Материалдар / Ата-аналармен коучинг сабақ "Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата-аналармен коучинг сабақ "Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі кездегі баланың дамуына жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің үлесі зор.Мектеп пен ата-ана арасында ешқандай түсініспеушілік болдырмау және оқу мен оқытудағы бағалаудың қалай жүзеге асырылып жатқанын көрсету мақсатында осындай ерекше жиналыстардың алатын орны ерекше деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
2119
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ата- аналарға арналған коучинг

Тақырыбы: «Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау»



Коучингтің мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына жеке тұлға болып қалыптасуына ата- ана тәрбиесінің үлесі зор екендігін түсіндіре отырып, мектеп пен ата-ана арасында жағымды қарым - қатынас орнату арқылы мектептегі оқыту мен оқу процесіндегі бағалаудың қалай жүзеге асып жатқанын түсіндіру .Ата-аналарды өздерінің балаларының бағалау кезінде жан-дүниесін түсінуге білуге және балаларымыз қиындыққа ұшырағанда қол ұшын соза білуге ықпал ету.

Қатысушылар: Сыныптың ата-аналары



Ұйымдастыру кезеңі:

1-жаттығу «Өрмекшінің торы» атты тренингін өткізу.

Сіздермен жақынырақ танысу мақсатында «Өрмекшінің торы» атты тренингін өткіземін. Мен жіптің басын ұстап қалып, өзімнің аты – жөнімді және нені сүйетінімді ,неден қорқатынымды айтамын да, келесі адамға жіпті лақтырамын. Осылайша кезектесіп жіпті бір – біріңізге бересіздер. Бір-бірімізге жіпті беру арқылы өрмекшінің торы шығады. Енді сіз алдыңыздағы адамның аты мен оның нені сүйетінін , неден қорқатынын айта отырып, кері қайтарып бересіздер.

2-жаттығу «Қар қиыршықтары»

Нұсқау: Ақ қағазды алып ортасынан бүктеймізде, оң бұрышын жыртып аламыз.Тағы да бүктеймізде оң жақ бұрышын жыртып аламыз.Осылайша мүмкіндігінше жалғастырамыз. Енді барлығымыз өзіміздің қар қиыршықтарымызды ашып қараймыз.

Талдау:

  • Кімде бірдей қар қиындысы шықты?

  • Жоқ, Себебі неде деп ойлайсыңдар?

  • Неге бәрімізде бірдей ақ қағаз және бірдей әрекет жасасақта қар қиыршықтары басқаша шықты деп ойлайсыңдар?

Мұғалім сөзі: Себебі, бәріміз бірдей әрекет жасағанмен біздер әр түрлі адамдармыз, әр түрлі қимылдаймыз. Ал балаларымызға келсек, әр қайсысы бөлек тұлға, әрқайсысының ойлауы, дүниетануы көзқарасы бәрі де әр түрлі. Бүгіні жиналуымыздың бірден бір себебі балаларымыздың жеткен жетістіктерін критериалды бағалауды қалай жүзеге асырып жатырмыз? Міне бүгін осы негізгі тақырыпты қозғайтын боламыз.



3-жаттығу «Мен үшін бағалау...»

Әр бір коучингке келген ата-ана қазіргі бағалауды қалай түсініп жүргенін білу мақсатында бұл жаттығу жүргізіледі.Ата-аналарға қағазға «Мен үшін бағалау ,,,» деген әр топқа беріледі.Соған ата-аналар топта ақылдасып, жауап берулері қажет.







4.Мұғалімнің сөзі:

Оқушылардың мектепте білім алуы олардың сабақ оқуына,жан-жақты білім алуына бағытталған.Баланың қаншалықты дамып жатқаны және қандай қиыншылықтарға тап болып жүргені туралы ақпарат алуы өте маңызды болып табылады.Дәл осындай ақпаратты мектеп тарапынан жүргізілетін бағалау қамтамасыз етуі қажет.Осыған орай оқушының дамуына, оқуға деген қызығушылығы мен ынтасын жоғарылатуға бағытталған критериалды бағалау жүйесі қазіргі таңда 1 сыныптан бастап мектептерге енгізіліп отырғанын сіздер білесіздер.Яғни бұл дегеніміз оқушыларымыз нақты критерийлер арқылы бағаланып жатыр деген сөзді білдіреді.

