Материалдар / Авторлық бағдарлама Абай Құнанбаев 5-8 сынып қазақ тілі мен әдебиеті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Авторлық бағдарлама Абай Құнанбаев 5-8 сынып қазақ тілі мен әдебиеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына арналып жасалған.  Материалды қазақ тілі пәнінің мұғалімдері мен  мектеп оқушылары  пайдалана  алады. Оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылған. Авторлық материалдағы жұмыстар оқушылардың терең білім алуына, білімін жетілдіруге негіз болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Сәуір 2021
2192
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абай





















Дидактикалық

материал

(Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған)








Құрастырған:

Өскемен қаласы «№26 орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Ахметова Маншук Даулетжаровна










МАЗМҰНЫ

Алғы сөз............................................................................ 2

Абайдың өмірбаяны........................................................ 3

Абайдың табиғат лирикасы............................................... 4

Абай - аудармашы..... ........................................................5-6

Абайдың қарасөздері ...................................................... ...7-8

Тестік сауалдар ................................................................... 9-19




Алғы сөз

 

   Бұл дидактикалық материал жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына арналып жасалған.  Дидактикалық материалды қазақ тілі пәнінің мұғалімдері мен мектеп оқушылары пайдалана алады. Оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылған. Дидактикалық материалдағы жұмыстар оқушылардың терең білім алуына, білімін жетілдіруге негіз болады.




























1– тақырып. Абайдың өмірбаяны.


1-тапсырма. Мәтінді оқы.

Абай Құнанбайұлы - ұлы ақын ,ойшыл, аудармашы, сазгер. Ол 1845 жылы Семей облысы Шыңғыстауда туған. Оның шын аты- Ибраһим. Әжесі еркелетіп Абай деп атап кеткен. Әжесінің аты – Зере. Анасының аты- Ұлжан.

Абай жасынан ынталы, зерек болды. Ол ертегі, әңгіме, өлеңдерді тез жаттап алатын. Абай 10 жасқа келгенде, әкесі оны Семей қаласындағы медресеге оқуға береді.

Осында жүріп, Абай орыс халқының ұлы ақындары А.С. Пушкин, М.Ю.Лермонтов, И.А.Крыловтың шығармаларымен танысады. Кейін олардың өлеңдерін қазақ тіліне аударды.

Абай жыл мезгілдеріне арнап көп өлеңдер жазды. Олар: «Қыс», «Жазғытұры», «Жаз», «Күз». Биыл Абайдың туғанына 175 жыл толады.



2-тапсырма. Дара диаграмма толтыр (мәтіннің мазмұны бойынша тірек сөздерді толтыр)




Shape1













3-тапсырма.Синквейн құрастыр.
1. Тақырыпқа қатысты бір зат есім (кім?):
2. бірінші зат есімге қатысты екі сын есім (қандай?).
3, бірінші зат есімге қатысты үш етістік (не істеді/iстейді?),
4. бірінші зат есіммен төрт сөзден тұратын сөйлем.
5. Ол - кім?


2– тақырып. Абайдың табиғат лирикасы

Сөздік

денелі - крупный, рослый

ақ сақалды – белобородый

соқыр-мылқау - слепой-немой

үсті- басы - внешность

қырау - иней

түсі суық – грозный вид

басын сіліксе – когда мотает головой

үй шайқалды - дом закачался

боздау - верблюжий рев

қой қоздау – окот овец

сай - овраг

сыбдыр - шорох, шелест


1 – тапсырма. Өлеңдерді мәнерлеп оқып, жылдың қай мезгілі суреттелгенін өлең сөзімен дәлелдеңдер.

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды

Соқыр – мылқау танымас тірі жанды.

Үсті-басы – ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

Бұлттай қасы жауып екі көзін,

Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.

Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,

Алты қанат ақ орда үй шайқалды.

Түйе боздап, қой қоздап – қора да шу,

Көбелекпен, құспенен сай да ду-ду.

Гүл мен ағаш майысып қарағанда,

Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су.




2-тапсырма. Сұраққа жауап беріңдер.

