Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Авторлық бағдарлама
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
60
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Жакипова Гульжазира Куралбаевна
Физика сабағында ақпараттық- коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолданып оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В011000-«физика» мамандығы
Алматы 2017
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
«Қорғауға жіберілді»
“____”___________2017 ж.
Кафедра меңгерушісі
________________ Е.Б.Тасболат
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Физика сабағында ақпараттық- коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолданып оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру»
5В011000-«Физика» мамандығы бойынша
Орындаған Г.К.Жакипова
Ғылыми жетекшісі Б.Е.Тасболат
ф-м.ғ.к, доцент
Алматы 2017
РЕФЕРАТ
Оқыту технологиясының негізгі сатылары:
1. жаңа тақырыпты түсіндіру;
2. төменнен, жоғарыға қарай деңгейлік тапсырмалар беру;
3. оқушылардың тақырыптан алған білімдерін бекіту;
4. оқушылардың білімдеріне сай үлестірмелер тарату. Яғни, «5», «4», «3»-тік білімге сай;
5. оқушылардың білімін қолма-қол бағалау.
Мақсаты:
1. әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту;
2. денгейі төмен оқушылармен жеке жұмыс жасау, қолдау көрсету;
3. дарынды оқушының тереңірек білім алуына жағдай жасау;
4. оқушының ынтасын қабілетін арттыру.
Ерекшелігі:
-
таланттылар, дарынды оқушылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады;
-
оқушылардың оқуға деген ынтасы артады;
-
білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі жеңілдейді;
-
түрлі құралдар арқылы оқушылардың білім, іскерліктерін жиі тексеру;
-
үлгермеушілерді анықтау және іріктеу;
-
олармен қосымша жұмыстар өткізу, материалдарды қайталау. Осы жұмыстардан кейін оқушылардың білім, іскерліктерін тағы тексеру;
-
оқушылардың жаңа материалды меңгермеу себептерін зерттеу және анықтау.
Күтілетін нәтиже:
1. оқушылардың психологиялық ерекшелігін, ақыл-ойының дамуы және өзін-өзі жетілдіру;
2. дарынды балалар болса қушының – зерттеу жұмыстарын дамыту;
3. мұғалімнің жан-жақты дамуына мүмкіндік туғызады;
Зерттеу мақсаты: Мектеп оқушыларының шығармашылық іс-әрекеттерін қалыптастыру үшін сыныптан тыс жұмыстарды жандандыру жолдарын теориялық тұрғыдан негіздеу.
Зерттеу тақырыбы: Физика сабағында ақпараттық- коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолданып оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру.
Зерттеу міндеттері:
-
Физика пәнінен сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға білім берудің мүмкіндіктерін айқындау;
-
Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушыларға білім берудің әдіс-тәсілдерін анықтау және оны эксперимент – тәжірибе жүзінде тексеру;
-
Оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін қалыптастыру;
-
Физика пәнінен оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін қалыптастырып, сыныптан тыс жұмыстарды жандандыру.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, 51 пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, суреттерден, кестелерден, қосымшадан тұрады.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.............................................................................................................6
1 ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР.....................8
1.1Қазіргі ақпараттық коммуникациялық технологиялар......................................8
1.2 Ақпараттық технологиялардың мақсаты..........................................................19
1.3 Физика сабақтарында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі...........................................................................................19
1.4 Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың артықшылықтары......................................................................................................19
1.5 Менің физика сабақтарында компьютерлік технологияларды пайдалану тәжірибемнен.............................................................................................................24
1.6 Физика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту...........36
1.7 Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады.................................................41
1.8 Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары......................................................................................................................42
1.9 Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.....................................44
2 АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНЫП ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ ........................................................................................................ 48
2.1 Қысым тақырыбына сабақ жоспарын құру тәсіліне бір мысал......................48
2.2 Механизмнің пайдалы әрекет коэффициенті...................................................51
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................................................58
КІРІСПЕ
Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі – ақпараттық технология. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде. Бүгінгі күні ақпараттық технологиялар өндірісте, кәсіпорындарда, құжат өңдеу іс-әрекеттерінде кеңінен қолданылуда, оның қамтитын іс-әрекет саласы зор қарқынмен өріс алуда. Өңделетін ақпараттың көлемі мен күрделілігінің тұрақты өсуіне орай қоғамда оны бейнелеудің жаңа түрлері талап етілуде. Қазіргі кезде кәсіптік мектептерге, кәсіптік білім беруге көп көңіл бөлініп жатыр. Осыған сәйкес, кәсіптік оқу үдерісінде ақпараттық технологияларды пайдалану жүйесін қалыптастырудың жолдары жетілдіруде. Оқу үдерісін мүмкіндігінше сапалы жетілдіру білім беруді ақпараттандыру мен оқу үдерісінде арнайы әдіс-тәсілдерді тиімді ұйымдастыруға байланысты.
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданып білім беру жүйесін ақпараттандырудың мақсаты еліміздің барлық территорияларында білім беру үдерісінің бірлігі мен білім беру сапасының деңгейін арттыруды қамтамасыз ететін біріңғай ақпараттық білім беру ортасын құру және дамыту болып саналады. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық түрде өздігінен қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Сондықтан мұғалімдерді жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне еркін пайдалана білуіне және оқыту құралы ретінде пайдалану бағыттары бойынша білімдерін көтеру және қайта даярлау курстарының мазмұнын өзгертіп, жасақтау қажеттілігі туындады. Педагог мамандардың біліктілігін көтеру және қайта даярлауда ақпараттық әлемде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың негізгі құралдарын, жаңа әдістер мен формаларды кез келген уақытта таба білуіне мүмкіндік туғызу. Мұндай жағдайда педагог мамандар өзін-өзі дамытуына және өздігінен білім алуына мүмкіндік алады. Бұл жағдайда дамытудың өзектілігі – жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үдерісіне жан-жақты, әрі еркін пайдалана білуге үйрету, дайындау кезеңдерінің сапалығымен анықталады.
1 ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
-
Қазіргі ақпараттық коммуникациялық технологиялар
мүмкін болатын ақпаратты толық пайдалану арқылы оқыту сапасын жетілдіру;
оқыту үдерісін дербестендіру мен интенсивтендіру арқылы оның тиімділігін арттыру;
дамыта оқытуға, басып озуға, дербестендірілген білім беруге бағытталған оқытудың құралдары, әдістері мен технологияларын жетілдіру;
ақпараттық- коммуникациялық технология құралдарын пайдалануға қажетті кәсіби шеберлік деңгейді меңгеру;
ақпараттық технологияларды қолдануға негізделген біріңғай әдістеме шеңберінде іс-әрекеттің әртүрінің (оқу, оқу-зерттеу, әдістемелік, ғылыми, ұйымдастырушылық ) интеграциялануын жүзеге асыру;
ақпараттық қоғам жағдайындағы тұрмыстық қызметке білім беру үдерісіне қатысушыларды дайындау;
кәсіптік құзіреттілік пен әртүрлі сала мамандарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
білім беру жүйесіндегі дағдарыстық құбылыстарды жою.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) білім беру үдерісіне енгізу мәселелерін қазақстандық ғалымдар Б.Баймұханов, Г.Қ.Нұрғалиева, С.Е.Чакликова, Е.Ы.Бидайбеков, Д.М.Жүсібалиева, Ж.А.Қараев, Ш.Х.Құрманалина, Е.А.Набиев, Ж.К.Нұрбекова, С.С.Үсенов, А.І.Тәжіғұлова, және т.б., ресейлік ғалымдар И.Е.Вострогнутов, Л.Герих, Б.С.Гершунский, А.П.Ершов, А.А.Кузнецов, В.В.Лукин, Е.С.Полат, И.В.Роберт, И.И.Трубина және т.б. зерттеген.
Елбасы атап көрсеткендей «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте-мөте қажет» - жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үдерісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Қазіргі заманғы жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейін қарқындату, яғни, оқыту үрдісі сапасы мен тиімділігін, танымдық іс-әрекет белсенділігін көтеру, пәнаралық байланыстарды тереңдету, қажет ақпаратты іздеу тиімділігі мен көлемін кеңейту [3].
Интерактивті құрылғының ең негізгісі – интерактивті тақта болып табылады. Қазіргі нарықтық қоғамда интерактивті тақталардың көптеген түрлері бар (ActivBoard, White Board, SMART Board, ACTIV ote т.б ) және олардың әрқайсысының өз бағдарламалық қамсыздандыруы, соған байланысты әр тақтаның ұсынатын өз құралдары болады.
Интерактивті тақта әр түрлі бағытта оқытуды және уақытты жоспарлауға, сондай-ақ сабаққа дайындалуға, білім алушылардың зейінін ынталандыруға, ақпараттарды көрсетуге, уақытты тиімді пайдалануға өте қолайлы.
Интерактивті тақта – бұл визуалды ресурс, оқытушының жаңа материалдарды тыңдаушыға өте тартымды және тез жеткізуіне көмектеседі. Бұл тақта ақпараттарды әр түрлі мультимедиялық ресурстардың көмегімен жеткізуге мүмкіндік береді: қиын мәселелерді жеңіл түсіндіріп, схемаларды беруде өте ыңғайлы. Оқытушы қандай да бір материалдарды тартымды және динамикалы түрде жеткізу үшін тақтаны пайдалана алады.
Тұжырымдарды және абстраксиялы идеяларды түсіндіруде оқытушылар үшін таптырмайтын құрал ретінде тақта білім алушының жаңа материалдармен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік береді. Тақтада логикалық байланыстарды туғыза отырып, обьектілерді қозғалтуға және ақпараттарды жеңіл ауыстыруға болады. Сабаққа қатысушының ойын экранның өзіне жазып және бірте-бірте оқушылардың зейінін аудара отырып, тақтада мұғалімдер өз іс-әрекеттерін түсіндіре, дауыстап талқылай алады.
Материалдарды пайдалануда шығармашылық бағытта интерактивтік тақтамен жұмыс жасау қарапайым қарастырылған. Барлық материалдар даяр болған жағдайда, файлдар мен бет парақтарын басқада бір ресурстарға қосуға болады. Бұл оқу ісін жоспарлауға және сабақты өткізуге өте қолайлы. Интерактивті тақтада обьектілер мен жазуларды жеңіл қозғалтуға, мәтінге түсініктеме қосуға, суреттер мен диаграммаларды, бастау аймақтарды белгілеуге және түстерді қосуға болады. Сондай-ақ суреттерді немесе графиктерді, мәтіндерді жасыруға болады, содан кейін қажетті уақытта көрсетуге болады. Оқытушылар және білім алушылар көпшілік назарын аудара отырып, осының барлығын тақта алдында жасайды.
Интерактивті SMART тақтасы барлық жастағы балаларды оқыту бағдарламасымен үйлесіп оқытудың әр түрлі стильдерін қолдануға мүмкіндік береді. Оқушылар визуалды материалдарды жақсы қабылдайды, карталарды үйренуде, суреттер мен схемалар – тақтадағы берілген көрініске кез-келген көшірме қоса отырып, жылжыта, көлемі мен формасын өзгерте осының барлығын тақтада көрсетуге болады. Интерактивті тақтаны пайдаланып сабақта жаңа мәселелерді бірігіп шешіп, талқылауға болады.
Интерактивті тақтамен жұмыс жасаудың маңызды бөлімі сабақ беруді жоспарлаудан тұрады: интерактивті тақта материалдарды анық құру бағдарламасымен қамтылған. Сабақтарды сақтау, толықтыру оның қызметін жақсарта түседі. Оқытушылар сабақ барысын жақсы, тиімді, қызықты өткізуге толық мүмкіндік бар. Ол үшін ең алдымен оқытушылар арнайы бағдарламамен қамтылған интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін толық игеруі тиіс. Сонымен бірге интерактивті тақтамен жұмыс барысында пайдаланатын ресурстарды анықтай білуі маңызды [2].
Интерактивті тақта –дегеніміз не?
Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше ИТ түрлері бар. Олардың ішінде білім саласында қолданып жүргендеріне қысқаша шолу жасайық.
ACTIVboard(Promethean компаниясы) - ACTIVstudio программасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады.
Активті қалам – дегеніміз не?
Aктивті қалам – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы.
ACTIVwandуказкасы
Электронды ACTIVwand указкасының ұзындығы 54 см тақтаның жоғарғы бөлігінен кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жанында орналасқан батырма тышқанның сол жақ батырмасының қызметін атқарады. ACTIVboard – интерактивті тақтасында жұмыс жасаушыға проектордың сәулесінен астынан шығуға мүмкіндік береді. "Оң қол" сонмен бірге "сол қолмен" жұмыс жасауға қолайлы құрал.
ACTIVpanelpro
ACTIVpanelpro (Активпанель) үлкен аудиторияларда қолдануға өте қолайлы, онда үлкен экранға проекцияға қолданады. ACTIVpanelpro арнайы қарындаштың көмегімен дисплейде жазылған жазулар компьютер арқылы тақтадан көруге мүмкіндік береді. ACTIVpanelpro (Активпанель) өте жеңіл зат, бөлмеден бөлмеге қиындықсыз – ақ алып жүре беруге болады, ал проектор болса кескінді үлкейтіп көрсетеді. ACTIVpanel-pro ДК басқарады, сурет салады, жазу жазады – бұл ақпаратты енгізетін құрылғыға жатады.
ACTIVslate
Радио портты ACTIVslate панель құрылғысы топпен жүргізілетін конференцияға қатысушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Конференция немесе презентация кезінде аудиторияда еркін қозғалуға болады ACTIVslateXR панель аудиторияның кез келген жерінен тақтамен жұмыс жасай алады. ACTIVslateXR көмегімен қатысушылар өз шешімдерін орындарынан тұрмай-ақ тақтада жаза алады.
ACTIVtablet
ACTIVtablet планшет қарапайым тышқанның қызметін атқара алады, презентация мен конференция материалдарын ACTIVstudio2 немесе ACTIVprimary тақтасыз (ACTIVboard көмегенсіз) компьютерде дайындауға мүмкіндік бетерін құрылғы. ACTIVtablet компьютерге USB порт арқылы қосылады, бағдарламаның барлық функцияларын қолдануға болады. Арнайы батареясыз қаламмен флипчарт беттерінде жазу жаза алады.
ACTIVote
ACTIVote тестілеу жүйесі конференцияның барлық қатысушыларына сұрақтарға, бірнеше берілген жауаптардың нұсқаларынан желісіз радио пульттің батырмасын басу әдісімен жауап беруге мүмкіндік береді. Пульттың көмегімен ақпарат ACTIVboard қабылдайды және де өңделіп конференция қатысушысының жауабын қабылдайды. ACTIVote қарапайым тест жүргізуге өте қолайлы зат. ACTIVote 16 немесе 32 пульттан кішкене чемоданда тест жүргізу үшін қолданылады.
ACTIVote қолдана отырып:
«Тест дайындау шеберінде» ACTIVstudio бағдарламасында флипчартта мәтіндік немесе графиктік түрде тест сұрақтары кітапханада сақталады да, тестің нәтижесін кесте немесе диаграмма түріндекомпьютердің жадында сақталады. Тестің нәтижесін EXСEL немесе WORD редакторларында экспорт жасауға болады
ACTIVstudio программасы
ACTIVstudio PE программасы арнайы презентацияларды өткізуге және оны сабақ барысында қолдануға негізделген программа. Бұл программа
ACTIVboard және ACTIVpen қаламымен жұмыс жасау үшін жасақталған. ACTIVstudio программасының мүмкіндіктері өте көп. Атап айтқанда, презентацияларды құруға, өткізуге, материалдарға арнайы эффектілер
қосуға, негізгі кезеңдерді көрсетуге, көрсеткіштерді қосуға, қосымша ақпараттарды енгізуге және басқа да көптеген мүмкіндіктері бар.
Флипчарт
Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер қоюға немесе объектілерді бір мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысынан шығаруға немесе әр түрлі форматтарда экспорттауға болады.
« Активті экран » кешені білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйе болып табылады.
« Активті экран » бағдарламалық – техникалық кешенінің дидактикалық мақсатта пайдалану барысында олардың негізгі қызметі – жалпы ақпаратпен кәсіби біліктілікті жетілдіру бағытында қолданып, сонымен қатар бұл құралдың оқушылардың, ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін, арттырып өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болды.
Бағдарламалық - техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визулды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, CD-ROM, Web- түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т. б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.
Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі :
- Пән бойынша базалық білімді меңгеру ;
- Алған білімді жүйелеу ;
- Өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
- Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру
- Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.
Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады.
Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5 % және көргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио – және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады.
Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс бойынша мәселелік – бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге « мұғалім – оқушы » жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді және қайталауды жаңаша ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Бірақ , мұның барлығы жүзеге асуы үшін мұғалім компьютерлік оқыту технологиясы бойынша білімдер мен іскерліктерді игеруі қажет. Бұл дайындық диференциалды болуы тиіс. Себебі, әрбір пән мұғалімдері үшін компьютерді оқыту үрдісінде пайдалану әр түрлі сипатқа ие.
Ғылым ғасырының табалдырығынан аттағалы тұрған қазіргі таңда компьютер өмірдің барлық саласына кеңінен енуде.
Елбасы атап көрсеткендей « Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте – мөте қажет » - жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Білім берудің ақпараттандыру процесі пән мұғалімдеріне жаңа ақпараттық технологияны жан - жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды.
Іс тәжірибемде интерактивті құрылғылардың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс – шаралардың қолданудың маңызының зор екенін байқадым.
- Оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне интерактивті құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдалану
- Оқытудың жаңа әдістері мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық іс - әрекетін компьютерлік ойындар және т. б.) сабақта жиі қолдану.
- Проблемалық зерттеу , аналитикалық және модельдеу әдістерін қолдану арқылы классикалық әдістерді жетілдіру.
- Жаңа ақпараттық технология құралдарын ( жаңа типті компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедия – технология, интерактивті құрылғылар) пайдалану арқылы оқу процесінің материалдық – техникалық базасын жетілдіру.
Сабақ материалы Power Point презентациясы немесе мәтіндік ақпарат түрінде беріледі. Сонымен қатар, материалдың құрамына кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар, гиперсілтемелер, графиктер болады. Түсіндіру барысында мұғалім тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты және объектілерді көрсете алады және өзгертеді. Сабақтың соңында қолданылған материалды есте сақтап, қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Интерактівтік тақтамен жұмыс істеу барысында жасалған файлдар белгілі бір форматпен сақталады, сонымен қатар PDF форматында да сақтап, оқушыға электрондық пошта арқылы жіберуге болады. Мұғалім алдын – ала дайындаған сабақты оқушының білімін , біліктілігін, дағдысын бақылауға бағытталған тапсырмаларды орындауға береді. Сабақтың барысында тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндіру жүргізіледі, интерактивтік тақтаны пайдалану арқылы теориялық материал қайталанады. Қажетті жағдайда, оқытушы тақта арқылы мысал есепті шығаруды, графиктерді құруды, құрал – саймандарды қолдануды көрсетіп түсіндіреді. Мұғалім оқушыны тақтаға шығарып, оған жеке тапсырма береді, оған қалғандардың көңіл бөлу үшін бағыт береді және бақылап отырады.
Мұғалім алдыңғы сабақта өтілген материалды ашып, өткен сабақты қайталай алады. Мұндай әдістеме сабақта екпінді түрде өткізуге мүмкіндік береді. Тақтада жұмыс істеген мұғалім мен оқушының орындаған іс - әрекеттерін есте сақтап келесі сабақта қолдануға болады.
Сонымен, интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын ала дайындалған оқу материалдары - презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектілер – сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Сонымен, « Активті экран » кешенін қолдану арқылы оқыту үрдісінде жаңа дидактикалық мүмкіншіліктерді ашуға мүмкіндік береді.
Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді. Интерактивті тақтаның үш режимінде де жұмыс жасауға болады.
Ақ тақта режимі – ең қарапайым режим. Ақ тақта режимін қолданғанда оны ақ бет қағазбен жұмыс жасағандай және тақырыпқа қажетті жерін белгілеулермен, негізгі ұғымдарын ерекшелеу үшін түрлі түсті қаламды қолдануға болады. Ақ беттің артына фон ретінде мазмұнды суретті пайдалануға болады. Тақтаның бұл қасиеті, мысалы географиядан, физика, биологиядан және т.б. пәндерден сабақ жүргізгенде ыңғайлы. Фон ретінде географиялық картаны, физикалық аспаптардың суреттерін алуға болады және сабақ барысында қажет болса картаға белгі салуға, жазуға мүмкіншілік бар.
Екінші режим – Office режимі. Бұл режим сабаққа қажетті дайындық жұмыстарын, яғни материалдар даярлауға ыңғайлы. Сабаққа дайындық жұмыстары Word мәтіндік редакторының, Excel электрондық кестесінің құжаттары, Power Point – презентациясы болуы мүмкін. Мысалы , Microsoft Word құралдарымен төрт түрлі мәтіндік тапсырмаларды қамтитын құжат әзірлеуге болады. Осы құжатта тапсырмаларды қайталап, жауаптарының дұрыс нұсқаларын немесе амалдардың дұрыс тізбегін көрсету керек. Қайталанған тапсырмаларды сурет салу панелінің « төртбұрыш » объектілерімен жасырамыз. Сабақта қажет кезде бұл құжатты интерактивті тақтаның Office режимінде ашу қажет. Бұл режим Microsoft Office – нің барлық мүмкіншілігін ұсынады. Сондай мүмкіншіліктерінің бірі – құрылған құжатқа мәтінді қосуға болады, яғни экраннан түсірілген суретпен емес құжатпен тікелей жұмыс жасаймыз. Сонымен, мұғалім оқушыны тестілік тапсырмаға жазбаша жауап беруге тақтаға шығарып, оқушының жауабын дұрыс жауаптарымен салыстыра алады ( « тік төртбұрыш » объектісін жылжыту немесе жою арқылы ) және дайындалған материалды шаблон ретінде келесі сабақтарды пайдалану үшін сақтап қоюға болады.
Үшінші режим - тақтаның интерактивті режимдегі жұмысы.
Сабақтарды жүргізуде өткен материалды қайталау қажет, сондай жағдайда интерактивті тақтаның сілтеме жасауға арналған компонентін қолдануға болады. Бұл компонент арқылы Microsoft Office құралдары арқылы құрылған құжаттарға, графиктік редакторлардың немесе программалау ортасының көмегімен құрылған файлдарға, интернет беттеріне сілтемелерді ұйымдастыруға мүмкіншілік береді.
Прожектор және Шторка құралдары экранның белгілі бір кішігірім аумағын көрсетуге арналған. Прожектор құралы аудиторияның назарын бір объектіге аударуға арналған. Экран бетінде бір мезгілде бірнеше объектілер орналасқан болса, оның қажет объектісін ерекшелеп, қалғанын жауып қоюға арналған. Шторка экранның бір бөлігін жауып қоюға арналған ( есеп шығаруда дұрыс жауаптарын, оқушыларға әзір белгісіз ақпаратты ) және материалды оқу барысында мүмкіндігінше тақтаның қажет бөлігін көрсету.
Қазіргі уақытта « қоғамды ақпараттандыру », « білім беруді ақпараттандыру » деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не ? Қоғамдық ақпараттандыру дегеніміз – ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс - әрекеттің интеллектуалды түрлерінің жан – жақты әсер етуі мен ролінің жоғарылауына байланысты объективті процесс.
Ол оқыту мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін тездетеді. Бұл процестегі негізгі мәселе білім берудің мазмұны мен мақсатын өзгерту болып табылады, ал оны технологиялық жағынан қамтамасыз ету - өндірістік мәселе.
Қоғамды индустрияландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдыңғы кезекте, маманданған сауатты тұтынушыларды дайындауға бағытталса, ал білім беруді ақпараттандыру жағдайында бұл мәселе білім берудің негізгі мақсатына ауысады. Мұндағы негізгі мақсат – оқушының қоршаған әлем жайында табиғи ғылыми болжамын қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікке дайындау болып саналады.
Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындап отыр. XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.
Еліміздегі саяси, әлеуметтік – экономикалық өзгерістерге сай білім беруді ақпараттандыру бағытында мектебімізде жүргізіліп жатқан жұмыстар ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда.
XXI ғасыр - ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер, интерактивті құралдардың көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұған себеп оқыту процесінде туындайтын компьютерлендірудің педагогикалық - психологиялық жаңа проблемалары әлі толық шешілмегені.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру білім беру үшін үлкен перспективалар ашады. Соңғы жылдары компьютерлік, телекоммуникациялық техника мен технологиялардың қоғам өміріндегі ролі мен орнында түбегейлі өзгерістер болды. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға оқу және жазу қабілеті сияқты сапалармен бірге қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды [1].
Әрбір елдің технологиялық даму дәрежесіне оның экономикалық қуаты мен халқының тұрмыс деңгейі ғана емес, сол елдің әлемдік қоғамдастықта алатын орны, басқа елдермен экономикалық және саяси ықпалдасу мүмкіндіктері, сондай – ақ ұлттық қауіпсіздік мәселелерін шешуіне байланысты. Сонымен қатар, әлдебір елде қазіргі технологияның дамуы мен қолдануының деңгейі оның материалдық базасының дамуымен қатар емес, негізінен қоғамды парасаттандыру деңгейімен, оның жаңа білімді туындату, игеру және қолдана білу қабілетімен де анықталады.
Жедел дамып отырған ғылыми – техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналады. Ақпараттық - технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің ролі тәуелді болады. Тұтас дүние қалыптастыру мен қоғамдастықтар, жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде ақпараттық - телекоммуникациялық технологиялар маңызды роль атқарады.
Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу – ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер оның ішінде интерактивті құралдарды кең көлемде қолдануды қажет етеді.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығыда – мектеп.
Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз. Интерактивті құралдарды қолдану негізінде мектепте жаратылыстану бағытының пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.
Мектепті ақпараттандыруға осылай мемлекет тарапынан үлкен экономикалық қолдау көрсетіліп, оны оқыту, үйрету мәселесі бүкіл халықтық деңгейге көтерілсе ғана біздің еліміз өндірістің жоғары психологиясын меңгерген дүиежүзілік бәсекеге төтеп беретін, өндіріс өнімдерін өндіре алатын алдыңғы қатарлы мемлекетке айналады. Ол дәрежеге жетуге қажетті білім алуына біздің жас ұрпақтың қабілетінің жететініне сенім мол.
« Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет » деп, Ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Компьютер және интерактивті құралдар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстармен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашу керек. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағында, оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологияларды ғана тиімді деп санауға болады.
Оқушылардың интерактивті құралдар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, қабылдау, есте сақтау жоғарғы деңгейде болады.
Интерактивті құралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады:
1.Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі – түсті айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды
2. Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын әрі мүмкін емес.
3. Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады
4. Сабақта ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады
5. ACTIVwand указкасының көмегімен тақтаның жоғарғы бөлігіне кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді.
6. Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.
7. Сабақтың өнімділігі артады.
8. Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді [4].
Қазіргі заман талабы - оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі – ақпараттық технология.
Ақпараттық технология (Информационная технология; ) - 1) объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс; 2) ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын технологиялық элементтердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы. Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.
Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті мамандар даярлау - мұғалімнің басты міндеті. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Білім беру реформасы–Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі.
ХХІ ғасыр – техниканың озық дамыған ғасыры. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында бүкіл мектеп компьютермен қамтамасыз етілді.
Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. Кәсіби мамандарды дайындауда жүргізілетін барлық пәндерін оқыту құралы ретінде компьютерді қолдану – оқу үрдісін белсендіруге, оқытуды жекешелендіруге, оқушының өзін-өзі бақылауына мүмкіндік туғызады.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз – берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді жаңа комплекстік ақпараттандыру технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту болып табылады [51].
Ақпараттық - коммуникациялық технология электрондық есептеуіш технологиясымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламасына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мұғалімдерге оқушыны оқытуда бейне және ойын бағдарламаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді[50].
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Демек, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік – ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы [5].
Қазіргі білім беру жүйесі ақпараттық технологиялар мен компьютерлік коммуникацияларды белсенді қолдануда. Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы – білім беру мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылуы, оқу пәндерінің барлық бағыттары бойынша электрондық оқулықтар құрылуы және интернеттің дамуы мысал бола алады.
Бүгінгі таңда білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары өте көп. Оқу процесінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдар мүмкіндігін комплексті түрде қолдануды жүзеге асыру көп функционалды электрондық оқу құралдарын құру және қолдану кезінде ғана мүмкін болады. Осындай электрондық оқулықтарды оқытуда пайдаланудың негізгі дидактикалық мақсаты білім беру, білімді бекіту, дағды мен іскерліктер қалыптастыру, меңгеру деңгейін бақылау [49].
Ақпарат технологиясы (ағылш. information technology, қысқ. IT) — объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.
Ақпарат технологиясы дегеніміз компьютерді және телекоммуникациялық жабдықтарды деректерді сақтау, шығару, тасымалдау және өзгертуге арналған технология.
Ақпарат технологиясы - ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын технологиялық элементтердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы. Ақпараттық технология (немесе көпшілікке IT атымен танымал ұғым) — қазіргі компьютерлік технология негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны [48].
Ақпараттық технология түсінігі
Бұл термин ақпарат және технология деген екі ұғыммен байланысты.Технология (грек тілінен аударғанда ) өнер, шеберлік, біліктілік деген мағынаны білдереді. Технология дегеніміз – белгілі бір нәрсені өңдеу үшін орындалатын әрекеттер тізбегі. Технологиялық процесс түрлі құралдар мен әдістердің көмегімн жүзеге асады. Технология мен ақпарат түсініктерін біріктіре келе, ақпараттық технологияны есептеуіш құралдарын пайдалана отырып , ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, өңдеу, талдау қызметтерін жүзеге асыратын әрекеттердің реті деп атайды [6].
-
Ақпараттық технологиялардың мақсаты
Ақпараттық технологиялардың мақсаты, адамның талдау жасай отырып, нәтижесінде белгілі бір әрекетті орындау арқылы шешімдер қабылдай алатындай ақпаратты өңдіру болып табылады.
Ақпараттық технологиялар құралдары
А.т құралдарына техникалық, программалық, ақпараттық құралдар жатады. Техникалық құралдарға дербес компьютер, байланыс желілері, желі жабдықтары енеді. Техникалық жабдықталуына тәуелді болып келетін ақпараттық технология түрі ақпаратты жинақтауға, өңдеуге мүмкіндік береді. Техникалық және ақпараттық жабдықтамаларға тікелей тәуелді болып келетін программалық құралдар жинақтау, өңдеу, талдау қызметін атқарады [7].
1.3 Физика сабақтарында ақпараттық — коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі
-
оқушының өз бетімен жұмысы;
-
аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
-
білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
-
шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге асыру;
-
қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
-
қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
-
экономикалық тиімділігі;
-
іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
-
қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
-
оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор [47].
Оқытушы сабағында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық — коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын.
1.4 Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың артықшылықтары
Мұғалім үшін:
-
Оқу уақытын тиімді пайдалану, сабақтың мазмұнын байыта түсу;
-
Аудио-видео арқылы ақпаратты визуалды беру және қабылдау мүмкіндігі;
-
Оқушыларды белсенді іс-әрекетке қосу;
-
Сабақта оқушылардың ақпараттық-коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру;
-
Оқушылармен жекедара және іріктей жұмыс істеу мүмкіндігі;
-
Оқушылармен жұмыстың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану;
-
Жалықтырар қағаз жұмысынан босату;
· Сабақтардың қызықты да іскерлік көңіл-күйін жасау.
Оқушы үшін:
-
Ақпараттың қолжетімділігі;
-
Сабақ оқушының заманауи технологиялық дүниетанымына сай әдістермен өтеді;
-
Әр оқушы өз қабілеті мен екпінінде оқи алады;
-
Өзінше ойлауды дамытады;
-
Дербестікке, өзінше шешім қабылдай білуге тәрбиелейді;
-
Өз қабілет-қарымына сенімді бекітеді.
Компьютерлік сабақтардың түрлері
1. Мультимедиалық жабдықтармен өтілетін сабақ
2. Компьютерде өтілетін сабақ
3. Интернетпен өтілетін сабақ
Мультимедиалық жабдықтармен өтілетін сабақ
Мұндай сабақта мультимедиалық техникалық құралдар түрлі ұсынымдағы ақпараттарды аралас пайдалануға мүмкіндік береді: дыбыстық, графикалық, видео және аудио ақпараттарды. Мұғалім оқу процесінің басты тұлғасы да, басты ақпарат көзі де болып қала береді, ал мультимедиалық құралдар ақпараттың барынша көрнекі және жан-жақты, тартымды да қолжетімді болуына қызмет етеді, сол арқылы оқу мазмұнының жеңіл де сапалы қабылдануын қамтамасыз етеді.
Мультимедиалық сабақ мына бағыттарда өтілуі мүмкін:
Кесте 1 Мультимедиалық сабақ
Бұл сабақта мынадай мультимедиалық оқу құрал-жабдықтары қолданылуы мүмкін:
Кесте 2 Мультимедиалық оқу құралдары
Мұғалім сабақтарда түрлі электрондық оқу материалдарын – мәтіндік құжаттарды, электрондық оқулықтар, суреттер, графиктер, плакаттар, флипчарттар мен презентациялар-ды, клиптер мен фильмдерді кеңінен пайдалана алады. Мысалы, физикадағы фундаментал-ды тәжірибелердің компьютерлік сызбалары мен модельдерін (Резерфорд тәжірибесін, Франка және Герц тәжірибелері және т.б.). Сондай-ақ, мысалы, атомдық реактордың, электростанцияның, элементар бөлшектерді үдеткіштің құрылысын сипаттайтын сызбалар мен модельдерді көрнекі түрде көрсету өте тиімді. Интернетте физиканың түрлі оқу фильмдері кең таралған – «Фотоэффект», «Молекулалық физика», «Электромагнетизм. Трансформатор», «Радиоактивтілік және атом ядросы», «Атом мен оның ядросының құрылысы»және т.с.с. [46].
Компьютерде өтілетін сабақ
Сабақты не оның бір бөлігін оқушылардың тікелей компьютерлерде жұмыс істеуі арқылы өткізуге болады. Әрине, бұл сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай қажеттіліктен туындауы тиіс. Сабақтардың мынадай түрлері болуы мүмкін:
Кесте 3 Компьютерде өтілетін сабақ
Бұл сабақтарда ең басты кейіпкер – оқушы. Компьютерде тікелей сабақ оқитын, жұмыс істейтін басты тұлға оқушылар болғандықтан, олардың компьютерлік сауаттылығы мен мәдениетіне жоғары талап қойылады. Компьютерде жылдам істеп, тиісті ақпарат пен программаларды тиімді іздеп тауып, іріктеп, өзіне керегін жедел пайдалану жолдарын білуі тиіс. Сондықтан алдымен мұғалімнің өзі осы жоғары талаптарға сай болуы қажет.
Мұндай сабақтарда мұғалімнің компьютерлік техника мен программаларды, локал желіні немесе интернетті дұрыс басқарып, сабақты техникалық жағынан дұрыс ұйымдасты-ру ролі өте маңызды. Оқушылардың ешбір техникалық кедергісіз үздіксіз жұмыс істеуіне барынша жағдай жасап, мұғалім негізінен бақылаушы, көмекші ретінде іс-әрекет жасауы тиіс. Оқушылар еркін оқып, еркін қимылдауға мүмкіндік алып, дербестікке, өздігінен ойлау мен іс-әрекет жасауға дағдыланады. Компьютерлік сабақтарды осы айрықша пайдалы мүмкіндігі үшін өте ұнатамын. Өйткені біздің оқушыларда осы айтылған дербестік – өзінше ойлау, өздігінен шешім қабылдап, өзінше іс-қимыл жасау әсіресе төмен дәрежеде. Ал бұл қасиет жеке тұлға болып қалыптасудың ең алғы шарты және қазіргі заманға сай білім парадигмасының өзі дербес тұлға тәрбиелеуге бағытталған [45].
Интернетпен өтілетін сабақ
Кесте 4 Интернетпен өтілетін сабақ
Қазіргі кезде Интернетте кез-келген пән бойынша оқу материалдары артығымен жеткілікті. Тіпті youtube, kaztube, educator, iLearning және тағы басқа видеохостингтерде дайын видеосабақтар толып тұр. Оларды сабақтан тыс уақытта интернеттен жүктеп алып пайдалану бір басқа, ал егер мектеп интернетінің жылдамдығы мен сапасы жоғары болса, көптеген сабақтарды тікелей интернетке қосылу арқылы онлайн режімде өтуге болады. Небір өте мазмұнды көрнекіліктерді де интернеттен тікелей онлайн пайдалану мүмкіндігі бар. Онлайн есеп шығару, онлайн тест тапсыру, онлайн оқулықтар оқу және т.б. өте қолайлы жасалған оқу құралдары барын, онлайн конференциялар мен семинарларға, пән олимпиадаларына қатысуға болатынын қазіргі кәсіби мұғалім білуі және пайдалануы міндетті деген сенімдемін. Мұндай сабақтар өте көңілді де қызықты, оқушылардың өте жоғары белсенділігімен өтеді. Сабақтардың мазмұны да барынша терең игеріледі. Бір ғана маңызды шарты – мектеп интернетінің мүмкіндігі, яғни жылдамдығы өте жоғары болуы керек! Бұл мәселеде біздің қазіргі бірінші проблема осы.
Тіпті мұғалім өзінің арнайы жеке оқу сайтын жасап, оны оқушыларды қашықтан оқытуға пайдалануына болады. Оқушы кез-келген уақытта, кез-келген жерде еркін оқи алатын жағдай жасалады[8].
Мектептің физика курсында компьютерлік модельдерді пайдалану
Компьютерлік технологияларды физика пәнін оқытуда пайдаланудың ең болашағы бар бағыттарының бірі физикалық құбылыстар мен процесстерді компьютерлік модельдеу болып табылады. Компьютерлік модельдер дәстүрлі сабақтарға енгізуге де ыңғайлы және жаңаша түрдегі сабақтарды ұйымдастыруға да жол ашады.
Компьютерлік модельдер басқа да көрнекілік құралдарымен бірге оқу процесінің тиімділігін әлдеқайда көтереді.
Компьютерлік модельдердің негізгі көрсеткіші ретінде оқушылардың интеллектуалды қабілеттерінің дамуын атауға болады. Компьютерлік модельдерді пайдалану физикалық құбылыстар мен процесстерді сенімді де дәл көрсетіп, оларды экспериментте түрлі жағдайда қайталап, мән-мағынасын терең түсінуге мүмкіндік береді.
Оқушының компьютерлік эксперименттер жасауы кезінде компьютермен диалог арқылы жұмыс істеуі оның танымдық әрекеттерін арттырып, өздігінен ғылыми зерттеу жүргізу және ойлау қабілет-дағдыларын анағұрлым дамытады.
Қазіргі кезде физиканы оқуға арналған компьютерлік программалар өте көп. Оларды интернеттен еш қиындықсыз жүктеп алып, мектеп компьютерлеріне орнатып, физика сабақтарында пайдалануға болады [44]. Бұл программаларды сабақтарда пайдалану мақсатына сай былай топтауға да болады:
-
оқыту программалары;
-
демонстрациялық программалар;
-
компьютерлік модельдер;
-
компьютерлік лабораториялар;
-
лабораториялық жұмыстар;
-
есеп топтамалары;
-
бақылау программалары;
-
компьютерлік дидактикалық материалдар.
Әрине, көптеген программалар осының бәрін қатар пайдалануға арналған әмбебап түрде жасалады. Бұл мұғалімге де, оқушыларға да өте ыңғайлы. Мысалы, мынадай сабақтар өтуге болады:
Зерттеу-сабақ. Мұғалімнің басшылығымен оқушылар компьютерде кіші-гірім зерттеу жүргізіп, керекті нәтижелер алуға жұмылдырылады. Бұл компьютерлік модельде өте жылдам орындалады. Оқушылар өздігінен шығармашылық жұмыс істеуге, теориялық білімді тәжірибеде жаратуға мүмкіндік алады. Физикалық құбылыстың моделін тікелей көзбен көре отырып, мәнісіне тереңірек үңіледі. Мұғалім тек көмекші ретінде қолдауы керек.
Физика есептері модель түрінде беріледі. Есептерді шығарып, артынша нәтижелерін компьютерде бірден тексеру сабағы. Нәтижелер компьютерлік модельде тәжірибе түрінде тексеріледі. Оны әрбір оқушы өздігінен жасап, шығармашылық-танымдық қызығу тудырады. Бұл бір ғылыми зерттеу секілді өтуі мүмкін. Есептерді оқушылардың өзіне құрастыруға беруге де болады.
