Материалдар / "Ата салтым асыл қазынам" сыныптан тыс жұмыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ата салтым асыл қазынам" сыныптан тыс жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға тәрбиешілерге, мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Ақпан 2019
696
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сыныптан тыс жұмысТақырыбы: Ата салтым-асыл қазынам Мақсаты: Оқушылардың бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіру, насихаттау,білімдерін толықтыру; Оқушылардың ой - өрісін кеңейту,ұлттық дүниетанымын қалыптастыру, Халық дәстүрінен ғибрат алуға, имандылық пен адамгершілікке тәрбиелеу.Түрі: дөңгелек үстел басындағы ой бөлісу.Өткізілетін орын: мектептің акт залыКөрнекілігі: АКТ, сандықша ,Қазақтың салт-дәстүрлеріне байланысты кітаптар, бүктемелер;Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңіШаттық шеңберіБір-біріне жылы лебіздерін білдіредіКіріспе сөз Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат – міндеттердің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы, ұрпақ тәрбиелеу. Тәрбие үрдісінде ғана адам рухани жетіледі. Жасөспірімдерді жан - жақты қабілетті, әдепті азамат етіп өсіруде халықтық салт - дәстүрлердің, тыйым сөздердің тәлім - тәрбиелік, білім - танымдық рөлі орасан зор. Ұлттық тәрбие салт - дәстүр, әдет – ғұрыптар мейірімді парасатты болуға, адамгершілікке, имандылыққа баулиды. Қазақ халқы - рухани зор байлықтың мұрагері. Ежелгі ата - бабаларымыздың салт - дәстүрлері, даналық сөздері және әдеп ережелері сан ғасыр бойы өз ұрпағын өнегелі де өнерлі, ар - ожданы жоғары, намысқой азамат етіп тәрбиелеп келгені тарихи шындық. Міне, осының бәрін ой таразысына сала отырып «Ата салтым-асыл қазынам» тақырыбында ой бөлісуге шақырамын.ІІ. Негізгі бөлім

Бейнеролик «Қазақ халқының салт -дәстүрлері»

Пікірлесу сұрақтары

-Салт-дәстүр деген сөзді қалай түсінесіңдер?-Салт-дәстүрді неге асыл қазына дейді?-Халықтың игі дәстүрінің рухани азық екенін қалай түсінесіңдер?- Сендердің отбасыларыңда орындалып жүрген салт-дәстүрлер мен ырымдарды айтып беріңдер

Проблемалық сұрақ:- Балалар, сендердің ойларыңша, салт – дәстүрлер бүгінгі қоғамға керек пе? Неге? Оқушылардың пікірін тыңдау.

Бейнеролик « Сәлемдесу дәстүрі »

  • Бейнеролик не туралы?
  • Бейнероликте қазақ халқының қандай салт-дәстүрі туралы айтылған?
  • Қазіргі кездегі жастардың сәлемдесуі жайлы не айтасыңдар? Өздерің қалай амандасасыңдар?


«Бір сәлемнің жүз сауабы бар. Егер сен Алладан рахым тілеп бір адаммен амандассаң,ол кісі ықыласпен жауап қатса, сол жүз сауап екеуіңе теңдей бөлінеді. Ал егер сен амандасқанда әлгі адам мұныңа жауап қатпай,теріс айналып сәлеміңді дұрыс алмаса,онда сауаптың барлығы өзіңе қалады» деген имандылық өсиетке құлақ асқан жан сауапқа кенелері хақ.

Сергіту сәті .

Сөзді жұмбақта»  ойыны. Оқушылар кезектесіп сандықшадан сөздер алып, ондағы жазылған сөзді атамай , басқаларға тек қимылмен түсіндіру керек. Сандықшадағы сөздер:    бесік, айран,қамшы, қымыз, бауырсақ,  киіз үй, ертоқым,сәукеле;

