Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
Авторлық бағдарлама. Цифрландыру - бүгінгі білім берудегі жаңа негізгі бағыт
Материал туралы қысқаша түсінік
«Цифрландыру – бүгінгі білім берудегі жаңа негізгі бағыт» тақырыбы бойынша жазылған авторлық бағдарлама Мектепті басқару жүйесін цифрландыру және оқу пәндері бойынша цифрлық білім беруді қолданудағы әдістемелік ерекшеліктердің сипаттамасы, Білім беруде цифрлық білім беруді қолдану бойынша ұсынымдар берілген. Қазіргі мектепті тиімді басқару негізінде мұғалімдердің инновациялық технологиялармен қарулануының маңызы туралы түсінік береді.
Авторлық бағдарлама мектеп мұғалімдері мен мектеп басшыларына арналған.
Жинақ ғылыми-әдістемелік орталығының кеңесімен баспаға ұсынылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
12 Тамыз 2022
1137
2 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ
ОТЫРАР АУДАНЫ
«ЕРГӨБЕК» НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА
ЦИФРЛАНДЫРУ - БҮГІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА НЕГІЗГІ
БАҒЫТ
Құрастырушы–
«Ергөбек» негізгі орта мектебі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің директоры:
Әлшериева Мадина Ермекқызы
2021 жыл
1
ӘОЖ 37.04
КБЖ 368 ҚАЗ
Ц 12
Рeцeнзeнттeр:
A. Қ. Кaлиeвa - пeдaгoгикaлық шeбeрлiк oртaлығының бaс мaмaны
Г.Б.Турeбeкoвa - пeдaгoгикaлық шeбeрлiк oртaлығының aғa мeнeджeрi
Әлшериева М. Е.
Ц 12 «Цифрландыру – бүгінгі білім берудегі жаңа негізгі бағыт»
авторлық бағдарламасы// Әлшериева Мадина Ермекқызы// Алматы: ҒӘОБ
«Зияткер», 2021 ж. – 36 бет
ISBN 978-2-50000-582-2
«Цифрландыру – бүгінгі білім берудегі жаңа негізгі бағыт»
тақырыбы бойынша жазылған авторлық бағдарлама Мектепті басқару
жүйесін цифрландыру және оқу пәндері бойынша цифрлық білім беруді
қолданудағы әдістемелік ерекшеліктердің сипаттамасы, Білім беруде
цифрлық білім беруді қолдану бойынша ұсынымдар берілген. Қазіргі
мектепті тиімді басқару
негізінде мұғалімдердің инновациялық
технологиялармен қарулануының маңызы туралы түсінік береді.
Авторлық бағдарлама мектеп мұғалімдері мен мектеп басшыларына
арналған.
Жинақ ғылыми-әдістемелік орталығының кеңесімен баспаға
ұсынылған.
ӘОЖ 37.04
КБЖ 368 ҚАЗ
Қaзaқстaн Рeспубликaсының жaлпы oртa, тeхникaлық жәнe
кәсiптiк бiлiм бeру мұғaлiмдeрi үшiн oқу-әдiстeмeлiк oртaлығы
кoмиссиясының шeшiмiмeн бaспaғa ұсынылды, жұмыс рeспубликa
мұғaлiмдeрiнe тaрaтуғa ұсынылды. 2021 жылғы 15 шілде №22 хaттaмa.
© Әлшериева М. Е., 2021 ж.
© «Зияткер». 2021 ж.
2

авторлық бағдарламасы// Әлшериева Мадина Ермекқызы// Алматы:
ҒӘОБ «Зияткер», 2021 ж. – 36 бет
ISBN 978-2-50000-582-2
Оқушылардың қолданбалы өнер жайлы бастапқы түсініктерін
қалыптастыру.
Халық қолөнерін игеру арқылы, халықтың тарихын біліп, мәдени
мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге тәрбиелеу.
Бастаған жұмысын тыңғылықты аяқтап шығуға дағдыландыру.
Іскерлігін, белсенділігі мен ой еңбегін және эстетикалық мәдениетін
дамытудағы міндеті негізінен қолөнер бұйымдарын жасау барысында
жүзеге асыру.

