Материалдар / "Ата-анаң - алтын тұғырын" Өзін-өзі тану пәнінен 11-сынып оқушыларына ашық сабақ.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Ата-анаң - алтын тұғырын" Өзін-өзі тану пәнінен 11-сынып оқушыларына ашық сабақ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне көмек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қаңтар 2021
614
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұғалімнің аты-жөні: А.Т. Шакенов

Мектеп: «С. Сейфуллин атындағы ЖОББМ» КММ

Күні: 6.02.2019 ж.

Сынып: 9

Сабақ тақырыбы:

19$ «Ата-анаға қайырымдылық»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

- Ата-анаға  деген  сүйіспеншілік  сезіміне, ата-ананы  құрмет  тұтуға  үйрету.

- Ата-ананы  қадірлеу, ардақтау,ата -ананың  үмітін  ақтауға  баулу.

- Махаббатқа,мейірімділікке, қамқорлыққа  тәрбиелеу.

Сабақ мақсаты:

9-сынып оқушыларының «Ата- ана»

құндылығы  туралы  түсініктерін  кеңейту.

Құндылықтарға баулу.

Сабақта қарастырылатын тақырып:

  1. Ата-ана туралы мағлұмат беру.

  2. Ата-ана мен бала арасындағы махаббат, сүйіспеншілік.

Пәнаралық байланыс:

Жалпы сабақ, мәтін мазмұнындағы берілген ақпараттар, отбасы педагогика-психологиясы, тәрбие негіздері, қазақ әдебиеті, музыка ән-күй сабағы.

Алдыңғы білім

Оқушылар отбасы туралы, отбасы мүшелерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал орнату.

Оқушылармен амандасу. «Сәлеметсіздерме оқушылар?!!, Қәнекей шеңбер құрып тұрайық»

Ақ пейілді тілекпен,

Ақ ниетті жүрекпен.

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!! /хормен/


Оқушылармен танысу. Бүгінгі ашық сабағымыз басталмас бұрын, мен сіздермен танысып алайын. Ол үшін бәріміз дөңгеленіп тұрамыз. Мен қолымдағы допты бір-бірімізге шеңбер бойымен кезекпен кезек жүргізіп шығамыз. Допты ұстаған оқушы «Менің ата-анамның есімі ........» Мысалға «Анамның есімі Айнұр», «Мен ақжарқынмын» деп әр оқушы өзінің ата-анасын таныстырып, өзінің бойындағы жақсы айтып шығады.



Топқа бөлу. Өлеңді оқушыларға оқып берген соң, оқушыларды екі топқа «Ата-ана» тобы және «Балалар» тобы деп белеміз.

Перзент жыры Т. Айбергенов

Сен менің мәңгілікке өлмес атым,

Атымды ап алыс жылға жалғасатын.

Әкеде өсиет бар өмір жайлы,

Балада қасиет бар алға асатын.


Сен менің ұшар басым биіктеген,

Жолыңа тапқанымды үйіп төгем.

Сен менің дүрсілдеген жүрегімсің,

Қай нәрсе сол жүректен сүйікті екен?


Сен мені өскен сайын ойландырып,

Заңдарын табиғаттың ойға алдырып,

Бір қадам басқан сайын өзің мені

Барасың шежіреге айналдырып...


Отбасы мүшелері. Оқушыларға өткен тақырыпты еске салу үшін, айтып кету.


шаттық

шеңбері







шаттық

шеңбері












қағаз қорап,

екі түрлі кішкентай

шоколадтар















дәптер, кесте

Сабақтың ортасы

Енді балалар бүгінгі жаңа тақырыбымызды бастайық.

«Ата-анаға қайырымдылық». Дәптерге жазып қойыңыздар.

Сабақтың мақсаты: 9-сынып оқушыларының «Ата- ана»

құндылығы  туралы  түсініктерін  кеңейту.

Міндеттері:

- Ата-анаға  деген  сүйіспеншілік  сезіміне, ата-ананы  құрмет  тұтуға  үйрету.

- Ата-ананы  қадірлеу, ардақтау,ата-ананың  үмітін  ақтауға  баулу.

- Махаббатқа,мейірімділікке, қамқорлыққа  тәрбиелеу.

Дәйексөзді дәптерге жазып алыңыздар. Оқушыларға түсіндіру.

