Материалдар / АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ЖЕТІЛДІРУ ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ЖЕТІЛДІРУ ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала. Республикада автомобиль жолдарын салу және оларға жөндеу жұмыстарын өткізудің экономикалық мәселелері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2021
389
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ЖЕТІЛДІРУ ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ


Молдашева М.А. арнай пән оқытушысы,

МКҚК «Орал ақпараттық технологиялар колледжі»

Орал қ.



«Жайлы және сапалы жолдары жоқ елдерде – дамыған бәсекелестікке қабілетті өндірістік база да жоқ, келешегі бар ғылыми технология да жоқ, тұрғындарының жоғары өмір сүру деңгейі де жоқ. Егер жақсы жолдар салуға үйренбейтін болсақ, онда өзіміздің стратегиялық мақсатымыздың бірде-біріне жете алмаймыз. Сондықтан автокөлік инфрақұрылымын дамытудың ауқымды жобасына кірісу керек»

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев


Автомобиль жолдары - Қазақстанның көлiк-коммуникация кешенiнiң маңызды бөлiктерiнiң бiрi, қазiргi жағдайда оның тиiмдi қызметi және ұдайы дамуы экономиканың өрлеуінің, елдiң ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң, халықтың өмiр сүру деңгейiн көтерудiң және жақсартудың маңызды факторы болып табылады.

Қазақстан Республикасында саяси-экономикалық және әлеуметтік қатынастардың тұрақтану жағдайында пайдаланудағы жолдарды қалыпты жағдайда күтіп-ұстау маңызды мәселелердің бірі болып саналады.

Республикада автомобиль жолдарын салу және оларға жөндеу жұмыстарын өткізу - жоғары шығындарды қажет ететін күрделі сала. Осыған байланысты Қазақстанның автомобиль жолдарын қайта қалпына келтіру ауқымды инвестицияларды тартуды қажет етеді [1]. Автомобиль жолдары құрылысы мен жөндеу жүмыстары және оларды күтіп-ұстау алдыменен мемлекет тік бюджет есебінен қаржыландырылады. Демек, осы салага бөлінген қаржылар- дың дұрыс пайдалануын мемлекеттік бақылау органдары тарапынан қатаң бақылауға және реттеуге алған жағдайда саланың дамуы жоғарылай түседі.

Көлік инфрақұрылымын дамыту елдің экономикалық өсуінің аса маңызды факторларының бірі болып табылады.

Қазақстан көлік кешенінің халықаралық көлік жүйесіне ықпалдасу процестерін жеделдету және елдің транзиттік әлеуетін дамыту мақсатында көлік қызметтерін көрсетудің бәсекелі ортасы құрылды. Қазақстанның көлік секторы экономика салалары мен өңірлердің өзара байланысын қамтамасыз ете отырып, республиканың халық шаруашылығының салалық кешендерін қалыптастыруды ескере отырып дамытылуда.

Көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың ілгері қарқыны болмайынша, елдің экономикалық өсуінің орнықты қарқынын, оның қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін, әлемдік экономикаға ұтымды ықпалдасуын және тиісінше әлемнің бәсекеге неғұрлым қабілетті 30 елінің қатарына кіруін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді ойдағыдай шешу мүмкін емес.

Нарықтық экономиканың даму сатысында жол қатынастарының маңыздылығы, соның ішінде автокөлік жолдарының алатын рөлі зор.

Жолдардың транспорттық-эксплуатациялық сапасын қажетті деңгейде сақтау үшін тасымалдың өзіндік құнын төмендету, жолдарды күтіп-ұстау және ағымдағы жөндеу шығындарын азайту, жүк және жолаушы тасымалдарының уақытын үнемдеу, жолдарға жақын аймақтардың экономикалық дамуын ынталандыру, жол сапарларының жағдайын жақсарту арқылы қол жеткізуге болады [4]. Осы мақсатта, жолдардың техникалық деңгейін неғұрлым жақсартпай және олардың қызмет істеу жағдайын бір қалыпты ұстап тұрмай жолдарды салу және жөндеу жұмыстарына жұмсалған шығындарды тиімді пайдалану мүмкін емес.