3
Мазмұны
Түсінік хат ............................................................................................................ 5
Ақпараттық анықтама .......................................................................................... 8
Бағдарламаның жүзеге асыру мерзімі ................................................................. 8
ІІ. Тұрақтылау (мазмұндық бөлім) ...................................................................... 9
ІІІ. Нормативтік бөлім........................................................................................ 15
Қорытынды ......................................................................................................... 18
ІҮ. Ақпараттық-әдістемелік бөлім .................................................................... 19
Мектептің объективті жағдайларын анықтауға арналған сауалнама .............. 20
«Бұлтты технологиялар қызметтерін көрсету» тақырыбында мектепішілік
конференциясын өткізу ережесі ........................................................................ 23
Адами капиталдың дамуы үшін білім беруде сандық интерактивті
технологиялық әдіс-тәсілдер арқылы оқыту .................................................... 26
Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді оқыту үдерісінде
ақпараттық технологияларды қолдану............................................................. 30
Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндерді оқыту үдерісінде цифрлық
білім беру қолдану ............................................................................................. 32
Глоссарий ........................................................................................................... 35
Пайдаланылған әдебиеттер ................................................................................ 36
4
Түсінік хат
Қазіргі таңда білім және ғылым жүйесінің алдында жаңа мақсаттар мен
міндеттер тұр. Оларды шешу үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы
бойынша бірқатар стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға негізделген,
білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған жаңа
мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат
Аймағамбетов жаңа мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттары туралы
баяндамасында
«Бағдарлама
жобасы
педагогикалық
ұжымдарда
мұғалімдермен, Президент жанындағы Ұлттық кеңестің өкілдерімен,
сарапшылармен және Парламент депутаттарымен талқыланды. Бұл жобаның
ерекшелігі – PISA, TALIS, PIAAC, PIRLS, ISILS секілді 5 халықаралық
зерттеудің нәтижелері бізге негізгі проблемаларды анықтауға және олардың
шешімдерін табуға мүмкіндік берді. Жалпы, жаңа Мемлекеттік бағдарлама
жобасында 2 мақсат, 11 міндет, 8 индикатор, 39 көрсеткіш қарастырылған, –
деді.
Жаңа мемлекеттік бағдарламаға сәйкес негізгі міндеттер айқындалды:
қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін
арттыру; жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және
оқыту; ғылымның ел экономикасына қосар үлесінің артуы. Қазіргі білім беру
жүйесінің ажырамас бөлігі дамыған цифрлық инфрақұрылым болып
табылады. Сондықтан білім беру ұйымдарында ІТ-инфрақұрылымды,
цифрлық білім беру ресурстарын, желілері мен платформаларын дамыту,
мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру қажет. Мектеп
бойынша білім беруді цифрландыруды жүзеге асырудың жоспары әзірленіп,
ауқымды жұмыстар атқарылуда, инфрақұрылымы дамуда.
Цифрлік сауаттылық - ақпараттық қоғамдағы қауіпсіздіктің негізі, ХХІ
ғасырдың ең маңызды білімі, ең негізгі тақырыптарымыздың бірі.Цифрлік
сауаттылық - бұл адам өмірінің барлық салаларында цифрлік
технологияларды сенімді, тиімді қолдануға дайындығы және қабілеті. Осы
технологияны қолдану арқылы халықтың өмір сапасын арттыруға жол ашып
отыр.
Расымен де, адамзат қауымы жыл санап емес, ай санап, тіпті апта мен
күн санап цифрландыру заманының сиқырлы әлеміне еніп барады.
Цифрландыру технологиялары дегеніміз – бұл бұрын-соңды адамзат бастан
кешпеген ғажайып әлемнің жаңа құралдары. Яғни, қазіргі таңда бұл
технологиялар жасақталу үстінде. Олар қазірдің өзінде біз тамсанып айта
беретін ақпараттық технологиялардың өзін жолда қалдыра бастады.
Бүгінгі таңда тұжырымдамалық түрде білім беру жүйесі негізгі үш
бағыт бойынша жүргізілуде: білім беру үдерісін цифрландыру, цифрлық
білім беру контенті, білім беруді басқаруды цифрландыру.Қазақстанда
мектептік білім беруді цифрландыру оны реформалау үрдісіндегі басты
тенденциялардың бірі болып табылады. Болашақ мектептерінің көрінісі
көбінесе барлық пәндердің бұлтты білім беру жүйесіне біртіндеп көшуімен
5
байланысты. Біз онлайн оқулықтар мен виртуалды зертханалар туралы, ашық
білім беру мазмұны, әрбір қатысушыға икемді және жеке көзқарас туралы
айтып отырмыз. Үй тапсырмаларын оқушылар онлайн режимінде бірге
жұмыс істей алады. Мектеп кітапханалары ақпараттық және компьютерлік
орталықтарға
айналды.
Оқу
үрдісі
әрбір
білім
алушының
идентификаторымен байланыстырылатын болады, бұл бағалау және
бағаларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Мектептерді цифрландыру осы үрдіске қатысатын барлық
ойыншыларға: оқушыларға, олардың ата-аналарына, мұғалімдеріне, білім
беру жүйесінің әкімшіліктеріне ыңғайлы және тиімді құралдарды жасауды
білдіреді. Сонымен қатар, оқу үдерісін цифрландыру, адамның адамдық
қарым-қатынасының оңтайлы теңгерімі және виртуалды ортада нақты және
цифрлы әлемді синтездеудің бір түрі болып табылатыны маңызды.
Сонымен қатар халықтың өмір сүру сапасын жақсартатын цифрлық
платформа құру мақсаты Цифрлік Қазақстан -2020 Елбасымен ұсынылған
бағдарламаны жүзеге асыруға белсенді түрде қатысады.
ХХІ ғасырдың икемділігі мен құзыреттілігіне келсек, олар бастауыш
мектептен бастап барлық білім беру қызметінде қалыптастырылуы керек.
