Материалдар / Аттестация денгейлік тапсырмалар мұғалімдерге
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Аттестация денгейлік тапсырмалар мұғалімдерге

Материал туралы қысқаша түсінік
Eмтихан сұрақтары Аттестация денгейлік тапсырмалар мұғалімдерге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Маусым 2018
704
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Eмтихан сұрақтары


А блогы. (1-26 – тек бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмалалары)

1. Бірінші деңгей бағдарламасын игерген мұғалімдердің негізгі функциясы

А) оқушылардан алынған сауалнаманы ескере отырып, сыныпта оқытуды, басқаруды жақсартуға назар аудару В) оқыту және оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізу мақсатында өз мектептерін дамыту бағдарламасына әзірлеу С) оқытудағы кедергілерді анықтау және әдістемелерді жетілдіру үшін сыныпта іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу D) оқытуды жақсарту үшін ойлау тәсілдерін қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспарлау үдерісінде біріктіру

E) ұсынылған бағдарламаға сәйкес сыныпта оқытуды және оқушылардың білім алуын басқару

2. Бірінші деңгей бағдарламасының басымдылығы

А) мектеп әкімшілігін басқаратын көшбасшыларды демократиялық көзқарастар негізінде даярлау

В) мектеп жағдайында коучингті іске асыруды үйрететін көшбасшыларды дайындау

С) мектеп жұмысы мен оқытудың басты нысаны оқушы жетістіктерін зерттеуді дамыту

D) мектеп ішінде өз әріптестіріне ықпал етуге қажетті тәлімгерлік дағдыларын дамыту

E) мектепте табысты мұғалімдердің қасиеттерін, икемдіктері мен жұмыс тәртібін дамыту

3. Ынталандыру, көтермелеу, шектеу, сабақтар кезеңдерін жоспарлау және оқушыларды бағалау әдістемелерін меңгеру – табысты мұғалімдерге тән белгілердің қай түріне жатады?

А) кәсіби түсінік В) кәсіби-адамгершілік тұтастық С) оқытудың әлеуметтік қағидалары

D) оқытудың тәжірибелік дағдылары E) оқытудың теориялық негіздері

4. Әлемді өзгеше қырынан қарастыру арқылы танып-білуге бағытталған оқу

А) ақпарат жинақтау В) білімнің сандық ұлғаю

С) есте сақтау D) мағынаны ұғыну және оның мәнін анықтау

E) шынайылықты өзгеше түсіну және түсіндіру

5. Бақылау, тәжірибе, толғану және пайымдау нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуге қолданылатын әдіс

А) абстрактілі ойлау В) конструктивті ойлау С) креативті ойлау D) рационалды ойлау

E) сын тұрғысынан ойлау

6. Сын тұрғысынан ойлаудың негізгі дағдылары болып табылады

А) интерпретация, талдау, қорытынды, метатану

В) қадағалау, талдау, зерттеу, метатану

С) қолдану, талдау, метатану, тұжырым жасау

D) реттеу, жинақтау, ой-қорыту, түсіндіру

E) түсіндіру, білу, қорытынды жасау, өзіндік бағалау

7. Дарынды және талантты оқушылардың мінез-құлықтарының пайдалы тізіміне сәйкес креативті ойлаудың сипаттамасы

А) жаңа жағдайларға тез бейімдегіш

В) зияткерлік пайымдауы мен қиялы дамыған

С) логикалық және сараптамалық ойлау жүйесі дамыған

D) өзін өзі сынауға және бағалауға бейім E) Өктем пікірлерге кекесінмен қарайды

8. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін, олардың оқудағы мүмкіндік деңгейлерін ескере отырып талданатын оқу үлгісі

А) инклюзивті оқыту

В) оқытуды даралау С) оқытуды жобалау D) оқытуды саралау E) сындарлы оқыту

9. Өздігінен реттелетін оқудың аса маңызды болып табылатын үш элементтерінің бірі

А) оқу мақсаты мен міндеті қоятын талаптарды түсінуі

В) оқу үдерісі мен диалогке белсенді қатысуы

С) оқудың дамуы барысында жетекшінің қолдауы

D) проблемалар мен мақсаттарды өздігінен айқындауы

E) проблеманы шешуге арналған әдіс-тәсілдерді сұрауы

10. Оқуды бағалау оқыту үшін бағалауға ауыстырылуы мүмкін жағдай

А) бағалау сипатын өзгерту арқылы В) қайта сұрақ қою арқылы

С) қорытынды шығару арқылы D) мәліметтерді интерпретациялау арқылы

E) толық мәлімет жинау арқылы

11. Мәліметтерді интерпретациялау негізінде ақпараттық қолдану мақсаты мен міндеттеріне сәйкес әртүрлі нысанда жүргізілетін бағалау үдерісі

