Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Авторлық бағдарлама 11-сынып "Экология және тіршілік"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы
С. Асанов атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Экология және тіршілік»
Бейіндік пәнге арналған авторлық бағдарлама
11-сынып жаратылыстану-математикалық бағыт.
Бағдарлама авторы химия-биология пән мұғалімі Қиятаев Ғ.
Түсінік хат.
Мақсаты: Оқушыларға тәрбие мен білім және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерін жүзеге асыру жолында экологиялық білім беру.
Болашақтың кілтін саналы да сапалы білім алған танымдылығы жоғары құзіретті, бәсекеге төтеп беретін жастар ғана аша алады. Бүгінгі оқушы ертеңгі дамыған тұлға. Сол үшін білім беруді дамытуда өркендеген мемлекеттердің тәжірибелерін алып сол мемлекеттердің қатарына ену басты мақсатымыз болып тұр. Мұғалімдердің қазіргі кездегі басты мақсаты түрлі әдіс-тәсілдер арқылы сабақ өтіп оқушыларға алған білімдерін өмірде қолдана алатындай тәрбиелеуіміз керек. Қазіргі уақытта еліміздегі білім беру саласына Елбасымыз тарапынан басты назар аударылып, жан-жақты жағдай жасалынуда. Жарқын болашақтың кілті болып табылатын өскелең ұрпақтың білім деңгейі заманауи талаптарға жауап берсе, тәуелсіз еліміздің тұғыры мықты болмақ.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізіндегі бейімдік сабақтар процесінде мұғалім мынадай нәтижеге қол жетеді:
- жүйелі тапсырма беруге ұмтылады;
- оқушыны басқа жақтарынан таниды;
- өзін жетекші, бағыттаушы ретінде таниды;
- өзі білмейтін ақпараттарға тап болады;
- оқушының жұмысын бағалайды.
Қазіргі оқыту процесінде модульді оқыту технологиясы кеңінен қолдануда
және өз тиімділігін көрсетуде. Бұл технологияның ерекшеліктері:
- құрылымның үш бөлімнен тұруы (кіріспе, сөйлеу, қорытынды);
- өзін – өзі бағалау;
- топтық жұмыстағы белсенділік;
- көру, есту, жазу, сөйлеу құбылыстарының қатар жүруі;
- еркін тәрбиеге баулу.
Биология пәні қазіргі замандағы оқушыларға экологиялық тәрбие берудегі елеулі роль атқаратын пәндердің ең негізгісі, сонымен бірге әрі күрделі, әрі қызықтысы. Оқушылардың шығармашылығын дамытатын зерттеу жұмыстарына баулитын пән.
Экологиялық білім беру мен экологиялық тәрбие мазмұны 3-бағытта жүзеге асады.
Бірінші бағыт – мектептегі балалар ұйымдарын, клубтың, үйірмелік және спорттық шаралар, зерттеу, саяхаттық үйірмелер жұмыстарын қамтитын мектептен және сыныптан тыс экологиялық білім мен тәрбие жұмыстары арқылы іске асады.
Бұл бағыт сынып оқушылар кеңесі арқылы үйлестіріледі.
Екінші бағыт – оқу тәртібін экологияландыру. Экологиялық мәселелердің өзекті тәртіп аралық айырмашылығы болғандықтан бұл оқу тәртібінің экологиялық аспектілерін пайдалануды қамтиды. Мектептегі химия биология география пәні бірлестігінің кеңесі арқылы жүзеге асады.
Үшінші бағыт – бұл оқу жоспарына экологиялық тәртібін енгізу арқылы эологиялық түсінікті базалық зерттеп үйрену. Экологиялық білім берудің бұл мәселелері бойынша жүргізілген жұмыс педагогтерге «Экология» деген биологиялық термин ретінде ғана емес, бұл сөздің философиялық, әлеуметтік, психологиялық педагогикалық аспектісін ұғындырады. Экология тәрбие білім және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерін жүзеге асыру жолында жүргізілген жұмыстар арқылы барлық оқу-тәрбие іс жүзінде мазмұнды өзгеріске әкеліп, оң нәтижесін береді.
