Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
авторлық бағдарлама
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«№17 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
«Қазақ тілі әлемінде» 5 - сыныпқа арналған элективті курс бағдарламасы
Бисенгожиева Майра Тугелбаевна
Байшуакова Жанаргул Пайзоловна
Орал, 2021
Құрастырушылар:
Бисенгожиева Майра Тугелбаевна, Байшуакова Жанаргул Пайзоловна – №17 ЖОББМ-ның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, педагог-зерттеуші
Рецензенттер:
«Қазақ тілі әлемі» элективті курсының бағдарламасы 5-сынып оқушыларына арналған және 34 сағатқа есептелген. Жалпы үш бөлімнен: кіріспе, теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады. Бұл бағдарламада оқушылардың функционалдық сауаттылығын, соның ішінде мемлекеттік тіл - қазақ тілін оқып үйренуге бағытталған оқу тапсырмаларын дайындау мен өткізуде мұғалімдерге әдістемелік көмек беру мақсаты көзделеді.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
-
Аналитикалық бөлім
-
«Қазақ тілі әлемі» курсы туралы түсінік................................6
-
-
Практикалық бөлім
-
Курс бағдарламасының мазмұны...........................................8
-
Тақырыптық–күнтізбелік жоспар............................................9
-
Оқушылардың меңгеруі тиіс дағдылар.................................11
-
-
Тарау бойынша тапсырмалар үлгілері
3.1 Менің Отаным – Қазақстан.....................................................12
3.2 Қазақтың дастарқаны..............................................................18
3.3 Әдептілік қағидалары..............................................................24
3.4 Еңбектің наны тәтті.................................................................30
3.5 Ертегілер әлемінде...................................................................35
3.6 Мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар...........................................42
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Түсінік хат
«Қазақ тілі әлемі» тақырыбындағы элективті курсының бағдарламасы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012–2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарына, ҚРБҒМ 25.10.2017 жылғы № 545 бұйрығымен бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасына сүйене отырып, жасақталды. Бағдарлама қазақ тілінде оқытпайтын сыныптардағы 5-сыныпқа арнап құрастырылған және әр сыныпта 34 сағатқа құрылған. Қазіргі таңда нарықтық экономикада академиялық білімі мен дағдыларын жоғары кәсіптік деңгейде қолданатын, мемлекеттік тілді жетік меңгерген ұрпақ қажет. Соған орай, бұл бағдарламада алдымен оқушылардың мемлекеттік тілде шығармашылық ойлауы және өзінің жеке ойын өз бетінше дамыту, тілдік құзіреттілік сияқты дағдыларын қалыптастыру көзделді.
Курс бағдарламасының өзектілігі:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетінде жариялаған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында «Бүгінде мемлекеттік тілді білетін қазақтың да, өзге этнос өкілдерінің де үлесі едәуір артты. Қазақ тілін, шын мәнінде, бүкіл халқымызды біріктіруші факторға айналдырудың барлық құқықтық тәсілдері және кепілдіктері қалыптасты. Мәселе – ниетте. Ниеттің дұрыс болуы қазақ тілін меңгергісі келетін адамдарға да, осы мақсатқа жетуге жағдай жасайтын Үкіметке де байланысты", - деген болатын. Ендеше, қазіргі таңда оқушылардың бірнеше тіл білуі өздерінің көкжиегін кеңейтіп, көкірек көзін оятатыны сөзсіз.
Курс бағдарламасының мақсаты:
Оқушының тіл сауаттылығы мен сөз байлығын қалыптастыру.
Курс бағдарламасының міндеттері:
-
Оқушының ойлау қабілеттерін дамыту;
-
Басқалармен қарым-қатынасқа еркін түсу;
-
Дүниетанымдық дағдыларын кеңейту;
-
Қазақ халқының мәдениетімен танысу;
-
Алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметі артады, сөздік қоры молаяды, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым дағдыларын меңгереді.
Курс бағдарламасының мазмұны
«Қазақ тілі әлемі» атты элективті курсының мазмұны негізгі VІ бөлімге жіктеледі.
-
Менің Отаным – Қазақстан. (6 сағат) Тәуелсіз Қазақстан. Рәміздер. Нұр-сұлтан – бас қала. Қазақ батырлары. Ақын-жыраулар. Туған жерім – Оралым.
2. Қазақтың дастарқаны. (6 сағат) Қазақтың ұлттық тағамдары. Қазақтың ұлттық сусындары. Қонаққа шақыру. Ас атасы-нан. Мерекелік дастарқанның сәні. Тамақ ішу мәдениеті.
3. Әдептілік қағидалары. (6 сағат) Сәлем - сөздің анасы. Кел, балалар, оқылық. Әдептілік - әдемілік белгісі. Әдепті бала - арлы бала. Әке мен бала. Жирен жаман әдеттен.
4. Еңбектің наны тәтті. (5 сағат) Еңбек етсең ерінбей. Еңбекпен тапқан тиын. Еңбек туралы мақал мәтелдер. Кім боламын? Мамандықтар.
5. Ертегілер әлемінде. (6 сағат) Түлкі мен қырғауыл. Қасқыр мен қозы. Түлкі мен тырна. Бауырсақ. Мақта қыз бен мысық. Оқылған ертегілерді бейнелеп салу.
6. Мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар. (5 сағат) Отан. Достық. Денсаулық. Жаңылпаштар жаттайық. Қорытынды.
Тақырыптық-күнтізбелік жоспар
№ |
Бөлімі |
Тақырыбы |
Сағат саны |
Мерзімі |
Жүргізілетін жұмыс түрлері |
|
1 |
Менің Отаным – Қазақстан. |
1. Тәуелсіз Қазақстан. |
1 |
|
Топтық әңгіме |
|
2. Рәміздер. |
1 |
|
Альбом жасау |
|||
3. Нұр-сұлтан – бас қала. |
1 |
|
Буктерий |
|||
4. Қазақ батырлары. |
1 |
|
Мәтінмен жұмыс (орыс тілінен қазақ тіліне аудару) |
|||
5. Ақын-жыраулар. |
1 |
|
Мәнерлеп оқу |
|||
6. Туған жерім – Оралым. |
1 |
|
Эссе жазу |
|||
2 |
Қазақтың дастарқаны. |
1. Қазақтың ұлттық тағамдары. |
1 |
|
Көрме (суреттер) |
|
2. Қазақтың ұлттық сусындары. |
1 |
|
Тапсырмалар орындау |
|||
3. Қонаққа шақыру. |
1 |
|
Дебат |
|||
4. Ас атасы-нан. |
1 |
|
Мақала жазу |
|||
5. Мерекелік дастарқанның сәні. |
1 |
|
Тапсырмалар орындау |
|||
6. Тамақ ішу мәдениеті. |
1 |
|
Ереже құрастыру |
|||
3 |
3. Әдептілік қағидалары. |
1. Сәлем - сөздің анасы. |
1 |
|
770 ₸ - Сатып алу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз Барлығы 663 959 материал жиналған
Ұқсас материалдар Дайын ҚМЖ. Барлық пәндерден 2024-2025 оқу жылына, жаңа бұйрыққа сай жасалған Сертификатталған тренер жасаған 01.01.2023 17 863 13 694
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандарты бойынша жасалған.
Барлық пәндер Барлық материалдар Барлық сыныптар
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін тақырыптармен дайындаймыз Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады Толығырақ |