Материалдар / Атадан қалған жауһар жыр . 4 сынып Қаратоғай ЖОББМ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Атадан қалған жауһар жыр . 4 сынып Қаратоғай ЖОББМ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Желтоқсан 2020
2887
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Пəн: Музыка

Мектеп: Қаратоғай ЖОББМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Меңсұлу Мұқанова

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Бөлім

3-бөлім. Мəдени мұра

11-сабақтың тақырыбы

Атадан қалған жауһар жыр

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.1.1 – музыкалық көркемдеуіш құралдардың көмегімен əуеннің жанрын, көркемдік образдарын анықтау жəне салыстыру;

4.1.3.1 – музыкалық көркемдеуіш құралдардың көмегімен шығарманы орындау жəне импровизациялау;

4.1.3.3 – ауызша жəне жазбаша жұмыстарда негізгі музыкалық ұғымдарды қолдану;

4.2.1.1 – музыкалық-шығармашылық жұмыстарды жасау үшін өз идеясын ұсыну жəне түрлі материалдар мен ресурстар таңдау.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

  • мəдениет, музыкалық мұра ұғымдары туралы түсінеді;

  • жыр, терме жанрын ажырата алады;

  • эпос, жыр, жырау, терме ұғымдарының мазмұндық мəнін біледі;

  • жыршы, жырау, термеші, əнші, күйшілердің орындаушылық ерекшеліктерін ажыратады;

  • суырыпсалма (ақындық, əншілік) өнерін сипаттайды.

Көптеген оқушылар:

  • мəдениет, музыкалық мұра ұғымдары туралы түсінеді;

  • жыр, терме жанрын ажырата алады, көркемдеуіш құралдарын анықтайды;


  • эпос, жыр, жырау, терме ұғымдарының мазмұндық мəнін біледі, сипаттайды;

  • жыршы, жырау, термеші, əнші, күйшілердің орындаушылық ерекшеліктерін ажыратады;

  • суырыпсалма (ақындық, əншілік) өнерін сипаттайды, қолдануға тырысады.

Кейбір оқушылар:

  • мəдениет, музыкалық мұра ұғымдарын жеткізеді;

  • суырыпсалма (ақындық, əншілік) өнерін сипаттай алады, қолдануға тырысады.

Бағалау критерийлері

Оқушылар мақсатқа жетті:

  • мəдениет, музыкалық мұра ұғымдары туралы түсінеді;

  • жыр, терме жанрын ажырата алады;

  • эпос, жыр, жырау, терме ұғымдарының мазмұндық мəнін біледі;

  • жыршы, жырау, термеші, əнші, күйшілердің орындаушылық ерекшеліктерін ажыратады;

  • суырыпсалма (ақындық, əншілік) өнерін сипаттай алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • вокалдық, аспаптық бағдарламалық музыканы біледі;

  • музыкалық ұғымдарды, шығармаларды талдау барысында қолдана алады;

  • музыкалық мəдени мұралардың жанрлық ерекшеліктерін сипаттай алады.

Құндылықтарды

дарыту

Халық музыкасын тыңдау арқылы мəдени тұлғаларды тəрбиелеу

Пəнаралық

байланыстар

Тарих. Əдебиеттік оқу

Бастапқы білім

Домбыра – асыл мұра

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-тапсырма. Ойтолғау. Ақпарат іздеу.

Сабақта ежелден келе жатқан асыл мұраларымыздың бірі –

батырлар жыры қарастырылады.

Оқылым.

(М, Ұ) Оқулықта жырға байланысты шағын ақпараттық түсінік берілген. Оны мұғалім өзі əсірелеп əңгімелеуіне болады.

«Бұрынғы жаугершілік замандарда сыртқы жаулардан қорғанып, тыныштықта тіршілік ету – ел-жұрттың негізгі арманы болған. Мұндай кезеңдерде халық елін-жерін қорғайтын, суға салса батпайтын, отқа салса жанбайтын, қылыш шапса кеспейтін хас батырды аңсаған. Сөйтіп, халық өз арасынан Алпамыс, Қобыланды, Ер Тарғын, Қамбар т.б. батырларды шығарған. Олардың ерліктерін домбыраға, қобызға қосып, кейде аспапсыз-ақ тақпақ, терме түрінде екпінді əуенмен баяндайтын.

Мұндай оқиғасы ел, халық өмірінен алынған ұзақ өлеңдерді халық «жыр» деп атаған. Батырлық жырлар көп елдерде сақталған. Оны гректер «эпос» десе, қазақтар

«жыр», қырғыздар «ыр» деген».

Өзің қандай батырлар жырын білесің?»

Оқушылар өздеріне таныс батырлары туралы өз ойларын ортаға салады.



Оқулық,

нота хрестоматиясы, фонохрестоматия

Сабақтың ортасы

2-тапсырма. Жырдан үзінді тыңдау.

«Алпамыс батыр» жырынан берілген үзіндіде классикалық батырлар жырына тəн ата-аналарының баланы зарыға

күтуі сипатталады.

Оқулық,

нота хрестоматиясы, үн-бейне

хрестоматия




«Бұрынғы өткен заманда, Дін мұсылман аманда, Жиделі Байсын жерінде, Қоңырат деген елінде Байбөрі деген бар екен, Байбөрі малға бай екен, Төрт түлігі сай екен,

Бір перзентке зар екен. Көңілі мұңды, қайғылы, Көкірегі шерлі екен,

Бір перзенттің жоғынан, Дəйім қайғы жер екен.

Сөйтіп жүргенде дүниеге Алпамыс келеді».

(О) Оқушыларға берілетін тапсырма:

  1. Жырды мəнерлеп оқы.

  2. Қазақтың жыр-дастандары көбіне 7-8 буынмен жазылады. Жыр сөздерінің буындарын анықта.

3-тапсырма. Зерттеу.

(М, О) Зерттеу жұмысында «жырау», «жыршы» ұғымдары айқындалып, Бұқар жырау туралы оқушылар ақпарат алады.

«Жырау» ұғымын пысықтауда оқулықта жасалған сызбаны пайдаланады.

4-тапсырма. Терме орындау.

(М, О) Сабақта Бұқар жырау толғауларынан «Биік тауға жарасар» термесінен үзінді үйретіледі, үзінділер терме түрінде тыңдалып орындалады.

Биік тауға жарасар, Ығынан тиген панасы, Терең сайға жарасар, Тобылғылы саласы, Ер жігітке жарасар,

Қолына алған найзасы, Би жігітке жарасар, Халқына тиген пайдасы.

Терме ұғымы оқушыларға 3-сыныптан таныс. Берілетін тапсырма:

  • Бұқар жырау термесінде қандай құндылықтар айтылған?

  • Термені əуеніне қосып орында.

Термеге берілген ноталар халық арасында кең тараған əуенге негізделген.

































Оқулық,

нота хрестоматиясы, үн-бейне хрестоматия

Сабақтың соңы

(О) Бағалау.

Ұжымдық орындаудағы термені оқушылар өздері бағалайды.


Саралау –

Оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет

қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау –

Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларға композицияны орындау барысында музыканың көркемдеуіш құралдарын анықтауға тапсырма беруге болады.

Бақылау;

Бағалау өлшемдері мен дескрипторлар бойынша;

Əн орындау кезінде оқушылар бір-бірін өзара бағалайды.

Денсаулық сақтау технологиялары

Сергіту сəттері мен белсенді іс-əрекет түрлері



Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың мақсаты/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанада берілген

сұрақтарға жауап беріңіз.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!