Білім беруді цифрландырудың, атап айтқанда жалпы білім беру жүйесінің
іске асуының кейбір аспектілеріне тоқталайық.Соңғы уақытта жеке
тапсырмалардан бастап тағайындалған құзыреттерді қалыптастыру үшін
толық курстар мен модульдерге дейін ашық жалпы білім беру, жалпы
дамудың онлайн-ресурстарын құру және пайдалану үдерісі белсенді түрде
жүргізілуде. Онлайн курстардың бірыңғай платформасы баршаға ақпараттық
ағындарға жылдам бейімделуге, ақпаратты бағалауға, ерекше жағдайларда
шешімдер қабылдауға, бір сөзбен айтқанда, ХХІ ғасырдағы дағдыларды
игеруге мүмкіндік береді.
Халық өмірінің әлеуметтік парадигмасын қайта цифрландыру, ол
адамдардың ой өрісін кеңейтуге, жаңа білім алу мүмкіндігін ашады.
Заманауи білім берудің негізгі бағыттарының бірі - желілік қызмет,
әлеуметтік желілерді білім беру ресурстары ретінде пайдалану және шалғай
шеберлік сабақтарын өткізу, тренингтер. Желілік технологияларды
қолданумен цифрлы білім берудің типтік ерекшеліктері - бұл икемділік,
ұтқырлық, өндіріс қабілеттілігі, диалогтық және интерактивтілік, медиа
ағындарды қабылдауға бағдарлау.

6
Тақырыптың өзектілігі:
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарымқатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен
қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды
қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Ақпараттық қоғамның негізгі
талабы – білім алушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық
ойлау-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны
пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық
сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни
ақпараттық қоғамға бейімдеу. Ақпараттық технология- қазіргі компьютерлік
техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін
қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі
техникалық құралдар жиыны. Қазақстанның білім беру жүйесін
жаңғыртудағы барынша табыстылыққа тек егер білім беру саясатына
негізделген барлық бағдарламалық қондырғылар әлем тәжрибесімен
жиналған оң әлеуеттен барлық мүмкін болатынды өзіне жинай алса ғана қол
жеткізуге болады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, білім беру процесіне
цифрландыру жүйесі өте қажет.
Бағдарламаның мақсаты:
Білім беруде цифрлық сауаттылықты арттыру.
Бәсекеге қабілеттілікті арттыру, халықтың өмір сүру
сапасын жақсарту, оқу-тәрбие процесін жеделдету және жеңілдету,
балаларға, ұстаздарға, ата-аналарға жүктемені азайту.
Ең бастысы – білім беру сапасын арттыру.
Біздің балаларымыз халықаралық деңгейде әртүрлі
салаларда, оның ішінде жасанды интеллект және ауқымды деректер
жасау саласында бәсекеге қабілетті болу
Ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану арқылы
оқытуды ұйымдастыру формаларын жетілдіру
Бағдарламаның міндеттері:
Білім беру сапасын арттыру,
Білім беруді басқарудың бірыңғай жүйесін қалыптастыру
Білім беруді жаңа сатыға көтеру үшін тек білім мазмұны
мен оқыту әдістерін ғана емес, ақпараттық технологияларды кеңінен
пайдалану арқылы оқытуды ұйымдастыру формаларын жетілдіру
Оқу үрдісін дербестендіру
Жан – жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға
қалыптастыру.
7
Күтілетін нәтиже:
1.Тиімді басқару арқылы инновациялық технологияларды меңгеріп, әр
сабақта пайдалануға бағытталады.
2.Педагогика
саласындағы
әлемдік экономикалық ғылым
жетістіктерін негізге ала отырып, оны білім мекемелерін
басқару
ерекшеліктеріне орай пайдалану дағдыларын меңгереді.
3.Бағдарлама теориялық білімдерді практикалық тапсырмалармен
бекітуге және басқару әдістерін меңгеруге мүмкіндік береді.
Ақпараттық анықтама
Бағдарламаның жүзеге асыру мерзімі
(жыл)
Оқыту мерзімі
Жас ерекшіліктері
2021-2024
40 минут
Ересектер тобы
Мұғалімдер
Апта жүктемесі
Жылдық сағат саны
1
34
Бағдарламаның жүзеге асыру мерзімі
2021 -2024 оқу жылдары "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік
бағдарламасы аясында құрылған бағдарлама білім
салаларының
технологиялық жаңғыртуға қосымша серпін беруді қамтамасыз етеді және
еңбек өнімділігінің ауқымды және ұзақ мерзімді өсуіне жағдай жасайды.
8
ІІ. Тұрақтылау (мазмұндық бөлім)
1. Кіріспе. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы - озық білім мен
құзіреттіліктің бастамасы – 1-сағат
Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы инфрақұрылымды
дамытуға, адам капиталын жақсартуға, экономика саласын цифрландыруға
және мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталады.
