Материалдар / Ата-анамен жұмыс жүргізу жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата-анамен жұмыс жүргізу жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге ата-анамен жұмыс жүргізуде қажет материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қырқүйек 2020
1075
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақмола облысының Целиноград ауданы Қаражар ауылының «Самғау» балабақшасы







Ата-аналармен жұмыс





Педагог-психолог: Аргимбаева Т.Ж.





2020-2021ж.

Ата-аналармен жұмыс жүргізу жолдары

Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.

                                         В. А. Сухомлинский

Мақсаты: Балабақшамен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты күшейте отырып, отбасында балаға ата-ананың ықпалын арттыру.

Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына  өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда        қызығушылықтарын дамыту.

Отбасы адамзат бесігінт ербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы-ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейірім  алады. Ата-анаға баладан жақсы ешкім жоқ. Ал бар тәрбиеміздің көзі – ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздер, яғни небір кереметтің барлығын ақыл сөздер мен мақал-мәтелдер екені сөзсіз.

1.  Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы.

2.  Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.

3.  Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әкеде қыран болуы керек.

4.  Баланы 5 жасқа дейін патшадай күт, 10 жасқа дейін құлдай жұмса,  15 жастан асқан соң досыңдай сырлас.

Тәрбиешілердің ата-аналармен жүргізілетін жұмыс  барысында берілетін кеңес. 1.  Балаға жан және дене өзгерістерінің байланыстарын табуға көмектесу. 2.  Барлық ескертулерді шын пейілмен, үстірт бағаламай, айдар тақпай жай түсіндіру. 3.  Балалардың  бойында салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыруға бағытталған, салауатты өмір салты мәдениетіне тәрбиелеу. Денсаулықтың маңыздылығын құндылық ретінде түсіну. 4.  Дене тұрғысынан жетілдіру. Ертеңгілік жаттығу, күн режимін сақтау, таза ауада болып қимыл қозғалыс ойындарын ойнау.

Ата-аналармен жұмыстың барлық түрлері ұжымдық, жекелік және көрнекі-ақпараттық болып бөлінеді. 
Ата-аналармен ұжымдық жұмыс түріне өздеріңізге таныс белгілі іс-шаралар жатады. 
Біріншіден, бұл - ата-аналармен жұмыстың тиімді формасы болып табылатын ата-аналар жиналысы.

Ата-аналар конференциясы - бұл бала тәрбиесі туралы терең жан-жақты қарастыру және оны бекіту.

  • Конференцияның негізгі мақсаты – отбасылық тәрбиелеудің тәжірибесімен бөлісу.  Ата-аналар конференцияларына өте мұқият дайындық қажет. Мұнда белгілі ғалымдар ,психологтар мен педагогтар, әлеуметтік педагог, дәрігер, т.б. міндетті түрде қатысалы. Мұндай конференцияларға ата-аналар белсенді түрде қатысулар қажет. Олар өз іс-тәжірибелері тұрғысынан мәселеге талдау жасайды. Конференцияның ерешелігі – белгілі бір мәселенің жай-жапсарын шешудің нақты жолдары қарастырылады.

  • Конференцияның өзекті тақырыбы мысалы, «Бала денсаулығына қамқорлық» атты конференция ұйымдастырып дәрігерлерді шақыруға болады. Конференцияны мектеп жасына дейінгі мекем ебалаларының, қызметкерлерінің, отбасы мүшелерінің бірлескен концертімен аяқтауға болады.   

  •  Ашық сабақтар - ата-аналарды бағдарлама бойынша қол жеткен жетістіктермен таныстыру, тәрбиешінің талаптарына ден қоюға бағыт беру. Мұндай сабақтарға ата-аналардың қатысуы балабақшадағы оқу-тәрбие жұмыстары туралы ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттырады, баламен қарым-қатынас жасаудың жолдарын үйренеді.

  • Жеке тақырыптық кеңестер - бұл ата-аналармен өзінің баласы жайында, балабақша тыныс-тіршілігі туралы ақпараттармен қамтамасыз етуде, пікір алысуда маңызды. Жеке кеңестердің тәрбиешінің отбасымен тығыз байланыс орнықтыруынд маңызыз ор.

Балаңыздың қуана балабақшаға баруы үшін не істеуге болады?

         (Ата-аналарға кеңес беру жұмыстары)

  • Оның уақытылы ұйықтауға жатуын қадағалаңыз.

  • Балабақша туралы жаман айтпаңыз, Баланың көзінше тәрбиешілерді сөз қылмаңыз.