Қазіргі кезде практикалық сабақтарды интернеттегі виртуал лабораторияларда онлайн режімде өтуге де болады. Мысалы, http://virtulab.net , http://www.fxyz.ru , http://www.liveexpert.ru т.б. сайттарында. Тек олар орыс тілінде, қазақ тілінде әлі мұндай мүмкіндік жоқ [9].
1.5 Менің физика сабақтарында компьютерлік технологияларды пайдалану тәжірибемнен
Пайдаланатын компьютерлік электрондық оқу құралдары:
1. Тақырыптық электронды көрнекі құралдар – суреттер, плакаттар, мәтіндік тапсырмалар;
2. Электрондық оқулықтар – физика оқулықтары, мәтіндік құжаттар, презентациялар, видеофильмдер;
3. Лабораториялық жұмыстар;
4. Есеп жинақтары мен бақылау тесттері.
Қолданатын компьютерлік технологиялар – мультимедиа сыныбы:
1. Мұғалімнің және оқушылардың компьютерлері;
2. Мұғалімнің жеке ноутбугы;
3. Проектор;
4. Локал желі;
5. Компьютерге орнатылған офистік және оқу программалары;
6. Интернеттің оқу-білімдік ресурстары;
7. E-learning оқу жүйесінің ресурстары;
Физика сабақтарын өту технологиялары:
1. Мультимедиалық сабақ – жаңа тақырыпты түсіндіру, проектор мен локал желіні пайдаланып электрондық материалдарды көрнекі түрде ұсыну;
2. Компьютерлік сабақ – оқушылардың компьютерде өздігінен оқуы, қайталау, есеп практикумы, лабораториялық жұмыстар, тест тапсыру сабақтары;
3. Шығармашылық сабақтар – оқушылардың өздігінен еркін тақырыптарда компьютерде шұғылдануы. Компьютердегі немесе интернеттен физика тақырыптарына арнайы фильмдер көріп, талдау [10].
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың арқасында ол оқу орындарында үйде отырып-ақ интернет арқылы қашықтан оқуға толық мүмкіндіктер жасап қойған. Яғни, қазіргі кезде «оқимын» деген талабы бар әрбір жан дүниежүзінің өзі қалаған кез-келген оқу орнында білім алуына толық жағдай бар деп сеніммен айтуға болады. Тек, мұндай оқу жеке адамның өзіне өте жоғары талаптар қояды – тынбай іздену, өзін-өзі қатаң тәртіпке бағындыру, тынымсыз еңбектену және даму қажет болады.
Сондықтан, компьютерлік және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланып оқудың негіздері мектепте қалануы міндетті. Мұның мынадай артықшылықтары бар:
Мұғалім үшін:
1. Оқу уақытын тиімді пайдалану, сабақтың мазмұнын байыта түсу;
2. Аудио-видео арқылы ақпаратты визуалды беру және қабылдау мүмкіндігі;
3. Оқушыларды белсенді іс-әрекетке қосу;
4. Сабақта оқушылардың ақпараттық-коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру;
5. Оқушылармен жекедара және іріктей жұмыс істеу мүмкіндігі;
6. Оқушылармен жұмыстың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану;
7. Жалықтырар қағаз жұмысынан босату;
8. Сабақтардың қызықты да іскерлік көңіл-күйін жасау.
Оқушы үшін:
1. Ақпараттың қолжетімділігі;
2. Сабақ оқушының заманауи технологиялық дүниетанымына сай әдістермен өтеді;
3. Әр оқушы өз қабілеті мен екпінінде оқи алады;
4. Өзінше ойлауды дамытады;
5. Дербестікке, өзінше шешім қабылдай білуге тәрбиелейді;
6. Өз қабілет-қарымына сенімді бекітеді.
Жаңа технология түрлерін сабақ үрдісінде пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі [43].
Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдер арқылы іске асады:
І кезең: оқып-үйрену;
ІІ кезең: меңгеру;
ІІІ кезең: өмірге ендіру;
IV кезең: дамыту.
1. Жаңа педагогикалық технология мақсаты – оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп.
2. Ойын технологиясы. Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.
3. Проблемалы оқыту технологиясы. Проблемалы оқыту – мұғалім басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды.
4. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Мақсат пен міндеттердің орындалуы мынадай ұзақ жоспарлар арқылы іске асады:
- ассоциация;
- бірлестік қызмет;
- көзқарасын талдау мен дәлелдеу түрінде қорғау. Бұл технология бойынша:
- оқу үрдісінде қызығушылық артады;
- оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік беруі туады;
- оқушының ақпараттық тіл байлығы жетіледі.
5. Деңгейлік саралау технологиясы. Саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық-психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
6. Жекелеп оқыту технологиясы. Жекелеп оқыту – оқу процесін ұйымдастырудың мына түрлері мен үлгілерін қарастырады.
- мұғалім бір ғана оқушымен жұмыс істейді;
- оқушы тек оқу құралдары мен өзара қатынаста (оқулықтар, компьютер, т.б) болады. Жекелік оқудың басты жетістігі баланың қабілетімен оқу қызметінің желісін әдісі мен мазмұнын өз қабілетіне қарай бейімдеуіне мүмкіндік береді.
7. Топтық технология. Бұл сыныпта оқу жұмысын ұйымдастырудың үшінші және төртінші деңгейі. Бұндай жұмыс белгілі-бір тапсырманы бірлесіп шешуі үшін сыныпты уақытша топтарға бөлуді қажет етеді. Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, бірлесіп үйренуге мүмкіндік береді.
8. Кезеңдеп оқыту технологиясы
1. Мәдени кезек сөз – оқу процесінің екі негізгі бөлігі арасында кезексөз түрінде құрылады.
Оқу-негізгі «таңдану нүктесі» айналасына орналасқан ішкі кезексөзге негізделіп құрылады.
2. Дидактикалық бірлікті ірілендіру (ДБІ) Әдістемелік құрылымның түзгіші негізіне мұғалім мен оқушы қызметін байланыстырушы ретінде математикалық жаттығу ұғымы алынған, әрі тұра, кері ұғымдары мен қағидалары бір кезде оқытылады.
ДБІ технологиясының ашушы түзгіші – жаттығу – үшен сабақтардың бірінде қаралады:
- қазіргі тапсырма;- кімге арналғандығы;
- жинақтау. Технология мазмұнының басты ерекшелігі пән оқу материалдарының дәстүрлі дидактикалық құрылымын қайта құру.
3. Ойлау қызметін кезеңдер бойынша қалыптастыру, мақсаттың бағытталу технологиясы – бағдарлық білім, шеберлік және дағдыны әсерлі меңгеру. Бұл технология әрбір оқушының жұмыстарды, әрбір қадамын мұғалімнің бақылауын қажет етеді. Сабақ меңгерудің барлық кезеңдерінде бақылап отыру – технологияның ең маңызды құраушыларының бірі болады. Ол оқушыны қателесуден сақтандыруға бағытталады.
9. Өзіндік дамыту технологиясы (М. Монтессори) Мақсаттық бағыты:
- жан-жақты дамыту;
- жекелікті тәрбиелеу;
- бала санасында ойлау қызметі мен пәндер түзгіштерін біріктіру.
Басты мақсаты – оқыту дағдысы: қолдағы ұсақ моторлар, есті дамыту.
10. Дамыта оқыту технологиялары.
1. Л.В. Занковтың дамыта оқу жүйесі. Оқыту қызметінің негізгі мотивациясы танымдық қызығушылық. Занков әдісі әртүрлі қызметтерге тарту, дискуссия, дидактикалық ойындарда оқытуда, пайдалану, сол сияқты есті, ойлауды, елестетуді, сөйлеуді байыту бағытындағы оқыту әдісі.
2. Д.Элькони – В.Давыдовтардың дамыта оқыту технологиясы. Элькони – Давыдов техноло-гияларындағы дамыта оқыту ең алдымен оның мазмұны, теориялық білімге негізделе отырақұрылған. Білімнің теориялық негізі терең түрдегі жинақтаудан тұрады. Дәстүрлі технологиялардан өзгешелігі дамыта оқыту оқу қызметін басқаша бағалайды. Оқушының орындаған жұмыстары мен сапасы оқушыға білімнің жетімділігі мен қабілетінің жететіндігін мұғалімнің көзқарасы бойынша бағаланбай, оқушының өз мүмкіндігі тұрғысынан қаралады.
3. Жеке бас шығармашылығын дамытуға бағытталған дамыта оқыту жүйесі. Іздену, ойлап табу қызметтері процестері оқытудың негізгі мазмүны болады.
Дамыту мазмұны жақыннан орташаға, сонан кейін қашықтағы мақсаттық келешекке көшуден тұрады.
Бұл технологияда ұжымдық жұмыс әдісі кеңінен қолданылады; ойға шабуыл, ұйымдастыру – қызмет ойыны, еркін шығармашылық пікірталасы.
11. Модульдік оқыту технологиясы. Модуль дегеніміз – қандайда бір жүйенің, ұғымның нақтылатын, біршама дербес бөлігі.
Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен тұрады. кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады. Әр оқушы оқу модулінде сағат саны әртүрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты [11].
Жаңа технологияны қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы:
Оқыту процесінде жаңа технологияларды қолдана отырып білімін шыңдайды;
Жаңа оқыту үрдісін қалыптастырады;
Өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;
Ал өзімнің іс-тәжірибеме келер болсам, қазіргі таңда жаңа технологияны тиімді пайдалануға мүмкіндік беріп отырған бұл Кембридж бағдарламасы. Кембридж бағдарламасының 7 модулі аясында жаңа әдіс-тәсілдерді үйрету технологиясын қолдану арқылы мақсатты түрде күткен нәтижеге жетуге болатындығын, тиімділігін әрекетті зерттеу барысында көз жеткіздім. Ал соның ішіндегі сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды көздейді. Бұл нұсқаулықтағы ғылыми тұжырымдамаға сүйене отырып, нәтижелі сабақта оқушы жауаптарынан ойындағы айтар сөзін жүйелеп жеткізуге тырысуынан, өзгелердің жауабынан ой түйіп, басқаша қырынан танылуынан, әрбір ситуациялық мәселелерді жан-жақты қарастыруға белсенділік танытуынан көрінді.
Сабағымның бірінші күнінен бастап парталарымды топтарға бөліп орналастырып қойдым. Оқушыларым сабаққа келген кезде парталардың өзгергенін көріп таңқалды. Сол күннен бастап сабақтарым қызғылықты өте бастады. Әсіресе топпен жұмыстанғанда жаңа әдіс-тәсілдерді басшылыққа ала отыра көптеген жұмыс түрлерін ұйымдастырдым.
Менің пікірімше сабақтың тиімділігі: оқушы шығармашылық деңгейге мұғалім арқылы емес, өз іс-әрекеті арқылы жетті. Жаңа әдіс-тәсілдердің ұтымдылығы да осында. Технологияны пайдалану шығармашылық тұлға қалыптастыруға алып келеді. Біз сабақтың басында мақсат қойғанда да осындай нәтиже күткен едік. Дәстүрлі өткізіп жүрген сабақтарды салыстыра отырып, жаңаша тәсілде өткен сабақтан мынадай айырмашылықтарды таптым.
Кесте 5 Оқытудағы тиімді технологиялар
№ |
Оқыту технологиясы |
Зерттеуге үлес қосқан ғалымдар |
Мақсаты |
Әдістері, тәсілдері |
1 |
Модульдік оқыту технологиясы |
М.М.Жанпейісова |
Оқыту процесінде жаңа технологияларды қолдана отырып білімін шыңдайды; Жаңа оқыту үрдісін қалыптастырады; Өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады; |
Жаңа технологияны қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады. Ол 3 кезеңнен тұрады:
1.Кіріспе
|
2 |
Деңгейлік саралау технологиясы |
|
әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз ету |
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді; 2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс |
3 |
Кредиттік оқыту технологиясы |
Чарльз Элиот |
|
Кредиттік оқыту жүйесінің негізгі ұстанымдары мынадай: – ұлттық білім беру жүйелерін халықаралық деңгейде адамдарға қолайлы жерінен білім алуға мүкіндік беру; – кез-келген ұлттық білім беру жүйесімен сәйкестігі; – жоғары білім берудің барлық бағдарламалары мен формаларының (күндізгі, кешкі, арақашықтықтан (дистанциялық), сырттай оқыту) қолданылуы; – халықаралық есептік ауысу мүмкіндігі; –«диплом қосымшалалырының» жалпы еуропалық үлгігіе сәйкестігі. |
4 |
Интербелсенді оқыту технологиясы |
Гегель, Ж.Пиаже |
Күнделікті болмысты адам мұқтажда-рына сәйкес түбегейлі өзгерту, «құзырлылық» («компетенция») тұжырымы бойынша құзырлардың (компетенциялардың) қалыптасуына тиімді орта мен жағдай жасау 1. Студенттердің оқу материалын меңгеру деңгейін (сапасын) бақылау. 2.Әр студенттің дамуын қадағалау.
