Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
АТФ синтезі: глюкозаның анаэробты және аэробты ыдырау кезеңдері.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
10 сынып ЖМБ №20
ДӘІЖО___________
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
«»
КММ
(білім беру ұйымының
атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
АТФ синтезі: глюкозаның анаэробты және аэробты ыдырау кезеңдері.
§41.Аденозинүшфосфор қышқылын синтездеу: глюкозаның анаэробты ыдырау кезеңі. §42.Аденозинүшфосфор қышқылын синтездеу: глюкозаның аэробты ыдырау кезеңі.
(Сабақ тақырыбы)
Бөлім: |
Тыныс алу |
Педагогтің аты-жөні: |
|
Күні: |
|
Сыныбы: 10 «ә,б» |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: |
АТФ синтезі: глюкозаның анаэробты және аэробты ыдырау кезеңдері. §41.Аденозинүшфосфор қышқылын синтездеу: глюкозаның анаэробты ыдырау кезеңі. §42.Аденозинүшфосфор қышқылын синтездеу: глюкозаның аэробты ыдырау кезеңі. |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
10.1.4.2- анаэробты және аэробты тыныс алу барысындағы АТФ синтезін салыстыру; |
Сабақтың мақсаты: |
анаэробты және аэробты тыныс алу барысындағы АТФ синтезін салыстырады; |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі |
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Сабақтың басы Бұрынғы білімін еске түсіру |
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тәртібін қадағалау. «Бір қадам алға..» әдісі арқылы өткен материалды және үй жұмысын пысықтау мақсатында тапсырма беру. Вордвоол ойыны. «Ойнайық та, еске түсірейік!» |
Оқушылар амандасады, сынып тәртібін сақтайды. Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды. Өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді. Берілген тапсырманы орындайды. |
Дескриптор: - әр дұрыс жауапқа – 1 балл; |
Интерактивті панель, презентация https://wordwall.net/ru/resource/81604250
|
Оқушылардың назарын аудару |
«Қызықты деректер мен оқиғалар» - Тақырыпқа байланысты қызықты фактілер, оқиғалар немесе нақты өмірден алынған мысалдар оқушылардың назарын аударуға көмектеседі және олардың материалды жақсырақ есте сақтауына ықпал етеді. «Миға шабуыл сұрақтары» әдісі. Аэробты тыныс алу барысында глюкоза қандай өзгерістерге ұшырайды? Организмде АТФ қоры қандай процестердің нәтижесінде толықтырылады? Бұл прцестердің энергетикалық тиімділігі қандай? |
Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды. Өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді. «Миға шабуыл сұрақтары» әдісіндегі сұрақтарға жауап береді. Бір-бірімен пікір алмасады. Берілген сұрақтардың биологиялық маңызын сипаттайды. |
Дескриптор: -сұрақтарға жауап береді – 3 балл; |
Интерактивті панель, презентация Биология 10-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2019ж |
Сабақтың мақсатын таныстыру |
10.1.4.2- анаэробты және аэробты тыныс алу барысындағы АТФ синтезін салыстыру; |
Жаңа сабақтың оқу мақсатын жазады. |
Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады. «Керемет!» және т.б |
Интерактивті панель, презентация Биология 10-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2019 ж |
Құндылық: «жасампаздық және жаңашылдық» |
Теориялық білім: анаэробты және аэробты тыныс алу барысындағы АТФ синтезін сипаттайды; Практикалық дағдылар: анаэробты және аэробты тыныс алу барысындағы АТФ синтезін салыстырады; Функционалдық сауаттылық: анаэробты және аэробты тыныс алу барысындағы АТФ синтезін түсіндіреді; |
Сабақтың оқу мақсатымен байланысты басты құндылықтармен танысады. Ой қозғау жүзеге асады. |
Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады. «Керемет!» және т.б |
Интерактивті панель, презентация |
Сабақтың ортасы Жаңа тақырыпты таныстыру |