Нақты бағалау критерийлерінің оқушы, ат-ана және мұғалім келесілерді түсінуге мүмкіндік алады:

-Оқушы білім алудың қай сатысында

-Сабақ оқуда олар неге талпынады

-Оқушының осыған қол жеткізуіне көмектесу үшін не істеу керек

Және ең маңыздысы ата-аналарымыз баланың оқуына қатысуы мен оны үнемі қолдап отыруы оқуда жетістіктерге жетлейтінін есімізде жақсылап сақтауымыз керек.



5.Критериалды бағалау бойынша бейнежазбаны көрсету

Сұрақ қою: Сіздер критериалды бағалауды қалай түсіндіңіздер?



6.Ширату жаттығуы

Көбелектің суретін салайық.



7-жаттығу «Менің отбасым» жобалау әдістемесі

«Аспалы көрме» әдісін пайдаланып, оқушылардың суретерінен көрме жасау.

Нұсқау: Қатысушыларға алдын ала салынған балаларының «Менің отбасым» тақырыбына суреттерін парта үстіне қойылады. Салынған суреттердің ішінен ата – аналар өз балаларының салған суреттерін табуы қажет.

Талқылау сұрақтары:

Өз балаңыздың суретін табу қиын болды ма?

Өз балаңыздың суретін қандай элементтер бойынша таптыңыз?



8-жаттығу «Дыбыссыз іс-әрекет» атты сергіту жаттығуы

1.Жұмыстан кейін,баланы балабақшадан алып кел

2. Базардан азық-түлік алғанда, маған носки алып келе салшы (носки ала салшы)

3.Тойға барамыз, киініп-боянып, дайындалып отыр (тойға барамыз, дайындал)

4. Суға шомылатын киіміңді дайында, аквапарке шомылуға барамыз барамыз

(шомылуға барамыз)

5.Сәл мені күте тұр, қаз мен мектепке барып баланы алып келейін

(мектептен баланы алып келу)



9-релаксация «Ашық хат» (алдын ала оқушылар ата- анасына хат жазады)

Нұсқау: Балаларыңыз сіздерге деген жүрек түбіндегі лебіздері мен құрметтерін, айта алмай жүрген ойларын ашық хат бетіне түсірген болатын. Сондықтан ашық хатты оқып шығып, балаларыңызға сіздерде ашық хат жазыңыздар. Ашық хатты балаңызға айтпай жүрген еркелетін сөздермен бастап, болашаққа өмір жолына тіліктеріңізді жазыңыздар.

2 «Қ» хаттар бұрышына өздері жазған балаларына жазған хаттарын іліді.

10.Қорытындылау «Әуе шары» рефлексия

 Ата-аналар сіздерге бүгінгі психологиялық тренингке қатысқандарыңызға рахмет айта отырып, отбасылық амандық, балаларыңыз әрдайым сіздерді қуанта берсін деймін. Барлығымыз бірлесе отырып, алдарыңызда тұрған үлкен Әуе шарына мектеп мұғалімдеріне, ата-аналарына, балаларыңызға деген тілектеріңізді жазып қалдырайық!

Осындай жақсы күндеріміз көп болсын, тілектеріміз қабыл болсын!
















































Ата-аналарға арналған психологиялық кеңес

(ақ қағаз шығарып таратып беру керек)

• Балалардың ҰБТ-дан алатын ұпай саны туралы уайымдамаңыз және балаларды ҰБТ-дан кейін сынамаңыз. Балаға тестілеуден алатын балл саны оның мүмкіншілігін тексеретін толық көрсеткіш емес екендігіне сендіріңіз.

• ҰБТ қарсаңында баланы көп мазаламаңыз – бұл тестілеу қорытындысына теріс әсер етуі мүмкін. Ата-аналарының қобалжуы балаларға беріледі. Ал егер ата-анасы жауапты кезеңдерде өз эмоцияларына ие бола алмаса, жас бала тіпті де қажып, сынуы мүмкін. Балаларды сергітіп, олар орындаған әр жақсы істері үшін мақтау айтыңыз.

• Балалардың өз-өзіне деген сенімділігін арттырыңыз, себебі балалар сәтсіздіктен қорқа түскені сайын, қателіктер жіберу ықтималдығы да арта түседі.

• Балаңыздың көңіл-күйі мен денсаулығын жиі тексеріп, қадағалап отырыңыз, баланың жан дүниесін Сізден артық ешкім түсінбейді.

• Баланың дайындық режимін қадағалап отырыңыз, бала дайындық арасында дем алып отыруы тиіс.

• Баланың тамақтануына үлкен көңіл бөліңіз: баланың оймен қарқынды жұмыс істеу кезінде оған сіңімді әрі әр түрлі дәрумендері көп тағамдар жеуі керек. Балық, ірімшік, дәндер, құрма т.б. тағамдар мидың жұмыс істеуіне жақсы көмектеседі.

