Сабақтың тақырыбы: Атауыш, көмекші және одағай сөздерСабақтың мақсаты:а) білімділік: оқушыларға тіркесті сөздер, оның түрлері, жасалу жолы жайлы толық мәлімет бере отырып олардың ой - пікірін қалыптастыру.ә) дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тілмәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеуСабақтың түрі: қалыпты сабақСабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, сұрақ - жауап,, бағалау, бекіту қорытындылау.Сабақтың көрнекілігі: кітап, үлестірмелі қағаздар.Сабақтың барысы ІІ. Ұйымдастыру кезеңі: • оқушылармен сәлемдесу; • оқушыларды түгелдеу ІІ. Үй тапсырмасын тексеру ІІІ. Жаңа сабақ Тіліміздегі сөздер лексика - грамматикалық белгілеріне қарай атауыш, көмекші және одағай сөздер болып үш топқа бөлінеді. Атауыш сөздер деп толық лексикалық мағыналары бар сөздер аталады: жер, аспан, алты, бүгін, алу, беру Көмекші сөздер деп лексикалық мағыналары жоғалған сөздер: дейін, шейін, туралы, асты, үсті, мыс, міс, таман Одағай сөздер - деп адамның әр түрлі көңіл - күйін білдіреді: аһ, тәйт, Атауыш сөздер - есімдер, етістіктер болып екі салаға бөлінеді. Ал есімдер атаушы, үстеуші болып ажыратылады.Мен жазбаймын өлеңді ермек үшінМен - айтушы адамЖазбаймын - қағаз бетіне сөзді түсіру не түсірмеуӨлеңді - белгілі бір ұйқаспен айтылатын сөзЕрмек - уақыт өткізу үшін жасалатын іс - әрекетҮшін – мағынасы жоқ, ермек сөзінің жетегінде тұрып сөзбен сөзді байланыстырады. Ал үшін дегеннің мұндай мағынасы жоқ. Бұл сөйлемде үшін деген сөз ермек деген сөздің жетегінде тұрып, сол сөзге мақсаттық мән үстейді де, ермек сөзін жазбаймын дегенмен байланыстырады. Сөйлемде белгілі бір мағынаны білдіретін, белгілі бір ұғымның атауы болып табылатын сөздерді атауыш сөздер деп атайды. Ал ондай мағына білдіре алмайтын, тек басқа сөздердің жетегінде жұмсалатын сөздерді көмекші сөздер дейді. Атауыш сөздер өз бетімен белгілі бір мағынаны білдіретіндіктен, белгілі бір сұраққа жауап бере алады. Ал көмекші сөздер жеке тұрып белгілі бір мағынаны білдіре алмайтындықтан, белгілі бір сұраққа да жауап бере алмайды. Демек, сөйлем ішінде оның белгілі бір мүшесі бола алмайды. Әдетте көмекші сөздер өзі жетегінде жұмсалған сөзбен қабаттасып қолданылады, сол сөзге қосымша мән үстейді не ол сөзді басқа сөзбен байланыстырып тұрады. Жоғарыдағы сөздерді талдасақ, былай болар еді:Кім жазбаймын дейді?— мен — бастауыш,Мен не істеймін?— жазбаймын — баяндауыш1_Нені жазбаймын? өлеңді — толықтауыш,Не үшін (мақсатпен) жазбаймын?— ермек үшін — пысықтауыш.Үшін деген сөзге жеке сұрақ қоюға болмайды, сондықтан ол жеке тұрып сөйлем мүшесі де бола алмайды. Одағай сөздер - адамның әр түрлі көңіл-күйін білдіреді немесе жан-жануарларды шақыру мәнінде қолданылады. Олар да сөйлем мүшесі бола алмайды. Толық мағынасы болмағандықтан, белгілі бір сұраққа да жауап бермейді. Мысалы: Па, шіркін! Сөзің сөз - ақ екен!IV. Жаттығу жұмыстары 74 - жаттығу. Атауыш сөздер мен көмекші сөздерді ажыратуДемалысымызға – атауыш,- дейін – көмекшіШегінген, шабуыл – атауыш, - кезінде - көмекшіЖаяу, машинаға, танкіге, жау танкісіне – атауыш, де - көмекші сөзАнтоним сөз – артта – алдыда, жаяу жүру - машинаға міну75 - жаттығу.Қазыбектің – анықтауыштық, өнері – бастауыш, несі?, жеткізбейтін жүйрік – анықтауыш, оның – анықтауыш, иіліп, бүгілгенде, бұратылады – пысықтауыш, бақанға мысықтай – пысықтауыш, екі сырықты – толықтауыш, аяқты кісіге – толықтауыш, суға малтуы – пысықтауыш, үйрек – бастауыш, ешкім қарғи алмайды – анықтауыш, цирктің артистерінен – толықтауыш76 - жаттығу. Мәтіннен одағай сөздерді табу. Беу, дүние - ай – таңдану - шаттану, апырмайV. Сабақты қорытындылауСөздің неше түрі бар?Атауыш сөздер мен көмекші сөздердің айырмашылығы неде?Одағай сөздердің неше түрі бар?
VI. Үйге тапсырма: Ережені жаттау және Қаныш Сәтбаев – ұлт мақтанышы тақырыбында шығарма жазу
VII. Бағалау