|
Лекция, семинар, практикалық сабақтар; Мотивация немесе Қызығушылықты ояту кезеңінде қолданатын тәсілдер Ой қозғау (breinstorming) – студенттер қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша келтіреді. Синектика – ой қозғаудың жетілдірілген түрі. Бұл тәсілді 1960 жылы Уильям Гордон (АҚШ) ұсынған. Егер ой қозғауда идеяларды топ құрамына кездейсоқ түрде жиналған студенттер келтіретін болса, синектикада идеяларды сарапшылар (бұл мәселе бойынша хабардар, осы бағытта жұмыс жасап жүрген студенттер) талқылап, қорытындылайды. Кластерлер («жүзімнің шоқтары» деген мағынада қолданылған) - идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба кестелер. Негізгі тақырып (тірек сөз, басты идея) тақтаның (дәптердің) ортасындағы шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның жан-жағына жазылып, шеңберленеді, студенттер оларды бір-біріне сызықтармен қосады да, өз-ара байланыстары туралы әңгімелейді. Т-кестесі - бір-біріне қарама-қарсы («иә/жоқ», «келісемін/келіспеймін», «қарсымын/жақтаймын», «ішкі/сыртқы», «басы/аяғы», «маңызды/маңызды емес», «себебі/салдары» секілді) немесе салыстыруға болатын (мәселен, екі объект) ақпарат пен пікірлерді келтіруге арналған жазу кестесі. Оңай және қиын сұрақтар кестесі, Ойлан - – Т-кестесінің модификациясы. Бұл кестені студенттер қандай да болмасын мәселе бойынша өз пікірін келтіру үшін немесе жаңа ақпаратпен танысқанда (мәселен, лекция мазмұны, мәтін) толтыра алады (алдымен жеке, содан кейін жұппен, шағын топ ішінде немесе бүкіл аудиториямен). Кестенің сол жағына олар өз түсініктері бойынша оңай, ал оң жағына қиын сұрақтарды келтіреді. Жұптас, Пікірлес - студенттерге қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгеннен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интербелсенді тәсіл. Алдын-ала берілген атаулар.Оқытушы сабақ басында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4 атау), студенттерге олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлануын сұрайды. Бұл жұмысты студенттердің жеке, жұппен немесе шағын топ ішінде ауызша яки жазбаша (соңғысы тиімдірек) орындауы ықтимал. Содан кейін оқытушының бірнеше студенттің ойы мен пікірін тыңдауына болады. Еркін жазу – студенттердің тақырып бойынша өз ойларын қағазға түсіруді талап ететін тәсіл. Болжау – тақырып атауы келтірілгеннен кейін студенттерге «Бүгінгі сабақта әңгіме не туралы болады (қандай тақырып маңайында өрбиді, қандай негізгі мәселелер көтеріледі, т.с.с.)?» деген сұрақ қойылады. Студенттер осы сауал төңірегінде ойланып, өз ойларын ортаға салады. |
5 |
Дамыта оқыту технологиясы |
1.Л.В.Занковтың дамыта оқу жүйесі. 2. Д.Элькони – В.Давыдовтардың дамыта оқыту технологиясы. |
1. танымдық қызығушылық қалыптастыру 2. Білімнің теориялық негізін терең түрде жинақтау 3. жеке тұлғаның қабілеттері жандана түседі және білім прагдимасы қалыптастыру |
1. Занков әдісі әртүрлі қызметтерге тарту, дискуссия, дидактикалық ойындарда оқытуда, пайдалану, сол сияқты есті, ойлауды, елестетуді, сөйлеуді байыту бағытындағы оқыту әдісі. 2. Элькони – Давыдов техноло-гияларындағы дамыта оқыту ең алдымен оның мазмұны, теориялық білімге негізделе отырақұрылған. Білімнің теориялық негізі терең түрдегі жинақтаудан тұрады. Дәстүрлі технологиялардан өзгешелігі дамыта оқыту оқу қызметін басқаша бағалайды. Оқушының орындаған жұмыстары мен сапасы оқушыға білімнің жетімділігі мен қабілетінің жететіндігін мұғалімнің көзқарасы бойынша бағаланбай, оқушының өз мүмкіндігі тұрғысынан қаралады. |
6 |
Блум таксономиясы |
Бенджамин Блум |
Оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру. |
Білу: Ақпаратты, оқу материалын (қажетті деректерді, нақты фактілерді немесе бүтін теорияларды) есте сақтау мен қайталау (репродукция). Қайталау немесе тану арқылы мәлiметтердiң есте қалай сақталғанын тексеру, мағлұмат пен деректердi еске түсiру арқылы жүзеге асырылатын категория. Бұл деңгейде тестілеу, қалдырып кеткен белгiлердi орнына қою, анықтамалар мен атауларды жаттау немесе қайталау, процестердің өрбу немесе орын алу тәртiбiн қайталау сияқты тапсырмалар қолданылады. Оларды орындағанда студенттер оқу материалын оқытушының лекциясында немесе оқулықта берілген күйде бұлжытпай қайталап беруге тырысады. Олардың басты мақсаты – ақпаратты жадында сақтау және іздеу болып табылады. Түсіну: Түсіну дегеніміз мәліметті таныс, анық күйге (формаға) ауыстыру арқылы өзіндік түсінік қалыптастыру. Бұл деңгейде үйренушілер мағлұматты тек есте сақтамайды, олар оның ауқымы мен көлемін ұлғайтпаса да, сол берілген мөлшерде басқаша қылып көрсетеді. Олар мәлiметтердi басқа таныс жүйеге түрлендiреді, есте сақталған мағлұматты басқаларға жеткiзу жолдарын айқындайды, ұқсастықтар пен айырмашылықтарды анықтайды, салыстырады, нәтижелердi суреттейді. Мысалы, сөздерді математикалық формулаға түсіру немесе схема, кесте түрінде көрсету; өз сөзімен түсіндіріп беру, қысқаша сипаттау. Қолдану: Оқу материалын жаңа жағдайлар мен ситуацияларда қолдану. Қолдану - қандай да бір проблеманы (мәселені) шешу үшiн мәлiметтi іс жүзінде қолдану, жүзеге асыру. Бұл деңгейде студенттер оқытушының көмегiнсiз таныс емес проблеманы өздігiнше шешуi керек. Мұнда қорытынды нәтиже (мысалы, проблеманың шешімі) маңызды мәселе болып қалмай, сонымен бірге шешім іздену процесiнiң өзі де маңызды болып танылады: үйренушілердің мәселені шешу жолы шешiмнiң өзiнен де маңызды болуы мүмкiн. Мәселен, ережелерді, формулаларды, түсініктерді, заңдарды, теорияларды, қағидаларды қолдана отырып қандай да бір проблеманы шешу. Талдау (анализ): Оқу материалын құрамдас бөліктерге жіктеп, олардың арасындағы байланыстарды анықтау, бүтіннің қалайша құралатындығын түсіну және түсіндіре білу. Синтез: Оқу материалын пайдалана отырып, шығармашылық тұрғыдан жаңа мазмұн құрастыру. Мәселен, баяндама немесе эссе жазу, жоспар немесе схема құрастыру. Бағалау: Оқу материалының мағызын бағалау: салыстыру және айырмашылықтарын айқындау, дәлелдеу арқылы шешім қабылдау. Мұнда тұжырымдар нақты талаптар (критерийлер) тұрғысынан болуы керек. Бұл критерийлер үйренушінің өмірлік тәжірибесі мен ұстанған көзқарастарына негізделетін немесе ұстаздың ұсынысынан туындайтын болуы керек.Бағалау алдыңғы деңгейлердің нәтижелеріне жету мүмкіндігін береді. |
7 |
Сын тұрғысынан ойлау |
Дж.Стилл, Куртис С.Мередит, Ч.Темпл |
- оқу үрдісінде қызығушылық артады; - оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік беруі туады; - оқушының ақпараттық тіл байлығы жетіледі. |
Бағдарлама жеті модульден тұрады: 1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. 2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. 3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. 4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану. 5. Талантты және дарынды балаларды оқыту. 6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. 7.Оқытудағы басқару және көшбасшылық. Технологияның стратегиялары (тәсілдері)
|
-
Физика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Физика пәні оқушылардың қызығушылығымен тапқырлығын, логикалық ойлау қабілетін дамытып, шығармашылық белсенділігін арттырады. Олар өзбетімен ізденуі барысында білімнің шығармашылық деңгейіне көтеріледі. Әрбір оқушыға жас ерекшелігі мен ойлау қабілеті, айналасы үлкен әсерін тигізеді. Физикалық теория – логикалық бір жүйеге келтірілген білімдер жиынтығы. Оның негізгі элементтерін (фактілер, сызбалар, ұғымдар, заңдар, теорияның салдары) білу физиканы оқытудың негізгі мақсаты болып табылады. Логикалық ойлау – білімді тиімді меңгертудің бірден-бір жолы. Кез-келген есепті шешу барысында оқушыларды талдауға, яғни есепті шешудің бірнеше жолдарын қарастырыуға, ойландыруға үйрету керек. Білім беруді ақпараттандыру жағдайында компьютер - оқыту мен дидактикалық құралға айналып отыр. Сондықтан, қазіргі білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқу құралдарын пайдалану – өзекті мәселелердің бірі. Электрондық оқулықтарды теориялық сабақарда пайдалану кезінде білім алушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдап алған тақырыбы бойынша тапсырмалар орындап, тесттер шешіп, карта және сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады. Осы мақсатта электрондық оқулықты пайдаланып, физика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында 1 курс «автокөлік жөндеу» мамандығы бойынша оқитын оқушыларға «Жылу машиналарын пайдалану және қоршаған ортаны қорғау» атты ашық сабақ өткіздім. Бұл сабақта оқушылар жылу қозғалтқыштарының жұмыс уақытында қоршаған ортаға көмірқышқыл газын және басқа зиянды заттарды шығарып жататындығын, ауаның жану өнімдерімен, күлмен, күйемен зияндалуы туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар жылу машиналарының проблемалары мен даму болашағы жайлы пікірталасты [12].
Өз іс-тәжірибеммен сабақ беру үрдісінде төмендегідей негізгі факторларды:
-
өз бетінше тапсырмалар орындауды;
-
рефераттар қорғауды;
-
оқушылармен жекелей және топпен жұмыстар жүргізуді;
-
үйге олардың ойлау қабілетін дамытатын есептер беруді;
-
сабақта халықтық педагогика элементтерін қолдануды;
-
теориялық-практикалық сауаттылығын арттыруды басшылыққа аламын [42].
Мен жұмысымда оқытудың жаңа педагогикалық технологиялық негізі етіп, деңгейлік саралауды алдым. Ол бойынша дамыта оқыту әдісі жүзеге асырылып, оқушының ойлауы мен есте сақтауын, белсенділігі мен ынтасын, дағдысы мен білім сапасының артуы қамтамасыз етіледі. Дәстүрлі оқытуда өз бетімен жұмыс істеудің мақсаты – бекіту, өткен сабақты қайталау болса, қазір жаңа технологияға байланысты оқушылардың жеке фактілерді, физикадан алған білімдерін күнделікті тұрмыста қолдана білуіне көңіл аударылады.
Деңгейлік саралауды басшылыққа ала отырып, «Тұрақты электр тогы», «Конденсатордың құрылысы және түрлері» атты сабақтар өткіздім.
Сонымен қатар, физика сабағында ойын элементтерін қолдана отырып, сабақ өткізу – әрбір баланың сабаққа ынтасын арттырып, қызығушылығын туғызады. Сабақта сонымен бірге жұмбақтар мен мақал-мәтелдерді өте тиімді пайдалануға болады. Ойын элементтерін қолданып, «Электр құбылыстары» атты сайыс сабақ, «Халықтық ұғымдар мен салт-дәстүрлердің астрономиялық негізі» атты ойын сабақ өткіздім. Арнайы білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттырып, интенсификациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Шығармашылық дегеніміз-адамның өмір шындығына,өзін-өзі тануға ұмтылуы,ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін,дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы,дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі [41].
Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту,қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау,осыған орай оқытуды ізгілендіру мектептерінің алдында тұрған үлкен міндет екені белгілі. Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін, оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын пайдаланған жөн деп ойлаймын.
Шығармашылыққа үйрету үшін мынадай жағдайларды ескеру тиіс. Мұғалім ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың назары бір нәрсеге бағытталуы керек. Әрбір шығармашылық тапсырманы оқушыға ұсынудың мазмұны жеткіншектердің жас ерекшелігіне, қызығушылығына үлесуі керек. Оқушының шығармашылықпен айналасуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызу. Шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, спапалы түрде қалыптастырып отыру қажет. Сондықтан баланың шығармашылығын дамытуда ұстаз көп еңбек сіңіру керек. Баланың қиялын дамытып, ойын ілгері жетектеуде, түрлі лингвистикалық жаттығулардың да ролі зор. Сабақ үстінде материалды салыстырып қарма-қарсы қою әдісі арқылы да ұғындыру өз нәтижесін береді. Мұғалім сабақтарда әдіс- тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға, өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс-тәсілімен өткізілген әрбір сабақ оқушылардың ойлауын және қиялын, ойын дағдысын,оларды сөйлеуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы балалардың ортасынан қабілеті жоғары бала іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан-жақты тану оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылып отыру әрбір мұғалімнің негізгі міндеті. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өсуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі таныуына көмектеседі. Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып танылады. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділігін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабаққа және сабақтан тыс уақытта дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.
Бала бойындағы қабілетті ашу оқушының шығармашылық бағытта дамуына жете мән беру болып табылады [40].
Оқушыларды шығармашылық бағытта жан-жақты- бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше. Қазіргі танда оқытудың елуден астам технологиясы бар екенін ғалымдарымыз айтып, осылардың кейбіреуі біздің білім беру жүйемізге еніп, тәжірибемізден орын алуда. Қазіргі ұстаздардың алдына тұрған үлкен мақсат өмірдің барлық саласына белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді.
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалуы тиіс.
1.Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;
2.Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайда болу;
3.Шығармашылық іс-әрекетке жағдай туғызу;
Шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың төмендегідей түрлері бар.»
Тақырыпты мазмұнына сай жинақтау;
Арнайы бір тақырыпқа пікірталас тудыру;
Шығарма ,шағын әңгіме құру;
Сөзжұмбақ құру, шешу;
Қиялдау арқылы сурет салу;
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып тілін байыту қиялын ұштаумен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді [39].
