Қарағанды облысы, Абай
ауданы
Дзержинск жалпы білім беретін
мектебі
«Атажұрт» этнографиялық
және тарихи танымдық ойын
(СЫНЫПТАН ТЫС
ЖҰМЫС)
АХЫЛБЕК
БАРШАГҮЛ
2017-2018 оқу
жылы
«Атажұрт» этнографиялық және
тарихи танымдық ойын
Мұғалімнің кіріспе
сөзі:
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар
рухани жаңғыру» атты мақаласында 21 ғасырдағы ұлттық санаға
байланысты прагматизм, Ұлттық бірегейлікті сақтау, бәсекеге
қабілеттілік, сананың ашықтығы сынды мәселелермен бірге еліміздегі
білімнің салтанат құруына арнайы тоқталды.
Аталмыш мақаладағы «Туған жер»
жобасына да ерекше басымдық беріп отыр. Отансүйгіштік сезімнің
кіндіқ қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріне, яғни
туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталатынын қадап
айтты.
Ендеше бүгінгі біздің сыныптан
тыс жұмысымыз да «Туған жер» жобасы аясында өтетін «Атажұрт»
этнографиялық және тарихи ойын түрінде
жүріледі.
Қазақ халқы үшін жер- ең
қасиетті ұғым. Кіндік қаны тамған жерді ата-бабаларымыз «Атажұрт»
атандырып ардақтаған. Көз жеткісіз көлеміне Европаның кішігірім 12
мемлекеті сыйып кететін сайын дала, асқар тау, өзен-көлдерден
тұратын, о шеті мен бұл шетіне құстың қанаты талып жететін қазақ
жерінің қасиетін ұғынбасақ, орны толмас, өкініш болар еді. Осыншама
ұлан-байтақ жерді ата-бабаларымыз қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға
шоқыттырмай, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен шыбын жанын
шүберекке түйе қорғап келіп, асты-үстіндегі барша байлықтарын
басқалардың көз алартқанына қарсы бола тұрып, ұрпақтарының қолына
аман-есен тапсырғанын қалай қастерлемеуге
болады?!
Мақсатымыз: Оқушылардың өздерінің
атажұрты, мекені, Отаны- Қазақстан туралы алған-білгендерін сарапқа
салып талдауға, өз елін, жерін қорғай білуге, табиғат байлықтарын
көздің қарашығындай сақтауға, ұйымшылдыққа, еркіндікке,
ізденімпаздыққа баулу.
Көрнекілігі: Қазақстанның
физикалық картасы, интерактивтік тақта, слайд,
асық
І. Ұйымдастыру
кезеңі.
Құрметті ұстаздар, қонақтар!
11-сыныптың «Ұлы дала», «Хан Тәңірі» топтары арасында өтетін
«Атажұрт» танымдық этнографиялық ойынына қош
келдіңіздер.
Бұл ойында оқушылар белестен
белеске ұласып, мұхиттай шалқыған ұлан-ғайыр кең өлкеміз, Алтай мен
Атырау аралығында көсіліп жатқан даламыз, атажұртымыз- Қазақстан
туралы білімдерін ортаға салады. Қазақстан даласы- дәнге де, малға
да, кенге де бай дархан ел.
Көлде жүрген қоңыр
қаз,
Қыр қадірін не
білсін.
Қырда жүрген
дуадақ,
Су қадірін не
білсін.
Ауылдағы
жамандар
Ел қадірін не
білсін.
Көшіп-қонып
көрмеген
Жұрт қадірін не білсін, -
деген Асанқайғы бабамыздың осы айтқан дана сөзін пір тұта отырып,
ойынымызды бастаймыз. Ойын 6 кезеңнен
тұрады.
-
Таныстыру.
-
«Қанат
қақты»
-
«Самғау»
-
«Шарықтау»
-
«Шырқау»
-
«Жерұйық»
Сайысымызды бастамас бұрын
ойынымызға әділ бағасын беретін сарапшылар сайлап алайық. (қонақтар
арасынан)
Сайысты кім бірінші болып
бастайтынын анықтау үшін асық иіреміз. Кімнің асығы алшысынан
түссе, ойынды сол бастайды. Ол үшін әр топтың басшылары асықтың
түрін таңдайды.
1-кезең.
Таныстыру. Топ басшылары ортаға шығып
өзін және топ мүшелерін таныстырады. Әр команда топтың атын, ұранын
және эмблемасын қорғайды.
