Материалдар / Авторлық бағдарлама "Биофизика салалары"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Авторлық бағдарлама "Биофизика салалары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Биофизика салалары авторлық бағдарлама биология пәнімен кіріктіріліп жасалған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қырқүйек 2024
98
0 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ



БЕКІТЕМІН: КЕЛІСІЛДІ: ӘБ ОТЫРЫСЫНДА ҚАРАЛДЫ

Мектеп директоры директордың ҒӘЖ МИФ

бойынша орынбасары ӘБ жетекшісі

___________ ___________ ___________

Ағатай А.Ә. Сагимбаева Ж.Т. Муратова Р.Д

«___» ________ 2024ж «___» ________ 2024ж «___» ____ 2024ж Хаттама№1






Кіріктірілген таңдау курсы


Биофизика салалары





Пән мұғалімі: Ошанова Багдагул Абуовна

Сыныбы:10




















2024-2025 оқу жылы

Shape2



Рецезенттер:


1.

2.Сагимбаева Жанар Талгатовна -






«Биофизика салалары» биология және физика пәндерінен сабақ беретін мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал / құрастырушылар: биолг Омиржанова Сайран Еспаевна, физик Ошанова Бағдагүл Абуовна.







Бұл құрал биология және физика пәндерінен сабақ беретін мұғалімдерге арналған. Бұл әдістемелік құралда биология мен физика пәндерін кіріктіріп оқытатын таңдау курсының бағдарламасы берілген. Биологияны физика ғылымдарымен байланыстыра оқыту сабақтары құрастырылған. Пән мұғалімдеріне екі пәнді кіріктіру бойынша сабақ түрлерін сабақ барысында тиімді етіп қолданысқа енгізуге көмек береді.
























Түсіндірме жазба


Бұл құрал 9-10 сынып оқушыларына арналған. Бұл әдістемелік құралда «Биофизика, Биоэлектрлік, Биоэнергетика» ғылым салаларын жан-жақты зерттеп танып білу үшін қажетті материалдар берілген. Физика және биология пәндерін кіріктіріп оқыту арқылы білім алушыларды өмірде қажетті мәліметтермен қызықтырып оқытылады. Бұл курста берілген сабақтар білім алушыларға рухани адамгершілік білім мен тәрбиені қалыптастырып дамытуда жүйелі, бірізділікпен, тағылымды теориялық білімдерінің рухани биікке жетулеріне ықпал етіп, алған білім, тағылымдарын өмірде қолдануларына бағыт береді.

Бағдарламаның игерілуі жақсы нәтиже береді, егер де білім алушыларға берілген тапсырмаларды орындау жеке бәсекелестік туғызатындай болса, бірлесе тәжірибелер жасап қорытындылай алса, орындалған тапсырмалар бойынша білімдерін тиянақтау мақсатында сынақ жүргізілсе. Оқушылардың осы курс бойынша өз беттерімен ізденіп жұмыс істеуіне толық мүмкіндіктер бар. Атап айтқанда, әрбір тақырып мазмұнын игеру үшін бірлесе жұмыс жасауға - топтық, жұптық және жеке жұмыстары жүргізіледі. Оларды орындау үшін алдын ала жинақталған материалдар ұсынылады.

Мұғалімдердің алдында тұрған негізгі міндет - осы берілген бірнеше жұмыс түрлерін жүйелі түрде біртіндеп орындату. Бұл - білім алушылардың іздену, ойлау және салыстыру қабілеттерін дамытып, пәнге деген қызығушылықтарын арттырады.
























«Биолофизика»

кіріктірілген таңдау курсының бағдарламасы


Кіріспе


Қазіргі кездегі оқыту қажеттілігіне байланысты оқу үдерісіндегі кіріктірілген сабақтарды қолдану керек екендігін пəндік белгілер бойынша жіктеудегі қарама-қайшылықтар есебінен оқушылардың оқу-танымдық шығармашылық əрекеттерін белсендіру мəселесі келтірілген. Нəтижесінде кіріктірілген сабақтарды іске асыру əлемнің бейнесін біртұтас жүйе ретінде қарастыруға ықпал етіп, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырады. Қазіргі таңда пəндерді кіріктіру элеметтері білім беру үдерісіндегі пəндік мазмұнда мүмкін болатын құрамалы бейне қызметінде жұмыс жасайды. Біріктірілген сабақтарды біз қоршаған ортадағы əрекеттердің бейнесін алуда қолданамыз. Себебі əлемді танып-білу мектепте оқытылатын барлық пəндердің өзара байланысуы арқылы ғана іске асырылады. Осы курстағы міндет бір сұрақтың шешуін əр түрлі тұрғыда талдау біліктерін қалыптастыру болып табылады. Кіріктірілген сабақтарға айтарлықтай мүмкіншіліктер тəн. Мұндай сабақтарды өткізу арқылы оқушылар пəндерден ақпарат ала отырып, жан-жақты əрі терең білімді жаңа ойлау тұрғысында бойларына сіңіреді. Кіріктірілген сабақта білімдерді біріктіруге мүмкіндік мол, себебі алған білімдерін бір саланы басқа салалармен байланыстыру шеберліктері арқылы байқатады.