«Бейнетүсіндіру» әдісі. мұғалім жаңа сабақты бейне сурет, кесте арқылы түсіндіру. Суреттегі кілт сөздер: Анаэробты тыныс алу Аэробты тыныс алу АТФ Пирожүзім қышқылы Фруктоза-1,6-бифосфаты Сүт қышқылы НАДН2 Спирттің және сүттің ашуы Аэробты кезең Ацетил-КоА НАД(Н) АТФ-синтетаза |
Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды. өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді. |
Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады. «Керемет!» және т.б |
Интерактивті панель, презентация Биология 10-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2019 ж |
Оқушыларға бағыт бағдар беру |
Вордвоол ойыны. «Ойнайық та, түсінейік!» |
Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды. Өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді. Берілген тапсырманы орындайды. |
Дескриптор: - әр дұрыс жауапқа – 1 балл; |
Интерактивті панель, презентация https://wordwall.net/ru/resource/81604720 |
Практикалық тапсырмалар беру |
Топтық/жұптық жұмыс: «Айырмашылығы неде?» әдісі. Оқушыларға екі түрлі мəтін немесе екі түрлі сурет көрсетіңіз. Екеуінің арасындағы айырмашылықты анықтауды сұраңыз. Жауаптарын дəлелдеп отырулары керек. 1-топ/жұп: «АТФ синтезі: глюкозаның анаэробты және аэробты ыдырау кезеңдеріндегі айырмашылық неде?» 2-топ/жұп: «Аденозинүшфосфор қышқылын синтездеу: глюкозаның анаэробты және аэробты ыдырау кезеңіндегі айырмашылық неде?» 3-топ/жұп: «Кребс циклі мен тыныс алу үдерісіндегі айырмашылық неде?» |
Оқушылар топтасып өздеріне берілген тақырыптар бойынша оқулықтан мәліметтер іздейді. Топта бір-бірімен пікір алмасады. Ой қозғау жүзеге асады. Глюкозаның анаэробты және аэробты ыдырау кезеңдеріндегі айырмашылығын сипаттайды. Глюкозаның анаэробты және аэробты ыдырау кезеңіндегі айырмашылығын атайды. Кребс циклі мен тыныс алу үдерісіндегі айырмашылығын түсіндіреді. |
Дескриптор: - глюкозаның анаэробты және аэробты ыдырау кезеңдеріндегі айырмашылығын сипаттайды – 5 балл; - глюкозаның анаэробты және аэробты ыдырау кезеңіндегі айырмашылығын атайды – 5 балл; - Кребс циклі мен тыныс алу үдерісіндегі айырмашылығын түсіндіреді – 5 балл; |
Интерактивті панель, презентация Биология 10-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2019 ж А3,А4 формат қағазы, маркер |
Бағалау |
Функционалдық сауаттылықты арттыру тапсырмасы ҚМЖ қосымшасында орналасқан. |
Функционалдық сауаттылықты арттыру тапсырмаларын орындайды. Ой қозғау жүзеге асады. |
Функционалдық сауаттылықты арттыру тапсырмасының дескрипторы ҚМЖ қосымшасында орналасқан. |
Интерактивті панель, презентация Жұмыс дәптері |
Сабақтың соңы Кері байланыс беру |
1,2-«Бүгін сабақта салыстырдым» 3- «Бүгінгі сабақта маған түсіну қиынға соқты» 4-«Менің жеңісім» |
Білім алушылар өздері зерттеген, қиынға соқтырған және өз жеңісін жазады, кері байланыс береді. |
Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады. «Керемет!» және т.б |
Интерактивті панель, презентация |
Білімді игеруді жақсарту және оны тәжірибеге көшіру |
Шығармашылық жұмыс §43.Метаболизм түрлері |
Оқушылар берілген тақырыпша бойынша тірек сызба жасайды, берілген тапсырманы орындайды. |
Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады. «Керемет!» және т.б |
Биология 10-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2019 ж |
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРҒА ҚОСЫМША
АТФ синтезіне байланысты қызықты фактілер
-
Жылдамдық: Әрбір жасуша әр секунд сайын миллиондаған АТФ молекуласын синтездейді және пайдаланады. Әсіресе, адамның денесі бір күнде өз массасынан үлкен көлемде АТФ өндіреді.
-
Дене қызуы: АТФ синтезі және оның ыдырауы жылу бөлумен қатар жүреді, бұл дененің тұрақты температурасын сақтауға көмектеседі.