А) бақылау В) интерпретациялау С) критерийлерді қолдану D) қалыптастырушы E) қорытынды жасау

12. Оқушылардың басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын түсінуіне, өз идеяларын дәлелдеуге көмектеседі

А) бірлескен сұхбат

В) жеке жұмыс С) зерттеу жобасы D) мұғалімнің кеңесі E) сұхбат алу

13. Рефлексиялық оқыту тұрғысынан қолданылатын дағдыға жатады

А) алдын-ала болжанған проблемаларға жалпы сипаттама беру

В) проблема бойынша жасалған негізді жорамаларды мойындау

С) проблемаға қатысты кез келген ақпараттарды жинақтау және реттеу

D) проблемаларды мойындап, оларды шешудің тиімді құралдарын іздеу

E) проблеманы анықтауда жоспарланған ұстаным модельдерімен жүру

14. Оқу мазмұны мен педагогикалық білімдердің біртұтастығы болып табылады

А) білімнің педагогикалық аспектісі В) білімнің технологиялық аспектісі С) пәндік және педагогикалық білім D) пәндік және технологиялық білім E) технологиялық, педагогикалық білім

15. Орта мерзімді жоспарлау немесе тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлаудың мақсаты

А) бағдарлама аясындағы дербес жеке сабақтың ұйымдастырылуы

В) жеке пәннің жоспары арқылы мектепті дамыту жоспарын жасақтау

С) жоспарлау негізді болу үшін пәннің мазмұнына шолу жасау

D) жұмыс кезеңдерінің дәйекті, тізбектеліп ұйымдастырылуы

E) жылдық оқу бағдарламасында пәннің мазмұнының қамтылуы

16. Топтың проблемаларын шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасауға бағытталған іс-әрекетіне негізделген оқу мен оқыту тәсілі

А) бірлескен оқу В) кәсіби әңгіме С) коучинг D) презентация E) топтық оқу

17. Даму қағидатына негізделген тәлімгерлік үдерісінің басты сипаттарының бірі

А) білім алушыларды қандай да бір нақты дағдыны қалыптастыруға арналған

В) дамудың белгілі бір бағыттарын, нақты мәселелерге шешуге бағытталады

С) мұғалімдерге өздерінің оқыту тәжірибесін түсінуіне көмектеседі

D) мұғалімнің кәсіби мәселелерін шешуге басты назар аударылады

E) мұғалімнің қызметкер және тұлға ретінде өсуіне басты назар аударылады

18. Практик-зерттеуші мұғалімдерге тән маңызды фактор

А) ерекше күн тәртібімен жұмыс істеу және тәжірибе

В) мәселені шешудегі ішкі түйсігі және тәжірибесі

С) оқытуда өз тәжірибесі мен білімнің пайдалана алуы

D) терең білімі және мәселені шешуде өзіндік көзқарасы

E) этнографиялық зерттеулер мен жағдаяттық талдау

19. Әріптестерімен бірлесіп жаңа тәсілді оқыту жолдарын және оқу бағдарламаларының аспектілерін модельдейді, жүргізілген зерттеулер туралы көпшілік талқысын ұйымдастырады

А) Lesson study тобы В) бірлескен жұмыс тобы С) кейс-стади тобы

D) үйлестірушілер тобы E) іс-әрекеттегі зерттеу тобы

20. Тәлімгерлікті жоспарлағанда жүзеге асырылатын алғашқы әрекетті анықтаңыз

А) мұғалім сабақтын мақсатын қалай анықтағанын сұрау

В) мұғалімнің оқыту үдерісін бақылау және жазып алып отыру

С) сабақ барысында жиналған деректерді пайдалану

D) сабақ өткізгеннен кейінгі әрекеттерді жоспарлау

E) сабаққа қатысу үшін сыныпқа белгіленген уақытта келу

21. Оқушылар жоғары нәтижелерге жету үшін бірігетін мектептер немесе әріптестер тобының мақсатына жатпайды

А) бір мектептің шегінде оқыту үдерісін жетілдіріу В) жүзеге асыру және мониторингін жүргізу

С) линиялық, бірізді, жалпылама оқыту D) мектепте оқу үдерістерін жетілдіру

E) нәтижеге бағытталған іс-әрекетті жоспарлау

22. Кезекті тапсырмаларды орындауды басқару бағытына сәйкес мұғалім көшбасшылығының рөлі

А) жоғары оқу орындарымен, жергілікті білім беруді басқару органдарымен және ата-аналармен әріптестікті ұйымдастырушы

