Материалдар / Атқа мінгізу. Мезгіл үстеуі (Үстеу. Мезгіл үстеу. Мекен үстеу. Салтымнан таны халқымды) 6-сынып. Сабақ жоспары ҚМЖ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Атқа мінгізу. Мезгіл үстеуі (Үстеу. Мезгіл үстеу. Мекен үстеу. Салтымнан таны халқымды) 6-сынып. Сабақ жоспары ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
"Мектеп" баспасы. Әдістемелік нұсқау талаптары бойынша жазылды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Ақпан 2024
130
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі Т1

Күні:

Сынып: 6

Педагогтің аты-жөні:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Атқа мінгізу. Мезгіл үстеуі

(Үстеу. Мезгіл үстеу. Мекен үстеу. Салтымнан таны халқымды)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

6.4.4.3 - үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану.

Сабақ мақсаттары

- үстеудің мағыналық түрлерін ажыратады, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолданады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Психологиялық ахуал

Оқушыларды түгелдейді, Үй тапсырмасы сұралады.

Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер.
Жаттығу шарты: Қобдишадан әрқатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша өзінің сыйлығын айтады.


Мұғалімнің кері байланысы

Оқу құралдары

Жаңа сабаққа кіріспе

Ойқозғау

1-тапсырма.


Жаңа сабақты баяндамас бұрын Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» киносынан үзінді көрсету.

(Қожаның сөмкеге бақа салу сәтінен үзінді)

Сұрақтар:

- Кімнің, қандай шығармасынан алынған?

- Қожаның қай сәтінен көрініс?

- Бірақ Қожаның бақаны кашан? қайтіп? қалай? не үшін? не себепті? салғанын білмейсіздер, солай ма? Енді мысал сөйлемдерге назар аударайық.

 1. Қожа топ-тобымен жатырған бақаларды көрді.

2. Қожа сөмкеге бақаны лезде салды.

3. Қожа сөмкеге бақаны құр босқа салды.

4. Қожа сөмкеге бақаны қасақана салды..

5. Қожа сөмкеге бақаны салып, кейін қайтты.

6. Қожа сөмкеге бақаны бүгін салды.

7. Қожа сөмкеге бақаны онша қорықпай салды.

8. Қожа сөмкеге бақаны аса сақтықпен салды.

(Сөз табына талдату, таныс емес сөз табын таба алуға жетелеу. Сын-сапаның да түрлі белгісін білдіретінін түсіндіру. Түрленбейтінін лезде үстеуі арқылы дәлелдету.)

Ынталандыру стикерлері беріледі

Оқушылар бас бармақ арқылы қаншалықты түсінгенін көрсетеді.






Сабақтың ортасы












2-тапсырма

Грамматикалық тақырып












Жұптық жұмыс.

Тапсырма.

Үстеу Ережемен танысу. Үстеу – іс-әрекеттің түрлі белгілерін: амалын, тәсілін, сипатын, жай-күйін, мекенін, мезгілін, себебін, мақсатын білдіретін сөздер.

Мезгіл үстеу

Мекен үстеу

Сын-қимыл үстеуі

Мөлшер үстеу

Күшейткіш үстеу

Мақсат үстеу

Себеп-салдар үстеуі

Кеше, бүгін

Жоғары, төмен

Ақырын, әрең

Біраз, едәуір

Әбден, тым

Әдейі, жорта

Босқа, бекерге

Мезгіл үстеуі

Анықтамасы

Қимылдың, іс-әрекеттің өту мерзімін білдіреді

Сұрақтары

Қашан? Қай уақытта? Қашаннан?

Мысалы

Биыл, күздей, ала жаздай, былтыр

Мекен түстеуі

Анықтамасы

Қимылдың, іс-әрекеттің өту орнын, бағытын білдіреді.

Сұрақтары

Қайда? Қайдан?

Мысалы

Осында, мұнда, артта, төмен, әрі-бері, жоғары

Оқушылар ережемен танысқан соң, «иә, жоқ» форматындағы сұрақтар құрастырады.

Дескриптор;

- үстеудің мағыналық түрлерін ажыратады,








.


