"Әтештің оқиғасы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Әтештің оқиғасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл 3-7 жас аралығындағы балаларға арналған ертегі болып табылады. Яғни балаларға кішкентай кезден бастап жақсы қасиеттерге баулу мақсатында жазылған ертегі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әтештің оқиғасы

Ертеде бір ауылда әтеш болыпты. Ол өте әдемі, сымбатты болған екен. Оған сол ауылдың барлық әтеш пен тауықтары қызығады екен. Бірақ әтештің даусы сол ауылдағы әтештерден жаман болады. Ол таңертең ерте оянып сол ауыл тұрғындарын оятады екен. Бірақта ауыл тұрғындары да әтештің даусын ұнатпай, оны қарғап-сілеп тастайды екен. Сөйтіп, бір күні әтеш аулада жалғыз өзі отырып ойланады екен:

-Неге осы мен сымбаттымын, әрі осы ауылдың барлық әтеш пен тауықтары маған қызығады, бірақ менің дауысымды естіген кезде барлығы қасыма жоламай қалады,- деп мұңайып, жылап жібереді. Солай әтештің күні өте береді. Бір күні осы ауылда тұратын Ермек әтешті жаман қарғап, яғни «үнің өшкір ӘТЕШ» деп айтады. Ертесіне таңертең әтеш ерте оянып ауыл тұрғындарын оятайын десе даусы шықпай қалады екен. Тағы да ку-ка-ре-ку дейін десе даусы шықпайды екен. Әтеш ойлана-ойлана қуанып енді менің дауысымды ешкім естімейді деп ауылды аралауға шығады. Сөйтіп жол-жөнекей ауылдағы әтеш пен тауықтарды кезіктіреді. Олар сен неге бүгін бізді оятпадың деп сұрақ қояды. Бірақ әтеш даусы жоқ екенін біліп, ештеңе демей өз жайына кете береді. Ал аналар қызығып қарап қалады. Дәл сол кезде қалада жұмыс жасайтын адамдар үйлерінен атып шығып, асығып жұмыстарына кешігіп, жүгіріп барады.

Сол кезде бір ауыл адамы әтешке:

-Сен неге бүгін таңертең бізді оятып шақырмадың дейді!?

Сол кезде әтеш:

-Менің дауысым жоқ мінекей- деп бар дауысымен айтады. Оны естіген Ермек бұл шамасы менің ісім болдығой деп ойланады. Негізінде Ермекте жұмысына кешігіп бара жатқан болатын. Солай ол жұмысына келіп ары ойланып, бері ойланып өзінің жұмысы жайына қалады. Арада тағы біраз күн өтеді. Ауыл адамдары күнде жұмысқа кешігіп баратын болады. Солай барлық тұрғын жұмыстан келген соң Ермек ауыл адамдарын жиып жиналыс өткізіп, өзінің әтешті қарғағанын айтып береді. Бұған ашуланған ауыл адамдары Ермекке әтештен кешірім сұрап, бізді таңертең оятуын өтінесің деп айтады. Сөйтіп ол әтешке келіп кешірім сұрап, оятуын өтінеді. Әтеште негізі адамдардың жұмысқа кешіккенін көріп күнде көңілі толмай жүреді. Ертесіне әтештің даусы орнына келіп ауыл тұрғындарын оятады. Бұған қатты риза болған ауыл адамдары мен Ермек ешқашан әтешті жамандамайтын болған екен.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.05.2021
656
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі