Материалдар / Ата-анамен жұмыс жоспары, ата-аналар жиналысының хаттамасы 2023-2024 оқу жылы баяндамасымен
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ата-анамен жұмыс жоспары, ата-аналар жиналысының хаттамасы 2023-2024 оқу жылы баяндамасымен

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-анамен жұмыс жоспары, ата-аналар жиналысының хаттамасы 2023-2024 оқу жылы баяндамасы бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қаңтар 2024
998
20 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
700 тг 525 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Үлкеншыған орта мектебі» КММ

Ата -аналармен жүргізілетін жұмыс жоспары

2023-2024 оқу жылы

Р/с

Жұмыстың мазмұны

Күні

Жауапты

1

1.2022-2023 оқу жылындағы жұмысты қорытындылап, жаңа оқу жылының басталуы жайлы ақпараттар беру;

2.Ата-аналар комитетінің құрамын сайлау

04.09.2023

Сынып жетекшісі

2

1. І тоқсан оқу үлгерімі қорытындысы

2. Бала тәрбиесіне ата-ананың ықпалы. /баяндама/

3. Әр-түрлі мәселелер

27.10.2023

Сынып жетекшісі

3

1.ІІ тоқсан оқу үлгерімі қорытындысы

2. Демалыс кезіндегі балалардың атқарған жұмыстары


10.01.2024

Сынып жетекшісі

4

1.ІІІтоқсан қорытындысы

2. «Бала денсаулығы» /баяндама/

3. Әр түрлі мәселелер


28.03.2024

Сынып жетекшісі

5

1.ІVтоқсан қорытындысы

2. Сыныптың жылдық жұмыс қорытындысы

3. Ағымдағы мәселелер.

25.05.2024

Сынып жетекшісі



Сынып жетекшісі: А.Е.Сейтхан























«Үлкеншыған орта мектебі» КММ

04.09.2023

Ата-аналар жиналысының хаттамасы № 1


Қатысқандар:

1.Сынып жетекшісі –Сейтхан А

2. 9 б сынып оқушыларының ата-аналары

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

1.2022-2023 оқу жылындағы жұмысты қорытындылап, жаңа оқу жылының басталуы жайлы ақпараттар беру;

2.Ата-аналар комитетінің құрамын сайлау

Тыңдалды:

Бірінші мәселе бойынша сынып жетекші А.Е. Сейтхан сөз алды. 2022-2023 оқу жылындағы жұмысты қорытындылап, жаңа оқу жылының басталуы жайлы ақпараттар беріп кетті.

Жалпы 8 б сыныбында 24 оқушының ішінде 1-оқушы оқу озаты,10 оқушы оқу екпіндісі, 9 оқушы-үлгерімі төмен оқушылар бар екендігін айтып өтті. Сынып бойынша білім сапасы- %. Сонымен қатар әліде оқу үлгерімін көтерілуге мүмкіншілігі бар оқушылардың ата-аналарына ескерту жасалып, келесі оқу жылында оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатында үйден қадағалануы сұралды және пән мұғалімдері осы оқушылармен қосымша жұмыс жүргізілсін деген ұсыныс айтылды.

Екінші мәселе бойынша сынып жетекші А.Е. Сейтхан сөз алды. А.Сейтхан сөзінде өткен оқу жылында мектеппен тығыз байланыста болып, белсене араласқан ата-аналарға алғысын білдіріп, жаңа оқу жылына ата-аналар кеңесінің құрамын сайлау керектігін айтты.
Ата-аналар тарапынан бір ауыздан төмендегі ата-аналарды ұсынды.
Ата-аналар комитетінің төрайымы:  Ильчибаева Бибигул Асановна
Мүшелері:

Ибраева Лаззат Алпысбекқызы

Омарова Қарлығаш Керімжанқызы

Әбділдаева Жадыра Смағұлқызы

Қаулысы:

1.2022-2023 оқу жылының жылдық қорытындысы бойынша үлгерімі төмен оқушылардың сабақтары ата-аналардың және пән мұғалімдердің тарапынан қадағаланып, үнемі назарда болсын.

2. Ата-аналар комитетінің төрайымы Ильчибаева Бибигул Асановна сайланды

2. І тоқсанда оқушылардың тәртібіне аса зор көңіл бөлініп, сабақтан қалмауы қадағалансын.