Экология пәнін оқыту кезінде мектеп оқушыларына айналадағы ортаны қорғауда азаматтық борышын қалыптастыратын ғылым мен білім ғана емес, сонымен қатар оқушыларға танымдық көзқарастарын, ой-пікірін қалыптастыру және сезім жүйесін орнықтыру тұрғысынан қарау керек. Экологияны оқыту барысында білімнің жүйелі түрде, қалыптасуы, қоғамдағы салауаттықтың тұрақты дамуы табиғатпен бірлестікті байқатады. Мамандыққа бейімдейтін ойындар, мақал-мәтелдер халық арасында кең тараған аңыз әңгімелер арқылы оқушылардың білімін арттыру және пәнге деген қызығушылығын дамыту.
Биология пәні мұғалімі мектеп деректемесіне негіз салып реттеу тақырыпшаларға топтастыру, қажет жағдайда кестелер, сызбанұсқалар ребустар және тесттер жасау, тағы басқа көрнекіліктерді пайдалануға ыңғайластыру жұмыстарын орындаған жөн.
Қазақстанның алғашқы «Қызыл кітабының» жасалуы, еліміздің әр түрлі табиғи аймақтарында қорықтар мен қорықшылар жайында баяндау. Бұл бағдарламада қазақстанның физикалық географиясымен пән аралық байланыс ретінде еліміздегі ең негізгі деген қорықтардың аймақтарын картадан көрсетіп бағдарлауға болады. Біздің жерімізде (аудан. облыс, терроториясында) «қызыл кітапқа» енген өсімдіктер мен жануарлар бар ма екен, соны үлкендермен әңгімелесіп, әдебиеттерден оқып, өзара талқылап, анықтап көрелік деген тапсырма бергеніміз тиімді. Бұл пәнге деген қызығушылығын туғызады әрі жергілікті жердегі өсімдіктер жануарлар туралы мағлұмат жинақтайды.
Мақтарал ауданының жер көлемін, шекаралық аумағын, топырақтың құрамын оның құнарлығын арттыруда қандай жұмыстар жүргізген жөн? Ауыспалы егіншіліктің маңызы жердің сорланып бара жатқаны, міне осындай проблемалар жөнінде қандай әрекеттер жасаймыз деп оқушыларға проблемалық сұрақтар беріп жауаптарын қарастыру әр түрлі мысал келтіру.
«Экология және тіршілік» атты бейіндік пәннің бағдарламасының мазмұны.
-
Кіріспе. Экология және тіршілік (1-сағат).
Экология ғылымы. Міндеті. Қоршаған ортаның адамға жан-жануарға әсері.
2. Экология негіздері (6-сағат).
Экологиялық көзқарастардың тарихы. Экологияның зерттеулердің негізгі бағыттары. Экологиялық зерттеудің заңдылықтары. Географиялық қабық пен биосфераның бір тұтас қағидасы. Ағзалардың әр түрлілігі. Тіршілік ортасы.
3. Экологиялық факторлар (4-сағат).
Экологиялық факторлар. (Абиотикалық, биотикалық және антропогендік фактор). Әр түрлі факторлардың ағзаға әсері. Шектеуші факторлар. Әр түрлі факторларға қатысты ағзалардың экологиялық топтары.
4. Түр және популяция (6-сағат).
Түр экологиялық бірлік. Популяциялардың экологиялық сипаттамасы. Түрлерді тиімді пайдалану және олардың көп түрлігін сақтау мәселесі. Популяциядағы сан мөлшерін реттеу. Түрлерді қорғау. Қазақстанның қызыл кітабы жайлы мағлұмат беру.
5. Экологиялық жүйелер. Агробірлестіктердің қазіргі жағдайы (7-сағат).
