Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Авторлық бағдарлама "Жетісу өлкесін тану" 7-8 сыныптарға арналған
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Достық орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу өлкесін тану
(7-8 сыныптар)
Арнаулы курс бағдарламасы
Автор:Абдулаева Жанна Аукеновна
Достық кенті-2017жыл
"Жетісу өлкесін тану" АРНАЙЫ КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ
Түсінік хат
«Жетісу өлкесін тану» арнайы курс бағдарламасы 7-8 сыныптарда аптасына 1 сағаттан, жылына 34 сағат өтуге арналған.
"Өз елінің дәстүрін, тарихының өткені мен бүгінгісін білмеген жас ұрпақ болашаққа көз жүгірте алмайды" деген қағидаға сүйене отырып, "Жетісу өлкесін тану" арнайы курс бағдарламасы құрастырылды.
Оқушы өзінің мекен етіп отырған өлкесінің физикалық-географиялық жағдайын түсініп, өткені мен бүгінгісіне көз жүгіртіп, тарихына сыр шертуге, ізденіс қабілеттерін дамытуға,қосымша мәліметтермен жұмыс істеуге дағдыланады.Өз елінің,өлкесінің географиялық орнын, оның аумағын, шекаралас мемлекет пен аудандарын әрбір оқушы білуге міндетті. Өйткені ол өзінің туған топырағы мен мөлдір таза суы, ата-бабасының мекен еткен жері.Өз елінің елжанды азаматы болу, дамыған қоғамда қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуді дамыту мақсаты болып отыр.
Осы "Жетісу өлкесін тану" арнайы курс бағдарламасында:
1).Өлкенің, жергілікті жердің географиялық орнымен танысу;
2).Елді мекеннің тарихына, оның бүгінгі келбетіне баға беру, салыстыру;
3).Жергілікті жерді топонимикалық жағынан қарастыру;
4).Экологиялық жауапкершілікке тәрбиелеу;
5).Экономикалық сауаттылыққа баулу қарастырылады.
Бұл арнайы курста бірнеше оқыту формалары қолданылады:
-
Сарамандық жұмыс
-
Семинар сабақ
-
Лекция
-
Атлас картамен, кескін картамен жұмыс
-
Презентация
-
Дөңгелек үстел
-
Дебат
-
Номенклатура
Бағдарламаның мақсаты:
-
Оқушыларға өз өлкесінің шығу тарихы, орналасқан жері, аумағы, халқы, мәдениеті жөнінде білім беру.
-
Оқушылардың өлкетану курсында өз жері туралы оқи отырып елжандылық сезімдерін қалыптастыру.
-
Сабақта өз жерінде шыққан (аумақтан, ауылдан, облыстан) атақты адамдар жайлы материалдар жинап білімдерін толықтыру.
-
Жаңа технологиялық ақпарат көздерімен жұмыс істеуге, мәлімет іздеуге дағдыландыру
Міндеті:
-
Өлкетану сабағында материалдарды нақты игеру;
-
Әртүрлі әдебиеттерді пайдаланып, берілген сұрақтарға жауап беру;
-
Өз өлкесінің мәдени-ағарту ісіне үлес қосқан адамдар жайлы материалдарды іздеу;
-
АКТ пайдаланып;газет,журнал,интернет арқылы мәліметтер жинау.
Бағдарламаның мазмұны
Кіріспе (1сағат)
«Жер жанаты-Жетісу» өлкетану ұғымы және оның маңызы
І-бөлім Менің Отаным Қазақстан (2 сағат)
Отан деген не? Менің Отаным-Қазақстан Республикасы. Жер көлемі, шекарасы, пайдалы қазбалары. Қазақстанмен көршілес мемлекеттер
ІІ-бөлім Жетісу-туған өлкем (5 сағат)
Өлкенің шығу тарихы, құрылуы, қалыптасуы, аталу тарихы мен топонимикасы. Жетісу картасы, жер көлемі, қай жерлермен шектеседі. Алматы облысының тарихи елді мекендері: Алматы, Қапшағай, Талдықорған, Алакөл, Достық т.б. шығуы, топонимикасы,тарихы, шаруашылықтағы маңызы.
Сарамандық жұмыс №1 (1сағат)
Алакөл ауданының топонимикасы
ІІІ-бөлім Шежірелі — туған өлкем (3сағат)
Ауданның физикалық-географиялық қалыптасуына байланысты естеліктер, аңыз әңгімелер, ауылдан шыққан тарихи тұлғалар: билер, батырлар өмірі, ерлік істері, ауданның тарихи кезеңдегі келбеті, т.б.
