Материалдар / Авторлық бағдарлама бейнелеу өнері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Авторлық бағдарлама бейнелеу өнері

Материал туралы қысқаша түсінік
Бағдарлама бейнелеу өнерін меңгерту үшін оқушылардың қабілеті және қызығушылығы басты назарда болмақ. Балалардың қызығушылығын ояту үшін түрлі әдіс -тәсілдерді сабақта пайдалану тиімді болып табылады. Сол арқылы баланың пәнге деген ынтасы артады. Жас ұрпақтың рухани мәдениеті мен дүниетанымын, көркемдік талғамын қалыптастырудың басты құралы – оқушыларға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру, үйірмеде алған білімдері мен өнерлерін өмірде қолдана білуге жаттықтыру, сұлулықты сүйе білуге, өнерлі болуға ұмтылдыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Маусым 2024
356
0 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БАҒДАРЛАМА

элективті курстары


«Бейнелеу - өнер атасы»

7 сынып оқушыларына арналған


аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат


Г.Т.Сейтқасымова

Әл Фараби атындағы №201 мектеп - лицейдің көркем еңбек пән мұғалімі


Пікір жазғандар:

1.


2.



Түсінік хат

Бағдарлама бейнелеу пәнін меңгерту үшін оқушылардың қабілеті және қызығушылығы басты назарда болмақ. Балалардың қызығушылығын ояту үшін түрлі әдіс -тәсілдерді сабақта пайдалану тиімді болып табылады. Сол арқылы баланың пәнге деген ынтасы артады.

Бейнелеу өнері баланың ойлау арқылы бейнелеу қабілетін арттырады. Сурет салу композизициясы оқушы қиялынан туады, оқушының қиялын шыңдауға септігі зор.

Бұл жоспар бейнелеу өнерін окыту әдістемесі пәніне байланысты бала психологиясының теориялық және практикалық негіздеріне арналады. Мектептерде өтілетін бейнелеу өнері сабағы бойынша жаңа оқыту технологиясын қолдану жолдарына бағыт береді.

Бейнелеу пәнін оқытудың білім беру жүйесіндегі негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.» Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруды көздей отырып, бейнелеу өнері бойынша оқулықпен сәйкестендіріле отырып жасалған.

Бейнелеу өнері және сызу магистратура мамандығына арналған Казақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талабына сәйкес жазылған. Сонымен қатар орта мектептің бейнелеу пәні мұғалімдеріне арналады. Күнтізбелік бағдарлама негізінен 5 сынып оқушыларына арналған.

Жалпы жыл бойына 34 сағат жоспарланып отыр, аптасына 1 сағат.

Мұнда оқушылар жалпы бейнелеу өнер саласын толықтай танып білуі қарастырылады. Күнтізбелік бойынша бейнелеу өнерінен оқушыларға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие береді деп ойлаймын. Оқушыларды есте сақтау, қиялдау, ойлау немесе тақырып бойынша сурет салу арқылы оқушылардың ойлау қабілеті дамып, тереңдей түсетінін, затқа қарап сурет салу барысында оқушылардың байқағыштық қабілеттерін дамытып, үйлесімдік шешім табуға, олардың бейнелік ойлау қабілеті мен талғампаздық дағдысын жетілдіреді. Бұл күнтізбелік жоспардың жалпы мазмұнына қысқаша тоқтала кетсек:

Бейнелеу өнерінің түрлері бейнелеу өнерінің кескіндеме (кескіндеме түрлері), графика (графика түрлері), мүсін өнері (мүсіндеу  түрлері), сәулет өнері (сәулеттік өнер түрлері), дизайн және халықтық  сәндік қолданбалы өнері (қолөнер түрлері) сынды бірнеше тармақтармен қамтылады.

Оқу пәні бойынша төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру көзделеді:

оқушылардың бейнелеу өнеріне деген мәдени көзқарасын қалыптастыру; оларға адамзат жинаған әлеуметтік, рухани, адамгершілік тәжірибесін меңгерту;

Оқушылардың басты назарын бейнелеу өнері тарихына; адамдардың өмір тіршілігіндегі мен салт-дәстүр тарихындағы сәндік қолданбалы өнердің дамуына аудару, композициялық шығармалар арқылы өз көзқарастарын қалыптастыруға көмектесу;

Адам бойындағы табиғи дарынды құрметтеудің озық дәстүрлерін меңгерген құнды бағдарланған жеке тұлғаны тәрбиелеу;
Оқушылардың мәдени білімді шығармашылықпен қолдану,қолданбалы өнермен жұмыс істеу, суретші шығармаларын салыстырмалы талдау негізінде ой елегінен өткізе білу дағдыларын қалыптастыру;
Отаны мен халқы алдындағы жауапкершілігін сезінетін жас ұрпақтың мәдени, рухани адамгершілік ұстанымын қалыптастыру.


Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі


Оқытылатын бағдарламаның құрылымында келесі бөлімдер қарастырылған:

Кіріспе бөлімі. (1 сағат) Бейнелеу өнерінің тарихына және түрлеріне, жанрларына қысқаша тоқталып өту. Жұмыс орын ережелерімен таныстыру, қажетті материалдар әзірлеу.Үйірменің мақсаты мен міндеті. Техника қауіпсіздік ережесі. АКТ.

Түстану ерекшеліктері. (4 сағат) теория-1 сағат, практика-3сағат. Түстермен және олардың ерекшеліктерімен танысу, оларды практикада қолдана білуді үйрену.

Үйлестіру заңдылықтары. (4 сағат) теория-1 сағат, практика -3сағат.

Пішім бетінің үйлесімділігі және қойылымдардың өзара қатынасы мен композициялық, пропорциялық сәйкестіктерін айыра білумен танысу.

Затқа қарап сурет салу. (6 сағат) теория-1 сағат, практика-5сағат. Натюрморт қойылымының шешімін түсіну, графиканың ережесі мен салыну теориясын білу және практикада жұмыс істеу тәсілдерін үйрену. Штрихтау әдістерін меңгеру.

Мүсін өнері. Пластикалық анотомия (5 сағат). 1теория- сағат, практика-4 сағат. Пластикалық анатомияның құрылымы, стандартты өлшем, дене пропорциясының ерекшеліктерімен танысу, мүсіндеу құралдарымен жұмыс істеуді үйрену.

Сәндік қолданбалы өнер (6 сағат). 1теория- сағат, практика-5 сағат.

Сәндік қолданбалы өнердің тарихы, этностильдегі ұлттық киім үлгілерін стилизациясын түсіну. Ұлттық өрнектер композициясын құра білу. Қазіргі заман талабына сай жаңа дизайн үлгісінде сәндік бұйымдар жасалу түрлерімен танысу

Сәулет өнері (3 сағат). 0,5теория- сағат, практика-2,5 сағат.

Архитектураның түрлерімен танысу, сәулет өнерінінің қолдану ерекшеліктерін білу, практикада өз идеяларын дамыту.

Дизайн өнері (2 сағат). 0,5теория- сағат, практика-1,5 сағат.

Заманауи дағдыда бейнелеу өнерінің стилизациясын жаңарта білу. Өз композициялық жұмыстарының дизайнын жасай білуге үйрену.

Бейнелеу өнері бойынша ұйымдастырылған «Бейнелеу өнері – өнер атасы» үйірмесінің тақырыптық- күнтізбелік жоспары

(жылына 34 сағат, аптасына 1 сағат)












Нормативті бөлім


р\с

Сағат саны

Сабақтың тақырыбы

Мерзімі

Әдістемелік оқулықтар


Пайдаланатын құрал-жабдықтар


1

1

Бейнелеу өнерінің түрлері, жанрлары




2

2

Түстер әлемі




3

2

Үйлестіру заңдылықтары




4

3

Затқа қарап сурет салу




5

1

Натюрморттың композициялық құрылымы




6

1

Натюрморт. Графика




7

1

Графика өнерінің түрлері




8

1

Графикалық сурет салу (Линогрвюра)




9

1

Адам тұлғасы




10

1

Мүсін өнері




11

1

Сәндік қолданбалы өнер




12

1

Ұлттық киімдерді өрнектеу.




13

2

Сәнді бұйымдар дайындау




14

2

Сәулет өнері




15

2

Дизайн өнері




33

1

Перпектива түрлері




34

1

Қорытынды














Ақпараттық- әдістемелік бөлім


Болашақ іс-әрекеттерді анықтауда өздерінің алған білімдері мен тәжірибесін қолдана отырып шығармашылық әркеттерін жоспарлайды

  1. Қоршаған өмірді бейнелі қабылдау мен оның әсемділігіне сүйсінуге үйрету. Тарихи және мәдени шығу тегі әртүрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы түсінігін қалыптастыру.