Жолдарды қажетті деңгейде сақтамау жол шаруашылығына салынғын салымдарды жоққа шығарады. Сондықтан, автомобиль жолдары шаруашылығы- ның экономикалық тиімділігін жоғарылату үшін жөндеу мерзімдерін қатаң сақтай отырып, жалпы пайдаланудағы жолдарға ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын дер кезінде сапалы түрде жүргізіп отыру қажет.

Автокөлік жолдарының құрылысы мен жөндеу жұмыстарындағы өндірістік шығындар есебін дұрыс ұйымдастыруға әсер етуші факторлардың бірі ретінде шығындардың экономикалық негізделген топтамасы саналады. Ол арқылы шығындар жоспарланады мен есебі жүргізіледі және шығындардың түрлері арасындағы қатынастарды дәлірек талдауға, сараптауға және қызметтің өзіндік құнын анықтауға мүмкіндік береді.

Жол құрылысы саласында шығындар жіктемесі осы саладағы ұйымдардың өндіріс процесінде өте маңызды орын ала отырып, есеп көрсеткіштерінің дәйектілік деңгейін жоғарылатады және өндіріс шығындары мен өзіндік құнды экономикалық талдау және сараптау мүмкіндіктерін кеңейтеді. Сондықтан шығындарды экономикалык дәйектеу арқылы топтастыру автокөлік жолдары шаруашылығында шығындар есебін жан-жақты ұйымдастырудың негізгі алғы шарты болып саналады.

Құрылыс ұйымдарында жолдарды салу мен жөндеу жұмыстарына байланысты шығындар есеп пен жоспарлау кезінде шығын элементтері және баптары бойынша топтастырылады.

Элементтері бойынша шығындар - өнімді (жұмыс пен қызметті) өндіруге және сатуға байланысты өндіріс ішінде әрі қарай бөлуге келмейтін алғашқы біртекті шығын түрлері.

Шығындарды элементтері бойынша топтастыру - пайдалану бағыты мен пайда болу жерлеріне байланыссыз өндіріске жұмсалған шығындардың түрлерін анықтауды білдіреді [5, 65 б]. Шығындардың элементтері бойынша жіктемесі олардың пайда болу жері мен бағытына байланыссыз жалпы кәсіпорын бойынша өзіндік құнды қалыптастыру кезінде қолданылады. Экономикалық элементтері бойынша шығындардың топтамасы өзіндік құнның құрылымын жэне өзіндік құн ішіндегі әрбір шығын элементінің үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге шығындардың элементтері бойынша жіктемесі өндірістің шикізатқа, материалдарға, отынға, энергияға деген қажеттілігін және еңбекақы қорын анықтау үшін қажет.

Шығындардың экономикалық элементтері бойынша жіктемесі өндіріске жұмсалған барлық шығындардың түрлерін көрсетге арналған. Шығындар элементтерінің топтамасы шығындардың баптары бойынша топтамасынан айырмашылығы, мұнда барлық шығындар олардың экономикалық мазмұнын сипаттайтын түрлері бойынша бөлінеді. Шығындардың экономикалық элементтері бойынша топтамасы өзіндік қүнның құрылымын анықтауға және өзіндік құнның ішіндегі әрбір шығын элементтерінің пайыздық үлес салмағын көрсетуге мүмкіндік береді.

Автокөлік жолдары құрылысы мен жөндеу жұмыстарының көп бөлігі арнайы мамандандырылған құрылыс машиналары мен механизмдері арқылы орындалады. Құрылыс машиналары мен механизмдері арқылы орындалған жұмыстар бойынша шығындар - меншікті және жалға алынған құрылыс машиналары мен механизмдерін ұстау және пайдалану шығындарынан тұрады

Құрылыс ұйымдарының өндірістік шығындары есебі мен құрылыс-монтаж жұмыстарының өзіндік құнын калькуляциялау мынадай шығын баптары арқылы ұйымдастырлады:

  • материалдар;

  • өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысы;

  • құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану шығындары;

  • үстеме шығындар

Шығындарды элементтері бойынша топтастыру кәсіпорынның қызметі бойынша жоспарлы және нақты шығындарды анықтау үшін қажет.