Тұтастай алғанда, бағдарламаның басты мақсаты – қазақстандықтардың өмір
сапасын арттыру әрі ұлттық экономиканы цифрландыру
І бөлім. Білім берудегі цифрландырудың жаһандық үрдістері (7сағат)
1. Цифрлық Қазақстандағы білім беру жүйесі – 1-сағат
Цифрлы Қазақстан бағдарламасындағы мектеп мұғалімдерінің рөлі,
атқарар міндеті мен жауапкершілігі өте ауқымды. Білім беру саласы – бәріміз үшін өте маңызды тақырып. Ұлттың болашағы білім-ғылыммен
қаруланған келешек ұрпақтың қолында.
2. Білім беру жүйесінде цифрлық технологиялардың орны мен
қолданылуы – 1-сағат
Бұл бағыт мемлекеттік қызмет көрсету саласын жаңа сапаға көтеруді
мақсат етеді; қағаз жүзіндегі жұмыстар электронды нұсқаға көшірілуімен
ерекшеленеді.
3. Бұлтты технологияларды білім жүйесінде пайдалану – 1-сағат
«Бұлтты технология» дербес оқу, интерактивті сабақтар мен ұжымдық
оқыту үшін тамаша мүмкіндік жасай отырып, дәстүрлі оқудың орнына
жаңашыл баламаны ұсынады. Сонымен қоса желілік бұлт оқушыларға өзара
әсер етуге және орналасу жеріне байланыссыз ата-аналарымен,
құрбыларымен бірлесіп жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.
4. Бұлтты технологиялар қызметтерін көрсету – 1-сағат
«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде білім
беруді басқару жүйесі білім алушылардың есебі мен қозғалысын,
ресурстардың республикалық есебін автоматтандыруды, кадрларды даярлау
және біліктілігін арттыру бойынша мемлекеттік тапсырыс бюджетін талдау
мен жоспарлауды, білім беру ұйымдарын ресурстармен қамтамасыз етуді,
білім беру ұйымдарының қызметін бақылауды жоспарлау мен жүргізуді
көздейді. Білім алушылардың, оқытушылар мен әкімшілік құрамның,
мектепке дейінгі, орта білім беру саласындағы білім беру ұйымдарының
өмірлік циклін басқару және мониторинг жүргізу.
5. «КАБИС» жүйесі негізінде мектеп кітапханасы қызметін
автоматизациялау – 1-сағат
Co-working орталығын ұйымдастыру арқылы мектеп кітапханасының
оқу ресурстарын пайдалану мҥмкіндіктерін талапқа сай жұмыс жүргізу.
«КАБИС» жҥйесі кітапхана жҧмысының барлық процестерін: кітап қорын
9
ҿңдеу, толықтыру, электрондық каталог ҧйымдастыру, оқырмандарды
тіркеу, қызмет кҿрсету т.с.с толық автоматтандыруға арналған.
6. Педагогтердің ақпараттық – коммуникациялық дағдыларын
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы негізінде дамыту – 1-сағат
Цифрлық сауаттылық - бұл адамның өмірдің барлық салаларында
цифрлық технологияларды сенімді, тиімді, сыни және қауіпсіз қолдануға
дайындығы және қабілеті. Цифрлық сауаттылық - ақпараттық қоғамдағы
қауіпсіздіктің негізі. Цифрлік сауаттылықты қалыптастыру оқырмандық,
математикалық жҽне жаратылыстану сауаттылығымен тең дҽрежеде назар
аударылуы керек.
7. Мұғалімнің кәсіби дамуындағы ақпараттық технологиялық орта
– білім сапасын арттыру негізі – 1-сағат
Электронды оқулықты пайдалану мұғалімнің де ғылыми-әдістемелік
потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Оқытудың
әр сатысында компьютерлік тестер арқылы оқушыны жекелей бақылауды,
графикалық бейнелеу, мәтіндер түрінде, мультимедиалық, бейне және дыбыс
бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көп
көмегін тигізеді. Бұл оқулықтарды пайдалануда оқушы екі жақты білім
алады: біріншісі – пәндік білім, екіншісі – компьютерлік білім. Электрондық
оқулықтағы өзін-өзі тексеру жүйесі оқушы мен оқытушының арасындағы
байланысты алмастырады.
ІІ бөлім. Адами капиталдың дамуы үшін білім берудегі сандық
технологиялар (17-сағат)
1. Бүгінгі білім берудегі жаңа бағыт – 1-сағат
Қазақстанның білім беру жүйесін жаңғырту өзектілігі әлеуметтік
функциясының маңыздылығы – білімді өндіру және түрлендірумен
негізделеді, олар қазіргі қоғамдағы еңбек бөлінісінде шешуші рөлді
атқарады. Қазақстанның білім беру жүйесін жаңғыртудағы барынша
табыстылыққа тек егер білім беру саясатына негізделген барлық
бағдарламалық қондырғылар әлем тәжрибесімен жиналған оң әлеуеттен
барлық мүмкін болатынды өзіне жинай алса ғана қол жеткізуге болады.
2. 1Білім берудегі сандық технологиялар – 1-сағат
2.2. Сандық тұтыну – 1-сағат
23. Сандық құзіреттілік – 1-сағат
“Цифрлық Қазақстан” бағдарламасының ажырамас құрамдас бөлігі –
білім беру саласындағы цифрландыру процесі. Сандық технологиялар,
биотехнологиялар, коммуникациялық желілерді дамыту білім беру кеңістігін
ұйымдастыру және тұлғаны дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер береді.