• ҰБТ-ы ертең тапсырады деген күні бала жақсылап дем алып, ұйқысын қандыруы керек.

• Тест кезінде мыналарға көңіл бөлуіне кеңес беріңіз:

- Қандай тапсырмалар түрі бар екенін көру үшін тестіге көзін бір жүргізіп өтсін, ол жұмысқа толық ден қоюына көмектеседі;

 - Сұрақты соңына дейін оқып шығып, мағынасын түсіну керек (көбінесе балалар сұрақты соңына дейін оқымай жатып, алғашқы сөздерінен-ақ жауап беруге асығады);

 - Егер берілген уақыт ішінде дұрыс жауап таба алмаса, өз интуициясына сүйенуді үйретіңіз.

Есіңізде болсын, ең бастысы – баланы қобалжу мен қорқудан арылтып, оның дайындалуына қолайлы жағдай жасау.





























«Ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту» тренинг.

Бұл тренинг ата-аналарымен өткізіледі.

Мақсаты: ата-ананың бала тәрбиелеудегі оң психологиялық көзқарасын, балаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру.

Тренинг сабақтың міндеті: ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігін байқау;өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін құрметтеу;көңіл-күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу.

Тренинг сабақты өткізуге түрлі-тусті қағаз, желім, плакат керек.

Тренинг барысы:

  1. Сәлемдесу рәсімі

  2. Сұрақ-жауап «Мадақтау-жазалау»

  3. «Жанұя бақыты» жаттығу.

  4. «Сөйлемді аяқта» әдістемесі.

  5. Жаттығу: «Тілек шамы».

  6. «Сиқырлы жүрек» ой-түйін

Бала – ата- ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті  ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған.

Ата-аналардың жастығы мен бала тәрбиесіндегі тәжірибенің жоқтығы, болмаса тәрбие жұмыстарында тек қана өз ойлары мен көзқарастарына ғана жүгінуі немесе қажетті педагогикалық  білімдерінің жетіспеушілігі салдарынан тәрбие процестері көптеген қателіктерге ұшырап отырады.

Сондықтан да мектеп өміріндегі ата-аналардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның нәтижесінде ата-ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдастырылатын семинар тренингтердің маңызы орасан зор.

Жаттығу – «Танысу», «Есімдер аллитерациясы»

Нұсқау: Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып, өзіңіз туралы қысқаша мәлімет беруіңіз керек.

Мысалы: Мен нұрлы – Нұргүлмін;

Мен көрікті — Әсеммін;

Мен дарынды – Дидармын.

Сұрақ-жауап: «Мадақтау мен жазалау»

Мақсаты: Ата-ананың балаға деген көңіл бөлуін байқау.

Барысы: Қағазды екіге бөліп, бір жағына баланы мақтау кезінде қолданылатын сөздерді,

ал екінші жағына, сөгіс жариялау кезінде қолданылатын сөздерді жазыңыз.

Қай бөлікте сөздердің көп болғандығы жайында сараптама жасалып, ата-аналарға қорытынды жасау ұсынылады.

 Жаттығу: «Жанұя бақыты» жаттығу.

Мақсаты: Ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу.

 «Жанұя бақыты» атты тренингімізді бастайық. Тренингтің шарты: «Бақытты жанұя» моделін құру. Яғни, ата-ана өзінің отбасын салу және отьасы бақытын сурет арқылы көрсетіп, суреттің жан жағына отбасы сөздері арқылы жеткізу керек.

Сөйлемді аяқта” әдістемесі.

  • Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі….

  • Отбасы бұл….

  • Отбасым бақытты болу үшін….

  • Отбасымда зорлық-зомбылыққа жол жоқ, себебі….

  • Мен қалар едім отбасымның….

Жаттығу: «Тілек шамы».

Мақсаты: тренинг туралы пікірлеріңізді ортаға салу.

Құрметті ата-аналар! Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынсатың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшақ ұя-жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын. 