Шығындардың баптары бойынша топтамасы шығындардың пайда болу жерлері, өнімнің, жұмыс пен қызметтің түрлері және өзіндік құнға енгізілу тәсілі бойынша оларды анықтауға және есептеуге мүмкіндік береді.

"Материалдар" шығын баптарына құрылыс жұмыстарын жүзеге асыру кезінде тікелей пайдаланатын материалдар, құрылыс тетіктері мен құрылымдары, отын, электрэнергиясы, бу, су және басқа да материалдық ресурстар жатады. Бұл шығындар осы ресурстарды сатып алу құндарынан, оларды объект жанындағы қоймаларға дейін жеткізу шығындары мен материалдық-техникалық жабдықтау кеңселері немесе өндірістік-технологиялық басқармалар жүзеге асыратын іріктеу шығындарынан тұрады.

"Жұмысшылардың еңбекақысын төлеу" бойынша шығын баптарына құрылыс ұйымдарында қабылданған еңбекақы төлеу жүйелері мен нысандарына сәйкес өндірістік жұмысшыларға және құрылыста тікелей жұмыс істейтін учаскі, бригада жұмысшылары қатарына енгізілген жұмысшыларға есептелген барлық еңбек ақы сомалары көрініс алады.

"Құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану" бойынша шығын баптарына құрылыс ұйымында қабылданған еңбекақы жүйесі мен нысандарына сәйкес құрылыс машиналары мен механизмдерін басқаратын жұмысшылардың еңбекақылары, пайдалану мақсатына жұмсалған отын мен энергияны қоса есептегендегі материалдық ресурстардың шығыны, құрылыс машиналары мен механизмдерінің тозуы, төленген жалдау ақысы, техникалық қызмет көрсету шығындары, құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалануға байланысты басқа да шығындар енгізіледі.

Құрылыстағы үстеме шығындардың құрамында құрылыс учаскілеріндегі инженерлік-техникалық қызметкерлердің еңбекақылары және одан аударымдар, негізгі өндіріс жұмысшыларының қосымша еңбекақылары және одан аударымдар, негізгі өндіріс құралдарының ағымдағы және күрделі жөндеу шығындары, еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздендіру шығындары, т.б. үстеме шығындарға жататын шығыстар жатқызылады.

Бұл шығындар топтамасы өндірістік есептің маңызды тұжырымдамасы ретінде қатыса отырып, құрылыс-монтаж жұмыстары кезінде өзіндік құнды қалыптастыратын шығындардың көлемін дұрыс және толық анықтауға, сараптау жүргізуге мүмкіндіктер береді. Сонымен қатар өндірісті ұйымдастыру және басқару бойынша ұтымды шешімдер қабылдап, өндірістік шығындарды үнемдеу жолдарын қарастырып, үздіксіз өндіріс үрдісін қалыптастыруға жағдайлар жасалады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Бекмагамбетов М.М. Автомобильный транспорт Казахстана: этапы становления и развития. - Алматы: ТОО "Ргіпт-8", 2003. - 456 с.

  2. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 725 Жарлығымен бекітілген, «Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы»

  3. Қазақстан Республикасының "Автомобиль жолдары туралы" Заңы // Заң газеті. - 2001. - 8 тамыз.

  4. Кеулімжаев К.К., Нұрқашева Н.С. Автокөлік жолдары құрылысында өндіріс шығын дарының қалыптасу ерекшеліктері. // Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдар жинагы. - Алматы: Экономика, 2004.-3-1366.

  5. Пошерстник Н.В., Мейксин М.С. Бухгалтерский учет в строительстве (7-е изд). - Пб.: «Издательский дом Герда», 2003. - 720 с.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!