«Ұлы дала»
тобы.
«Хан Тәңірі»
тобы.
2-кезең. «Қанат
қақты». Топ басшыларына 7 сұрақтан
қойылады. (Себебі 7 саны қазақ халқы үшін қасиетті
сан)
«Ұлы дала»
тобына қойылатын сұрақтар: (экраннан
шығады)
-
Қазақстан аумағының көлемі
(2,7 мың ш.м)
-
Отырар қаласының арабша аты?
(Фараб)
-
«Арал теңізі» еңбегінің авторы
кім? (Л.С.Берг)
-
Биіктігі 4647м жететін
Иманбұлақ шыңы қай тауда? (Күнгей
Алатауында)
-
Қазақ хандығының негізін
қалаған кімдер? (Керей мен Жәнібек)
-
Қазақстан Республикасының ең
биік нүктесі? (Хан Тәңірі 6995м)
-
Атырау қаласынан 55 шақырым
жерде Жайықтың оң жақ жағасында қаланың қираған орны жатыр. Ол
қандай қала? (Сарайшық)
«Хан Тәңірі»
тобына қойылатын сұрақтар: (экраннан
шығады)
-
Қазақстан туралы алғашқы
деректі б.з.б Ү ғасырда өзінің тарихына енгізген ғалым
(Геродот)
-
Жер бедерінің ең төменгі
нүктесі (Қарақия ойысы 132 м)
-
Мұғалжар тауында түзілген
қатпарлық (Герцин)
-
Қазақстан нешінші сағаттық
белдеуде жатыр? (4,5)
-
Қазақстанның тұңғыш астанасы
қай қала? (Орынбор)
-
Каспийге құятын өзен?
(Жайық)
-
Көне архитектуралық ескерткіш
әуелі Қарахан дәуірінде тұрғызылып, оның қираған іргесін ХІҮ
ғасырдың аяқ шенінде ХҮ ғасырдың басында Әмір Темірдің бұйрығымен
көтерген. Бұл кімнің кесенесі? (Ахмет
Иассауи)
3-кезең.
«Самғау».
«Ұлы дала»
тобына қойылатын
сұрақтар:
-
Орта Азияның солтүстік батысы
мен Қазақстанның оңтүстік батысында үлкен аумақты алып жатқан ойпаң
өңір Қазақстанға оның тек солтүстік бөлігі кіреді. Негізінде Орта
Азия Республикасы жерінде орналасқан. Бұл қандай ойпат? (Тұран
ойпаты)
-
Бұл қала ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда
Ұлы Жібек жолында орналасқан сауда және қолөнер орталығы. Мұнда
оңтүстіктің күміс кендері мен терістіктегі
қимақтарға баратын керуен жолы
тоғысады. Бұл қай қала? (Тараз)
«Хан Тәңірі»
тобына қойылатын
сұрақтар:
-
Бұл ғалым Ыстықкөлге сапар
күнделігінде Қазақстанның өзендері Аягөз, Ақсу, Лепсі, Іле, Шелек
жөнінде көптеген қызғылықты деректер келтіреді. Зерттеушінің атын
атаңыз? (Шоқан Уәлиханов)
-
Х-ХІ ғасырлардағы
архитектуралық ескерткіш Қаракеңгір өзенінің оң жағасында
орналасқан. Пішіні төртбұрышты, биіктігі 10 м. Бұл қандай күмбез?
(Алаша хан күмбезі)
4-кезең.
«Шарықтау».
«ЖҮЙРІКТЕР ЖӘНЕ БІЛГІРЛЕР»
ойыны.
-
Қазақстанның кеспе контуры
әрбір топқа беріледі. Контур картаны қай топ тез және жылдам
жинаса, сол топ жеңімпаз атанады.
-
«Туған өлкем, қандай көркем»
эссе жазу 5 минут
5-кезең.
«Шырқау».
Қазақстан картасында нөмірмен
белгіленген еліміздің 14 облысына татитын сұрақтарға жауап
бересіздер.