Ой-түйін: «Сиқырлы жүрек»

Нұсқау: Бала тәрбиелеудегі жүрек жылуын алдарыңыздағы жүрек қағаздарға жазылу ұсынылады. Жақсы сөздер арқылы мейрімді жүрекке айналу қажет
















































Баланың бас ұстазы ата-ана

Жарияланды 13-10-2014, 00:49 Категориясы: Бастауыш сынып 

Тақырыбы: Баланың бас ұстазы ата - ана.
Түрі: тренинг
Мақсаты: Алдымызда отырған оқушының ата - анасымен жақын танысу.
Ата - ананың отбасындағы рөлін анықтау, өз балаларының болашағы туралы пікірлерін тыңдау. Ата - ананың мектеппен байланысын нығайту. Мұғаліммен дұрыс тіл табыса білу ерекшеліктерін білу, ойларын ашық айтуға баулу.
Көрнекілігі: суреттер, тірек схемалар, слайдтар, кестелер, т. б.

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар мен ата - аналардың назарын тренингке аудару.

ІІ. Негізгі кезең.
Мұғалім түсіндірмесі:
Ата - анамен жаңаша жұмыс түрлері.
Жас ұрпақты жан - жақты жетілген, ақыл - парасатты, ой - өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу - қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы - жанұясы. Жанұялық тәрбие ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынастық жүйе. Олай болса, ата - ана осы жүйені ғылым мен өнер ретінде жан - жақты меңгеру қажет.
Бала – кең әлемдегі ең пәк, ең таза асыл жан. Оның ойының тазалығы, арының тазалығы оны қоршаған ортаға байланысты болмақ. Бала осы ортаны қалай қабылдап, танып білсе, оның алдынан кең әлемнің есігі де солай ашылмақ.
Әрине, кез - келген ата - ана өзі туралы да, баласы туралы да жоғары пікірде болады. Сондықтан бұл жұмыстар бастапқы кезде түсінік - танымын кеңейту ретінде жүргізілгенімен кейіннен тереңдей бастайды.
Сонымен қатар, жаңа үлгіде өткізілген ата - аналар жиналысының да маңызы айтарлықтай. «Баланың бас ұстазы ата - ана» атты ата - аналар жиналыстарын өткізу жоспары төмендегідей үлгіде ұйымдастырылды.

Жүрісі:
Тренинг ережесі:
1. Тыңдай білу.
2. Сөзді бөлмеу.
3. Белсенділік.
4. Шығармашылық.
5. Төзімділік.
6. Сыйластық.
7. Түсіністік қарым - қатынас.
І. Топқа бөліну. (2 топқа).
ІІ. «Ассоциация» жазу.
Әр топтың бір мүшесі қорғайды.
ІІІ. Педагогикалық ойын.

Мақтау
(2 минут уақытта кестені толтыру, іштей шешімге келу. Кестенің қай жағындағы сөздер көп? Ойлану).

ІҮ. Педагогикалық ойын.
Сіздің балаңыз сізді қатты қуантты (бір ісімен) сіз не айтасыз? Қалай қолдайсыз?
(Балаға мадақтау сөздерін айтып, мәреге бірінші жету).
(Тамаша! Тіпті ертегідей ғой! Сенсіз мен не істер едім? Өте жақсы! Мақтанышым менің! Мен де осындай нәтиже күтіп едім! Қандай қуанышты!)

Ү. Педагогикалық ситуациялардан шығу.
(әр топ мүшелері өз шешімін қорғайды).

ҮІ. Сөйлемді аяқтау.
І топ.
1. Егер баланы үнемі сынап отырса...(оқуға құлқы болмайды).
2. Балаға үнемі күлсе...(бұйығы болып өседі).
3. Баланы қолдап отырса...(өз қадірі үшін оқиды).

ІІ топ.
1. Баланы қолдап отырса...(ол өз бағасы үшін оқиды).
2. Бала төзімділікте өссе...(адал болып жетіледі).
3. Бала қауіпсіз жағдайда өссе...(ол адамға сеніммен қарайды).

ІІІ топ.
1. Бала кекшілдікте өссе...(ол қатыгез болып өседі).
2. Бала адалдықта өссе...(адал болып жетіледі).
3. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе...(бұл әлемнен махаббат табуға үйретеді).

ҮІІ. «Сіз қандай ата - анасыз?».
(өз - өздерін тест арқылы тексеру).

ҮІІІ. Маржан сөздер сайысы.
(Бала тәрбиесі туралы мақал - мәтел, нақыл, шешендік сөздер айту.
Әр топтан өз пікірін қорғау)

ІІІ. Қорытынды.
Ата - аналардың өз балаларының жан - дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта тудырады.
Бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттілігі артады.








АТА-АНАЛАРМЕН ТРЕНИНГ-САБАҚ

 

Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.

Міндеттері: Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу саласының аз да болса жоғарылауына ықпал ету.

Қажетті құрал-жабдықтар:  Үлестірме қағаздар, А4 формат, қалам, доп, ватман, маркерлер және т.б.

Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, тест, психологиялық жаттығулар.

ТРЕНИНГ БАҒДАРЛАМАСЫ:

  1. «Танысу» жаттығуы;

  2. Топқа бөлу;

  3. Ой жинақтау;

  4. Ситуациялық сұрақтар;

  5. «Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал» диагностикасы;

  6. «Ашық айтсам…» жаттығуы;

  7. Рефлексия;

  8. қорытынды.

ТРЕНИНГ БАРЫСЫ:

Психолог сөзі: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Бігінгі біздің «Бала тәрбиесіндегі ата-ана» атты тренинг-сабағымызға хош келдіңіздер! Ата-ананың тілегі – баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.

Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң,

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек. – дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана.

  1. «Танысу» жаттығуы:

Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы 1 қасиет кезекпен айтып шығады.

Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді.

  1. Топқа бөлу:

Ата-аналар сол тұрған күйлерінде түрлі-түсті гүлдерді таңдайды. Түстер бойынша топ құрып, үстелдерге жайғасып отырады.

  1. Ой жинақтау:

Үш топқа тақырып беріледі.

Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.

I-топ. Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар.

II-топ. Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері.

III—топ. Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай байланыс болу керек.

  1. Ситуациялық сұрақтар:

Ата-аналар үстел үстіндегі үлестірме қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.

  1. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?

  2. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қоятын көрінеді. Мысалы, түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады….деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да осындай сауалдарды көп қойса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ әлде, елеусіз қалдырасыз ба?

  3. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

  4. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»,-деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

  5. Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?

  6. Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?

  7. Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?

  8. Сіздің балаңыз сыныптағы жақсы оқитын оқушылардың бірі, алайда бір күні сынып жетекшісі оны үлгерімі нашар оқушылармен алып қалды, сіздің іс-әрекетіңіз?

  9. Балаңыздың сабағы тәртібі жайлы білгіңіз келіп, мектепке келіп тұрсыз. Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?

  10. Биыл сіздіңі балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар, тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп, мазаңызды алады, сабаққа барғысы келмейді. Сіз жұмыссыз, енді не істейсіз?

  11. Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан. Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал, балаңыз тәрбиеңізге еш көнер емес, не істейсіз?

  12. «Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал» диагностикасы

Ата-аналарға мынандай ережелерді қадағалап отырып сурет салатындығы ескертіледі:

Гироскутер в Алматы! Скидка −50% giroskuter-ok.kzgiroskuter-ok.kzПри покупке сумка +спиннер бесплатно! Торопись! Закажи по спец цене!Скрыть рекламу:Не интересуюсь этой темой / Уже купилНавязчивое и надоелоСомнительного содержания или спамМешает просмотру контента

Спасибо, объявление скрыто.


Яндекс.Директ

  • Бұл жұмыста Сіздер өз бейсаналарыңыздың хатшысы іспеттес боласыздар, сол себепті де еш ойланбай, қорықпай, берілген тапсырманы тездетіп орындауға тырысыңыздар.

  • Сурет салу тапсырылғанда, «Қалай саламын? Суреттер қандай болу керек?» деп сұрауға болмайды: өз қалауларыңыз бен шешімдеріңіз бойынша салу керек.

  • Суреттерді тез салу керек, өйткені оларды салуға уақыт өте аз беріледі.

  • Суреттерді салғанда, басқалардың суреттеріне қарауға болмайды.

Осыдан кейін ата-аналарға үй, жол, жылан, шарап ішетін бокал, шалбар мен әйелдердің басына тағатын орамалды кезекпен салуға тапсыру керек: әр затты салуға мейлінше аз уақыт беріп (5-10 сек), ата-аналарды асықтырып, жұмыстарын жеделдетіп отырған жөн.

Ата-аналар салынып біткен суреттерін бір-біріне көрсеткеннен кейін, оқытушы олардың мынандай мағына білдіретіндігін айтады:

Үй – адамның өзін-өзі бағалау деңгейін көрсетеді.

Үйдің суреті кең әрі биік болса, онда бұл ата-ана өзін-өзі бағалау деңгейі жоғары деп есептеуге тұрарлық.

Үйдің есік-терезелері бар болса онда бұл студент – қарым-қатынасқа ашық адам.

Үйдің есігі ашық болып немесе оның тұтқасы бар болатын юолса, бұл жәйт ата-ананың қонақжай екендігін білдіреді.

Жол – адамның қарым-қатынасқа қандай деңгейде араласатындығының айғағы.