Ата-аналар жиналысының төрайымы: Ильчибаева Бибигул Асановна

Ата-аналар жиналысының хатшысы:  Ата-ана: Иманқұлова Бану







«Үлкеншыған орта мектебі» КММ


Ата-аналар жиналысының хаттамасы №


Қатысқандар:

1.Сынып жетекшісі –Сейтхан А

2. 9 б сынып оқушыларының ата-аналары

3.Пән мұғалімдері

27.10.2023


Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

1. І тоқсан оқу үлгерімі қорытындысы

2. Бала тәрбиесіне ата-ананың ықпалы. /баяндама/

3. Әр-түрлі мәселелер

Тыңдалды:

Бірінші мәселе бойынша сынып жетекші А.Е. Сейтхан сөз алды.

І тоқсан қорытындысына тоқталып өтті. Жалпы 9б сыныбында 25 оқушының ішінде оқу озаты- 1, 11 оқу екпіндісі, 1 үлгерімі төмен оқушылар бар екендігін айтып өтті.Үйден оқитын 1 оқушы барына тоқталды. Сынып бойынша білім сапасы- %. Сонымен қатар әліде оқу үлгерімін көтерілуге мүмкіншілігі бар оқушылардың ата-аналарына ескерту жасалып, келесі оқу жылында оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатында үйден қадағалануы сұралды және пән мұғалімдері осы оқушылармен қосымша жұмыс жүргізілсін деген ұсыныс айтылды.

Екінші мәселе бойынша «Бала тәрбиесіне ата-ананың ықпалы» тақырыбында баяндама оқып бастады. Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы – ата – анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат - әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан - жақты дамуына ата - ана, мектеп жағдай жасауы керектігін айтып өтті.Сондықтан сіздерге балаларыңыздың мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып өзін - өзі басқаратын азамат болуына ат салысу қажет. Бала тәрбиесі отбасынан басталады. Мектепке келгеннен кейін ол мінез отбасында қалыптасқан тәрбие одан әрі жалғасады. Бір тәуліктің яғни 24 сағаттың 5 сағаты мектепте, қалғаны тәрбие ордасы, үнемі ата - ана болып қала береді. Баланың сабаққа саналы қарап озат оқушы болып өсуі, ол мұғалім мен ата - ананың бірігіп өсірген жеміс ағашы, немесе ұшқыр ұшақ жасаумен тең десем артық емес. Дұрыс өспеген жеміс ағашы, дұрыс жеміс бермесе қуануға бола ма?

Үшінші мәселе бойынша сынып жетекші А.Е. Сейтхан, пән мұғалімдері сөз алды.Оқушылардың тәртібі мен сабаққа қатысуы туралы тоқталып өтті. Бала тәрбиесінде ата-ананың жауапкершілігі, міндеті көп. Ата-ана баланы оқытуға, сабаққа уақытында жіберуге, сабақтан кешіктірмеуге, себепсіз сабақтан алып қалмауға, ауырған жағдайда баланы дәрігерге қаратып, мектепке денсаулығы туралы анықтама анықтама әкелуге, бір жағдай болып баланы алып қалған жағдайда қол хат жазып, сынып жетекшісіне хабарлауға, баламын мектепке формамен жіберуге, Сабаққа әкеліп алып кетуге сабақтан соң міндетті екенін баса айтты.Сонымен қатар мектепке қымбат әшекей бұйымдар тағу болмайтындығы,ұялы телефон алып келмеу керектігі, алып келген жғдайда егер телефоны жоғалса мектеп әкімшілігі жауап бермейтіндігі ескертілді.І тоқсанда сабақтан үнемі қалатын және тәртібіне көңіл бөлуді қажет ететін оқушы Орынбасар Мақсаттың ата-анасына ескерту жасалды, оқушылар тек науқастанған жағдайда ғана себеппен сабақтан қалдыруды, сонын өзінде ата-аналар тарапынан оқушыларды күнделікті сабаққа уақтылы жіберіп, сабақтан қалмауын сұралды.  


Қаулысы:

  1. Бірінші оқу тоқсанының қорытындысы бойынша үлгерім қорытыдысы басшылыққа алынсын

  2. «Бала тәрбиесіне ата-ананың ықпалы» тқырыбындағы баяндама тыңдалды.

3. ІІ тоқсанда оқушылардың тәртібіне аса зор көңіл бөлініп, сабақтан қалмауы қадағалансын.



