400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ата-аналармен жұмыс жоспарын тиімді ұйымдастырып, мектеппен ата-ана арасындағы байланысты нығайтау.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналармен жұмыс жоспарын тиімді ұйымдастырып, мектеппен ата-ана арасындағы байланысты нығайтау. Ата анамен байланысты жан -жақты дамыту. мектеппен ата-ана арасындағы серіктесік құру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ата-аналармен жұмыс жоспарын тиімді ұйымдастырып, мектеппен ата-ана арасындағы байланысты нығайту.


Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы- ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Ата-анаға баладан жақсы ешкім жоқ. Ал бар тәрбиеміздің көзі – ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздер, яғни небір кереметтің барлығы осы айтылған нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер екені сөзсіз.


Отбасы туралы әлеуметтік педагогтің пікірі.

Отбасының төрт түрі:

1.  Адамгершілік қатынастары жоғары отбасы. Балалардың өз икемділіктерін жүзеге асыруға толық мүмкіндіктері бар. Тәрбиешінің көп араласуын қажет етпейді, дегенмен нақты бір кезеңде тәрбиелеу ерекшеліктеріне байланысты ұсыныстар мен кеңестер артық болмайды. Психолог кеңес береді.

2.  Ата-аналарының қарым-қатынасы жақсы, дегенмен тәрбиелеудің дұрыс бағыттарын ұстанбайтын отбасылар . Балалар ата-аналарының «ерекше» қамқорлығында болуы мүмкін, осыған байланысты менмендік, өзімшілдік ойы басым дамиды. Бұл педагогтің көңіл бөлуін сөзсіз талап етеді. Психолог, тифлопедагтың кеңесіне жүгінеді.

3.  Дау-жанжалды отбасылар. Мұндай жағдайда ата-аналардың баламен ісі жоқ. Олар өзара қарым-қатынастарын шеше алмайды. Ешқандай парасатты тәрбие туралы  сөз болуы да мүмкін емес. Мұндай жағдайда мамандардың ақыл-кеңесі қажет және үнемі қадағалауы тиіс.

4.  Ұрпақтар арасындағы сезімталдық, көңіл-күй байланысы жиі бұзылып тұратын отбасылар. Ата-анасы жоқ, анасы, әкесі жоқ балалар, ата, әжесі, аға, апа қамқорлығындағы  балалар бар. Мұндай отбасыларымен психологиялық, педагогикалық тәрбие жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады.

Жанұяның негізгі міндеттері:

Баланың үздіксіз дамуын қадағалау. Бала денсаулығына қамқорлық жасау. Еңбек тәрбиесі мен мамандық таңдауға және баланың жан-жақты дамуына көмектесу. Баланың қызығушылығын, бейімділігін, шығармашылығын  дамыту. Баланы өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі дамытуға сонымен қатар болашақ өмірге дайындау.

Ата-ананың бала алдындағы парызы.

Адамның жеке қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы адамгершілік  белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы өзегінде  көп жылдар бойы сақталып есінде жүреді.

Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала.

Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер  күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.

Отбасы – шағын мемлекет, қоғамның негізі болып табылады. Қоғамды құратын азамат атаулы отбасында өсіп өрбиді, тұлға болып қалыптасады.

Ата-аналармен мектеп ұжымының бірлескен жұмысын ұйымдастыру жолдары.

Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру міндеттері:

-       ата-аналарды балаларының оқу еңбегінің нәтижелері туралы хабардар етіп отыру;

-       ата-аналарды балаларының оқуына көмекті дұрыс ұйымдастыруға үйрету;

-       топ ұжымымен қызықты іс-шараларды ұйымдастыруға ата-аналарды қатыстыру;

-       ата-аналармен тақырыптық жиналыстар оздыру;

-       мектептегі ашық есік күндеріне шақырып, қатыстыру;

-       ата-аналармен жеке жұмыс жүргізу;

Ата-аналармен жұмыс.

Ата-аналармен байланысқа тікелей мектеп директоры және аға тәрбиеші жауапты. Жатақханада ата-аналар кеңесі құрылып, бекітілген жоспар бойынша жұмыстануда.

-       жатақхананың оқу тәрбие процесі, санитарлық-гигиеналық талаптарын орындау, баласын медициналық тексеруден өткізу;

-       оқушының іскерлігін, шығармашылық қабілеттерін және білім сапасын арттыруға жаңа оқу жылындағы жатақхананың мақсаты мен міндеттерімен танысу, ұсыныстар енгізу;

-       жатақхананың басқару және ұйымдастыру жұмыстарының өтуіне ата-ананың ұсыныстары;

-       тәрбиеленушілерді демалысқа үйлеріне уақытында алып, уақытылы  әкелу процесіндегі жауапкершілік;

-       әр тоқсанның соңғы күндері «Ата-аналар» күні болып белгіленген.

Ата-аналармен тақырыптық жиналыс өткізіледі.

Мысалы: «Ал, енді танысайық», ата-аналармен сауалнама, тренинг, бірлескен істерді жоспарлау үшін «Ортақ істеріміз» атты ата-аналар жиналысы. «Біз шығармашыл жандармыз» атты ата-аналармен оқушыларға арналған көрме. Отбасындағы «Ұл тәрбиесі мен қыз тәрбиесі» туралы тақырыптық кеңестер оздырылады.

«Тәрбие-тал бесіктен басталады» деп халқымыздың ежелгі салты мен тамаша дәстүрі заманымыздың заңғар жазушысы М.О.Әуезовтің «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген қанатты  қағидасында да үйлесім табуы бекер емес. Арнай мамандарымыз жеткіншек ұрпақтарымыздың адами қарым-қатынасын жасауға, қоғам тірлігі үшін материалдық өндіріс саласында еңбек етуге даяр болуға, еңбек ету қажеттілігін ажырата білуге, музыкаға, өнерге, әдебиетке ынтасын үнемі жетілдіру барысында жұмыстанады.

Соның ішінде балаларымызды өнерге баулу ісінің өзіндік орны ерекше. Ұл-қыздарымыздың өнерлерін шыңдауға жағдай жасау үшін облыстық, республикалық деңгейінде түрлі өнер байқауларының ұйтқысы болып жүрміз.

«Вокал», «Аягөз» би үйірмелеріне қатысушы үкілі үміттеріміз сан қырлы таланттарын талай рет ашып, дипломант, үздік атанып жүрумен бірге, бірнеше түлектеріміз «Өнер» саласында білім алып жатса, ал біреулері мәдени орындарданда еңбек жолына орналасып та жүр. Ендеше, өнер жолын қуған таланттарымызға «Өнерлерің  өрге жүзсін!» демекшіміз.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
12.10.2021
582
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі