Материалдар / "Ата-баба - дәстүрі - ұрпаққа аманат" тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ата-баба - дәстүрі - ұрпаққа аманат" тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақты ұстаздар тәрбие сағатында қолдана алады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Мамыр 2018
1803
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара ауданы

«Ұзын - Ата» жалпы орта мектебі









Ашық тәрбие сағаты


5 «а» сынып


Тақырыбы:


«Ата – баба дәстүрі - ұрпаққа

аманат»




Сынып жетекшісі: Шынтемирова Зәуре Пірманбекқызы








2016 - 2017 оқу жылы


Сабақтың тақырыбы: Ата – баба дәстүрі – ұрпаққа аманат

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың бойына халқымыздың асыл қадір – қасиеттерін

сіңіру,үлкенді сыйлай білуге,салт-дәстүрлерімізді қадірлей білуге

баулу.Оқушыларды салт-дәстүрден нәр алып өсуіне ,инабатты

лыққа, жаман мен жақсыны ажырата білуге , аталы сөзден ғибрат

алуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: суреттер,мақал - мәтелдер,топтық тапсырмалар,т.б.




Құрметті ұстаздар мен оқушылар сіздер бүгін 5 а сыныбы дайындаған

«Ата – баба дәстүрі - ұрпаққа аманат» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!


«Амандасу салтымыз,

Есенбісіз жалпыңыз,

Бағалыны артына,

Қалдырған – ды халқымыз» - дей отырып, ашық тәрбие сағатымызды

бастаймыз.

Топқа бөліну: Үйінің үлкен балалары бір бөлек, кіші балалары бір бөлек

болып бөлінеді.

1 топ «Шаңырақ»

2 топ «Аманат»

/ топтастыру әдісін сызу арқылы қорғап шығады/


Қазақстан –қазақ халқының қасиетті атамекені ,кіндік қаны тамған жері.Тәңірі жер қайысар мал беріп ,асты-үсті байлыққа тұнып тұрған осындай өлкені бұйыртқан халқымның арманы жоқ. Ендігі кезекті оқушыларға беремін.

Тақпақтар

1.Рауан.

«Біз қазақ деген - мал баққан елміз,ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.Елімізден құт – береке қашпасын деп ,жеріміздің шетін жау баспасын деп найзаға үкі таққан елміз.Ешбір дұшпан басынбаған елміз,басымыздан сөзді асырмаған елміз,дәм-тұзды ақтай білген елміз,дәстүрімізді сақтай білген елміз» деп Қазыбек бабам айтқандай,ен даланы жайлаған,көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқының өзіне тән,өзге ұлттардан ерекшелейтін салт-дәстүрлері бар.

2.Әсем

Халқымыздың ғасырлар бойы жинаған бай қазынасы,салт-дәстүрлері мен әдет ғұрыптары

ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып өз жалғасын табуда.

3.Набира

Армысыңдар,аңсаған дана халқым.

Сәлем беру-ежелгі ата салтым

Әр елдерде жүрсе де қалың қазақ

Бір мақсатқа арналған арман талап.

4.Жақыпбек

Танымасаң танып ал, мен қазақпын

Жаным жайлау,көңілім кең қазақпын

Ұлысым бай,нұр жері кең қазақпын,

Ырысым бай,нұр жері кең қазақпын

5.Зейнеп

Мен қазақ ,қазақпын деп мақтанамын

Ұранға «Алаш» деген атты аламын

Сүйгенім-қазақ өмірі,өзім қазақ

Мен неге қазақтықтан сақтанамын?!

6.Ырысдәулет

Алтай ,Ертіс,Сырдария,Есіл,Жайық

Арасын қоныс қылдым ірге жайып

Елім,жерім,қорғайтын ерім болып,

Ер жеттім ен далада лықа байып

7.Сандуғаш

Мен қазақпын,мың өліп ,мың тірілген

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен

Жылығанда жрегім күн тұтылып

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген

8.Ерлан

Мен қазақпын,биікпін,байтақ елмін,

Қайта тудым өмірге ,қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді ,айта бергім.

9.Диляра

Мен қазақпын ,ажалсыз анамын иен,

Құрсағыма сыйдырам даланы кең.

Пәк сәбимін бесікте гуілдеген,

Дәуірлермен құрдаспын,данамын мен

10.Қайрат

Мен жігітпін ,айқасқа,сынға асықпын,

Жүрегі бар кеудемде швн ғашықтың

Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда

Шарықтасам қыран боп шыңға шықтым

.11Балауса

Тілім бар да қазағым бар,халқым бар

Дәстүрім бар ,ата жолы салтым бар,

Кең даладай жиналмаған шалғайы,

Аңқау ашық мінезім бар аңқылдар

12.Әбдіманап

Қазақпын мен, қазақтың тентегімін,

Жау шебінде сыналған семсерімсің.