Биогеоценоздар қоректік байланыстар және қоректік тізбектер. Экологиялық пирамида. Биоценоздардың өздігінен дамуы және алмасуы. Табиғи биоценоздарды қорғау. Агроценоз оның құрылымы, ондағы тіршілік ететін ағзалар топтары қоректік тізбектер. Биоценоздар мен Агроценоздардың биологиялық өнімдері.
6. Экологиялық адамның әсері. (2-сағат).
Экологиялық апаттар. Орманның заңсыз оталуы.
7. Қазақстандағы қазіргі экологиялық жағдайлар. (5-сағат).
Қазіргі экологиялық жағдайлар (аудан. облыс, республикадағы орын алған яғни адам қолмен жасалған кемшіліктер).Табиғат қорғаудың негізгі жолдары. Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары. Қоршаған орта сапасын бақылау. Оңтүстік Қазақстан облысының экологиясы.
8. Жергілікті жерге байланысты өсірілетін өсімдіктердің және жануарлардың маңызы. (3-сағат).
Мақта шаруашылығы. Жүзім шаруашылығы. Ұсақ және ірі қара мал өсірудің маңызы, экологияға тигізетін әсері.
Әдістемелік нұсқаулар.
1. Кіріспе.
Бұл тақырыпта мұғалім экология ғылымының негізгі міндеттеріне, айналадағы болып жатқан өзгерістерге ауа-райы климат тағы басқа Қазақстан жерінің шөлді және шөлейтті аймақтарының (70 %) алып жатқандағы ондағы өсетін өсімдіктер мен жануарлар арасында және оларды қоршаған айналадағы орта жағдайларының арасында да өзара тығыз байланыстылықты айтуы қажет. Қоршаған ортаның адамға әсерін мысалы маусымдық өзгерістерге байланысты сонымен қатар, адамның денсаулығына қан қысымының жоғарылауы төмендеуі. Ұйқысыздық көңіл-күйге әсерін айту, мысалдар келтіруі керек.
2. Экология негіздері.
Экология ғылымының тарихына тоқталу. Эрнест Геккель (1834-1919) еңбегін баяндау экологияны зерттеудің негізгі бағыттарына тоқталу оларға:
1) Теориялық бағыт. Экологиялық білімді жалпы түрде, яғни экологияның заңдылықтарына проблемаларын, табиғатпен қарым-қатынасын. Тіршілік ортасы мен ағзаның байланысын көрсетіп, «Экология» деген сөздің мағынасын тұтас түсініктеме беру арқылы ғылыми жаңалықтарға сүйене отырып экология тек табиғат туралы ғана емес, адам туралы да – адам экологиясы, яғни адамның мінез-құлқының стратегиялық бағытын қалыптастыратын ғылымның бір саласы екенін айту керек.
2)Техникалық бағыт. Экологиялық білім берген кезде өндіріс орындарының қоршаған ортаға әсерін, жер байлығын ысырапсыз түрлі техниканың көмегімен тиімді пайдалану арқылы жүзеге асыру. Пайдаланған техникалық құралдар табиғатқа зиян келтірмей жер байлығын дұрыс игеруді көздеу керек. Ол үшін таза техникалық өндіріс орындарын салу және қалдықты өте аз бөлетін немесе қалдықсыз жұмыс істейтін өндіріс орындарын салу т.б. Осындай техникалық ұғымды мектептен бастап жүйелі түрде қалыптастыру керек.
Экологиялық қағидаларға қазақ халқының мақал-мәтелдерін табиғатқа байланысты жұмбақтар жасыруға ойындар ойнауға образ жасауға сипатталынады. География пәнінің мұғалімінің көмегі арқылы картадағы әр түрлі бояуларды анықтау.
3. Экологиялық факторлар.