Біле жүрейік: Салт-дәстүрлеріміздің кейбірі халық арасында кеңінен пайдаланылып жүрген болса (айдар тағу, қонақ кәде, бастаңғы және т.б.), кейбірі ұмыт қалып барады. Ата-бабаларымыздан мұра боп қалған салт-дәстүрлер әрдайым игі мақсаттар үшін қолданыста болған. Сол себепті оларды біле жүру, кей-кейде өмірде іске асыру да артық етпес.Ақсарбас атау. Қауіп-қатерге ұшырағанында «А, Құдайым оңдасын! Мені осы қиындықтан құтқара гөр! Ақсарбас!» деп құдайы атайтын болған. Мұндай жағдайда «Ақсарбас!» деп үш рет айқайлаған. Сосын қауіп-қатерден аман қалғанында әлгі адам ауыл аймағын шақырып құдайы берген. Ақсарбасқа шалынатын малдар: бозқасқа (қой), көкқасқа (жылқы), қызыл-қасқа (сиыр). Адам ақсарбас атағанда қай малын айтса, соны құдайыға союға тиіс.Асату. Бұл дәстүр Сәбит Мұқановтың «Халық мұрасы» деген кітабында толық баяндалған. Дастарқан басында ет жеп отырғандар тоғая бастағанында, төрде отырған ақсақал қалған етті қолымен қонақтарға, жас балаларға асатады. Бұрындары ауыл балалары ет асаймыз деп қонақ келген үйдің қасында жүретін-ді.Ат тұлдау. Ер адам қайтыс болғанында мініп жүрген атының жал-құйрығын күзеп, оны бос жібереді де, өлген адамның жылында сол атты әкеліп сояды.Аунату. Қазақтар үйіне келіп қонақ болған, қонып кеткен адамдардың отырған, жатқан жеріне «баламыз осы атасына тартсын, бойына осы атасының қасиеттері қонсын» деп балаларын аунатып алатын болған. Елге, ағайынға сыйлы азамат кіндік қаны тамған туған жеріне келгенінде халық, туған-туыстары, дос жарандары оны сол жердің топырағына аунатып алған. Шыңғыс Айтматов үйіне Мұхтар Әуезов келгенінде, ол отырған орындыққа ұлын аунатып алған көрінеді.Аяғына жығылу. Кешірім сұраудың ең үлкен, кішіреюдің ең ауыр түрі – осы ғұрып. Оны орындағанда айыпты адам жанына абыройлы, қадірлі кісілерді ертіп алып, тисті адамның үйіне рұқсат сұрап кіріп, кешірім сұрайды. Айыбы үлкен болса, айыпкер өзі кінәлі болған адамның аяғына жығылып, оны құшақтаған қалпы жылап, кешірім сұрап, жалынған. «Аяғына жығылу» - әрі ғұрып, әрі жазаның бір түрі.ІІІ. Қорытынды Алты қалпақ әдісі арқылы балалар сұраққа жауап береді:Ақ қалпақ ( өтірік , рас ) – 1. Бала құлаған кезде оны ұшықтау салт – дәстүрге жатады (өтірік, бұл әдет – ғұрыпқа жатады);2. Құдаға құйрық бауыр жегізеді (рас, өзінің жауабын дәлелдейді); Қызыл қалпақ ( эмоция ,сезімдерді білдіреді) (осы тақырып бойынша саған не ұнады, қызықты болды); Сары қалпақ (оптимизмге толы, ол артықшылықтарды іздестіреді) ( қандай салт – дәстүрді үйде ұстанасыңдар); Қара қалпақ ( қандай салт – дәстүрді өз ойынша өзгерткін келеді); Жасыл қалпақ (идеяларын ,шығармашылығын көрсетеді); (сөзбен бір әдет – ғұрыпты жұмбақтайды, өзгелер оны табу керек); Көк қалпақ (әдет – ғұрыптарды, салт – дәстүрлерді ұстану үшін кеңес беру);

Құрметті оқушылар, бүгінгі дөңгелек үстел басында - заман өзгерсе де ұлттық салт - дәстүріміздің көнермейтіндігін, қазақ халқының әрбір тұжырымды ойы, мақал - мәтелі, салт-дәстүр, әдет-ғұрпы тәрбиенің мол мұрасы екендігін, оның күнделікті өмірде қажеттілігін білдік. Халқымыздың әдет - ғұрыппен дәстүрін, тарихын біліп, оны қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру әрқайсымыздың азаматтық борышымыз деуге болады.«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт - дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін. Еліміздің жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!