Сабақты өткізу барысында денсаулық сақтау технологиясы, жобалау, сыни тұрғысынан ойлау, ақпараттық – компьютерлік технология орнымен тиімді пайдалану кеңінен жүзеге асырылады. 


Осы курс арқылы акмеология – адамның шығармашылық ғұмырына, кәсіптік шыңға жетуіне ықпал ететін факторлар мен заңдылықтары зерттейтіндігін және физика мен биология пәндер тоғысында пайда болған оқушының жоғары дәрежеде дамуы жөнінде ғылым екендігіне көз жеткізу. Акмеология – тұлға құндылығының ғылымы, болашақта баланың өздігінен білім алуына, өзін-өзі түзетуіне, өзін-өзі басқару құралдары арқылы өзін-өзі жетілдіруге қабілеттілігін ашып, дамытуды осы кіріктірілген курс арқылы жүзеге асыруға болатынына ықпал ету.

Бұл курс 8-9 сыныптарға арналған, аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағатқа негізделген.



Курстың жаңалығы: 

Физика және биология пәндерін кіріктіріп оқыту арқылы оқушыға рухани адамгершілік білім мен тәрбиені қалыптастырып дамытуда жүйелі, бірізділікпен, үйлесімді, тағылымды теориялық білімдерінің рухани биікке жетулеріне ықпал етіп, алған білім, тағылымдарын өмірде қолдануларына бағыт беру. Оқушыларға акмеология ғылымының негізін беріп, болашақта жетістіктерге, білім мен ғылымның шыңына жету үшін рухани құндылықтардың бірі – еңбекқорлыққа баулу.


Курстың педагогикалық маңыздылығы: 

Қоғамда мектеп, оқушы, ата-ана осы үштік арасындағы байланысты нығайтуда физика және биология пәндерін кіріктіріп оқытудың нәтижесінде қол жеткізуге болатындығын дәлелдеу. Педагогикалық маңыздылығының бір аспектісі жеке мұғалімнің ұжыммен, оқушымен, ата-анамен қоян қолтық жұмыстануы. Оқушының болашақта кіріктірілген пән арқылы қоғамда өзіндік тұлғасын қалыптастырып, дамуына септігін тигізері сөзсіз.Соның нәтижесінде оқушылар жұмысының жандануы мен нәтижелілігіне, салауатты өмір денсаулық сақтау технологиясы арқылы үлес қосу.


Курстың мақсаты: 

биология мен физика пәндерін кіріктіріп оқыту принципі арқылы тәрбие істерінің құндылық мәнін күшейту мақсатында олардың рухани-адамгершілік білім мазмұнымен ықпалдастыру. Жеке тұлға өзінің болашағына мақсат қойып, өз бойындағы қабілеттіліктері мен мінез ерекшеліктерін ескеріп, мамандық таңдауына әсер ету.


Курстың міндеттері:

-Адам бойындағы жағымды қасиеттердің денсаулыққа әсерін рухани құндылықтарды аша отырып меңгерту;

-Жаратылыстану пәндерінің ішінде тәнтанудан адам денсаулығын сактауды алдыналу да өзін-өзі тануына, баланың жас кезінен өзін - өзі реттеп, алған білім, білік, іскерлігі оның даму жолындағы алға қойған мақсаттарына жетуіне ықпал ету;

-Сабақта теориялық және практикалық білімдерді жетістіктерімен байланыстырып меңгерту;

-Оқушының салауатты өмір сүруін болашаққа мақсат қойып, жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ету.