  2. Оқушыларды өнерге шеберлікке баулу, эстетикалық талғампаздықтарын арттыру.

  3. Әр халықтың өнеріндегі ізгілік негізді, өнердің ұлттық ерекшеліктерін көре білу дағдыларын қалыптастыру.

  4. Өрнектердің композициялық құрылымын орындауды үйрену.Түрлі геометриялық өрнектерді үйлестіріп үйрену

  5. Жолдастарының жасаған жұмыстарын бағалай білу. Қазақтың ұлттық сәндік қолданбалы бұйымдарын жасауға талпыну(ши тоқу, киіз басу)

  6. Әр түрлі ұлттық бұйымдарды жасау. Құрал-жабдықтар мен материалдармен жұмыс түрлерін орындап машықтану.

  7. Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау

  8. Жұмыс орнын, құралдарды дайындау, пайдалану. Соңынан ұқыпты жинау және түрлі материалдармен жұмыс жасағанда тазалық гигиенасын сақтай білу.



Күтілетін нәтиже:


  • Сурет салу құралдарымен жұмыс жасап үйренеді;

  • Бейнелеу өнерінің түрлерімен жанрларын айыра біледі;

  • Үлгі бойынша суретті салыстыра білуге дағдыланады;

  • Сабақ меңгерген білім, білік, дағдыларын өмірде қолдануды меңгереді;

  • Сурет байқауларына қатысуға бейімделіп, шыңдалады.













































Пайдаланған әдебиеттер


Мұғалім үшін:

  1. Жолдасбаев А «Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы» Алматы, «Атамұра» 2012 ж

  2. Б.Аяған. Қазақстан Ұлттық энциклопедия «Қазақ энциклопедиясы» Алматы, 2004 ж 647 бет

  3. Қазақ өнерінің тарихы /үш томдық/ Ежелгі дәуір ІІІ том. Алматы «Өнер» 2007 ж. 85-123 бет

  4. Марғұлан А.Х, Акишев К.А, КадырбаевМ.К, Оразбаев А.М «Древняя культура Центрального Казахстана» Алма-Ата 1966, 277-278 бет

  5. Кузнецова Э.Ф, Тепловодская Т.М «Древняя металулургия и горнарное производство Центрального Казахстана» Алматы. Ғалым, 1994. 207 бет

  6. Айдарова З, Сауғабаев М «Бейнелеу өнері. Дидактикалық материалдар» Алматы, «Атамұра»,2006ж, 40бет

  7. Өнер және бейнелеу өнерінің танымдық тарихы www.Referattar.com - Казахские рефераты
    8.
    Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары туралы http://bes-asyl.kz/

9. БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІН МЕҢГЕРУДЕ СУРЕТТІҢ АТҚАРАТЫН РӨЛІ http://dov.kz/

  1. Бейнелеу өнерінің тақырыбы, идеясы, мазмұндық қырлары http://www.bankreferatov.kz/m

  2. Бейнелеу өнерінің әдіснамалық негіздері http://www.freepapers.ru/4/

  3. БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ БОЙЫНША ПАЙДАЛАНАТЫН ДИДИКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР http://bilimdiler.kz/


Оқушы үшін:

  1. Қ.Болатбаев, Ұ.Ибрагимов. Бейнелеу өнері. 5 -сыныбына арналған оқулық. 2 -басылымы, өңделген. Алматы «Атамұра» 2005.

  2. Бейнелеу өнері. Оқыту әдістемесі. 5 -сыныбына арналған. Алматы «Атамұра» 2001.

  3. З.Айдарова. Бейнелеу өнері. 6 -сыныбына арналған. 2 -басылымы, өңделген. Алматы «Атамұра» 2006.

  4. Бейнелеу өнері. Оқыту әдістемесі. 6 -сыныбына арналған. Алматы «Атамұра» 2002.

  5. Выготский Л. С. Воображение и творчество в детском саду. Министерства Просвещения, 1957г.

  6. Художественное творчество и ребенок. Ветлугина Н. А. М. Педагогика, 1972 г.

  7. Бернер Л. А. Домашняя школа мышления. М. Знание, 1955 г.

  8. Казакова Т.Г.Развитие у дошкольников творчества. М.Педагогика 1985 г.

  9. Страунинг А. М. Развитие творческого воображения дошкольников на занятиях по изобразительной деятельности. 1991













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!