Жол кең, әрі үйдің есігінен басталатын болса, бұл адамның қарым-қатынасқа бейім және қонақжай екендігін көрсетеді.

Жол тар немесе үйдің қасынан (үйге бұрылмай) өтіп жатса, онда бұл жәйт адамның қарым-қатынасқа оңай кірісіп кетпейтіндігін білдіреді.

Жылан – «Басқа адамдардың мен туралы пікірі қандай?» деген сұраққа өзіңіздің қалайша жауап беретініңіздің айғағы.

Жылан үй жаққа қарап тұрса әрі оның айрық тілі аузынынан көрініп тұрса, онда Сіз «Басқалардың мен туралы пікірі жақсы емес: олар күні бойы мені жамандаудан басқа іспен айналыспайды екен» деген ойдасыз.

Жылан үй жаққа қарап тұрмаса, онда, онда Сіз «Басқалардың мен туралы ойы жаман емес» деген ұстанымдасыз.

Бокал – адамның ішімдікке деген көзқарасын білдіреді.

Бокалдың суреті кішкене болып, оның іші бос болса, онда мұны салған адамның ішімдікке немқұрайды болғаны.

Шалбар мен орамал – ата-аналардың түсінігіндегі ер адамдар мен әйелдердің дәрежесін көрсетеді.

Шалбардың суреті орамалдан биік тұрса, онда ата-ана өмірде ер адамды әйелдерден жоғары санайды деген сөз.

  1. «Ашық айтсам…» жаттығуы; қорытынды:

Ата-аналарға төмендегідей бланкілер таратылып, толтырылады.

Сабақтың жүргізілген күні___________________________________________

Менің тренингтік есімім_____________________________________________

Менің тренинг барысында түйгенім____________________________________

__________________________________________________________________ Бәрінен де маған мына жаттығу ұнады_________________________________ Жүргізушіге ұсыныс_________________________________________________

__________________________________________________________________ Қолы__________________

  1. Рефлексия:

  2. Қорытынды:

Ата-анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі.

Көңіліне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой-өлкесі, — деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт-арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық. Адам да өсімдік сияқты, күтілмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізде ұстайық.

  1. Балаға жан және дене өзгерістерінің байланыстарын табуға көмектесу.

  2. Балаға маман тарапынан тағылған мін, ескертулерді шын пейілмен түсіну және түсіндіру.

  3. Баланы ағза қызметінің қалыптасуымен мұқият таныстыру.














