«Шығармашылық» сөзінің төркіні, этимологиясы «шығару», «ойлан табу» дегенде келіп сыяды. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте: «Шығармашылық қайталанбайтын, тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық,ашатын іс-әрекет»- деп түсіндіріледі. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыдағы болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтерем деп есептейді. Ол пікір бүгінгі күнгі педагогиканың талаптарына сәйкес келумен көңілге қонымды. Соңғы жылдары «Шығармашылық» сөзімен «жаңалықпен» қатаң «бастамалық, белсенділік ұғымдары» астарлас қолданылып жүр.
Технология пәні орта мектептерде алатын орны ерекше. Әрбір оқушы технология пәні арқылы өзін қоршаған ортадағы заттардың әдемілігін көріп сезіну арқылы өзінің шығармашылық қабілетін жетілдіреді [13].
Шығармашылық сабақтардың оқушылар үшін мынадай маңызды жақтары бар:
-
оқушының танымдық іздемпаздығы қалыптасады;
-
сұрақтарды, мәселелерді терең талдауға үйренеді;
-
шығармашылық ой - өрісі артады;
-
кітаппен жұмыс, көркем және ғылыми әдебиеттер, баспа материалдармен жұмыс істеу біліктерін қалыптастырады;
-
ұжымдық ой - пікірлері жетіледі, топ мүшелерін пікірлерімен ортақ тұжырым жасауға үйренеді;
-
мұғаліммен оқушылардың қарым - қатынасы ынтымақтастыққа болып, сенімділіктері артады;
-
оқушы өз ойын еркін айтуға, сөз мәдениетіне үйренеді;
-
білімін жүйелі түрде толықтыруға;
-
өз әрекетіне сын тұрғысынан қарауға;
-
тұжырым жасап қорытындылауға үйренеді;
-
оқу міндеттерін тиімді шешу мүмкіндігін тудырады [38].
Жаңа материалдарды түсіндіруде ақпарат беруші қызметінде ғана қалмай, мұғалім баланың танымдық дербестігін қалыптастырудағы әрекеттерін негізгі міндеттеріне тоқталсақ:
білімді шығармашылықпен меңгеру дағдыларын
қалыптастыруы;
білімді шығармашылықпен қолдануға дағдыландыру және оқу
проблемаларын шешу шеберліктерін
арттыру;
ғылыми дүниетанымды қалыптастыру
т.б.
Шығармашылық сабақтардың өткізу оқушының танымдық іс - әрекетін
арттырудың құралы, сапалы білім берудің шарты, оқу үрдісін
ұйымдастыру факторы, оқытудың жекелік бағдары болып табылады
[14].
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда сыныптан тыс жеке
ұжымдық жұмыстар ұйымдастырудағы: шығармашылық ай, пәндік
апталықтар мен ғылыми апталық, жобалар, пәндік үйірмелермен
факультатив сабақтарының маңызы зор. Барлық жұмыстар оқушылардың
қалауы бойынша жүргізіледі, оған әртүрлі сынып оқушылары
қатыстырылуы мүмкін. Осындай жүргізген жұмыстар арқылы оқушылар
өздерінің әртүрлі танымдық және шығармашылық сұраныстарын
қанағаттандырады. Сонымен қатар, мектеп ішіндегі оқушылардың
арасынан дарынды балалардың шығуына ықпал етеді.
“Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең
бастысы жағдайлар жасау қажет”. Оқушының дарындылығының дамуы,
қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне, және
оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық. Көбінесе
“дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан.
Белгілі ағылшын психологы П. Торранстың зерттеулері бұл пікірдің
мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда
қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты,
ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар
көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана
айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр
нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П. Торранстың
зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын
көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес
екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің
нәтижесін есте ұстағаны жөн.
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты - олардың шығармашылық
жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал
мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының
танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Дарынды оқушымен
жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы
мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы
мұғалімге байланысты[15].
Бұл контексте болашақ мұғалімді жаңашыл педагогтердің инновациялық
тәжірибесін шығармашылық ынтамен меңгеру және пайдалану арқылы
даярлаудың келешегі зор деп ойлаймыз. Жаңашыл педагогтер оқушының
жеке тұлғалық абыройын барынша құрметтеуге, оның шығармашылық
қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін
дамытуға, жағымды эмоциональдық педагогикалық үрдісті
қалыптастырып, одан педагогикалық зорлықтың барлық түрін аластатуға
бағытталған ізгіліктік стратегиясымен сипатталады
[37].
1.7 Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:
-
Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
-
Сабақты түрлендіріп өткізу;
-
Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
-
Техникалық құралдарды тиімді қолдану;
-
Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету [35].
Дарынды балалардың психологиялық
ерекшеліктері немесе «дарындылық белгілері» психологтар арасындағы
пікір таластардың негізі болып табылады.
Талантты балалардың өмірінде және іс -
әрекетінде байқалатын ерекшелік белгілері
айқындалған. Мұндай белгілерді балалардың іс
-
әрекет ерекшеліктерін бақылаған кезде баяндауға
болады. Шығармашылық дарындылықтың белгілері әртүрлі болатындығы
қиындық туғызады және де олар әлеуметтік ортамен тығыз байланысты.
Бастауыш мектепте шығармашылық қабілеттілікті оқу әрекетінде
көрінеді. Сондықтан әр бала бойындағы шығармашылық қабілеттері оқу
әрекетінде көрінеді. Сондықтан әр бала бойындағы шығармашылық
қабілеттерін бағыттап, тәрбиелеу қазіргі таңдағы ата
-
ана мен мұғалімнің тарапынан қолдау тауып отыруы
қажет.
Оқу іс әрекетінде мұғалім мен оқушы тығыз байланыста болуы керек.
Ол үшін мұғалім бар күш -
жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы
табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы,
шығармашылық жағдай жасауы қажет. Ал оқушы өз тарапынан
белсенділік, дербестілік көрсетуі, өзіне деген сенімділігі арқылы
шығармашылық әрекетті қалыптастыра алады. Менің байқағаным,
бастауыш сыныптарда шығармашылықпен жұмыс істеуге үйренген оқушы
жоғары сыныптарда шығармашылық жұмыстың қай түріне болсын бейім
болады және дұрыс жол табу үшін дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы,
дәлелдеді шешімдер қабылдай білуге тырысады. Бастауыш сыныпта «Ана
тілі» және «Қазақ тілі» сабағында ұтымды уақыт тауып, шығармашылық
жұмыс түрлерін жүргізуге болады. Ол үшін мұғалім мәтіннің,
жаттығудың өн -
бойынан шығармашылық тапсырмаға лайықты жағдайлар
іздеп табуы керек. кейбір практикалық тапсырмаларды да шығармашылық
арнаға бұрып, өзгертуге болады. Бастауыш сынып оқушыларының қиялы
әдеттегіден тыс, ерекше. Олар естіген әңгімелер, ертегі желісімен
өзі де оларды құрастыра алады. Сондықтан мұғалім ертегіні немесе
әңгімені бастап беріп, оны аяқтауға оқушыға тапсыратын болса,
балалар оны аяқтаудың түрлі жолдарын қарастырады [16].
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін,
қызығушылығын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта
және сабақтан тыс уақытта дамытуда мен мынадай әртүрлі әдіс -
тәсілдерді қолданамын [34].
1.8 Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары
Әрбір оқушыны оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек.
Оқушының білім сапасын көтеру негізгі мақсат. Біз соңғы нәтиже сипатын, мектеп түлегінің білімділігі үлгісі арқылы құрдық.
Біздің оқушыға қойған талабымыз:
·қоршаған ортаны сезе білу, құбылыс себептерін іздене білу;
·ақыл парасатты игеріп, ойлау, сезім қабілеттерін арттыру;
·алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу;
·өзін - өзі талдауды, өзін - өзі бағалай білуді меңгеру;
·басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу, осы заманға сай технологияларды пайдалана білу (интернет, электронды пошта);
·қоршаған ортада өз орныңды, жеке рөліңді анықтай білу;
Сондықтан, мектеп мұғалімінің сапасын соңғы нәтижеге бағыттау керек. Көздеген мақсатымыздың нәтижесін көреміз, мұғалімнің кәсіби шеберлегін дамытуға қажетті жағдай жасау арқылы білімнің жаңа парадигміне өту тәртібі бойынша ғылыми-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру.
Мектеп мұғалімдері шығармашылық жұмыспен айналысуға даяр болуы керек, нәтижеге жетуге ұмтылу қажет [17].
Ел президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында “Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қарымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет” деген сөздері бар. Демек, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу – мектептің басты бағыттарының бірі. Бұл салада атқарылатын жұмыстар жетерлік.
“Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет”.
Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық [33].
Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн[18].
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты- олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Дарынды оқушымен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты.
Бұл контексте болашақ мұғалімді жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесін шығармашылық ынтамен меңгеру және пайдалану арқылы даярлаудың келешегі зор деп ойлаймыз.
Жаңашыл педагогтер оқушының жеке тұлғалық абыройын барынша құрметтеуге, оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамытуға, жағымды эмоциональдық педагогикалық үрдісті қалыптастырып, одан педагогикалық зорлықтың барлық түрін аластатуға бағытталған ізгіліктік стратегиясымен сипатталады [32].
Олардың тәжірибесі мына ережелерге негізделеді:
·оқытуды мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау.
·Күрделі мақсат идеясы (оқушының алдына барынша күрделі мақсат қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту);
·Өзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау);
·Ерікті таңдау (мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы);
·Оқушылардың өзін- өзі шығармашылық басқаруы;
·Тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;
·Ата- аналармен ынтымақтастық құру;
Сонымен, жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесі тұлғаны дамытуда ізгілік және шығармашылық көзқарасқа негізделген әдістер мен жүйесін құрайды[19].
Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:
·өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу;
·оқушы дарындылығының моделін білу;
·қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;
·дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана көңіл бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;
·дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі.
Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:
·дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;
·дарынды оқушыларды (жекелей және топпен)оқытуға арналған бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;
·оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;
·дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;
·дарынды оқушының ғылыми –ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;
·дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы [31].
Сондай-ақ дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби “бейнесі” мынадай қасиеттерден тұрады: жоғары кәсіби біліктілік, даралық қасиет, білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми зертеу жұмысына қабілеттілік, кәсіби қызметін өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық. Дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа, жоғары талаптар қояды. Тіпті оның кәсіби жетілуіне өзгеше емтихан болып табылады [20].
Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: “…Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұлпарды есекке айналдырып құртып тынады”. Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:
1.Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
2.Сабақты түрлендіріп өткізу;
3.Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
4.Техникалық құралдарды тиімді қолдану;
5.Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету [21].
Қорыта келгенде, О.Бальзактың “ұдай еңбек ету- өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін артыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.
Әрине, артқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с. Өйткені, ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн [28].
1.9 Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты
білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Білім негізі
мектепте қаланатын болғандықтан, оқушының жеке тұлғалық күшін
дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып
отыр. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен
мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық
іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға
тәрбиелеу.
Бұл мақсатқа жетуде ұстаздар терең білімді, әдістемелік жағынан
толық қаруланған және жоғары мәдени деңгейі болуы тиіс. Себебі,
қазақ тілі пәні мұғалімі оқушылардың оқуға ынтасын оятып, олардың
қабілеттерінің дамуына жол ашады. Мұғалім алғашқы сабақтан бастап
әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін, ынтасы мен бейімділігін, оқу
мен еңбекке ұқыптылығын ескере отырып оқу үрдісін жүргізуі керек
[22].
Ертеңіне лайық ұрпақ тәрбиелемеген елдің келешегі жоқ десек, сол
ұрпақты тәрбиелеудегі ұстаз еңбегі – ұлы еңбек. «Ұстазын сыйламаған
елдің ұрпағы азады», - дейді халық даналығы. Осыған байланысты
шығармашылық, ізденіс деген әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндет
деп ойлаймын.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылу,
іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен
сапалы, дәлелді шешімдерқабылдай білуге үйренуі қажет. Адам
бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өмірден өз орнын табуға
көмектеседі.
«Шығармашылық» ұғымының жалпы теориясын зерттеген С.Л.Рубинштейн
«оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты
әрекет жасауымен анықталады» - дей келе, «шығармашылық, шешімінің
нәтижесі баланың өзі үшін жаңалық болса жеткілікті» екендігін
айтады, яғни баланың шығармашылық өнімді еңбегі оның жеке
тәжірибесімен салыстырылады.
Шығармашылық жұмыста, әсіресе, бала қиялының орны ерекше. Бұл
жөнінде М.Жұмабаевтың айтқан тамаша пікірі бар: «Жаратылыстың
құшағында, меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл
кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен
бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада
тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға
тиісті». « Баланың атаға тартуы рас болса, сиқырлы даланың баласы –
қазақ баласы қиялқұмар болуға тисті». Педагог ғалымның айтқанының
сөз өнері - әдебиетке тікелей қатысы бар. Өйткені М.Жұмабаевтың
сөзімен айтқанда, «қазақ баласының жаратылысы соны тілейді».
Сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың
тиімділігін атап өтсек: сабақ құрлымының ұйымдастырылуы, сыныптағы
оқушылардың іс-әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу-танымдық
тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы,
оқу уақытының үнемделуі.
Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы
оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген
ақпаратты, іс-әрекет тәсілдерімен бағалау өлшемдерін қамтитын
қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай,
оқушы барлық іс-әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет
білігін ұштай түседі [23].
Оқушыларды шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін
ұйымдастырудың түрлері өте көп. Мысалы: тірек сөздер беру арқылы
әңгіме құрастыру, өлең құрастыру, мысалдарды, ертегілерді сахналау,
шығарма жазу, ертегі мазмұны бойынша сурет салу,
т.б.