Сандық білім беру ресурсы – бұл заманауи оқудың мақсат-міндеттерін
жҥзеге асыруға бағытталған графикалық, сандық, тілдік, музыкалық, видео,
сурет жҽне басқа да ақпараттан тұратын ақпарат көзі.
10
5. Бастауыш сыныптарда жас ұрпақтың цифрлық сауаттылығын
дамыту негіздері – 1-сағат
Ақпараттық технологияны мектепте қолдану бастауыш сынып
оқушыларының білуге, оқуға құштарлығы, танымдық қызығушылығы,
қиялы, логикалық ойлау ы мен есте сақтау қабілеттерінің дамуына үлкен
септігін тигізеді.
6. Коммуникативті дағды мен цифрлық білім беру байланысы – 1сағат
Коммуникативтік дағдылар ең әуелі мектептегі оқыту үрдісінде,
негізінен, тіл мен әдебиеттік оқу сабақтары барысында қалыптасады. Олай
болса, бастауыш білім беру мазмұны оқушыны тұлға ретінде қалыптастыра
отырып, оның, ең алдымен, өз ана тілінде ауызекі жҽне жазба тілде сауатты
сөйлеу, ересектермен, сыныптастарымен еркін қарым-қатынас жасай білу,
айтылғанды ыждаһатпен тыңдап, түсіну, өз пікірін жеткізе білу, дұрыс оқу
жҽне сауатты жазу дағдыларын, соның нҽтижесінде өздігінен білім алу,
алған білімін өмірлік жағдаяттарға сәйкес қолдана білу қабілеттерін, өмірдегі
мҽселелерді шешуге арналған білік-дағдыларын дамытуға бағытталуы тиіс.
7. Қазақ тілі мен әдебиеті сабағын ақпараттандыру – оқу сапасын
арттырудың тиімді тәсілі – 1-сағат
Жана ақпараттық технологияларды пайдалану: ғылымилық, көрнекілік,
қолжетімділік және дербестік дидактикалық принциптерді жүзеге асыруды
қамтамасыз етеді. Бұл принциптер сөз, көрнекі және практикалық оқыту
әдістері арқылы жүзеге асырылады. АКТ қазақ тілі мен әдебиеті сабағында
эмоциялық көңіл- күй үшін маңызы жоғары айқын көріністерді пайдалануға
мүмкіндік береді.
8. Ағылшын тілі пәнінде жас ұрпақтың цифрлық сауаттылығын
дамыту – 1-сағат
Тіл үйрену барысында жаңа технологияларды қолдана отырып,
педагогикалық қалыптасқан жазу, тыңдау, түсіну, сөйлеу дағдыларын
қалыптастыруға әбден болады. Ал енді психологиалық жағына келетін
болсақ, қазіргі уақыт ағымындағы оқушылардың әрқайсысының үйлерінде
әдетте көптеген ойындары бар компьютерлер,ноутбуктар, видеолар мен
телевизор бар болғандықтан, олар қоршаған ортаны осындай тәсілмен
қабылдауға үйренген. Жаңа технологиялардың мүмкіндіктері оқушыларға
оқу бағдарламаларын оқып тіл үйренуде де сәтті қолданылатынын
түсіндіруге мүмкіндік беріп, шығармашылық белсенділікті дамытуға, пәнге
деген қызығушылықты арттыруға, тыңдау мен сөйлеу дағдыларын үйренуге
ең жақсы жағдайларды жасауға әсер етіп, нәтижесінде сапалы білім алуын
қамтамасыз етеді.
9. Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында ақпараттық –
коммуникациялық технологияларды қолдану - 1-сағат.
Орыс тілі мен әдебиетін оқыту үшін қызығушылығын ояту қазіргі
уақытта қиындығы бар мәселе,бірақ мүмкіндік бар деп есептеймін. Бұл
жерде көмекке мультимедиялық тұсаукесерлер көмекке келеді, оларды
11
жаңа сабақ түсіндіру ,сабақты бекіту,қайталау кезеңдерінде қолдануға
болады. АКТ-ны қолданып өткізген сабақ – көрнекті, ақпараты мол,
интербелсенді, сабақта мұғалім мен оқушы уақытын үнемдейді,оқушыға өз
ырқында жұмыс жасауға жағдай жасайды,мұғалімге оқушымен топпен
немесе жеке жұмыстануға ,бірігіп тексеріп,оқыту нәтижесін бағалауға
көмектеседі.
10. Тарих біліміндегі цифрлық технологиялар - 1-сағат
Ақпараттық технологияның көмегімен жүргізілетін сабақтарда
оқушылар өзін белсенді және еркін, мұғаліммен тең дәрежеде ұстай алады.
Тарих сабақтарында ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың
белсенділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, сабақты
шапшаң жүргізуге, өздік жұмыстың көлемін көбейтуге болады. Тарихшы
ұстаз АКТ қолдану арқылы әртүрлі сабақтарға презентациялар дайындап,
интерактивті тақта мүмкіндіктерін шебер қолдана білсе сабақтың тартымды
әрі қызық өтетіні анық, әрі оқушы белсенділігін арттырады.