Бала тәрбиесіндегі ата-аналардың міндеттері

Абай қаласы №1 ЖББОМ
3-сынып жетекшісі
Есжан Гулдара Болатқызы
«Бала тәрбиесіндегі ата-аналардың міндеттері»
Тақырыбында мақаласы
Қазіргі заманда қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру-қоғамның ең маңызды міндеттерінің бірі болып саналады. Ұстаз алдындағы басты мақсат-сапалы білім мен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай ұалыптасуына ықпал ету. Сол мақсатқа жету үшін балабаұшадан шығатын тәрбиеленушіге бүгін берген білім мен тәрбиенің пайдасы, жаңалығы туралы айтуға боларлық оқу-тәрбие процесін қалай ұйымдастыруға болады? Тәрбиеленуші тұлға ретінде бүгінгі күн талабына сай болып, мектеп табалдырығын аттауға дайын болу үшін не істеу керек? Осы сұрақтарды шешудің бір жолы- бала тәрбиелеудің жаңа қаруы ретінде инновациялық әдіс-тәсілдерді кеңінен пайдалану. Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беруде отбасы мен балабақшаның бірлескен өзара тығыз байланыста болуы маңызды. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшада одан әрі жалғасады. Отбасының ықпалын өмірдегі ешқандай ешқандай күшпен салыстыруға болмайды. Отбасындағы ата-ана мен баланың қарым-қатынасы нәтижесінде адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады. Ата-ана баласын тәрбиелеуді бастамас бұрын, өзінің мінез-құлқына, өміріне баға бере білуі тиіс. Отбасы тәрбиесіндегі кездесетін қателіктер ата-аналардың педагогикалық сауатсыздығынан және тәжірибесіздігінің салдарынан болады. Сондықтан да қазіргі кезде бала тәрбиесін жүзеге асыруда тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата-аналарға кеңес түріндегі психологиялық-педагогикалық көмек беру өзекті болып отыр. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, инновациялық тәсілдерді пайдалана отырып, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру, баласының психикалық ахуалы жөнінде біліктілігін арттыру мақсатында балабақшамызда ата-аналарға арналған жұмыстар жүргізілуі тиіс.
Ата-аналармен жұмыс жүргізудің алғы шарттары: 
Әрбір отбасының мақтан тұтарлық жақтары болады, әр адам жақсы ата-ана болғысы келеді. Барлық отбасы көмекші қажет етеді, көмек түрі отбасының қандай да бір қажеттілдігіне байланысты болады. Ата-анамен жұмысты ұйымдастыру барысында ата-ананы, яғни отбасының қиыншылықтарды жеңу мүмкіндігін нығайтуды көздеу. Баланың жетістіктері туралы ақпарат ата-аналарға бала тәрбиелеудегі өз рөлін жүзеге асыруға ықпал етеді. Әрбір отбасы көрсетілген көмектің тиімділігіне көзі жеткенде ғана қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. 
Ата-аналардың мәдени педагогикалық білімдерін жетілдіру мынадай салалар бойынша жетілдіріледі:
Баланың балабақшада даму ерекшеліктерін зерттеу.
Отбасында баланың даму ерекшелігі
Салауатты өмір салтын насихаттау
Баланы рухани-адамгершілік мінез-құлық негіздерін игеруін қамтамасыз ету.
АТА – АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН 10 ӨСИЕТ:
1. Балаңыз Сіз сияқты немесе қалағаныңыздай болатынын күтпеңіз. Оған ешкімге ұқсамайтын жеке тұлға болып өсуге көмектесіңіз.
2. Баладан жасаған жақсылықтарыңыз үшін ақы сұрамаңыз. Сіз оны өмірге әкелдіңіз, ал ол қайтіп қарызын қайтарады? Балаңыз немереңізді дүниеге әкеледі, немереңіз шөбереңізді және т.с.с. Осылайша әр ұрпақ ата-анасы алдындағы қарызын өтейді.
3. Не ексең, соны орарсың.
Жайлы жазда қыстың қамын дайында – 
Өтер маусым, сырғып күндер, айың да. 
Баланы толғандырған мәселелерді ескерусіз қалдырмаңыз. Оған артылған жүк Сіздің жүгіңізден артық болмаса, кем емес, өйткені оның өмірлік тәжірибесі аз.
4. Баланы ешуақытта кемсітпеңіз!
5. Адамның ең басты кездесулері балалармен жүздесуі. Оларға көп көңіл бөліңіз.
6. Балаңызға қолыңыздан келмейтін нәрсені істемедім деп уайымдамаңыз, қолыңыздан келетін нәрсені істемесеңіз қиналмаңыз. Бала үшін шама жеткеннің барлығы жасалмаса жеткіліксіз.
7. Бала - өмірдің Сізге күтуге және шығармашылық алауды жандыру үшін сыйлаған асыл құмырасы. Ол – ата-ананың арасындағы шексіз махабаттан өсетін жан. 
8. Басқаның баласын сүйе біл. Өзіңе қаламағанды өзгеге жасама.
9. Балаңыз дарынсыз боса да, талапсыз болса да, тіптен қандай бала болса да жақсы көріңіз. Онымен өткізген әрбір күніңізге қуаныңыз. 