Ата-аналар жиналысының төрайымы: Ильчибаева Бибигул Асановна

Ата-аналар жиналысының хатшысы:  Ата-ана: Иманқұлова Бану





































«Үлкеншыған орта мектебі»





Shape1

Shape2



Сынып жетекшісі : А.Е.Сейтхан















Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы – ата – анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат - әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан - жақты дамуына ата - ана, мектеп жағдай жасауы керектігін айтып өтті.Сондықтан сіздерге балаларыңыздың мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып өзін - өзі басқаратын азамат болуына ат салысу қажет. Бала тәрбиесі отбасынан басталады. Мектепке келгеннен кейін ол мінез отбасында қалыптасқан тәрбие одан әрі жалғасады. Бір тәуліктің яғни 24 сағаттың 5 сағаты мектепте, қалғаны тәрбие ордасы, үнемі ата - ана болып қала береді. Баланың сабаққа саналы қарап озат оқушы болып өсуі, ол мұғалім мен ата - ананың бірігіп өсірген жеміс ағашы, немесе ұшқыр ұшақ жасаумен тең десем артық емес. Дұрыс өспеген жеміс ағашы, дұрыс жеміс бермесе қуануға бола ма?Баланың шыр етіп өмірге келуі-зор қуаныш. Өйткені, бала өмірдің сәні, отбасының шаттығы, Аллахтың берген сыйы. Дана қазақ тоғыз ай құрсақта жатқан сәбиді шілдеханамен қарсы алып, тербелген тал бесікке салған. Бесік жырымен әлдилеген, алақанға салып аялаған. Тәрбиесіне жауаптылықпен қарап, бойына жақсы қасиеттер сіңіруге тырысқан.

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы.

Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Ата-ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздармен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шеше үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартқандар бар. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді, ертең-ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді.

 «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындаулына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Осылай баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді.

Отбасында басты мәселелердің бірі – баланың тіршілік іс - әрекетін дұрыс ұйымдастыру. Ол үшін баланың күн тәртібі, жеке басына қойылған талаптар, міндеттер, үй еңбегіне араласуы, білімі, қызығушылықтары, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруына көмектесіп ықпалын тигізу. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау — ата-ананың басты парызы.

Қарапайым мысалға жүгінсек,мектепке келген кезінде сондай сүйкімді, тілалғыш, жүрегі таза, сезімі пәк жас бүлдіршін орта немесе жоғары буынға келгенде неге өзгеріп сала береді? Сондықтан мына бала қандай еді,қалай өзгеріп кетті? Мынадай жаман әдеттерді қайдан үйреніп ала қойды? Неге озбырлық жасуға бейім болып алды ?-деген сияқты сауалдар алдыңнан кесе-көлденеңдейді. Әрине, оның себептерін жан-жақтан іздеуге болады. Ата-анасын жүрген ортасын қосқанда оның тәрбиесіне мұғалімнен басқа бірнеше адамның қатысы бар. Балаға жүрек жылуы қашан да қажет және ол ешқашан артық болмайды.Ата-анасынан көрмеген сүйіспеншілікті мұғалімнен көрген бала менің ата-анам да осындай болса,деп армандауы мүмкін. Мұғалімін тек жақсы қырынан таныған оқушы үшін оның айтқаны анық, дегені дәл болып көрінеді. Баласын қалай жақсы көретінін дұрыс білдіру кез келген ата-ананың қолынан келе бермейді. Біреу жақсы киіндіріп қояды, біреу тамағы тоқ болса болды деп, қалтасына ақшасын салып бергеніне мәз. Біреулері өте қатал, айтқанын орындатады. Бала қорыққаннан уақытша тыңдайды, бірақ ата-анасының уысынан шыққан соң өзін- өзі ұстай алмайтын жағдайға жетеді.

Абай атамыздың жетінші қара сөзінде «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі — ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар тәннің құмары, бұлар болмаса тән жанға қонақ үй бола алмайды, hәм өзі өспейді, қуат таппайды. Екіншісі — білсем екен деп ұмтылып,одан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?» «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» «бұл неге бүйтеді ?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі «жан құмары, білсем екен,көрсем екен,үйренсем екен.»деген үлкен пәлсопалық ой жатыр. Яғни, балаға туғаннан тән азығы — тамақ қандай қажет болса,жан азығы — жылулық, сүйіспеншілік те сондай қажет. Отбасында негізгі туыстық қатынас - ерлер жағымен есептелген. Сонымен қатар әйел жағымен де туыстық байланыстардың атаулары бар. Қыздан туған балаларды жиен деп атап, балалар үшін шешесінің туыстары нағашы, нағашы жұрт деп аталды. Қазақ салты бойынша жиенді ренжітуге болмайды, сұрағанын беріп, көңілін жықпауға тырысқан. 
























Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!