Интерактивті тақта




Жаттығу жұмыстары

3-тапсырма

Тақтамен жұмыс.

Сыныппен орындайды


4-тапсырма

Топтық жұмыс

«Сөздер банкі» әдісі


Берілген сөздерге сұрақ қойып, тиісті бағанға жазыңдар.

Бүгін, кеше, артта, қазақша, осында, шапшаң, бағана, ертең, сыртта, шалқасынан, бірте-бірте, ақырын, ілгеріде

Қайда?

Қашан?

Қалай?





Үстеулерді құрамына қарай топтастырып жазыңдар.

Зорға, кеше, әрең, қасақана, амалсыздан, ілгері-кейінді, қыранша, күні бойы, бұрын, таңертең, таң сәріде, емін-еркін, балаша, бекер, жоғары, көп, жазыдгүні, ала жаздай.

3 топ 3 түрін ажыратады.


Негізгі түбір Туынды түбір Күрделі


Дескриптор;

- үстеудің мағыналық түрлерін ажыратады,



Сергіту сәті

« Суреттерді аяқтайық » жаттығуы


Алдын-ала тақтаға мысықтың және қоянның құлақтары салынған плакат ілініп дайындалады . Оқушылардың көздері шарфпен байланады да , олар кезек-кезекпен шығып , бірі денесін , бірі басын , бірі аяғын салады , осылайша жалғаса береді .



Сабақтың соңы

6-тапсырма.

«Кім жылдам?»

Жеке жұмыс

Берілген үстеулерді орфографиялық нормаға сай жазып, мағыналық түрлерін ажыратыңдар.

Алажаздай, ендігі әрі, таң ертең, қысы жазы, бүгүн, күнібойы, жазды күні, ілгері кейін, тұстұстан, алды арты, төмөн, емін еркін.

Дескриптор;

- үстеудің мағыналық түрлерін ажыратады,



Кері байланыс

3 минут

Рефлексия. «Миыңның суретін сал»



Үй жұмысы:

Оқушылар мидың суретін дəптерге салады да, оны сабақ кезінде меңгерген білімдерін білдіретін сөздермен толтырады.



7-тапсырма. Жұмбақтарды шешіңдер


















І. Жәрмеңкелер. Қазақстанның экономикалық дамуының айқындаушы факторлардың бірі жәрмеңкелер болды. Қазақстанда ең бірінші жәрмеңке 1832 ж. Бөкей ордасында ашылды. XIX ғасырдың 40-жылдарында пайда болған жәрмеңкелік сауда кеңінен дамып, XIX ғасырдың 80-90-жылдары Қазақстандағы сауданың басты түріне айналды. Ірі жаздық жәрмеңкелерден бөлек ұсақ күздік жәрмеңкелер де болды.. Жәрмеңкелерде қазақтар саудаға шығарған ең басты өнімдері: ірі қара мал, қой, жылқы, ешкі, түйе, тері, тоң май, жүн, қыл, ішек өнімдері, сонымен қатар мал шаруашылығы өнімдері: киіз, шекпен, ер тоқым, жергілікті аяқ киімдер және т.б. заттар болды. Жәрмеңкелерге сонымен қатар нан тауарлары да түсті. Ресейден жәрмеңкелерге негізінен фабрика-заводтан шыққан тауарларды – мақта, шұға және жүннен тоқылған маталар, галантереялық, москательді тауарлар, металл, былғары және ағаштан жасалған бұйымдар, шишадан және фарфордан жасалған ыдыстар, шай, құмшекерді әкеліп сатты. Жәрмеңкелерде сонымен қатар, Орта Азиядан әкелінген, азиялық деп аталатын тауарлар да болды – халат, көрпе, кілем, мақтадан және жібектен тоқылған маталар, кептірілген жемістер және т.б. Осылайша, жәрмеңкелерде, Қазақстан мен Ресей арасындағы сауданың отарлы сипаты көрініс берді – Қазақстанның ауыл шаруашылық өнімдері ресейлік өнеркәсіптік бұйымдарға айырбасталды.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!