Ата - аналардың өзін-өзі диагностикалауы
Бала көбінесе мектепке келгенде ғана алғашқы рет психологпен кездесетінін ескере келіп, қарапайым байқау мен жауаптардың нәтижесінде өзін өзі тексеруге болатын, американдық психолог Джеральдина Чейни әзірлеген сұрақтарды ұсынамыз. Ата-аналар мұны өздері де жүргізе алады. 
Таным дамуын бағалау
1. Бала негізгі ұғымдарды меңгерді ме, мысалы оң (сол), үлкен (кіші) т.б.? 
2. Жіктеудің ең жеңіл түрлерін бала түсінуге қабілетті ме, мысалы, дөңгелейтін заттар, дөңгелемейтін заттар? 
Баланың негізгі тәжірибесін бағалау
1. Балаңыз ауылда, хайуанаттар паркінде, мұражайда болып көрді ме? 
2. Сіздің балаңызға үнемі кітап оқып немесе әңгімелер айтып беретін мүмкіншілігіңіз болды ма? 
3. Балаңыз бір нәрсеге аса қызығушылық байқата ма, сүйікті ісі (хобби) бар ма? 
Тіл дамуын бағалау
1. Балаңыз өзін қоршаған негізгі заттарды атай ала ма? 
2. Үлкендердің сұрағына жауап беру балаңызға оңай тие ме? 
3. Балаңыз сөзді анық айта ма? 
Сезімдік (эмоциональдық) даму деңгейін бағалау
1. Балаңыз көңілді ме?
2. Балаңызда бәрін істей алатын өзінің адамдық бейнесі қалыптасқан ба?
3. Балаңызға қалыпты күн тәртібі өзгергенде басқа жағдайға "ауысу", жаңа мәселені шешу оңайға түсе ме?
4. Балаңыз өз бетімен жұмыс істей ала ма, бір тапсырманы орындағанда басқа балалармен жарысқа түсуге қабілетті ме?
Қарым-қатынас жасай білуін бағалау
1. Басқа балалармен ойынға араласа ма, өз ойыншықтарын, т.б. бере ме? 
2. Қажетті жағдайда кезек күте ала ма? 
3. Сөзін бөлмей, өзгелерді тыңдай ала ма? 
Дене дамуын бағалау
1. Балаңыз жақсы ести ме? 
2. Жақсы көреді (көру қабілеті) ме? 
3. Белгілі бір уақыт өткенше тыныш отыруға қабілеті бар ма? 
4. Қозғалыс дағдыларының координациялауы дамыған ба, мысалы, доп ойнай ала ма, секіре ала ма, баспалдақпен жоғары - төмен түсе ала ма? 
5. Баланың қызығушылығы мен сергектігі байқала ма? 
6. Балаңыз дені сау, қарны тоқ, дем алған болып көріне ме? 
Көргенін айыра білуі
1. Балаңыз ұқсас және ұқсас емес заттардың бірдей қасиеттерін таба ала ма? Мысалы, басқаларға ұқсамайтын картинаны таба ала ма? 
2. Балаңыз әріптер мен қысқа сөздерді ажырата ала ма? 
Көргенін есте сақтай білуі
1. Егер үш картинадан тұратын серияны көрсетіп, сосын біреуін алып тастап көрсетсе, біреуінің жетіспейтінін байқай ала ма? 
2. Бала өз атын және тым болмаса күнделікті өмірде кездесетін алты заттың атын біле ме? 
Көргенін қабылдай алуы
1. Баланың картиналардың сериясын дұрыс ретпен қоюға қабілеті бар ма? 
2. Сөздердің солдан оңға қарай оқылатынын біле ме? 
3. Өздігінен , біреудің көмегенсіз он бес элементтен басқатырғыш (головоломка) жасай ала ма? 
4. Балаңыз картинаны түсіндіре ала ма:негізгі ойын, байланыстарын аша ала ма? 
Есту қабілетінің деңгейі
1. Балаңыз сөздерді ұйқастыра ала ма? 
2. Әр түрлі дыбыстардан басталатын сөздерді айыра ала ма? Мысалы: қол - сол 
3. Үлкен адамдардың артынан бірнеше сөз немесе цифр қайталай ала ма? 
4. Балаңыз негізгі ойын жоғалтпай, оқиғалардың ретін сақтап, әңгімелеп бере ала ма? 
Кітапқа көзқарасын бағалау
1. Балаңызда кітапты өзі көргісі келетін ойы бола ма? 
2. Дауыстап оқып бергенде зейін қойып, ынтамен тындай ма?
Соңында, балаңыз екеуіңіздің қарым - қатынасыңызды бағалайтын келесі сұрақтарға шын көңіліңізбен жауап беріңіз: 
1. Балаңыз сөйлеп тұрғанда, сіз оған қарайсыз ба? 
2. Балаңызға қателік жасауға рұқсат бересіз бе? 
3. Күнде балаңызға кітап оқып беруге және әңгімелесуге көңіл бөлесіз бе? 
4. Балаңызбен қосылып әр түрлі ойындар ойнайсыз ба? 
5. Балаңыздың қызығушылығы мен әуестілігін мадақтайсыз ба? 
6. Үйде балаңыздың өзінің бұрышы бар ма? 
7. Өзіңіз оқыған кітаптың қызықты жерін балаңызбен, отбасымен талқылайсыз ба? 
Күтілген нәтиже:-ата-анамен түрлі жұмыстар жүргізе отырып, ұрпақ тәрбиесіне деген жоғарғы денгейдегі түсінігі мол, жанашыр демеуші ата-ана қалыптастыру. 
Отбасының да, балабақшаның да, мақсаты-мүддесі біреу-ол болашақ ұрпақ тәрбиесі. Ата-аналармен серіктестік қарым-қатынас орнатып, мектепке дейінгі ұйымдарға балалар үшін мектепке бару кезінде бастапқы тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету – баршаның ісі.













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!