Тайыз емес тереңмін, тамырлымын,

Иілмейді ешкімге еңсе бүгін.

13.Меруерт

Көтердік сәл де болса еңсемізді,

Ел болайық қызығар көрсе бізді.

Жаңғыртып ата дәстүр, салт-санамыз,

Халқыма имандылық берсе ізгі.

Жүргізуші:


Біздер бұрын көрмеген

Салт-дәстүрім өшпеген.

Үйренеміз дәріптеп

Заманында өрлеген.

Енді қазақы салт-дәстүрлерге тоқталайық.

1.Балауса.

Асар (салт.) Бір жанұяның қолынан келмейтін жұмыстарды атқару үшін бір ауылдың адамдары «асарға» шақырылады7

2.Ырысдәулет

Асату (дәстүр). Ет желініп болғаннан кейін төрде отырған ақсақал табаққа қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатуға тиіс. Бұрынғы кезде жас балалар «ет асаймыз» деп қонақ келген үйдің маңайында жүретін болған.

3.Меруерт

Айттық (дәстүр) .Айт күні «аттық» деп сұраған адамдарға берілетін сыйлық.

4.Сандуғаш

Ақсарбас (діни ырым). Адамның қауіп-қатерге ұшырағанда, жаны қысылғанда Алла атымен айтқан құдайысы. Мұндай жағдайда ұшыраған адам «Ақсарбас» үш рет айту керек. Аман қалған кісі осыдан кейін ел-жұрты шақырып құдайы береді.

Жүргізуші:


Қазақ халқында тыйым сөздер әдептілікті, жақсы мінез-құлықты сіңіруге, тазалық сақтауға арналған.Ырым-тыйым ұлағат көзі дейміз. Ал енді оқушылар қандай ырымдар біледі екенін тамашалайық.


1.Зейнеп

Ұнасын, ұнамасын,

Бұзба құстың ұясын.

2.Қуаныш

Ұқсама тентек балаға,

Пышақтың жүзін жалама.

3.Әбдіманап

Шаршасаң сәл-пәл аялда,

Бірақ жерді таянба.

4.Сандуғаш

Құр беталды ермекке

Бос бесікті тербетпе.

5.Ырысдәулет

Жақтыр, Мейлің жақтырма,

Нанды жерге лақтырма.

6.Жасмин

Жоқ әдетті шығарма,

Түнде көлден су алма

7.Набира

Адамдарды санама,

Түнде айға қарама.


Жүргізуші:

Ата дәстүр абырой көтергенге,

О,бұл сөздер сүйектен өтер демде!

Тоқталамыз енді біз, ал халайық,

Қанатты сөз, мақал мен мәтелдерге

«Сөздің көркі-мақал» деген ұғым бар.Біздің мерекеміз қыза түскен тәрізді. Мақалдап сөйлеу жарысына да кезек берейік.


  1. Көрініс: Екі достың кездесуі.

  2. Көрініс:Ақсақал мен баланың сәлемдесуі.

Жүргізуші:

Салт дәстүр,әдет ғұрып-атадан балаға қалып отыратын мол мұра.Халық тәрбиені балаға

ана құрсағында жатқанынан бастайды. «Атадан қалған асыл сөз» шешен,билердің сөздері

тақияда жасырынған, авторын табу керек.


Өркенім өссін десең,

Кекшіл болма –

Кесапаты тиер еліңе.

Елім өссін десең,

Өршіл болма –

Өскеніңді өшіресің

Басына іс түскен пақырға,

Қастық қылма-

Қайғысы көшер басыңа.

Жанашыры жоқ жақсыға,

Жәрдемші бол асыға,

Қиын-қыстау күндерде

Өзі келер қасыңа,

Бүгін сағы сынды деп,

Жақыныңды басынба. /Қазыбек би/

Жүргізуші: «Сергіту сәті» Ал, енді балалар, жұмбақ жасырып, бой сергітіп алайық.

Екі топ бір-біріне жұмбақтар жасырады.

Әр топ үш-үш жұмбақтан жасырады.


Жүргізуші: 
Мәнге толы қазағымның тірлігі,
 
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры.
 
Кеше ғана керексіз ғып тастаған,
 
Ғажап екен әдеті мен ғұрыпы- дей келе, екі топқа сұрақтар қойылады.

/қоржындағы білезіктегі сұрақтарға жауап беру./

Жүргізуші:

«Тілім барда қазағым бар, халқым бар, Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар. Туған тілде сыры терең жаным бар, Туған тілде әнім менен сәнім бар.»- дей келе ендігі кезекті концерттік бағдарламаға береміз.Би: «Жұмыр қылыш» қыздар тобы Би: «Бәйге» ұлдар тобы Жүргізуші:Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халқымыздың әдет ғұрпын,дәстүрін , тарихын білу, оны қастерлеу - әрқайсысымыздың борышымыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Хош сау болыңыздар.!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!