11.
Математика,
физика
сабақтарында
ақпараттықкоммуникативтік технологияларды пайдалану тиімділігі- 1-сағат
Білім беру үрдісінде оқытудың жаңа технологияларын айқындайтын
әдістемелік, педагогикалық басылымдармен танысу. Сабақта оқытудың жаңа
технологияларын тиімді қолдана білу. Оқушының таным белсенділігін
қалыптастыру барысында шығармашылық ізденістің тиімді жолдарын
үйрету, білім сапасын көтеру.
12. Робототехника – заман талабы – 1-сағат
«Робототехника мектебінде» жеткіншектер көптеген зерттеулер
жүргізіп, өз жобаларын жүзеге асырады. Сабақ барысы балалардың
жобаларды бірлесіп әзірлеуіне және ойлау еркіндігін дамытуға бағытталған.
13. Химия, биология сабақтарында ақпараттық техникалық
дағдылар қалыптастыру жолдары – 1-сағат
Оқушылардың ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру
арқылы –коммуникативтік қабілеттерін, ақыл-ойын, танымдық және
шығармашылық қабілеттерін дамыту, алған білімдерін практикалық ісәрекетте қолдануға үйрету.
14. Музыка сабағында адами капиталдың дамуы үшін білім
берудегі сандық технологияны пайдалану – 1-сағат
Балаларға музыкалық білім беру және музыка сабақтарында заманауи
технологияларды пайдалану тәсілдерін көрсету, балалардың музыка
тыңдауын қалыптастыру
15. Дене шынықтыру сабағында білім беруде сандық
технологияларды пайдалану жолдары – 1-сағат
Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және
жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі
күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі.
Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл
адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене
12
мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп
танылуымен айқындалады.
16. Адами капиталдың дамуы үшін білім беруде сандық
интерактивті технологиялық әдіс-тәсілдер арқылы оқыту – 1-сағат

барлық мүмкін болатынды өзіне жинай алса ғана қол жеткізуге
болады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, білім беру процесіне цифрландыру
жүйесі өте қажет.
17. Жеке тұлғаның танымдық іс-әрекетін қалыптастыру – 1-сағат
Ақпараттық –коммуникативтік технологияның дамуы кезеңінде осы
заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып
табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процесстерінің қарқынды дамуы жанжақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап
етеді.
ІІІ бөлім. Оқытуда ақпараттық технологиялар жетістіктерін
қолданудың тиімді жолдары (6-сағат)
1. Білім берудегі мультимедиялық интерактивті онлайн курсының
тиімділігі - 1-сағат
Мультимeдиялық интeрaктивтi oнлaйн курcын пaйдaлaнa oтырып
дaрынды, oртaшa жҽнe ҥлгeрiмi тҿмeн oқушығa caбaқты oйдaғыдaй
мeңгeруiнe мҥмкiндiк бeру.
2. Цифрлы жүйенің артықшылықтары -1-сағат
Шынында, әлем күрделі өзгерістер кезеңіне аяқ басып, жедел өзгеріп
жатқан кезеңде еліміз Қазақстан үшін бұл саланы дамытудың өзектілігі өте
жоғары болып отыр. Цифрландыру – сәнге айналған үрдіске ілесу емес,
ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі құралы. Ең алдымен,
цифрлы теңсіздікті жойып, барлық азаматты интернетпен және сапалы
байланыспен барынша қамтамасыз ету керек. Цифрлік сауаттылық – бұл
адамзат өмірінің барлық салаларында цифрлік технологияларды сенімді,
тиімді, сыни және қауіпсіз қолдануға дайындығы және қабілеті. Цифрлік
сауаттылық – ақпараттық қоғамдағы қауіпсіздіктің негізі, жаңа ғасырдың ең
маңызды білімі.
3. Білім беру плптформаларының тиімді қолдану – 1-сағат
Цифрлық технологияларды қолдану оқушыларға қолайлы оқу
қарқынын, материалды ұсынудың ыңғайлы принципін, сабақтың ұзақтығын,
қосымша ақпаратты таңдауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда біздің елімізде
енгізіліп жатқан заманауи білім беру жүйесі өз бетінше оқуға кететін уақыт
13
мөлшерін ұлғайтуды білдіреді. Оқу процесінде ақпараттық білім беру
технологияларының рөлі артып, электронды оқулықтарға жетекші орын
берілді. Қашықтықтан оқыту стратегиясының негізгі мақсаты-оқушыларға
түрлі мүмкіндіктер беру және заманауи педагогикалық технологияларды іске
асыру.
