Материалдар / "Auto Play бағдарламасында электронды оқулықтарды құрудың тиімділі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Auto Play бағдарламасында электронды оқулықтарды құрудың тиімділі"

Материал туралы қысқаша түсінік
баланың портфолиосына керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Сәуір 2020
392
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сайлаубекова Б.С.

«Оқушылар шығармашылық сарайы»

ҚОСЫМША БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ДАЯРЛАУДАҒЫ ЭЛЕКТРОНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ



Қазіргі ақпараттандыру жағдайында білім берудің міндеттерін табысты шешу дайын электрондық білім беру ресурстарын пайдаланып қана қоймай, өзіндік шығармашылығы мен төл әдістемесін жүзеге асыруға бағытталған электрондық оқулықтарды жасау және пайдалану болып табылады.

Электрондық білім беру ресурстары – бұл сандық түрде сақталып таратылатын, оны құру және жүргізу үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланатын оқу материалдары болып табылады. Ол төмендегідей мақсаттарды шешуге бағытталады:

- мультимедиа құралдарымен оқу ақпаратын ұсыну;

- интерактивті режимде пайдаланушымен кері байланысты жүзеге асыру;

- оқыту нәтижесін және оқудағы жетістігін бақылау;

- оқу-тәрбие процесін және оқу орнын ұйымдастырушылық тұрғыдан басқаруды ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету процесін автоматтандыру.

Педагогикалық қосымша білім беруде электрондық білім беру ресурстарын құра білуге даярлау деп мұғалімнің шығармашылық потенциалын қолданбалы және инструментальдық құралдардың негізінде өзінің оқу пәнінің төл оқу әдістемесін құрып, оны жүзеге асыруға бағытталған электрондық білім беру ресурстарын құру және пайдаланудың теориясы мен практикасын меңгеруді түсінеміз. Оқушылардың электрондық білім беру ресурстарын құруға даярлаудың мақсаты:

- электрондық білім беру ресурстарын құруға пайдаланылатын қолданбалы және инструментальдық программалық құралдардың мүмкіндіктерін; электрондық білім беру ресурстарын жасауға қойылатын талаптарды; электрондық білім беру ресурстарының типтерін, оны жасау кезеңдерін, электрондық білім беру ресурстарын пайдалануға негізделген оқу процесін ұйымдастырудың әдістері мен формаларын; электрондық білім беру ресурстарының сапасын бағалай білуі;

- төмендегідей мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған электрондық білім беру ресурстарын жасай білу іскерлігі мен дағдысының болуы: оқушы мен электрондық білім беру ресурсы арасындағы интерактивті өзара әрекеттесуді жүзеге асыру; мультимедиа құралдарының көмегімен оқу ақпараттын көрнекілендіру; оқу ақпаратын сақтау, тарату және көбейту; оқу-тәрбие процесін ақпарттық-әдістемелік қамтамасыз етуді автоматтандыру; оқыту нәтижелерін бақылау;

- электрондық білім беру ресурстарының мазмұнын құруға қажетті мәтіндік, графикалық, дыбыстық, видео материалдарды өңдеуге байланысты негізгі операцияларды орындай білу іскерлігі мен дағдысының болуы; электрондық білім беру ресурстарын пайдалануға негізделген оқу іс-әрекетін жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асыру.

Педагогикалық оқушыларға қосымша білім беру жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік стандарты негізінде жүзеге асырылады. Стандартта көрсетілгендей әрбір базалық кәсіби пәндер таңдау компонентінің есебінен тереңдетіліп оқытылады. «Электрондық білім беру ресурстарын құру және пайдалану технологиясы» деп аталатын пән информатика пәнін оқытылатын оқушыларға «Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі» деп аталатын кәсіби пәннің таңдау компоненті ретінде оқытылады. Бұл курс оқушылардың өз бетімен электронды оқулықты қолдана біліп, өзі оқи алып, түсінуіне аса көп үлесін тигізетіні сөзсіз. Курстың оқу материалының мазмұнында қамтылатын пәнаралық байланыстың ауқымы айтарлықтай кең. Атап айтқанда «Информатика», «Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі», «Білім беруді ақпараттандыру», «Компьютерлік желілер, интернет және мультимедиа технологиялары» және т.б. пәндердің мазмұнымен тығыз байланысты.

Оқытудың негізгі мақсаты мультимедиа технологияларының теориялық және ақпараттық негіздерін қарастыру, оқыту процесінде мультимедиа технологияларын пайдаланудың ерекшеліктері, сондай-ақ электрондық білім беру ресурстарын жасауға арналған қазіргі тәсілдер мен программалық құралдармен танысу болып табылады.

Электрондық білім беру ресурстарының медиа компоненттерін жасауға арналады. Мұнда 4 негізгі модуль қарастырылады:

1. Мәтіндік ақпаратты құру және өңдеу техноглогиялары;

2. Графикалық ақпаратты құру және өңдеу техноглогиялары;

3. Аудио және видео ақпараттарды құру және өңдеу техноглогиялары;

4. Macromedia Flash ортасында анимация құру және оны өңдеу, стандартты құралдардың көмегімен сурет салу, анимация түрлері, уақыт шкаласы, маска, қабаттарды басқару, күрделі анимациялар жасау.