В) мектеп әкімшілігі тағайындаған әдіскер, коуч, тәлімгер, тренер, зерттеу топтарының зерттеушісі

С) мектепті алға қойылған мақсаттарға сай ілгерілету үшін тиімді жағдайларды қамтамасыз етуші

D) мектепті жетілдіру тобына мүшелік, комитеттерге мүшелік, іскер адамдармен әріптестікті ұйымдастырушы

E) оқу жоспарларын әзірлеуші маман, оқытудағы жаңа тәсілдерді әзірлеуші топтардың басшысы

23. Мектеп көшбасшылығы аясында мұғалімдерге шешім қабылдауға қатысып, мектептің дамуын басқаруға мүмкіндік берудің бір жолы

А) мектеп аясында оқу үдірісін жеке басқаруды шектеу

В) мұғалімдер арасында міндеттерді бөлу

С) мұғалімдер ұжымының пікірін назарға алу

D) мұғалімдердің кәсіби тәжірибесін жұмыста ескеру

E) оқушыларды басқаруда жетекшілік құқығын беру

24. Кәсіби қоғамдастық құру жөніндегі нұсқаулықтағы жұмыс әдістерінің бірі

А) қатысушының пікірі бағаланатын іс-шаралар

В) мектептегі әдістемелік кеңестің іс-шаралары

С) мектептегі кез келген жобаға қаражат бөлу

D) оқушыларды қоғамдық жұмысқа тарту шаралары

E) оқытудың техникалық құралдары пайдалану

25. Мектептің даму нәтижелерін жақсарту үшін мектеп басшылығы ықпал ететін негізгі салалардың бірі

А) жеке жұмыс пен өзіндік оқуды ұйымдастыру

В) жеке мұғалімнің тәжірибесін жетілдіру

С) командалық жұмыс пен бірлескен оқуды ұйымдастыру

D) мұғалімдердің кәсіби дамуын қолдау және шектеу

E) өзіндік оқу мен жеке дамуды жоспарлау

26. Бағдар ретінде табыс критерийлерін есепке ала отырып, бастаманың ықпалы туралы мәліметтерді жинау

А) басымдықтарды белгілеу В) басымдылықтарды қайта қарау

С) мектептің өзін-өзі бағалау D) мониторинг және пысықтау E) іс-шараларды жоспарлау

В-блогы. (27-38 – сәйкестікті немесе дұрыс реттілікті анықтауға арналған тест тапсырмалары)

27. Мектептің даму жоспарын дайындау кезеңдерін ретімен орналастырыңыз

А) басымдықтарды белгілеу, іс-шараларды жоспарлау және үдерісті басқару

В) жаңа цикл туралы ақпарыт жинау

С) іске асыру және мониторинг

1)______ 2)______ 3)______

28. Мұғалімдердің дамыту жұмыстарын жүргізу қадамдарының реттілігін көрсетіңіз

А) атқарылатын жұмыстардың жоспарын құру және келісім мен кеңестер

В) дамыту бағдарламасын құруға арналған келісім мен кеңестер

С) зерттеуге негізделген көшбасшылықты дамыту бойынша жұмыс

D) кәсіби білімдердің дамуына жәрдемдесуге ықпал ететін кәсіби қоғамдастықтағы жұмыс

E) құндылықтарды, кәсіби міндеттерді анықтау

1)_____ 2)_____ 3)_____ 4)_____ 5)_____

29. Коучинг және тәлімгерліктің сипаттамаларына тән сәйкестігін құрыңыз

1) коучинг А) білім алушыларда нақты дағдыны қалыптастыруға арналған

В) тәжірибелі әріптесінің өзінің білімімен, тәжірибесімен бөлісуі

С) сенімді, жеке тұлғаға бағытталған қарым-қатынас құру үдерісі

2)тәлімгерлік

30. Шульман іліміне сәйкес табысты мұғалімдерге тән белгілерді сәйкестендіріңіз

1) кәсіби түсінік А) тәжірибені түсіну, дамыту үшін зерттеулер нәтижелерін қалай қолдануды біледі


2) оқытудың тәжірибелік әдісі В) ынталандыру, көтермелеу, шектеу, сабақтар кезеңдерін жоспарлау және оқушыларды бағалау әдістемелерін түсінеді


3) кәсіби адамгершілік тұтастық С) этикалық және моральдық құндылықтарын ұстанады

31. Кәсіби қоғамдастықты дамытуға қатысты мәселелерді сипаттамаларымен сәйкестендіріңіз

1) кәсіби қоғамдастыққа серіктес болуы мүмкін

А) географиялық фактор, мектептердің ортақ мектептерді іздестіруге түрткі мақсаттары мен міндеттері