Әрбір орта жағдайы түрлі ағзаларға әсер етуі. Бейбиотикалық факторларға өлі табиғатты құрайтын құрылымды бөліктерді айқындау. Ауаның ылғалдығы жарықтың мөлшері, ауа қысымы. Ағзаларға топырақтың әсері, химиялық құрамы. Гидрологиялық факторлар. Биотикалық өзара ағзалардың селбесу арқылы тіршілік етуі жыртқыштық жөнінде қасқырдың қоянға шабуылы. т.б.
Қолайлы орта жағдайларына байланысты ағзалардың тіршілігі. Фотопериодизмнің құбылысы өсімдіктерге әсерін суреттер арқылы көрсету олардың арасында айырмашылықтар мысалы облыстар арасындағы күннің түннің қысқа, ұзақ болуы өсімдіктерге әсерін қалай жүзеге асатынын насихаттау. Биологиялық сағат физологиялық өзгерістергебайланысты көзқарастар.
4. Түр және популяция.
Түрлердің орта жағдайларға бейімделуі, олардың таралуы. Қазақстанның әр жерінде кездесетін өсімдіктер жануарлар түрлері бір-бірінен ұқсастығы мен айырмашылығын айқындау. Түрлердің арасындағы мекен ететін орта жағдайында, мінез-қылығындағы көптеген айырмашылықтар, популяцияда бір түрге жататын даралардың топтық жиынтығы ерекшеліктері өлшем бірлігіне, тығыздығына сәйкес келуі көрсеткіштеріне тоқталу. Түрлерді қорғауда Қазақстанның қызыл кітабы жайында баяндау оның мақсаты мен міндетін айту. Қазақстандағы қорықтар мен қорықшалардың пайда болу тарихына тоқталып, әр қайсысының орналасқан жер көлемін ондағы өсірілетін өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін сипаттау. Физикалық карта арқылы олардың орналасу аймағын табу сол арқылы оқушыларға баяндама жасауға тапсырма беру.
5. Экологиялық жүйелер. Агробірлестіктің қазіргі жағдайы.
Биогеоценоз деген ұғымды анықтау 1935ж. Ағылшын ботанигі А. Тенсли енгізген ұғымды қазіргі ұғыммен салыстыру. Биогеоценоздағы болып жатқан әрекеттерді көрсеткіштерді сызбанұсқа арқылы көрсету, қоректік тізбекті сызу.
Жергілікті жердің биоценозымен агроценоздары яғни егіншілік түрлері ауданның климаты, топырақтың құнарлығы немесе сорлануы т.б. А. А. Слудскийдің көп жылдық зерттеулері тың игеру кезіндегі Қазақ даласында жүргізілген жұмыстар олардың табиғатқа тигізген әсері. Әйгілі күрішші
Ы. Жақаевтың еңбегін насихаттау.
6. Экологияға адамның әсері.
Орманның заңсыз оталуы, су тасқынын алу шараларын насихаттау. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жасыл ел бағдарламасын одан әрі дамытуда әрбір адамның қоршаған ортаға тигізетін пайдалы әрекетін қалыптастыру. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда атқарылатын жұмыстар барысына тоқталу (Өсімдіктерді егу сонымен қатар күтіп баптау).
7. Қазақстандағы қазіргі экологиялық жағдайлар.
Қазақ жерінде орын алған экологиялық апаттарды баяндау. Семей полигоны. Арал теңізі. Әрбір қаладағы өндірістен шығатын улы газдардың айналаға әсері. Егеменді ел атанғаннан кейінгі кездегі Қазақстанның экологиялық жағдайы. Табиғатты қорғаудың негізгі жолдарын қарастыру сиреп бара жатқан аң құстарды өсімдіктерді қорғау. Егер оларды заңсыз жойған жағдайда ҚР заңымен толық төлеуге немесе бас бостандығынан айыруға құқық берілгені жөнінде яғни қорғау үшін атқарылатын жұмыстар. Оңтүстік Қазақстан облысының экологиясын анықтау экологиялық апат аймақтарды қоршау және қорғау оларды азайту.
