Материалдар / Авторлық бағдарлама «Жаратылыстану» пәні бойынша мәнмәтіндік тапсырмалар арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Авторлық бағдарлама «Жаратылыстану» пәні бойынша мәнмәтіндік тапсырмалар арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал бастауыш сынып мұғалімдеріне жаратылыстану сабақтарында оқушылардың шығармашылығын дамытуға көмектеседі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Желтоқсан 2020
2551
16 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



foto14.jpg

Жобалық жұмыс тақырыбы:


ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ АЯСЫНДА

3 СЫНЫПТАРДА ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНІ БОЙЫНША МӘНМӘТІНДІК ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ























_1639-4946.jpg



ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ АЯСЫНДА 3 СЫНЫПТАРДА ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНІ БОЙЫНША МӘНМӘТІНДІК ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ






Жобаны құрастырушы: Б.Момышұлы атындағы жалпы

білім беру мектебінің бастауыш

сынып мұғалімі: Д.С. Абдулина













Білім беру мазмұнында оқушыларды іздендіретін білім, іскерлік, дағдыларын жаңа жағдаяттарда қолдандыратын тапсырмаларды оқулықтардан басқа деректерден, оқушылардың өз тәжірибелерінен алуға болады – деп көрсетілген.

Адамның ұқпағаны – бойына жұқпағаны дейді халық. Бала неғұрлым өзі біліп, түсінген ақпарат ұзақ сақталады.

Яғни, оқушы келер сабаққа триз технологиясының әдістерімен «Төңкерілген сынып» моделінің білу деңгейінің моделі бойынша дайын болады. Кейбірі түсіну деңгейіне де жетіп келеді.

Ақпараттарды түсініп оқи отырып, төмендегі шартты белгілермен берілген қосымша материалмен толық танысады.

- бұл белгідегі қосымшада оқушы өздігінен ізденіп ақпараттың дәлдігіне көз жеткізуге тырысады;

- бұл белгідегі тапсырмалар оқушының сабақта алған білімдерін толықтыра түседі;

- бұл белгідегі сұрақ, не ұсыныс оқушының алған білімін өмірде қолдануына жетелейді;

Бұл педидея жаратылыстану пәнінен алған білімімен шектеліп қана қоймай, өздігінен білім алуын дамыта отырып, үздіксіз ізденуге дүниені танып білуге деген ынталарын арттыра түседі.

Бастауыш мектептің өзінде-ақ төрткүл дүниені триз әдістері арқылы тануға қадам басады. Алға қадам басып, өскен сайын дүниені әр қырынан тани береді.

Сондықтан да бұл идея баланың жаратылыстану сабақтарында, әлемді танып білуіне көмегін тигізеді және өздігінен ізденуіне қызығушылықтарын арттырады деп ойлаймын.

Жаратылыстану пәнінен алған біліммен шектеліп қана қоймай, өздігіңнен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз ізденсеңдер дүниені танып білуге деген ынталарың арта түседі.





















Педагогикалық жоба картасы

Тегі: Абдулина

Аты: Динара

Әкесінің аты: Сапарбековна


Жобаның тақырыбы: «Жаңартылған білім беру аясында 3 сыныптарда «Жаратылыстану» пәні бойынша мәнмәтіндік тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту»


Педагогикалық идеяның өзектілігі: Бастауыш сыныптарда жаратылыстану пәнін оқытуда оқушының бойына мәнмәтіндік тапсырмаларды беру арқылы функционалдық сауаттылықты дамытуды педагог – ғалымдар мен алдыңғы қатарлы әдіскер - мұғалімдер зерттеген. Дегенмен, бүгінгі күн талабына сай бұл тақырып әлі де өзекті болып саналады. Сондықтан біз осы тақырыпты таңдадық.


Мақсаты: Жаратылыстану пәнін оқытуда ТРИЗ (теория решения изобретательских задач) технология әдістері арқылы (ӨТШТ – өнер тапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы) технологиясының әдісін қолдана отырып оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.

Зерттеу нысаны: Жаңартылған білім беру аясында 3 сыныптарда «Жаратылыстану» пәні бойынша мәнмәтіндік тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

Зерттеу пәні : Жаңартылған білім беру аясында 3 сыныптарда жаратылыстану пәні бойынша мәнмәтіндік тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары.

Зерттеу болжамы : Егер оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлеп еңгізсе, онда оқушылар күнделікті өмірде көрген, бақылаған құбылыстар мен үдерістерді түсінеді, өйткені болашақта жаратылыстану ғылыми пәндерін (биология, химия, физика) меңгеруге септігін тигізеді.


Міндеттері:

  • ТРИЗ технологиясы арқылы оқушының функционалдық сауаттылығын, ойлауы, тілі, қиялы, есте сақтау қабілеті, зейінінің белсенді және бірлесіп дамуды тұспалдайтын ТРИЗ элементтерін және шығармашылық қиялды дамыту әдістерін қолдану

  • Жаратылыстану пәнінде қоршаған орта туралы білімдерін кеңейтетін, игерген біліммен білікті өзіндік әрекет кезінде, көркем әдебиет, тілдік, ойын зерттеу, қатынас т.б әрекетте қолданатын адамның ойлауын дамытып тәрбиелеу

  • Мектепте алған білімді түрлі өмірлік жағдайда қолдана алу қабілетін, қойылған мәселелерді ғылыми әдістермен шешу қабілетін дамыту



Күтілетін нәтиже

  • Жас ұрпақтың ой – өрісі жоғарлайды

  • Оқушылардың функционалдық, тілдік, шығармашылық, әлеуметтік, таным және денсаулық құзіреттіліктерін артады

  • Тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясының негізгі түсініктерімен танысады

  • Оқушылар проблемалық жағдайдан шығу жолын іздеуде алған білімдерін қолдануға үйренеді

















Анықтама


ТРИЗ – Жаратылыстану пәнін оқытуда фунционалдық сауаттылықты дамытуда, бұл технология әр түрлі интелектуалды тапсырмалардан, қызықты жаттығулардан тұрады. Жеке тұлғаны қалыптастыруда ең тиімді құрал болып табылады.