  • Балаңыз балабақшадан берген  тапсырмаларға, сіздің қызығушылық танытып, қадағалайтыныңызды көрсін.

  • Өзіңіз оқыңыз, бала ата-аналарының бос уақытын тек теледидар мен компьютер алдында өткізбейтінін білсін, көрсін.

  • Компьютерлік ойында ойнауды бала күнінде 20 минуттан асырмауы тиіс. 

  • Егер бала сізбен  қатты әсер алған оқиғасыме нбөліссе – сол оқиға жайлы әңгіме құрастыруын өтініңіз, ал кешкісін оны  барлық отбасы мүшелеріне оқып беріңіз.

  • Балабақша өміріне үнемі белсенділік танытыңыз.

  • Балабақшада сіздің балаңыз өзіне деген өте жағымсыз қатынасқа қақтығысып қалуы мүмкін. Және де барлығы әрқашан іске аса бермейді. Осы сәтте балаға өзіне деген сенімін жоғалтпауға көмектесіңіз.

Жыл бойы жүргізілетін жұмыс жоспарын ата-аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі, ата-аналар заман талабына сай өзекті мәселерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата-аналардың ұсыныс –тілектерімен санаса отырып ата-аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, кеңестер мен сұрақ-жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, ата-аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс-тәсілдері қарастырылады.

Ата-аналардың балабақшадағы балалардың өмірін мейілінше қызықты етіп өткізуіне үлес қосу үшін «Шебер қолдар» үйірмесін ұйымдастыруға болады. Балаларды қолөнердің кейбір түрлеріне, кесте тігуге, кейбір ата-аналар ертеңгіліктерге бірігіп декорация жасауға, киімдер тігу, атрибуттар дайындау сияқты жұмыстарға араластыруға болады. Балаларының оларға тән емес ортадағы қылығын, оның басқалармен қалай араласуын, білім деңгейін, құрдастарының оған деген қарым-қатынасын зерттей алады. Өз баласының дамуы басқалардан артта қалған жоқ па, балабақшада ол үйдегідей емес, өзін басқаша ұстауын еріксіз салыстырады.

Ата-аналармен мейілінше кең тараған жұмыстардың бірі ол ашық есік күні.

Мектеп жасына дейінгі мекемемен, оның дәстүрлерімен, ережелерімен тәрбиелеу - оқыту жұмыстарының ерекшеліктерімен таныстыруға, олармен қызықтыра білуге және қатысуға мүмкіндік береді. Ата-аналармен топтарға саяхат жасау, балабақша жұмысынан үзінді көрсету (ұжымдық жұмыстар, серуендеуге жинау т.с.с.) немесе әдіскер ата-аналармен әңгімелеседі, олардың алған әсерлерін анықтайды, туындаған сұрақтарға жауап береді. Әңгімелерді жеке дара, ұжымдық түрінде өткіземіз. Бұл екі жағдай да, нақты міндет: нені анықтау қажеттігі, немен көмектесуге болатыны белгіленеді, ата-аналардың пікірлерін де тыңдаймыз.

     Ата-аналарға педагогикалық сауаттылықтарын жетілдіру мақсатында
«Білгім келеді» сабағын өткізуге болады.
«Бала тілі - бал» тақырыбында арнайы топ газетін шығарып балалардың қызықты сәттері мен өз қиялдарынан шыққан тәтті сөздерін жазып іліп қою.
«Жылжымалы папка» ата-анамен байланыс дәптеріне ата-аналар өз пікірлерін жазып, кеңестермен таныстыруға болады.
«Балам өсіп келеді...» тақырыбында ата-аналарға эссе байқауын өткізіп пікір сайыс ұйымдастырып, талқылауға болады.

Ата-анамен балабақша арасындағы тығыз қарым-қатынас, бірлік, ынтымақ жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болмақ.
Біздің мақсатымыз ХХІ ғасыр талабына сай жаңашыл, шығармашыл, мәдениетті, жан-жақты сауатты жеке тұлға тәрбиелеу.