1.Қарағанды
облысы
Өлкеміздегі Сарысу өзені қай
жерден бастау алады? (Бұғылы-тағылы
тауларынан)
2.Маңғыстау
облысы
Каспий теңізіндегі портты қала
(Ақтау)
-
Батыс Қазақстан
облысы
Батыс Қазақстанның негізгі
байлығы (Мұнай, газ)
-
Ақтөбе
облысы
Никель мен хромға бай,
сондай-ақ медицинада пайдаланылып жүрген рентген аппаратын
шығаратын қала. (Ақтөбе)
-
Онтүстік Қазақстан
облысы
Онтүстік Қазақстан облысының
орталығы. (Шымкент)
-
Қостанай
облысы
Елімізде ең көп өндірілетін
кен бар, ол қандай кен? (темір)
-
Алматы
облысы
Еліміздегі ең ірі «филипп
моррис» темекі комбинаты орналасқан облыс. (Алматы
облысы)
-
Шығыс Қазақстан
облысы
Еліміздегі ең ірі СЭС қай
жерде орналасқан? (Бұқтырма)
-
Атырау
облысы
Қала Қазан революциясына дейін
шаруашылықтың бір ғана саласы балық аулаумен айналысқан.
Революциядан кейін мұнай өнеркәсібін ұйымдастырушы орталыққа
айналды. 1615 жылы Жайық өзенінің сағасындағы балықшылар қонысы
ретінде негізі қаланған қаланы ата.
(Атырау)
-
Солтүстік Қазақстан
облысы
Республикамыздың «Солтүстік
қақпасы» Петр мен Павелдің Жаңа Есілдегі орыс әскери бекіністерінің
басты қамалы ретінде Есілдің биік оң жағасында 1752 жылы негізі
қаланған. 1807 жылы қазіргі атауы берілген қала.
(Петропавл)
-
Павлодар
облысы
Қазақтың тұңғыш академигі,
геологиялық зерттеу жұмыстарымен айналысқан ғалым Қаныш Имантайұлы
Сәтбаев қай жерде дүниеге келді? ( Павлодар обл, Баянауыл
ауылы)
-
Ақмола
облысы
1824 жылы Есілдегі әскери
бекініс ретінде пайда болған, 1868 жылы қала мәртебесін алған. 1954
жылы тын игеруге байланысты Целиноград деп аталған қала? (
Астана)
-
Жамбыл
облысы
Қала алдымен Түргеш, кейіннен
Қарлұқ қағанатының орталығы болған.
Қазақстандағы ең ежелгі
қалалардың бірі 2002 жылы өзінің 2000
жылдық тойын тойлаған қала
(Тараз)
-
Қызылорда
облысы
1925 жылдан қазіргі атымен
аталды. 1925 жылдан Қазақ автономиялы республикасының астанасы
Орынбордан осында көшірілуіне байланысты осылай деп өзгертілген
қала. (Қызылорда)
6-кезең.
«Жерұйық».
Жер мәселесі қазіргі таңда
кімді болмасын алаңдатары сөзсіз. Ұлттық рухани дүниеміздің
жанашырлары мектебіміздің ардақты ұстаздарының ойыншыларға қояр
сұрақтары бар екен. Ендеше «Бейне сұраққа»
көшелік.
(Экраннан сұрақ қойылатын
адамның суреті мен сұрағы шығады)
1-сұрақ. Сарепта ауылының оңтүстік
шығысында Сасықкөл жағасында кімнің мазары
бар?
Жауап. Итемген бидің. (Итемген
Сеңгірбекұлы 1753-1843 жылдары өмір сүрген. Ақылгөй, тапқыр адам
болған.)
2-сұрақ. Сарепты елді мекенінде
Қарағанды лагері қай жылы құрылды және қай жылы
таратылды?
Жауап. 1931 жылы лагерь таратылды,
тұтқындар босатылды. Темір торлар бұзылып, барақтар тұрғын үйге
айналдырылды. (1962 жылы осы жерде Дзержинск совхозы құрылды.
Орталығы қазіргі біз тұрып жатқан Сарепта
ауылы)
Қорытынды. Осы сайыс
оқушылардың өзінің туған жерін оқып білуге, зерттеу қабілетінің
дамуына, адамгершілік, ұлтжандылық, ұлттық мәдениетті дәріптеу
дағдыларының жетіле түсуіне жол ашады. Оқушының жеке тұлға ретінде
қалыптасуына септігі тиеді.
Міне, «Атажұрт» этнографиялық
және тарихи танымдық ойыны өз мәресіне жетті. Ендігі кезекті
әділқазылар алқасына берейік.
Әрқашан да елін, жерін
қастерлеген ұрпақпыз. Отанымыздың байлығын көзіміздің қарашығындай
сақтайық!