Бұл бөлімнің мақсаты оқушыларда мәтіндік, графикалық, дыбыстық, видео ақпарттық файлдар құру, өңдеуге арналған мультимедиа технологияларымен жұмыс істеу дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар мұнда оқушылар басқа да программалық құралдардың жұмысымен танысады және оларды Macromedia Flash форматымен байланыстыруды үйренеді.

Macromedia Flash негізінде электрондық білім беру ресурстарын жасау технологиясына арналады. Бұл 5 модульден тұрады:

1. Электронды оқу басылымының дизайны мен құрылымын жасау;

2. Мультимедиа қосымшаларын ақпараттық объектілермен байланыстыру (анимацияны құрылымдау, кітапханадағы объектілердің жұмысы, дыбыспен және видеомен жұмыс);

3. Интерактивті анимацияны жүзеге асыру құралдары. ActionScript тілі;

4. Оқу ақпаратын көрнекілендіруге бағытталған интерактивті қосымшалар құру;

5. Оқыту нәтижелерін бақылауға арналған интерактивті қосымшалар құру.

Бұның мақсаты Macromedia Flash технологиясында интерактивті білім беру ресурстарын құрушы ретінде пән мұғалімінің кәсіби құзырлығын қалыптасытыру болып табылады. Бұл бөлім негізінен технологиялық және практикаға бағдарланған болып табылады. Практикалық сабақта оқушылар мектептегі оқу пәнінің үлкен бір бөлімі немесе тарауы бойынша оқу материалын іріктеп, сценарийін жасап, электронды оқу басылымын даярлайды. Сондай-ақ оқушылар өздерінің төл электрондық білім беру ресурстарының құрылымын жобалап, техникалық тапсырмасын, интерфейсін жасайды.

Оқу процесінде электрондық білім беру ресурстарын пайдаланудың әдістемелік аспектілеріне арналады. Бұл блок екі модульден тұрады:

1. Оқу процесінде электрондық білім беру ресурстарын пайдалану әдістемесін жасау;

2. Электрондық білім беру ресурстарын іріктеу және сапасын бағалау іс-әрекетіне сараптама талдау. Бұл блоктың мақсаты электрондық білім беру ресурстарын пайдалануға негізделген оқытуды ұйымдастыру туралы білімдер жүйесін қалыптастыру; ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын пайдалануға негізделген оқытуды жоспарлау, сүйемелдеу, шығармашылық тұрғыдан ұйымдастыру, кәсіби іс-әрекетте электрондық білім беру ресурстары кешенін кәсіби іс-әрекетте қолданудың педагогикалық тәжірибелерін меңгерту. Сонымен қатар практикалық сабақтарда оқушылар әртүрлі электрондық оқу басылымдарын пайдаланудың мазмұны мен мүмкіндіктерін талдап, оларды іріктейді және олардың дидактикалық тиімділігін анықталған критерийлер бойынша бағалайды.

Қорыта келгенде, ұсынылып отырған «Электрондық білім беру ресурстарын құру және пайдалану технологиясы» атты курсты оқу нәтижесінде оқушылар электрондық білім беру ресурстарын әдістемелік тұрғыдан сауатты іріктеу, пайдалана білу және қазіргі уақыт талабына сай өздерінің төл программалық өнімдерін құра білу іскерліктері мен дағдыларын меңгереді.











Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1. Халықова Г.З.,  Сыдықова М. Бағдарлы оқыту жағдайында «ActionScript» тілін оқытудың ерекшеліктері// Журнал «Ізденіс», ҚР БҒМ халықаралық ғылыми-педагогикалық «Қазақстан жоғары мектебінің қосымшасы», №2(1)/2011.

2. Халықова Г.З.,  Бөрібаев Ж. Мacromedіa Flash технологиясында электрондық оқулық жасау әдісі//«Кредиттік оқыту технология шартына сәйкес болашақ мамандардың кәсіптік құзырлығын қалыптастыру:тәжірибе, проблемалар және перспективалар» атты ІІ халықаралық ғыл. Прак. конф.мат. 22-24 сәуір 2010 ж.328-332 бб. том 2.

3. Халықова Г.З. Болашақ информатика мұғалімдерін өзіндік іс-әрекет жүйесінде кәсіби даярлау моделі// Абай ат.ҚазҰПУ хабаршысы. 4 (28 ), 2009. -191-196 бб.

4. Халықова Г.З., Шорникова О., Ануарбекова Г. "Реализация принципов проектирования в учебном процессе как условие подготовки студентов"// Материалы за VII международная научна практична конференция «Ключевые вопросы современная наука – 2011. 17-27 апрель 2011 г. Том 25. Педагогически науки. София «Бал ГРАД-БГ» ООД 2011.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!