Баланың рухани дамуы отбасынан басталады

Мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен қарым-қатынасты жақсарту, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу.
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
1. Есімдер аллитерациясы
2. «Мен үшін қымбат…»
(Ой қозғау)
3. «Бала деген кім?» (Ой қозғау)
4. «Мейірімділік шуағы»
5. Релаксация
6. Ойын ойнайық
7. Ата-аналарға арналған ситуациялық сұрақтар
8. «Тілек шамы»
9. Ой толғаныс

І. Кіріспе бөлім:
— Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар!
Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз. Бүгін сіздермен өткізілгелі тұрған тренингтің тақырыбы: «Баланың рухани дамуы отбасынан басталады» деп аталады. Отбасы – өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі. Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын, адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны. Екі адамның некелесуі толық отбасын құрамайды. Дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық отбасы саналады. Қазіргі таңда ата-ананың бірінші мақсаты – қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды. Бала-шағаның қамымен жүрген ата-ана бала тәрбиесіне де көңіл бөле алмайды. Ал бала тәрбиесі отбасынан басталады.
«Балапан ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі» демекші жақсы – жаман әдеттерді бала отбасында үйренеді. Отбасындағы кикілжің ұрыстар баланың психикасына әсер етеді. Баланың мейірімді, еңбекқор, әдепті болып өсуі – отбасында жайлы, жақсы климаттың болуы. Баламыз өмірден өз орнын тауып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан естен шығармайық.

ІІ. Негізгі бөлім
1. Есімдер аллитерациясы.
Мақсаты: Ата-аналарды бір-бірімен таныстыру.
Шарты: Әр отбасынан бір адам осы жерде отырған отбасы мүшелерінің есімдерін айтып және де есімдерінің бірінші әрпінен басталатын жағымды қасиетін айту керек.
Әр отбасының сөзінен кейін қалғандары үш рет қол соғып қошеметтеп қояды.
— Сіздің есіміңізді, жақсы қасиетіңізді айтып жатқанда қандай сезімде болдыңыз?
— Өзіңіз қазіргі кезде қандай көңіл-күйде отырсыз?
— «Мен үшін қымбат…»
— «Бала деген кім?» туралы әрбір ата-ана ой қозғау жазады
4. «Мейірімділік шуағы»
Ғалымдардың айтуынша, баланың таңертеңгі ұйқыдан қандай көңіл-күймен тұруы – бүкіл бір күндік көңіл-күйіне әсер етеді екен.
1. Сіз балаңызды таңертеңгі ұйқыдан қалай оятасыз?
2. Балаңызға ризашылығыңызды қалай білдіресіз?
3. Балаңыздың тәтті қылықтары қандай?
4. Балаңыз сізге қандай көмек көрсетеді?
Бала – ата-ананың үміті, өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» -деп перзентін әлпештеп өсірген ата-ананың жатса-тұрса тілейтіні – баласының алдыңғы қатарлы азамат болып өскені. Ендеше сіз балаңыздың бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді?
5. Релаксация
Көздеріңізді жұмып, ыңғайланып отырыңыздар. Денелеріңізді бос ұстап, ештеңені уайымдамай, терең, терең дем алыңыздар. Іштеріңізден мына сөздерді қайталаңыз да: «Мен тынышпын. Менің денем тыныш. Мен өзімді өте жақсы сезінемін». Дене бұлшық еттерін босатыңыз. Денеңізге ауа кіреді, шығады. Үрейлену мен қысым кезінде өзіңізді осылай тыныштандырасыз. Ол үшін терең дем алыңыздар, өзіңізді бос ұстайсыз. Әрдайым жақсы оқиғаларды, жақсы сезімдерді еске түсіріңіздер. Бәріміздің денсаулығымыз керемет деп көзімізді ашамыз.
6. Ата-аналарға арналған ситуациялық сұрақтар
1. «Балаңыз мектептен шағым айтып келді. Енді мектепке барғысы келмейтінін айтты. Сіз қандай әрекет етесіз?»
2. «Балаңыз ұялы телефон алып бер деп жылады. Сіз: «Шамалы шыдай тұр, уақытында алып беремін» — дедіңіз. Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауып кетіп қалды. Сіздің әрекетіңіз?»
3. «Балаңыз ұялы телефон алып бер деп жылады. Сіз: «Шамалы шыдай тұр, уақытында алып беремін» — дедіңіз. Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауып кетіп қалды. Сіздің әрекетіңіз?»
7. Ойын ойнайық
8. «Тілек шамы».
Отбасы, ұшқан жанұя- жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Ал ананың алақаны оттан да ыстық. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір- бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.
9. Ойтолғаныс
Ата-ананың жеке басының әсері балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсемен ауыстыру мүмкін емес. Құрметті ата-аналар, сіздерден баладан жүрек жылуын аямай, балаға бір сәт болса да, бала көзімен қараңыз дей отырып, бүгінгі тренингке қатысқандарыңызға көп-көп рахмет айтамыз






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!