1. Автор қысты кімге теңеп тұр? (Қысты адамға, кәрі шалға)
2. Шалдың киімдері қандай? (ақ киімді, үстін ақ қырау басқан)
3. Киім деп отырғаны не? (Ол жауған қар, қатқан мұз)
4. Автор суреттеп отырған шалды кімге ұқсатуға болады? (Аяз атаға)
5. Өлеңдегі шалдың мінезі қандай? (Ол қатал, соқыр, мылқау адам сияқты)
6. Соқыр мылқау дейтін себебі не? (Ол ештеңені көрмейді, аямайды, бәрін тоңдырады)
7. Түрі, түсі қандай? (Түсі ақ қырау сияқты, түсі суық болады)
8. Түсі суық дегенді қалай түсінесіңдер? (Қатал, ашулы адамның түсі суық болады).

3-тапсырма. «Қандай?» деген сұраққа жауап беретін сөздерді дәптерге жазыңдар.



3– тақырып. Абай - аудармашы.

«Қараңғы түнде тау қалғып» аудармасы (Гете, Лермонтов, Абай үндестігі )

Über allen Gipfeln

Ist Ruh,

In allen Wipfeln

Spürest du

Kaum einen Hauch;

Die Vögelein schweigen im Walde.

Warte nur, balde

Ruhest du auch. (Гете, 1749-1832)


Горные вершины

Спят во тьме ночной;

Тихие долины

Полны свежей мглой;

Не пылит дорога,

Не дрожат листы...

Подожди немного,

Отдохнешь и ты. (Лермонтов, 1814-1841)



Қараңғы түнде тау қалғып,

Ұйқыға кетер балбырап.

Даланы жым-жырт, дел-сал қып,

Түн басады салбырап.


Шаң шығармас жол-дағы,

Сілкіне алмас жапырақ.

Тыншығарсың сен-дағы,

Сабыр қылсаң азырақ. (Абай, 1845-1904)


1-тапсырма.

1.Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін мәнерлеп оқып орысша, немісше нұсқаларымен танысыңдар.
2.«Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін оқи отырып, қандай көңіл-күйді аңғарамыз?
3.Венн диаграммасын толтырыңдар. Гете- Лермонтов- Абай.



Шегіртке мен құмырсқа

Сөздік


шырылдауық – щебечущий ыршу - прыгать

көгал – луг гөлайттау - гулять

сауықшыл –весельчак сорлы – несчастный, бедняжка

бүкшиді – сгорбился қайғы - печаль

асыра – содержи шаруашыл - хозяйственный

илеу – муровейник селкілдеу- дрожать, трястись

1-тапсырма. Мысалды мәнерлеп оқыңдар.Қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсініп алыңдар.



Шырылдауық шегіртке

Ыршып жүріп ән салған.

Көгалды қуып гөлайттап,

Қызықпен жүріп жазды алған.

Жаздыгүні жапырақтың

Бірінде-тамақ, бірінде-үй.

Жапырақ кетті, жаз кетті,

Күз болған соң, кетті күй.

Жылы жаз, тамақ жоқ,

Өкінгеннен не пайда?

Суыққа тоңған, қарны ашқан,

Ойын қайда, ән қайда?

Оныменен тұрмады,

Қар көрінді, қыс болды.

Сауықшыл сорлы бүкшиді,

Тым-ақ қиын іс болды.

Секіру қайда, сүрініп,

Қабағын қайғы жабады.

Сабанда жатп дән жиған

Құмырсқаны іздеп табады.

Селкілдеп келіп жығылды,

Аяғына бас ұра:

- Қарағым, жылыт, тамақ бер,

Жаз шыққанша асыра!

- Мұның, жаным, сөз емес.

Жаз өтерін білмеп пе ең ?

Жанын үшін еш шаруа

Ала жаздай қылмап па ең ?

- Мен өзіңдей шаруашыл,

Жұмсақ илеу үйлі ме ?

Көгалды қуып, ән салып,

Өлеңнен қолым тиді ме ?

- Қайтсін қолы тимепті,

Өлеңші, әнші, есіл ер!

Ала жаздай ән салсаң,

Селкілде де билей бер






2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.