Аталған бағдарламаны жүзеге асыру барысында қатысатын балалардың жасы – 13-14 жас аралығы

Күтілетін нәтижелер:

-биологияны физика пәнімен кіріктіріп оқытуда негізгі биологиялық ұғымдардың мәнін терең түсініп, теориялық білімдерін өмірде қолдана білуіне рухани құндылықтардың әсерін меңгеріп, сезінуі; өз ой пікірін жинақтап, сауатты, мәдениетті түрде жеткізе білуде сөйлеу шеберлігіне мән беру;

-жеке тұлға ретінде алға қойған мақсатына жетуде рухани құндылықтардың ішінде еңбекқорлықтың ролін сезіну;

-мамандық таңдауын да өзіндік білімі мен талғамын, таңдауын, қызығушылығын ата-анамен, ұстазбен ынтымақтастықта шеше білу.


Курстың мазмұны

Кіріспе (1сағат)

Биофизика - биологиялық физика — тірі организмдерде жүретін физикалық процестерді, сондай-ақ, биологиялық жүйелердің ультрақұрылымын зерттейтін ғылым. Физика, биология ғылымдарының идеясы, теориялық негіздері мен биологиялық әдістердің ұштасуы.


1.Биофизика негізгі бөлім (5 сағат)

Биофизика молекулалық биологиябиохимия ғылымдарымен тығыз байланысты. Биофизиканың негізгі салалары  радиобиологиябиомеханика,  биоэнергетика, фотобиология, биолюминесценция. Жалпы Қазақстанда биофизикалық зерттеулер XX ғасырдың 60-жылдарында басталды. Молекулярлық биофизика.Клеткалық процестер биофизикасы.Биофизиканың дамуы, Павлов физиологиясының негізгі принциптері, психофизиологиялық қасиеттерінің шыңдалу,физиканың адам ақыл ойының дамуына әсері.


2. Биоэлектрлік (7 сағат) 

Атмосферадағы эектр тогы,электр тогының пайдасы неде? Бақа бұлшық еттеріне атмосферадағы эектр тогының әсері. Жемістер мен көкөністердегі электр құбылысы. Найзағайдың адамдарға, өсімдіктерге, жануарларға әсері. Шаш, синтетика мата,тоқылған киімдердің электрленуі. Амперметр арқылы жеміс жидектердегі электр мөлшерін өлшеу. Электронды микроскоптың жұмыс істеу принципі.


3. Биоэнергетика.(9 сағат)

Қысым,сұйық ішіндегі қысым тереңдікке тәуелді.Адам қанына азоттың әсері.ЭКГ қондырғысы арқылы өз қан қысымын анықтау,қан қысымының ішкі энергияға тәуелділігі. Адамның суықтан қорғалуы. Агротехникадағы жылу берілу. Тірі ағзалардың тіршілігінде жылу құбылыстарының атқаратын ролі жайлы айтылған.


4.Күрделі жүйелер биофизикасы бөлімі (8 сағат)

Қазіргі уақытта күрделі жүйелердің биофизикасы және молекулалық биофизика қарқынды дамып келеді.Биофизикалық зерттеулердің заманауи бағыттары: космогеофизикалық факторлардың физикалық және биохимиялық реакцияларға әсері, фотобиологиялық процестер, математикалық модельдеу, нанобиология.Дыбыс толқындарының адам ағзасына тигізетін пайдасы мен кері әсері. Дыбыстың барлық тіршілікке әсері.Люминесценцияланатын заттар,оны пайдалану жолдары. Кванттық электрониканың пайда болуы.


5.Білімді қорытындылау (4 сағат) 

Қорытынды тест. Меңгерген білім мен білікті қорғау.





Пайдаланылған әдебиеттер

1.Аккерман Ю. Биофизика. — М.: Мир, 1964. — 684 с.

2.Биофизика / Под общ. ред. акад. АН СССР П. Г. Костюка. — К.: Выща шк. Головное изд-во, 1988. — 504 с.

3.Волькенштейн М. В. Биофизика: Учебное руководство, 2-е изд., перераб. и доп. — М.: Наука. Гл. ред. физ.-мат. лит., 1988. — 592 с.

4. Владимиров Ю.А., Рощупкин Д.И., Потапенко А.Я., Деев А.И. Биофизика. — М.: Медицина, 1983. — 272 с.

5. Г.Байжасарова, У.Тоқбергенова. Дидактикалық материалдар. 10 сынып.

6. Кудряшов Ю. Б., Перов Ю. Ф. Рубин А. Б. Радиационная биофизика: радиочастотные и микроволновые электромагнитные излучения. Учебник для ВУЗов. — М.: ФИЗМАТЛИТ, 2008. — 184 с.

7. Физикадан анықтамалық құрал. Дүйсембаев Б., Қазақбаев Д. Алматы «Рауан» 1996 жыл



8


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!