4. Оқытудағы сандық білім беру ресурстарынын тиімділігі – 1сағат
Оқытудағы сандық білім беру ресурстарынын тиімділігіндегі басты
мәселе – ойды, ақпаратты, білімді визуализациялау, педагогикалық қарымқатынастың жаңа тәсілдерін құру, оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың дәстүрлі
формаларын түзету болып табылады. Заманауи ғасырдың өскелең ұрпағы
ақпараттық технологиялардың қыр-сырын жетік меңгеруде, сандық
технология жұмыстарын жетілдіруде, әлемдік ақпарат кеңістігінде
ақпараттық білімдерін шыңдауда бұл жүйенің маңызды рөл атқаратыны
белгілі. Қашықтан оқыту бірлескен жұмыс нәтижесінде оң нәтижелерін
беретіні айқын.
5. Білім сапасын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
арқылы арттырудың пайдасы мен зияны – 1-сағат
Ақпараттық – коммуникативтік технологиямен жұмыс істеу –
компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды,
интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік
оқыту бағдарламаларына негізделеді.
«Ақпараттық-коммуникативтік
технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің мұғалім үшін тиімділігі неде?»
тақырыпта дөңгелек үстел.
6. Қорытынды сабақ – 1-сабақ
Жаңашылдықты қолданып қана қоймай оны тиімді пайдалану арқылы
біз бәсекелестікті арттыра аламыз. Ол экономикаға да тиімді, мұғалім мен
оқушыға да ыңғайлы. Сондықтан білім беруді жаңа сатыға көтеру үшін тек
білім мазмұны мен оқыту әдістерін ғана емес, ақпараттық технологияларды
кеңінен пайдалану арқылы оқытуды ұйымдастыру формаларын да жетілдіру
керек. Ал бұл қағидаттарды өмір салтымызға айналдыру үшін жас ұрпақты
жаңаша тәрбиелей білуіміз шарт. Ал тәрбиенің бастау бұлағы, қайнар көзі
мектеп және отбасында жатқаны баршамызға аян.
14
ІІІ. Нормативтік бөлім
«Цифрландыру – бүгінгі білім берудегі жаңа негізгі бағыт» курсының
тақырыптық жоспары
№
Тақырыбы
Сағат саны
Сабақтың түрі
Бар- ТеорияПрактилығы лық
калық
бөлім
бөлім
1
Кіріспе. «Цифрлық Қазақстан» 1
20 мин
20 мин
семинар
бағдарламасы - озық білім мен
құзіреттіліктің бастамасы
І бөлім. Білім берудегі цифрландырудың жаһандық үрдістері (7-сағат)
2
Цифрлық Қазақстандағы білім 1
20 мин
20 мин
талқылау
беру жүйесі
3
Білім беру жүйесінде цифрлық 1
20 мин
20 мин
семинар
технологиялардың орны мен
қолданылуы
4
Бұлтты технологияларды білім 1
20 мин
20 мин
зерттеу
жүйесінде пайдалану
5
Бұлтты технологиялар
1
20 мин
20 мин
конференция
қызметтерін көрсету
6
«КАБИС» жүйесі негізінде
1
20 мин
20 мин
панорамалық
мектеп кітапханасы қызметін
автоматизациялау
7
Педагогтердің ақпараттық –
1
20 мин
20 мин
талқылау
коммуникациялық дағдыларын
«Цифрлық Қазақстан»
бағдарламасы негізінде
дамыту
8
Мұғалімнің кәсіби
1
20 мин
20 мин
конференция
дамуындағы ақпараттық
технологиялық орта – білім
сапасын арттыру негізі
ІІ бөлім.Адами капиталдың дамуы үшін білім берудегі сандық технологиялар
(20 сағат)
9
Бүгінгі білім берудегі жаңа
1
20 мин
20 мин
семинар
бағыт
10 Білім берудегі сандық
1
20 мин
20 мин
зерттеу
технологиялар
11
Сандық тұтыну
20 мин
1
15
20 мин
конференция
12
Сандық құзіреттілік
1
20 мин
20 мин
панорамалық
13
Бастауыш сыныптарда жас
ұрпақтың цифрлық
сауаттылығын дамыту
негіздері
Білім беру жүйесінде цифрлық
технологиялардың орны мен
қолданылуы
1
20 мин
20 мин
талқылау
1
20 мин
20 мин
семинар
Коммуникативті дағды мен
цифрлық білім беру
байланысы
Педагогтердің ақпараттық –
коммуникациялық дағдыларын
«Цифрлық Қазақстан»
бағдарламасы негізінде
дамыту
Мұғалімнің кәсіби
дамуындағы
ақпараттықтехнологиялық
орта – білім сапасын арттыру
негізі
Қазақ тілі мен әдебиеті
сабағын ақпараттандыру – оқу
сапасын арттырудың тиімді
тәсілі
Ағылшын тілі пәнінде жас
ұрпақтың цифрлық
сауаттылығын дамыту
Орыс тілі мен әдебиеті
сабақтарында ақпараттық –
коммуникациялық
технологияларды қолдану
Тарих біліміндегі цифрлық
технологиялар
Математика, физика
сабақтарында ақпараттықкоммуникативтік
технологияларды пайдалану
тиімділігі
Робототехника – заман талабы
Химия, биология сабақтарында
ақпараттық техникалық
1
20 мин
20 мин
зерттеу
1
20 мин
20 мин
панорамалық
1
20 мин
20 мин
талқылау
1
20 мин
20 мин
зерттеу
1
20 мин
20 мин
семинар
1
20 мин
20 мин
диспут
1
20 мин
20 мин
талқылау
1
20 мин
20 мин
конференция
1
1
20 мин
20 мин
20 мин
20 мин
диспут
семинар
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
16
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
дағдылар қалыптастыру
жолдары
Музыка сабағында адами
1
20 мин
20 мин
диспут
капиталдың дамуы үшін білім
берудегі сандық технологияны
пайдалану
Дене шынықтыру сабағында
1
20 мин
20 мин
конференция
білім беруде сандық
технологияларды пайдалану
жолдары
Адами капиталдың дамуы
1
20 мин
20 мин
семинар
үшін білім беруде сандық
интерактивті технологиялық
әдіс-тәсілдер арқылы оқыту
Жеке тұлғаның танымдық іс1
20 мин
20 мин
зерттеу
әрекетін қалыптастыру

Білім берудкгі
1
20 мин
20 мин
талқылау
мультимедиялық интерактивті
онлайн курсының тиімділігі
Цифрлы жүйенің
1
20 мин
20 мин
семинар
артықшылықтары
Білім беру плптформаларының 1
20 мин
20 мин
зерттеу
тиімді қолдану
Оқытудағы сандық білім беру 1
20 мин
20 мин
практикалық
ресурстарынын тиімділігі
Білім сапасын ақпараттық1
20 мин
20 мин
семинар
коммуникациялық
технологиялар арқылы
арттырудың пайдасы мен
зияны
Қорытынды сабақ
1
20 мин
20 мин
қорытынды
17
Қорытынды
Осылайша, қазіргі сандық білім ресурсы білім беру ұйымдарындағы
оқу үдерісін жаңғыртудың тиімді де ұтымды құралы болып табылады. Оқу
үдерісінде цифрландыру қажетті құрал болып келетіні туралы сенімді түрде
айтуға болады. Цифрландыруды қолдану арқылы оқушы бойында түйінді,
әрі пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыруға, оқушыларға өз бетімен
көрнекілік, проблемалық оқытудың әдістемесін жүзеге асыру, білім
бақылауын автоматтандыру арқылы білім алуға болады. Біздің ойымызша,
сипатталған қолдану әдістерін орындай отырып, оқу үдерісіне
цифрландырудың толық енуі оқытудың дәстүрлі әдістерін толықтырып,
олардың жаңа қолданыстағы ақпараттық технологиялармен үйлесуіне
мүмкіндік береді. Электрондық оқыту жүйесін білім беру ұйымдарына енгізу
аясында өңделген цифрлық білім беруде талдауы көрсеткендей, мазмұны
мен формасы сабақ үстінде және үй тапсырмасын орындаған кезде
оқушылардың интеллектуалдық әрекетін ынталандыруы, материалды игеру
сапасын арттыруы, оқытуға деген қызығушылықты қалыптастыруы, оқушы
тұлғасын дамытуы, оның болашақ кәсіби таңдауына әсер етуі мүмкін.
Мониторингті зерттеулер аясында Ақпараттандырудың ұлттық орталығы
өткізген мұғалімдердің эксперименттік талдауы көрсеткендей, Цифрландыру
білім беруде педагогтың кәсіби әрекетінің сапасын арттыруға, оның АКТ
құзыреттілігін дамытуға, оқушының жас ерекшелік психологиясын, олардың
маңызды құндылықтар жүйесін ескертуге мүмкіндік береді, оқытудың
саралануы мен дараландырылуы үшін жағдай жасайды. Сандық білім
ресурсы мұғалімді алмастыра алмайды, бірақ мұғалімге қосымша
материалдарды ұсынады, яғни сабақ мазмұнын ақпараттықкоммуникациялық
технологиялардың жаңа мультимедиялық мүмкіндіктерімен толықтыруға,
оқушылардың назарын аса маңызды оқу тақырыптарына аударуға, қажет
болған жағдайда оқушылардың назарын зерделенген көріністердің
ерекшеліктеріне шоғырландыруға, оны көрнекі түрде көрсетуге, сабақтың
мазмұнын қоғамда болып жатқан өзгерістермен, өмірлік тәжірибелермен,
оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарымен және т.б. құбылыстармен
байланыстыруын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен, қоғамдықгуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерге
сандық білім ресурстарын қолдану оқыту сапасын тиімді түрде арттыруға
мүмкіндік береді.
18
ІҮ. Ақпараттық-әдістемелік бөлім
МЕКТЕП ӘЛЕУЕТІ ТУРАЛЫ СҰРАҚТАР
Сіздің мектебіңізде…
Қызметкерлер мен ата-аналар мектептің өз оқушылары үшін не
істейтінінің мәнін қалай сипаттап берер еді?
Ауданның басқа мектептерімен салыстырғанда, сіздің мектебіңіздің
иновациялық қандай ерекшелігі бар?
Қандай жағдайларда сіз өз мектебіңіздің иновациялық ерекше
белгілері туралы айтасыз?
Сіздің мектебіңізде…
Көпшілік өз әріптестерінің оқушылардың о

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)