Ұстаз еңбегі – оқушы білімімен
өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі — әрбір оқушы жүрегіне
жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы
өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік
қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр.
Қорыта айтқанда, оқушы бойында шығармашылықты дамытуда үздіксіз
құлшыныс, оқуға, білім алуға деген ұмтылыс ұдайы өшпей,
күннен-күнге дами түсуі қажет. Сонда ғана оқушы бойында білім нұры
тасып, сыныптан-сыныпқа көшкен сайын оқушының ішкі дүниесі, сыртқы
ортамен байланысы дамып, оқушы дүниетанымы арта түсері анық
[24].
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың өзектілігі төменде көрсетілгендей:
1.Өз бетімен оқуға, жұмыстануға
дағдыланады.
2.Шығармашылық ізденіске
жетелейді.
3.Өз ісіне деген сенім пайда
болады.
4.Әр нәрсеге сын көзбен қарауға
үйренеді.
5.Салыстыруға,қорытынды жасауға
үйренеді.
6.Шығармашылдық белсенділік
артады.
Осылардың нәтижесінде дарынды, қабілетті жеке тұлға
қалыптасады.
Мен істеймін – өзінің пәнге деген қызығушылық тетігін табуы.
Мен үшін керек – пәннің өз өміріне деген қажеттілігін сезінуі,
талаптануы, оқуы, ізденуімен істей аламын – өз біліміне деген
сенімділігі.
Сондықтан ұстаз ретінде менің алдыма қойған мәселенің өзектілігі:
жеке тұлғаны табу, оған жетекшілік ету, әр оқушының шығармашылық
қабілетін танып, біліп дамыту
[25].
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту кезінде оған кері әсер
ететін кедергілердің де бар екенін әр уақытта есімізде
ұстаймыз.
Ондай кедергілер:
1.Оқушының әлеуметтік жағдайының болмауы.
2. Психологиялық жағынан ойлау, қиялдың төмен болуы. Өз күшіне
сенбеуі, жалқаулығы.
3. Денсаулығының нашарлығы.
Сондықтан мұғалім өз пәнін үйрету барысында әр оқушыны зерттеп,
олардың өміріндегі осындай кемшіліктері болса, оны алдын-ала
анықтау керек.
Мен ұстаз ретінде әр оқушыны болашақ азамат ретінде бағалап, осы
тұжырымдаманы өз қызметіме басшылыққа аламын. Қазіргі
компьютерленген жаңа заманда әр оқушының заман талабына сай әлемдік
дәрежеде білімді меңгеруі үшін физика пәні бойынша шығармашылық
қабілетін дамыту – ең басты
міндетім.
Осыған орай оқушының пәнге, ғылымға деген қызығушылығын арттыру
мақсатында, оқушым Жолдасбек Маржанға және басқа да дарынды
оқушыларға өзіндік жұмыстар жасауды, өлең жазуды, реферат
дайындауды тапсырма етіп бердім. Осындай сабақтан тыс тапсырмаларды
орындауда олар тыңғылықты деректерді жинап, өлеңдер шығарып,өз
бетінше ізденіп, зерттей білді.
Бүгінгі күні ХХІ ғасырдың ақпараттанған, жан-жақты мәдениетті,
іскер, өмірге икемделген, бәсекеге қабілетті дарынды шәкірт
тәрбиелеу барша ұстаздың міндеті
[26].
2 АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНЫП ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Қысым тақырыбына сабақ жоспарын құру тәсіліне бір мысал.
Сабақ тақырыбы: Қысым.
Сабақ мақсаты:
1. Оқушыларға күштің әрекет тіреу ауданына тәуелді болатыны, қысым, қысымның бірліктері туралы түсінік беру.
2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.
3. Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақ түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар,
Техникалық қүрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, экран.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, түгендеу. Оқушылардың құрал-жабдықтарын түгендеу.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабаққа дайындығын тексеру.
Сынып тазалығын тексеру.
ІІ.а) Өткен «Масса және күш» тарауын қайталау.
Сұрақ- жауап алу(ауызша) :
-
Табиғат туралы ғылым. (физика)
-
10-6 дәрежесі қалай аталады? (микро)
-
«Жұпардың иісін жасыра алмайсың»-бұл қай құбылысқа негізделген? (диффузия)
-
«Фюзис»-грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? (табиғат)
-
Заттың үш күйін ата. (қатты, сұйық газ)
-
Жарық жылдамдығының шамасы неге тең? (3*108 м/с)
-
Аспан денелерін зерттейтін ғылым. (астрономия)
-
Жердің серігі. (Ай)
-
Екі дененің жанасқанда, олардың молекулаларының араласу құбылысы...(диффузия)
-
Найзағайдың пайда болуы туралы шынайы (ақиқат) болжамды ұсынған ғалым. (В.Франклин)
-
Астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы? (телескоп)
-
1 жұмыртқа 4 минутта піседі. Ал 4 жұмыртқа неше минутта піседі? (4 минутта)
-
Ұзындықтың халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшемі не? (метр)
-
Жәй көзге көрінбейді,
Қозғалуға ерінбейді. Ол не? (молекула)
-
Күн шығатын жақ. (шығыс)
-
Кемпірқосақта неше түс бар? (7 түс)
-
Уранның басқа планеталардан айырмашылығы неде? (өз белдеуіне перпендикуляр бағытта айналады)
-
Күн бататын жақ. (батыс)
-
Астеройдтар қатарына жатқызылған планета. (Плутон)
-
Траектория нешеге бөлінеді? (2-түзу сызықты, қисық сызықты)
-
Қандай планеталарды төменгі деп атаймыз? (Жер орбитасының ішіндегі)
-
Ауырлық күші деген не? (Денелердің жерге тартылу күші ауырлық күші деп аталады)
-
Динамометр әрекеті қандай заңға негізделген?(Гук заңына негізделген)
-
Деформация деген не?(дене пішімінің немесе өлшемдерінің өзгеруін деформация деп атаймыз)
-
Күш деген не?(Күш – денелердің өзара әрекеттесуінің сандық өлшемі)
ә) «Лабиринт» шешу:
Үй
Үй
Мектеп
Мектептен үйге жету үшін, физикалық шамалардың өлшем бірліктерін білу керек.
Жауабы: метр, м/с, кг, с, м, м/с, м.
«Сиқырлы текше» эксперимент жүргізу.
№1 қалта. Шикі жұмыртқаны піскен жұмыртқадан қалай ажыратуға болады? Тәжірибе жасап көрсет. Берілген құралдар: Тарелка, 2 жұмыртқа, сызғыш.(жұмыртқаны айналдыру керек, піскен тез айналады).
№2 қалта. Конверт ішінде кілт жатыр. Осы кілтті конвертке қол тигізбей қалай алуға болады? Берілген құралдар: Кілті бар конверт, қайшы, су, сіріңке. (конвертті жағып жіберу керек)
№3 қалта. Велосипедші А-дан В-ға дейінгі жолды жүріп өтті. Бұл жағдайда велосипедтің алдыңғы және артқы дөңгелектерінің жүріп өткен жолдары бірдей ме? (бірдей)
ІІІ. Жаңа сабақ.
-
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Енді қысым - деген тақырыптармен танысамыз.
Қысым бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасымен анықталады:
р-қысым;
Ғ-бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күш немесе қысым күші;
S-күш түсетін беттің ауданы.
ХБЖ-да қысым паскальмен өлшенеді. .
гПа=100 Па=102 Па
кПа=1000 Па=103 Па
МПа=100000 Па=106 Па
Қорытынды сөз: қорыта келе, белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы қысым деп атайды, оны р әріппен белгілейміз және ХБЖ-де қысымды Па өлшейміз.
а)“Білімділік”сайысы
“Білімді мыңды
жығады”
-
Паскаль тобына сұрақтар:
-
1) Қысым дегеніміз не?
-
2) Қатынас ыдыстарға мысалдар келтір
-
3) “Атмосфера” деген сөздің мағынасы
-
4) Атмосфералық қысымның өлшем бірлігі
-
Архимед тобына сұрақтар:
-
1) Атмосфералық қысымды өлшейтін аспап.
-
2) Денелердің жүзу шарттары
-
3) Сұйықтың тығыздығын өлшеуге арналған аспап.
-
4) Архимед күші дегеніміз не?
Б)“Формулалар”сайысы
“Ізденген жетер
мұратқа”
Қиып алынған әріптерден формулалар құрастыру
С)“Зерделілер”сайысы
“Оқу инемен құдық
қазғандай”
Паскаль тобы: Паскаль шарымен тәжірибе жасау
Архимед тобы: Архимед тәжірибесін жасау
Д)“Шапшаңдық сайысы”
“Ақылдассаң шешерсің,
ақылдаспасаң кем
кесерсің”
Паскаль тобына есеп:
Судың 0,6 м тереңдіктегі қысымын табыңдар.
Архимед тобына есеп:
Суға 0,01 м³ болатын дене батырылған. Осы денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар.
ІV.Сабақты бекіту.
а) Жаңа материалды есептер шығару арқылы бекіту.
Кітаппен жұмыс: 20-жаттығу.№1, №2
V. Қорытындылау. Сонымен қысым дегеніміз не екен?
Қысым (орыс. давление ) бір дене екінші дене бетіне әсер еткенде пайда болатын қалыпты күштің қарқындылығын сипаттайтын физикалық шама.
Олай болса, сіздермен мына кестені толтырайық. Бүгін сабақта не білдім, не білгім келеді, нені үйрендім?.....
Оқушылардың қысым туралы ойын білу үшін ассоциация толтырайық.
Білемін |
Білгім келеді |
Үйрендім |
|
|
|
VІ. Бағалау.
Үйге тапсырма: §43. 14-тапсырма. 20 жаттығу №3.Эксперимент тапсырма.
Оқушылардың физикалық сауаттылығын арттыру мақсатында ақпараттық – коммуникациялық технологияның кейбір әдісін физика сабағында қолдану ерекшелігіне тоқталып өтсем. 7 – сынып физикасы бойынша «Механизмнің пайдалы әрекет коэффициенті» тақырыбында өткен ашық сабағымды ұсынамын:
2.2 Механизмнің пайдалы әрекет коэффициенті
Сабақтың тақырыбы: Механизмнің пайдалы әрекет коэффициенті
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларда толық және пайдалы жұмыстың ұғымдарын қалыптастыру, пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК) формуласын түсіндіру.
2. Дамытушылық: Оқушыларды, сұрақтарға нақты жауап беруге, тез шешім, қабылдай білуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Сабақ барысында оқушылардың дербестігін, пікір алмасуға, шығармашылық өздігінен білім алуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, интерактивті тапсырмалар
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Дамыта оқыту
Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. (1 мин)
ІІ. Үй жұмысын тексеру. (7 мин)
ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі. (13 мин)
ІV. Жаңа тақырыпты меңгерту тапсырмалары. (22 мин)
V. Бағалау. (1мин)
VI. Үйге тапсырма. (1мин)
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, сынып тазалығын қадағалау, оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру;
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
1.Жай механизмдер деген не? Оларға не жатады? (Оқушылар интербелсенді тақтамен жұмыс жасайды)
2. «Физикалық лото» ойыны арқылы оқушылардың алдынғы сабақтан не түйгендерін тексеру.
Сұрақтары:
-
Күш моменті деген не? (Айналатын денеге түсірілген күштің күш иініне көбейтіндісі)
-
Дененің механикалық энергиясы деп қандай энергияны айтады? (Кинетикалық және потенциалдық энергиялардың қосындысы)
-
Иіндік дегеніміз не? (қозғалмайтын тіреудің немесе біліктің (осьтің) төңірегінде айнала алатын кез келген дене)
-
Жұмыстың формуласы қандай? (A=FS)
-
Механиканың алтын ережесі қалай тұжырымдалады? (күштен қанша есе ұтсақ, орын ауыстырудан сонша есе ұтыламыз)
-
Потенциалдық энергияның формуласы қандай? (Ep=mgh, Ep=kl2/2)
-
Кинетикалық энергияның формуласы қандай? (Ek=mυ2/2)
-
Жұмыстың СИ жүйесіндегі бірлігі не? (Дж)
ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі.
Әр түрлі механизмдерді қолданғанда, біз барлық жағдайда, қойылған мақсатқа керектіден артық жұмыс жасаймыз. Осыған сәйкес жұмысты толық жұмыс Aт және пайдалы жұмыстарға Aп бөледі. Мысалы, мақсатымыз массасы m жүкті h биікке көтеру болса, онда пайдалы жұмыс жүкке әсер етуші ауырлық күшін жеңуге ғана бағытталады. Жүкті бірқалыпты көтергенде, яғни, жұмсалған күш жүктің ауырлық күшіне тең болғанда, бұл жұмыс былай табылады. Aп = Fтh = mgh. Егер біз жүк көтеру үшін шығыр немесе басқа механизм қолдансақ, онда бізге жүктің ауырлық күшінен басқа механизм бөліктерінің ауырлық күші мен оларға әсер етуші үйкеліс күшін жеңуге тура келер еді. Мысалы, қозғалмалы шығырды пайдаланғанда, біз қосымша, шығыр мен арқанды көтеретін және шығырдың өсіне әсер ететін кедергіні жеңетін жұмыс жасаймыз. Сонымен қатар, күштен ұтсақ, барлық уақытта,жолдан ұтыламыз (бұл туралы төменде толық айтылады). Бұл жұмысқа әсер етеді және біздің жұмсаған жұмыстың пайдалы жұмыстан артық болуына әкеледі. Ат > Aп. Пайдалы жұмыс, адамның механизмді қолданып жасайтын толық жұмысының қайсыбір бөлігін құрайды.