-
Әсері: Энергия тапшылығы (мысалы, гипоксия жағдайында) ми мен жүрек жұмысының нашарлауына әкелуі мүмкін, себебі бұл органдарға энергия көп қажет.
«Бейнетүсіндіру» әдісі. мұғалім жаңа сабақты бейне сурет, кесте арқылы түсіндіру.
Оқушыға беретін мәтін
Бұлшықет қажуы және аэробты, анаэробты тыныс алу үдерістері арасындағы байланысты қарастыру.
Жасушалық тыныс алу субстраттары:
-
Көмірсулар – көптеген жасушалар тыныс алу субстраты ретінде көмірсуларды пайдаланады.
-
Липидтер – көмірсулардың қоры тауысылғанда жасушалар майларды тыныс алу субстраты ретінде қолданылады.
-
Нәруыздар – көмірсулардың және майлардың барлық қоры тауысылғанда жасуша тыныс алу субстраты ретінде нәруыздарды пайдаланады.
Жасушалық тыныс алудың екі түрі бар:
-
Анаэробты немесе гликолиз
-
Аэробты
Анаэробты тыныс алу үдерісі кезінде глюкоза пирожүзім қышқылына дейін ыдырайды. 6С бір глюкоза молекуласынан 3С екі пирожүзім қышқылы түзіледі. Жасуша цитоплазмасында жүретін үдеріс, оттегі қатыспайды. Оттексіз ыдырау. Соңында энергия 2 АТФ молекуласы түрінде түзіледі.
Анаэробты тыныс алу реакциясы:
С6Н12О6 + 2НАД 2С3Н4О3+2АТФ+2НАД*Н+2Н
Анаэробты тыныс алу үдерісі жасушаның цитоплазмасында жүретін үдеріс, оның екінші атауы гликолиз.
Гликолиз негізінен үш кезеңнен құралады:
Фосфолирлену – АТФ-ң екі молекуласы жұмсалады, қант молекуласына фосфор қышқылының молекуласы қосылады.
Ыдырату/бөлшектену – 6С-қант екі 3С-қант молекулаларына дейін ыдырату үдерісі. Екі сахарофосфат молекуласы пайда болады.
Тотығу – әр бір 3С-сахарофосфат молекулсы пирожүзім қышқылына айналады. 2 молекула НАДН және 4 молекула АТФ түзіледі.
Аэробты тыныс алу үдерісі анаэробты тыныс алу кезінде түзілген пирожүзім қышқылының СО2 мен Н2О дейін ыдырауымен жүреді. Митохондрияларда жүретін үдеріс, оттектің қатысуымен жүретін үдеріс. Энергия 38 АТФ молекуласы түрінде босап шығады.
Аэробты тыныс алу реакциясы:
С6Н12О6 + 6О2 6СО2 + 6Н2О + 38АТФ
Жасушада аэробты тыныс алу үдерісі митохондрияда жүреді.
Аэробты тыныс алу үдерісін үш кезеңнен құралады:
Аралық/көпір кезеңі – пирожүзім қышқылының әр бір екі молекуласы митохондрияның матриксінде А коферментімен /КоА/ тобымен қосылып, нәтижесінде ацетилкофермент түзіледі /ацетил-КоА/2С/. Бұл кезеңде декарбоксилирлену үдерісінің арқасында 2 молекула СО2 бөлінеді, нәтижесінде 2 молекула НАДН түзіледі.
Кребс циклі – митохондрияның матриксінде жүреді, 2С- ацетил-КоА циклге енеді, 4С-оксалоцетат молекуласымен қосылады, нәтижесінде лимон қышқылы түзіледі /6С/. Кребс циклінің нәтижесінде циклге енген бір ацетил-КоА молекуласынан 2СО2, 1АТФ, 3НАДН және 1 ФАДН молекулалары түзіледі. Бір глюкоза молекуласын ыдырату үшін кребс циклі екі рет айналу керек, сонда жоғарыда аталған сандарды екіге көбейту керек болады.