2) тиісті құрылымды анықтау кезінде шешуші рөл атқаруға тиіс

В) қатысушылардың сенімділікке негізделген қарым- қатынас құру мүмкіндіктері

3) тиімді кәсіби қоғамдастықтың ең басты ерекшелігі

С) басқа мектептердің тәжірибесін алуға немес өзгелердің жиі кездесетін ұқсас проблемаларды калай шешіп отырғанын білуге ұмтылу

32. Кәсіби қоғамдастықты жоспарлау және оң өзгерістерді жүзеге асыру функциялары мен оның топтарының арасындағы сәйкестікті орнатыңыз

1) басшылық етуші топтар

А) мектептер арасындағы және кәсіби қоғамдастық ішіндегі бірлесіп өткізілетін іс-шараларға қатысты шешім қабылдайды

2) үйлестіруші топтар

В) оқу бағдарламаларын әзірлеп, оқытудың жаңа стратегияларының қабылдануына қолдау көрсету арқылы кәсіби қоғамдастықты дамытуға өз үлестерін қосады.

3) дамытушы топтар

С) кәсіби қоғамдастықты жақсарту жөнінде жоспар құру үшін жауапты болады

33. Мұғалім көшбасшылығының артықшылықтарын сипаттамаларымен сәйкестендіріңіз

1) мұғалім тиімділігін арттыру А) алқалы қарым-қатынастар және ұжымдық тәжірибе

2) мектеп тиімділігін арттыру В) мектептегі барлық мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру


3) мектепті жетілдіруге ықпал ету С) мұғалімдер арасындағы ынтымақтастық






34.Бағалау үрдісінде қатысты ұғымдарды сипаттамаларымен сәйкестендір.


1) Бағалаудың барлық түріне тән сипаттамалар

А) оқушы қазіргі уақытты не оқып білгенін жинақтау болып табылады

2) Оқуды бағалау

В) қадағалау, интерпрентация, қорытынды

3) Оқыту үшін бағалау

С) оқушылар тобынан жүйелі түрде жиналатын балдар мен деңгейлер

4) мәліметтер


Д)қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үрдісі

35.Дарынды және талантты оқушылардың мінез-құлықтарының тізімін сипаттамаларымен сәйкестендіріңіз.

1) қалай оқитыны

А) өткінші шешімдерге күмән келтіреді

2) креативті ойлауы

В) міндеттерді шешуге дәйекті

3) ынталануы

С) құрбы-құрдастары құрметтейді

4) қоғамдық көшбасшылығы

Д) проблемаларды анықтайды және шешеді

5) табандылығы

Е) ерекше түсінік қалыптастырады

36. Оқу нәтижелерінің 5 түрін сипаттамаларымен сәйкестендір.

1) оқу білімнің сандық ұлғаюы

А) нәтижесі пәннің құраушы бөліктері мен шынайы өмір арасындағы өзара байланыстарды анықтай алуы

2) оқу есте сақтау ретінде


В) нәтиже – есте сақталып, қажет болатын дерек, дағды және әдістер жиынтығы

3) оқу ақпарат жинақтау ретінде


С) нәтижесі – әлемді өзгеше қырынан қарастыру арқылы танып-білу

4) оқу мағынаны ұғыну және оның мәнін анықтау ретінде

Д) нәтиже – қайта өндіруге болатын есте сақталған көлемді ақпарат

5) оқу шынайылықты өзгеше түсіну және түсіндіру тәсілі ретінде

Е) нәтижесі – алынған ақпарат болып табылады

37.Оқу үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтын білім түрлері мен білім беру аспектілерін сәйкестендір.

1) пәндік білім

А) білім берудің жалпы негіздері

2) технологиялық білім

В) технологиялық білімдер мен пәндік білімдердің әрекеттесуі

3) білімнің технологиялық аспектісі

С) оқытылатын пән бойынша өзекті білім

4) білімнің педагогикалық аспектісі

Д) оқытудың қосалқы құралдары туралы білім

5) педагогикалық білім

Е) оқу мазмұны мен педагогикалық білімдердің біртұтастығы

38. Қоғамдастықтың іс-шараларын өткізу кезінде қолдау көрсету жұмыстарының сипаттамаларымен сәйкестендір.


1) бір мәселе төңірегіне шоғырландыру үшін

А) конференцияларда тұсаукесер өткізу

2) коучинг пен бірлескен зерттеулерді ынталандыру үшін

В) көшбасшылық рөлін бөлу

3) жетістікті хабардар ету үшін

С) қолдап, марапаттап отыру

4) білім алу үшін

Д) зерттеу топтарын құру

5) тәуелділік болмау үшін

Е) іс-шаралардың оқу үдерісіне шоғырландыру








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!