Толық жұмсалған жұмыстың қанша бөлігін пайдалы жұмыс құрайтынын көрсететін физикалық шама, механизмнің пайдалы әсер коэффициенті деп аталады.
Пайдалы әсер коэффициенті қысқаша ПӘК деп белгіленеді.
Механизмнің ПӘК-ін табу үшін пайдалы жұмысты, оны пайдалануға жұмсалған толық жұмысқа бөлу керек.
Көп жағдайда пайдалы әсер коэффициентін пайызбен өрнектейді және ол грек әрпімен η (“эта” деп оқылады) белгіленеді.
Жұмыс пен қуат арасындағы тура пропорцияналдық байланысты ескеріп, ПӘК-ті пайдалы қуаттың толық қуатқа қатынасы арқылы өрнектеуге болады:
Бұл формуланың алымы Ап барлық уақытта бөлімінен Ат кіші болғандықтан ПӘК 1-ден кем болады (немесе 100%-аз). Механизмдерді жасағанда, оның ПӘК көбейтуге тырысады. Бұл үшін механизмнің массасын, оның өстеріндегі кедергіні кемітеді. Кедергі өте аз және пайдаланылатын механизмдердің массалары, олардың көтеретін жүктерінің масаларымен салыстырғанда ескермеуге болатындай аз болса, ПӘК 1-ден шамалы ғана кіші болады. Бұл кезде жұмсалған жұмысты пайдалы жұмысқа тең деп санауға болады.
Aт ≈ Aп
Қарапайым механизмнің көмегімен жұмыстан ұтуға болмайтынын есте сақтау керек.
(2) теңдеудегі кез-келген жұмысты сәйкес күшпен жүрілген жолдың көбейтіндісі түрінде өрнектеуге болатындықтан оны былай жазуға болады:
F1s1 ≈ F2s2 немесе
Осыдан, механизмнің көмегімен күштен қанша есе ұтсақ, сонша есе жолдан ұтыламыз және керісінше.
Бұл механиканың “алтын ережесі” деп аталады. Бұның авторы ерте грек ғалымы біздің дәуіріміздің І ғасырында өмір сүрген Герон Александрийский. Механиканың “алтын ережесі” жуықталған заң, себебі, онда үйкелісті жеңетін жұмыс пен пайдаланылатын механизм бөліктерінің ауырлық күші ескерілмеген. Соған қарамастан бұл ереже қарайпайым механизмдердің жұмысын талдағанда өте пайдалы.
ІV. Жаңа тақырыпты меңгерту тапсырмалары.
« Физикалық эстафета » ойыны
1-кезең: «Деңгейлік есептер»
2-кезең: «Капитандар» сайысы
3-кезең: «Сырлы сауалдар»
4-кезең: «Кім жүйрік» ойыны
1-кезең: «Деңгейлік есептер»
А – деңгей
-
Толық жұмыс 360 кДж, ал пайдалы жұмыс 285 кДж тең. ПӘК-ті есепте?
-
9 м/с жылдамдықпен қозғалатын 6 кг дененің кинетикалық энергиясынеге тең?
Б – деңгей
-
Ұзындығы 4,5 м, биіктігі 1,5 м көлбеу тақтайшамен массасы 30 кг жәшік тартылып алынған. Жәшіктің тақтайшаға үйкелу күші 20 Н. Пайдалы және толық жұмысты, тақтайшаның ПӘК-ін есепте?
-
Массасы 0,5 кг 12 м/с жылдамдықпен тік жоғары лақтырылған доп 8 м/с жылдамдықпен бастапқы лақтыру нүктесіне қайта оралды. Ауаның кедергі күшінің жұмысын есептеңіз
С – деңгей
-
ПӘК-і 75% болатын иінтіректің көмегімен массасы 150 кг жүкті 50 см биіктікке көтерді. Егер рычагтың ұзын иініне 500 Н күш әсер ететін болса, онда ол қандай қашықтыққа түсер еді?
2-кезең: «Капитандар» сайысы
1 - топ капитаны шамалардың атын жазып шығады, 2 - топ капитаны формуласын жазады (интербелсенді тақтамен жұмыс).
3-кезең: «Сырлы сауалдар» сайысы
1-топ. 1. Неге өзен суына қарағанда ,теңіз суында жүзген жеңілірек?
Жауабы: теңіз суы тұзды , тұзы неғұрлым көп болған сайын тығызырақ келеді. Архимед күші көбірек болады.
2. Ит суға батып баражатқан адамды оңай тартады, бірақ жағада оны орнынан қозғата алмай ды. Неге?
Жауабы: Өйткені суда кері итеру күш әсер етеді
2-топ. 1. Сүңгуір үйрек суда жақсы сүңгиді. Судың тарапынан әсер ететін ығыстырушы күшті ол қалай азайтады?
Жауабы: Сүңгуір үйрек өзінің көлемін азайтуға тырысады, яғни қанаттарын денесіне қысып алады.
2. Арқаңмен жүзгенде суда өзіңді жеңіл ұстайсың. Неге?
Жауабы: Арқаңмен жүзген жеңіл, өйткені арқаның көп бөлігі суға батады да кері итеруші күшті көбейтеді.
4-кезең: «Кім жүйрік» ойыны
Сұрақтары:
Жоғарғы 30: Атмосфералық қысымның бірлігі ?
Жауап: мм сын. бағ.
Ортадағы 30: Энергияның сақталу заңының өрнегі қандай?
Жауап: W= Ek + Ep = const
Төмендегі 30: Жай механизмдер дегеніміз не?
Жауап: Күшті түрлендіріп, қозғалыс бағытын өзгерту үшін қолданатын құралдар
Жоғарғы 40: Архимед күші қандай физикалық шамаларға тәуелді?
Жауап: дененің көлемі мен сұйықтың тығыздығына
Ортадағы 40: Күш моментінің формуласы қандай?
Жауап: M=F*d
Төмендегі 40: Блок дегеніміз не?
Жауап: өз осінің төңірегінен айнала алатын, шетінде науасы бар доңғалақ тегершік
Жоғарғы 50: Қатаңдығы 104 Н/м серіппе 4 см-ге сығылғанда оның потенциалдық энергиясы қанша болады?
Жауап: 8 Дж
Ортадағы 50: Көтергіш кран 5 т жүкті 16 м биіктікке көтерді. Егер кран двигателінің қуаты 10 кВт және ПӘК-і 80% болса, жүкті көтеру үшін кеткен уақытты табыңыз?
Жауап: 100 с
Төмендегі 50: Жылдамдығы 40 м/с және тарту күші 1,5 кН автомобильдің қуаты неге тең?
Жауап: 45 кВт
V. Бағалау.
ҚОРЫТЫНДЫ
Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағыт-бағдар беруші – мұғалімдерміз. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек. Оқушылардың шығармашылығын танымдық белсенділігін арттыруда шығармашылық сабақтарды өткізудің, оқушының өз бетімен ізденіп, шығармашыл ой-өрісін арттыруда алатын маңызы ерекше.
Сабақ уақытында АКТ пайдаланудың маңызы:
1.Компьютерді қолдану арқылы тақырып бойынша есептердің сан-алуан түрін пайдалану;
2.Мектеп зертханасында құбылысты нақты зерттеуге мүмкіншілік болмайтын жағдайда компьютерден бақылауға мүмкіншілік бар;
3.Оқушының іздену, зерттеу, бақылау, қызығу қабілеті арқылы шығармашылық қабілеттеріде артады;
АКТ қолдану барысында оқушылардың физика-тәжірибелік ғылым аясында қызығушылығы артып, шығармашылық қабілеттері арта бастады.Физика пәнінен АКТ пайдалану мерзіміндегі сапа көрсеткіші:
2013-2014 оқу жылы: 60%
2014-2015 оқу жылы:63%
2015-2016 оқу жылы 3 тоқсан:65%
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Е.Қ.Балапанов, Б.Б.Бөрібаев, А.Б.Дәулетқұлов Жаңа информациялық технологиялар Алматы 2005ж.
2. Қожамқұлова Ж.Ж Жаңа ақпараттық педагогикалық технологиялар Алматы 2013ж.
3. Г.И.Салғараева, А.Қ.Өтелбаева, Г.П.Мәжібаева Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологиялар Алматы 2011ж.
4. Орехова В.П., Усова А.В. Физиканы оқыту методикасы 6-7 кл. Алматы: Мектеп, 1978. ХІ-тарау. 13-15 бб.
5. Кикоин И.К. Физика, «Мектеп» 1983
6. Қалығұлов А.Ж. Физиканы оқыту әдістемесі. Алматы, Рауан 1992.
7. Ысқақов Б., Физикадан есептер шығару мысалдары, «Мектеп» 1987
8. Бордовский Г.А. Общая физика Т.1.М., ВЛАДОС-ПРЕСС,2001
9. А. Салихова «Оқушылардың
шығармашылығын дамыту»
10. Интернет материалдары «Google» және «Mail.ru» сайттары
2014ж
11. Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан халқына жолдауы. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан».
12. Б.Б. Аккуланова
«Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім
беру деңгейін котеру».
13. Н.Исабек «Компьютерлік технологиясы пайдаланудың оңтайлы
өлшемдері
14.ҚР Білім туралы Заңы. Астана. 2004 жыл.
15.Н.Назарбаев “Біздің халқымыз жаңа өмірге бейімделуі керек”.//”Егемен Қазақстан”. 31 мамыр. 2000 ж.
16.Бабаева Ю.Д. Динамическая теория одаренности. Основные современные концепции творчества и одаренности. М. 1997г.
17.Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. – Алматы. “Ғылым”. 1988г
18.Дамыта оқыту технологиялары.Алматы 2000.Б.А.Тұрғынбаева
20.Ұстаздық шығармашылық.Алматы 2007. Б.А.Тұрғынбаева
21. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
22. Қазақстан мектебі. 2008 ж. №6 «Ақпараттық технологиялардың тиімділігі»
23. «Физика және астрономия» журналы
24. www.physic.kz
25. www.google.kz
27. Бугаев А.И. Методика преподавания в средней школе. М.: Просвещение, 1981. Гл. VII. С 23-24.
28. Орехова В.П., Усова А.В. Физиканы оқыту методикасы 6-7 кл. Алматы: Мектеп, 1978. ХІ-тарау. 13-15 бб.
29. Усова А.В., Вологодская З.А. Самостоятельная работа учащихся по физике в средней школе. М.: Просвещение, 1981. Ч. 1. С. 4-71.
30. Родина Н.А., Гутник Е.М. и др. Самостоятельная работа учащихся по физике в 7-8 классах средней школы / Под ред. Н.А-Родиной. М.: Просвещение, 1991. С. 3-6.
31. Құдайқұлов М.А., Жаңабергенов Қ. Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Алматы: Рауан,1998. VІ-тарау. 57-58 бб.
6.Смирнов А.В. Методика применения информационных технологий в обучении физике: учеб.пособие для студ.высш.пед.учеб.заведений /А.В.Смирнов-М.:«Академия»,2008. – 24 с..
32.Теория и методика обучения физике в школе:общие вопросы /под ред.С.Е.Каменецкого,М.: 2000
33. Теория и методика обучения физике в школе: частные вопросы /под ред. С.Е. Каменецкого, М.: 2000
34. Лабораторный практикум по теории и методике обучения физике в школе /под ред.С.Е. Каменецкого, С.В.Степанова М.: «Академия», 2002. – 29 с. Бугаев А.И. Методика преподавания физики в средней школе. Теоретические основы. М.: Просвещение,1981.
35.Юфанова И.Л. Занимательные вечера по физике в средней школе: кн. для учителя. М.: Просвещение, 1990.
36.Каменецкий С.Е., Орехова В.П. Методика решения
задач по
физике в средней школе.- М.,
1987.
37.Ерунова П.И. Урок физики и его структура при
комплексном
решении задач обучения. -М.,
1988.
38.Демонстрационные опты по физике в VI-VII
классах средней
школы/Под ред.А.А.Покровского.-М.,
1974.
39.Дамитов Б.К. Методика обучения решению физических
задач.-
Уральск.2002
40.Малафеев Р.И. Проблемное обучение физике в
средней
школе.-М.,1991. Лукашик
В.И. Сборник вопросов и задач по
физике. М., Просвещение, 1998
г.
41. Рыбакова Г.И. Сборник задач по общей физике. М., Высшая школа, 1984 г.
42. Хижнякова Л.С. и лд. Самостоятельная работа учащихся по физике в 9 классе средней школы. М.: Просвещение 1993 г.
43. «Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту» Мұхамбетжанова С.Т. п.ғ.к., ББЖКБАРИ
44.
Бөрібаев Б, Балапанов Е. Жаңа
ақпараттық технологиялар. – Алматы,
2001;
45.
. Қасымова А. Х. Колледж
оқушылары білімдерін жаңа ақпараттық технологиялар арқылы
интеграциялаудың педагогикалық шарттары (Мәтін): Педагогика
ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған
диссертациялық авторефераты / А. Х. Қасымова. – Атырау, 2007. – 25
бет
46.Бордовский Г.А. Общая физика Т.1.М., ВЛАДОС-ПРЕСС,2001
47.Бугаев А.И. Методика преподавания физики в средней школе. – М.: Просвещение, 1984. – 28 с.
48.Иванова Л.А. Активизация познавательной деятельности учащихся при изучении физики: Пособие для учителей. – М.: Просвещение, 1983. – 16 с.
49.Акитай Б.Е. Физиканы оқыту теориясы мен әдістемелік негіздері: Оқу құралы. –Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 25 б.
50.Иванова Л.А. Проблема познавательной деятельности учащихся на уроках физики при изучении нового материала.: Учебное пособие. – М.: МГПИ, 1978. – 10 с.
51.Ланина И.Я. Формирование познавательных интересов учащихся на уроках физики. – М.: Просвещение, 1985. – 12 с.