Тыныс алу тізбегі және тотықтырушы фосфорлену – митохондрияның кристаларында жүретін үдеріс, тыныс алу тізбегінде жоғарыда аталған процестерде түзілген барлық НАДН пен ФАДН молекулалары өздерінің электрондарын кристада орналасқан нәруыздардың тізбектеріне береді, протондар /Н+/ НАД пен ФАД молекулаларынан ажырайды да кристаларда орналасқан тасымалдаушы нәруыздар арқылы митохондриядағы мембрана аралық қуысқа өтеді.
Электрондар нәруыздардың тізбегі арқылы өтіп, соныңда О2 молекуласымен қосылады да су молекуласы түзіледі.
Мембрана аралық қуыста протондардың концентрация өскенде, Н+ АТФ-синтеза арқылы митохондрияның матриксіне қайтадан өтеді, нәтижесінде 34 АТФ молекулалары синтезделеді.
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ТАПСЫРМАСЫ
Оқушының аты-жөні: _____________________________________________сыныбы___________
Зерттеу мәтіні: "Ғалымдар адам ағзасындағы глюкозаның ыдырауының екі кезеңін зерттеді: анаэробты (гликолиз) және аэробты (митохондриядағы процестер). Олардың әрқайсысында түзіліп шығатын энергия мөлшері әртүрлі."
Тапсырмалар:
Тест сұрақтары:
-
Гликолиз нәтижесінде қанша молекула АТФ түзіледі?
-
A) 2 молекула
-
B) 4 молекула
-
C) 36 молекула
-
D) 38 молекула
-
Жауабы: A) 2 молекула
-
Аэробты ыдырау кезінде ең көп энергия қай кезеңде түзіледі?
-
A) Гликолиз
-
B) Пируваттың тотығуы
-
C) Кребс циклі
-
D) Электрондар тасымалдау тізбегі
-
Жауабы: D) Электрондар тасымалдау тізбегі
Кесте: Анаэробты және Аэробты ыдыраудың салыстыруы
Факторлар |
Анаэробты ыдырау |
Аэробты ыдырау |
Орналасуы |
Цитоплазма |
Митохондрия |
АТФ мөлшері |
2 молекула |
36-38 молекула |
Оттегі қажеттілігі |
Жоқ |
Қажет |
Өнімдер |
Пируват, НАДН |
CO2, су, АТФ |
Талдау сұрағы: Глюкозаның анаэробты ыдырауынан бастап аэробты ыдырау процесіне өтудің қандай биологиялық артықшылықтары бар?________________________________________________________
Жауап үлгісі: Анаэробты ыдырау жылдам болса да, энергияны аз береді. Аэробты ыдырау көп энергия береді, бұл жасушаның ұзақ мерзімді энергетикалық қажеттіліктерін тиімді қамтамасыз етеді.
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАР
Оқушының аты-жөні: _____________________________________________сыныбы___________
1-тапсырма.
Сіз ішетін тағамнан түзілген энергия қандай молекула түрінде сақталады?
.......................................................................................
Молекуланың қай жерінде энергия жинақталған?
.......................................................................................
2-тапсырма.
АТФ дегеніміз не?
.......................................................................................
Жасушадағы АТФ-тың маңызы неде?
......................................................................................
3-тапсырма.
АТФ-тың құрылымдық бөліктерін анықтаңыз : (рибоза, фосфат және аденин)
4-тапсырма.
Глюкозаның аэробты және анаэробты тыныс алу процестерін салыстырыңыз
Ерекшеліктері |
Аэробты тыныс алу |
Анаэробты тыныс алу |
Жасушада жүретін орны |
|
|
Анықтамасы |
|
|
Реакцияға дейінгі заттар |
|
|
Реакциядан кейінгі түзілетін заттар |
|
|
Нәтижесінде түзілген АТФ саны |
|
|
Бөлінетін энергия саны |
|
|
Ұқсастықтары |
|
Дескриптор:
- тағамнан түзілген энергияның молекуласын сипаттайды – 1 балл;
- молекуладағы энергияны анықтайды – 1 балл;
- АТФ-ті және оның жасушадағы маңызын түсіндіреді – 1 балл;
- АТФ құрылымдық бөліктерін анықтайды – 1 балл;
- глюкозаның аэробты және анаэробты тыныс алу процестерін салыстырады – 1 балл;