8. Жергілікті жерге байланысты өсірілетін өсімдіктер мен жануарлардың маңызы.
Жетісай ауданы негізінен мақта шаруашылығымен айналысатындығы. Мақтаның тарихы. Жерді өңдеу технологиясы. Олардан алынатын өнімдер, халыққа тигізетін пайдасы. Жүзім шаруашылығы және оның маңызы, алынатын өнімдеріне тоқталу. Жетісай ауданында еңбек сіңірген атақты ағалар, апалар, аталар жайында баяндау, оларды мақтанышпен айту және оларды есте сақтау. Ірі және ұсақ малдардың маңызы жөнінде айту.
«Экология және тіршілік» 11 сынып бейіндік пәнге арналған бағдарлама (34-сағат).
№ |
Тақырыптар |
Сағат саны |
Әдебиеттер |
Сабақта оқушы еңбегінің ұйымдастырылуы |
1 |
Кіріспе «Экология және тіршілік» |
1 |
Биология және салауаттық негізі журнал №4. 2003ж. |
Түртіп алу |
|
Экология негіздері |
6 сағ. |
|
|
1 |
Экологиялық көзқарастардың тарихы |
1 |
«Экология және біз» кітабы. Оқушы анықтамасы. |
Реферат дайындау |
2 |
Экологияны зерттеудің бағыты |
1 |
Оқушы анықтамасы №2. |
Конспектілеу |
3 |
Экологиялық қағидалар |
1 |
Биология және салауаттық №5 |
Түртіп алу |
4 |
Экологияны зерттеудің заңдылықтары |
1 |
Оқушы анықтамасы №2. |
Түртіп алу |
5 |
Географиялық қабық пен биосфераның қағидасы |
1 |
Физикалық география карта және журналдар |
Өзіндік жұмыс |
6 |
Ағзалардың әр түрлілігі және тіршілік ортасы |
1 |
Биология энциклопедиясы және Оқушы анықтамасы . |
Реферат дайындау |
|
Экологиялық факторлар |
4 сағ. |
|
|
1 |
Экологиялық факторлардың ағзаға әсері |
1 |
Суреттер және плакаттар |
Өзіндік жұмыс |
2 |
Шектеуші факторлар |
1 |
Биология энциклопедиясы |
Өзіндік жұмыс |
3 |
Фотопериодизм |
1 |
Биология оқулығы |
Хабарлама жасау |
4 |
Абиотикалық факторларға байланысты ағзаның экологиялық топтары |
1 |
Химия және биология география журналы. Оқушы анықтамасы №4. 2005ж. |
Реферат дайындау |
|
Түр және популяция |
6 сағ. |
|
|
1 |
Экологиялық бірлік |
1 |
«Экология және біз» кітабы. |
Өзіндік жұмыс |
2 |
Популяциялардың экологиялық сипаттамасы |
1 |
Тіршіліктану оқу кітабы экологиялық суреттер плакат |
Реферат дайындау |
3 |
Түрлерді тиімді пайдалану және олардың көптүрлігін сақтау |
1 |
Биология және салауаттық негізі №1 2003ж. |
Өзіндік жұмыс |
4 |
Популяциядағы сан мөлшерін реттеу |
1 |
Тіршіліктану оқу кітабы |
Реферат дайындау |
5 |
Түрлерді қорғау |
1 |
Қызықты зоология кітабы |
Өзіндік жұмыс |
6 |
Қазақстанның «қызыл кітабы» жайлы мағлұмат |
1 |
Өсімдіктер мен жануарлар суреті, журналдар. |
Тест тапсырмаларын жасау |
|
Экологиялық жүйелер. Агробірлестіктің жағдайы |
7 сағ. |
|
|
1 |
Биогеоценоздар |
1 |
Агрономия кітабы |
Конспектілеу |
2 |
< Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз |