадірін біле алмас»

Халық мақалы

5.Отбасындағы ананың ролі.

Ұлт ананың мәдениетінің негізінде қалыптасып дамиды. Өмірге келген ұрпақ бүгінгі ананың негізінде қалыптасады. Кешегі, бүгінгі, келешекте ана бәрінің өзегі болмақ. Ұлттың жүрегі, тынысы болмақ.

Ата-ананың міндеті-руханилық пен адамгершіліктің негізін салу.

Егер ана рухани болса, бүкіл ұрпаққа алаңдамауға болады. Егер ол адамгершілікпен әрекет етсе балалары да соны жасамақ.

Рухани ұстаз жай ұстаздан он есе ықпалды болмақ. Әке рухани ұстаздан да он есе күшті, маңызды. Ал ана әкеден мың есе маңызды.

Шығыс даналығы.

6.Отбасындағы әкенің ролі.

Әке отбасындағы ең басты ролді иеленеді.

Еркек-білімнің, даналықтың, тәртіптің іске асырушысы.

Еркек- әйелін, балаларын қорғаушы, отбасының барлық мұқтаждығын өтеуші, олардың денсаулығына, білім алуына кепілдік беретін адам.

Еркек пен әйел ата-ана болғанда олар бір-бірін үйлесімділікпен толықтырып, бала тәрбиелейді. Ата-аналарға бала тәрбиесіндегі ең негізгі міндет дұрыс мінез-құлқын қалыптастыру болып табылады.

Бала тәрбиесінде барлығы өз шекарасынан шықпауы тиіс. Әр кезде сүйіспеншілік пен тәртіп болуы тиіс.

7. Отбасында балаларды тәрбиелеу типтері.

Ынтымақтастық- баланың өзіндік тұлғалық дамуы мен ерекшеліктерін сезіну, түсіну. Оның осы өмірге өзінің мақсат-міндетімен келгенін ұмытпау. Ол осы өмірге бір жаңа леп әкелгенін есте ұстау. Ата-аналар баланың өзінің бойында бар ерекшеліктерін іске асыру үшін сүйіспеншілікпен, құрметпен жағдай жасауы тиіс. Бала да сол кезде ата-анасының беделін, құрметін түсініп, олардың айтқандарына құлақ сала бастайды.

Материалдық қызығушылықтар негізінде тәрбиелеу- жақсы болсаң аласың, қол жеткізесің (ақша, сыйлық, ойын-сауық), жасан болсаң жазаланасың.

Зорлық-зомбылық негізінде тәрбиелеу- істегің келмесе де, істейсің, істемесең жазалаймын.

Тәрбиеден тысқары қалу – бұл бетімен кетушілік, балаларға немқұрайлы қарау.

Қалай болса солай болсын, барлық балалар да солай істейді.

Ынтымақтастықта тәрбиелеу.

Барлық баланы жақсы көру керек. Жақсы көру барлығын жаңғыртатын күш.

Баланың шынайы табиғатын сезініп, табиғат берген ерекшеліктерін ескере отырып, қалай бар солай қабылдап, түсіне білу керек.

Әрбір баланы жақсы көру, түсіну, сыйлау арқылы қанаттандыруға болады.

Баланы ақылға, құлақ қойғыштыққа, тіл алғыштыққа қалай жеткізуге болады?

Ол үшін ең алдымен ынтымақтастыққа әрекет етіп, үлкендердің өзі өзін-өзі жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеуі тиіс.

Күнделікті өмірде ата-аналар балаларға үлгі болуы тиіс. Өзге адамдардан тек жақсылықты көруге үйрету керек және олармен өздеріне басқалардың қандай қатынас жасағанын қаласа, өздері де сондай қатынас жасауға тиіс екенін үйрету керек.

Ата-аналар отбасында мінез-құлық ережесін жасауы керек және оны өздері бұлжытпай орындап, сол ережеге бағынып отыруы керек.

Сұрақ-жауап, талдау.



Құндылық терегі слайды

Ы. Алтынсарин « қисық ағаш» әңгімесін мысалға алу

  1. Үй тапсырмасы

«Звездочка на земле» атты фильмді көру, келесі жиналысымызда талқылаймыз

  1. Қорытынды.

Ата-аналар жиналыстан алған әсерлері мен бөліседі, ұсыныс тілектері айтылады.(сауалнама алу)

Құрметті ата-аналар! Бала бойындағы адамгершілік қасиеттердің пайда болуы ол- ата-ана, ұстаз, жақсы құрбысынан екені сөзсіз. Сондықтан  «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер. Жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек» деп алаш ардақтысы Мағжан Жұмабаев айтқан – бала тәрбиесі барлығымыздың бірлескен жұмысымыздың нәтижесі. .






Мұғалім: Бектұрғанова Қ. Ә.



Мектеп директоры: Сарсембаева Н. К.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!