1. Мысалдағы кейіпкерлерді ата.

2. Жылдың қай мезгілдерін суреттеп отыр?

3. Қыс мезгіліндегі шегірткенің халі қандай еді?

4. Шегіртке кімнен көмек сұрайды?

5. Оған құмырсқа не деп жауап береді?


3-тапсырма. Сурет бойынша әңгіме құрастырыңдар.


4-тапсырма. Қарамен жазылған сөздерді дауыстап оқыңдар. Қай кейіпкерге қатысты екенін айтыңдар?


5-тапсырма. Қарамен жазылған сөздерді екі топқа бөліңдер.

А) жаз мезгіліндегі шегіртке

ә) қыс мезгіліндегі шегіртке


7-тапсырма. Мысалға сүйене отырып құмырсқа мен шегірткені салыcтыра сипаттаңдар.

 8-тапсырма. Мысалды рөлге бөліп оқыңдар.



4 – тақырып. Абайдың қарасөздері

Қарасөз дегеніміз – ғылым туралы, философия туралы, дін туралы қарасөзбен жазылған еңбек. Абайдың 1890-1898 жылдар арасында жазылған 45 қарасөзі бар. 46-шы қарасөзі аяқталмаған.Қарасөз – арабтың “ғақлия” деген сөзімен мәндес. Ғақлия көркем сөз, дана сөз, асыл сөз деген мағынаны білдіреді.

Абайдың қарасөздері гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары, дін туралы пікірімен бірігіп, тұтас қазақ халқының философиялық консепциясын құрайды, көркемдік сыры мен философиялық сананы ұштастырған. Қарасөз алғаш Семей қаласында 1948 жылы “Абай” журналында жарық көрген. Қарасөздер орыс, қытай, француз т.б. көптеген әлем тіліне аударылған.

  1. Қара сөз деген не?

______________________________________________________________________

  1. Абайдың қара сөздері неше тараудан тұрады?

______________________________________________________________________

  1. «Отыз сегізінші сөз» мәтінінен адамның жақсы мен жаман қасиеттерін жаз:



Жақсы қасиет

Жаман қасиет

Дос көбейту...

Өзін артық көрсеткен, мақтаншақ...




5 –тақырып. Тестік сауалдар


Абай Құнанбаевтың шығармашылығы бойынша тестік сұрақтар


1-нұсқа


1. Абайдың шын аты кім?

А) Мұхамедканафия ә) Сәдуақас б) Ибрагим в) Ақжігіт

2. Абай неше ағайынды болған? А) 6 ә) 7 б) 8 в) 9

3. Абай Ахмет – Риза медресесінде қай жылдары оқиды?

А) 1855- 1860 ә) 1855 1859 б) 1855-1858 в) 1855-1857

4. Абай өлеңдерінің жүйелі, ақындық үлгіде жазылуы нешінші жылдан басталады?

А) 1881 ә) 1882 б) 1883 в) 1884

5. Абай Е.П. Михаэлиспен нешінші жылы кездесті?

А) 1867 ә) 1868 б) 1869 в) 1870

6. Ақынның «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі нешінші жылы жазылған?

А) 1883 ә) 1984 б) 1885 в) 1886

7. «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңінде ақын қандай мәселе көтереді?

А) махаббат мәселесі ә) әлеуметтік теңсіздік б) адамгершілік мәселесі в) достық мәселесі

8. ... Ақындары ақылсыз, надан келіп, көр – жерді өлең қыпты, жоқтан қармап, - деген өлең жолдары қай өлеңнен алынған?

А) «Қалың елім қазағым ...» ә) «Өлең сөздің патшасы»

б) «Сегіз аяқ»в) «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ»

9. Абайдың табиғат лирикасына арналған өлеңдері қай жылдары жазылған?

А) 1886-1890 ә) 1886-1889 б) 1886-1888 в) 1886-1891

10. Абай Пушкин шығармаларын көбірек шұғылданған жылы қайсы?

А) 1888 ә) 1889 б) 1890 в) 1891

11. Ақын «Евгений Онегин « үзінділер күйінде неше өлең шығарды?

А) 5 ә) 6 б) 7

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!