Әке - асқар тау,

ана - ағып жатқан бұлақ,

бала — жағадағы құрақ.

Халық нақылы


«Ата-анаға қайырымдылық» жаңа тақырыпты түсіндіру.

Ата – ананың қайсысы болса да баласына мықты денсаулық, бақытты, шат өмір тілейді. “Балам ер жетіп, елінің ер азаматы, халқының мақтанышы, абыройы, зор адамы, қажырлы қызметкері болса екен” – дейді.

Бүгін бесікте жатқан нәресте ертең, ер жеткен соң, еліне қызмет етеді деп қуаныш білдіреді.

Мал бақ, адал кәсіп ет, ел жұртыңды шапқыншы жаудан қорға” деген халықтық тілек-мүдде ананың әуенді ән-өлеңімен жыр болады.

Ол сөздер халқынды сүй, халқын үшін отқа түс – күймейсің, суға түс батпайсың әрқашан да халықпен бірге бол, бәрінен де халық мүддесін жоғары ұста, ел қорғауда және тұрмыс-тіршілікте халықтың ер-азаматы, қамқоршы ұлы бол, халық үшін ерінбей еңбек ет! – дегенді білдіреді.

Батыр да, бағлан да, көсем де, шешен де, данышпан да – бәрі-бәрі анадан. Сондықтан да болар-ау, атам қазақ ана парызын әке парызынан әлде қайда жоғары қояды.

Анаңды көтеріп, Меккеге үш барып, келсең де, перзенттік парызыңнан құтыла алмайсың” деудің өзі – “анаға мәңгі бақи қарызсың” дегенді аңғартпай ма?

Шығармалармен жұмыс . Оқушыларға бейне ролик көрсету арқылы, және түсіндіру жұмысы арқылы осы шығармаларды түсіндіріп кету.

«Ақлима» (Ү з і н д і )

Ғ. Мүсірепов

«Менің атым - Қожа» (Ү з і н д і )

Б. Соқпақбаев

Ата – анаңды жақсы білесін бе?” жатығуы

«Әке мен бала» Бейнефильм. І-топқа

Сіздер осы бейнетаспадан қандай ой түйдіңіздер?

Әкеге деген сүйіспеншілікті қай образдан байқадыңыз?

Баласының әкесін қарттар үйіне тапсыруына не себеп болды?


«Ата – анаға құрмет» Бейнефильм.

ІІ-топқа

Сіздер осы бейнетаспадан қандай ой түйдіңіздер?

Әкеге деген сүйіспеншілікті қай образдан байқадыңыз?

Баласының әкесіне айқайлап жауап беруі дұрыс па?

Мақал – мәтелдерді жалғастыру

  1. Атаға қарап - ... Анаға қарап....

  2. Ананың көңілі балада...

  3. Ата-ананың қадірін балалы...

  4. Атаның баласы болма...

  5. Баланың жақсысы қызық...

  6. Атасы тұрып, ұлы ....

  7. Ұяда не көрсе...

  8. Анаңа ауыр сөз айтпа....

  9. Ата-ананың қадірін білмеген - ...

Түйін сөз: “Ата-анаға қамқорлық”. «ТЕЛЕФОН» ойыны.

Шығармашылық жұмыс:

Келтірілген тірек сөздерді пайдаланып, өлең шумақтарын жазу

/ІІ – топқада / (аялы алақан, жылы жүрек, аяулы жан, асыл арман,риясыз сүйіспеншілік)


Дәптер


















































бейнетаспа









бейнетаспа








бейнетаспа


















телефон суреті бар қағаз қорап




Сабақтың соңы

Екі топпен бірге бірігіп ән айту

(Караоке, хор) «Ана туралы жыр» Сөзі Ғ.Қайырбековтікі Әні Ш.Қалдаяқовті

Менің ата-ана алдындағы кемшіліктерім.Менің ата-ана алдындағы жетістіктерім.

Рефлексия “Сиқырлы жүрек”

Үй тапсырмасы : «Менің атым Қожа» фильмін қарап келу.

«Әке туралы жыр» Сөзі М. Шахановтікі Әні Н. Тілендиевтікі

Назарларыңызға көп-көп рахмет!!!

Караоке ән






Крагезден жасалған жүрек, смайликтер

караоке









Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!