ТРИЗ - техника, ғылым, өнер, жарнама, педагогика саласында тәжірбиеден өткен шығармашылық технологиясы.


ТРИЗ – әр жастағы адамдар, әртүрлі мамандық иелеріне түсінікті білімдер жүйесі.


ТРИЗ технологиясы оқушының шығармашылық тапсырмаларды орындауды үйретеді және оның бойында шығармашылық қажеттілікті дамыта отырып, оның қызығушылығына сүйене отырып, шығармашылыққа жүйелі түрде жетелеуге мүмкіндік береді.


ТРИЗ және оның принциптері тек техникалық қана емес, сонымен қатар басқа да шығармашылық тапсырмаларды шешуге қолайлы.


ТРИЗ-дің мақсаты-тек қана оқушылардың қиялын ғана емес, сонымен қатар шынайылықты түсініп жүйелі ойлауға, өзін-өзі тануға,қоршаған ортаның қиындығын байқауға және де өздерінің шағын қиындықтарын шешуге баулу болып табылады.
























ТРИЗ құрылу ережесі

Аталған жұмысты кезеңмен жүргізуге болады:

1-кезеңнің міндеттері . Құбылыстар мен заттар арасындағы қайшылықтарды табуға және шешуге, жүйелі ойлауды дамыту, яғни айналасындағы барлық компоненттердің өзара байланысын көре білуге үйрету.

2-кезеңнің міндеттері. Оқушылар заттардың жаңа қасиеттері мен сапасын зерттеуге үйрету.

3- кезеңнің міндеттері. Мәнмәтіндік тапсырмаларды оқу, талдау

4- кезеңнің міндеттері. Оқушыларды әртүрлі қиын жағдайдан шығуға үйрету. Берілген тапсырмалар сіз үшін дайындалған жадынамалардан табылатын ойын барысында, ойын жаттығуларда шешіледі.






























Шығармашылық тапсырмалар

«Қарама-қайшылық» әдісі

Мақсаты:

 Қызығушылықты белсендендіру,

 Білімді жүйелеу

 Салыстырмалалық түсінігін қалыптастыру.



Ғарышқа ұшу


Ғарыш (араб.-кеңістік, космос) — ғаламның астрономиялық анықтамасының синонимі.Кейде ғарыш ұғымына Жер және оның атмосферасы енбей қалады .Ғарыш жер төңірегіндегі кеңістікті қамтитын (ондағы нысандарды қоса) жақын Ғарыш және жұлдыздар мен галактикалар,т.б. кеңістігін қамтитын (ондағы нысандарды қоса) алыс Ғарыш болып ажыратылады. Дүние жүзінде алғаш рет ғарышты зерттейтін Жердің жасанды серігі 1957 жылы 7 қазанда аспан кеңестігіне шығарылды. Осы уақыттан бастап адамзат ғарыш кеңістігін зерттей бастады. Ал қазіргі уақытта жерді айнала жүздеген Жердің жасанды серіктері ұшып жүр. Олар арқылы радио мен теледидар хабарлары тезарада дүние жүзіне таратылады. Жердің жасанды серіктері арқылы ауа райын дұрыс және дәл болжауға мүмкіндік туды.Теңізде жүзген кемелер мен ұшақтар бағытын бұрын жұлдыздарға немесе Күн мен Айға қарап болжайтын болса, қазір бұл Жердің жасанды серіктерінің көмегімен жүзеге асады.


img0.jpg


Неге жақсы?

Неге жаман?








«Эмпатия» әдісі

Мақсаты: өзін басқа адамның немесе заттың орнына қойып суреттеу қабілетін дамыту



Күн


Күн — Күн жүйесінің орталық денесі, Жерге ең жақын жұлдыз. Күн – спектрлік класы G2V, абсолют жұлдыздық шамасы +4,83 болатын сары ергежейлі жұлдыз. Ол біздің Галактика центрінен 9 – 10 кпк қашықтықта орналасқан. Жақын жұлдыздармен салыстырғанда Күн 1,97х104 м/с жылдамдықпен Геркулес шоқжұлдызы бағытында қозғалады; Галактика центрін 230 млн. жылда бір рет айналып шығады. Бүкіл күн жүйесі массасының 99,866%-ы Күнде жинақталған. Жерден Күнге дейінгі орташа қашықтық 1,4961011 м.


07525891.jpg

Тышқан күннің көзін бірінші көргенде басқа жануарлар қандай сезімде болды?








«Тірі және өлі нысандарды салыстыру» әдісі


Мақсаты: жалпылама және айырмашылығын көру; ойлау, есте сақтау, қиялын дамыту.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!