IV-бөлім Туризм бағытындағы нысандар (5 сағат)
Өлкеміздегі туризм бағытындағы нысандар жайлы материалдар жинақтау. /Сырттай саяхат жасау/.Өлкеміздегі әдемі,көрікті жерлермен танысу, тарихын білу. Рекреациялық аймақтар.Туризмді дамыту.Алакөл,Жалаңашкөл көлдерінің емдік-сауықтыру маңызы
V-бөлім Жетісу өлкесінің физикалық-географиялық жағдайы ( 7 сағат)
Өлкенің орналасуы, географиялық жағдайы, шекарасы,жер-су атаулары, өзендері мен көлдері, өсімдігі мен жануарлары;климаты мен температурасы, топырақ жамылғысы жайлы түсініктер қалыптастыру;
Сарамандық жұмыс (1 сағат)
Кескін картаға табиғат зоналарын, өзендер мен көлдерді,топырақ түрлерін түсіру
VІ-бөлім. Өлкенің табиғи қазба байлықтары (4 сағат)
Өлкеде кездесетін табиғи қазба байлықтары, кен орындарын көрсету, белгілеу, атлас картадан анықтай білу;
Сарамандық жұмыс (1 сағат)
Кескін картаға облыстың табиғи ресурстары мен пайдалы қазбаларын түсіру
VІІ-бөлім. Ауылым-алтын бесігім. (3 сағат)
Ауылымның бүгінгі келбеті.Теміржолдың дамуы,болашағы.Теміржол кәсібіне баулу
Семинар сабақ «Достығым-мақтанышым» (1 сағат)
Жергілікті жердің болашағы,перспективасы мен даму жолдары
"Жетісу өлкесін тану" арнайы курсының күнтізбелік жоспары
№ |
Сабақтың тақырыптары |
Сағат саны |
мерзімі |
Өткізілу формасы |
Кіріспе (1сағат) |
||||
1. |
«Жер жанаты-Жетісу» ұғымы және оның маңызы |
1 |
|
Лекция |
І-бөлім «Менің Отаным -Қазақстан» (2 сағат) |
||||
2. |
Менің Отаным-Қазақстан Республикасы. Жер көлемі, шекарасы, пайдалы қазбалары. |
1 |
|
Картамен жұмыс |
3. |
Қазақстанмен көршілес мемлекеттер |
1 |
|
лекция |
ІІ бөлім «Жетісу-туған өлкем» (6 сағат) |
||||
4. |
Өлкенің шығу тарихы, құрылуы, қалыптасуы, аталу тарихы |
1 |
|
Лекция |
5. |
Жетісу өлкесінің картасы, жер көлемі, шектесетін жерлері |
1 |
|
Картамен жұмыс |
6. |
Алматы облысының тарихи елді мекендері: Алматы, Қапшағай; |
1 |
|
лекция |
7. |
Талдықорған, Алакөл, Достық елді мекендерінің географиялық жағдайы |
1 |
|
лекция |
8. |
Жетісу топонимикасы |
1 |
|
Номенклатура жасау |
9. |
Алакөл ауданының топонимикасы |
1 |
|
Сарамандық жұмыс |
ІІІ бөлім «Шежірелі — туған өлкем» (3сағат) |
||||
10. |
Ауданның физикалық-географиялық қалыптасуына байланысты естеліктер |
1 |
|
Лекция |
11. |
Өлкеден шыққан тарихи тұлғалар: билер, батырлар өмірі, ерлік істері, |
1 |
|
Семинар |
12. |
Ауданның қазіргі кезеңдегі келбеті |
1 |
|
презентация |
IV бөлім Туризм бағытындағы нысандар (5 сағат) |
||||
13. |
Өлкеміздегі туризм бағытындағы нысандар жайлы материалдар жинақтау. /Сырттай саяхат жасау/ |
1 |
|
Дөңгелек үстел |
14. |
Өлкеміздегі әдемі,көрікті жерлермен танысу, тарихын білу. |
1 |
|
презентация |
15. |
Рекреациялық аймақтар. |
1 |
|
семинар |
16. |
Туризмді дамыту жолдары |
1 |
|
дебат |
17. |
Алакөл,Жалаңашкөл көлдерінің емдік-сауықтыру маңызы |
1 |
|
семинар |
V бөлім. Жетісу өлкесінің физикалық-географиялық жағдайы ( 8 сағат) |
||||
18. |
Өлкенің географиялық орналасуы, физикалық- географиялық жағдайы |
1 |
|
лекция |
19. |
Жетісу өлкесінің шекарасы |
1 |
|
Картамен жұмыс |
20. |
Жер-су атаулары |
1 |
|
Номенклатура |
21. |
Өзендері мен көлдері |
1 |
|
Номенклатура |
22. |
Өсімдігі мен жануарлары |
1 |
|
Номенклатура |
23. |
Климаты мен температурасы |
1 |
|
Лекция |
24. |
Топырақ жамылғысы |
1 |
|
Лекция |
25. |
Кескін картаға табиғат зоналарын, өзендер мен көлдерді,топырақ түрлерін түсіру |
1 |
|
Сарамандық жұмыс |
VІ бөлім. Өлкенің табиғи қазба байлықтары (5 сағат) |
||||
26. |
Өлкеде кездесетін табиғи қазба байлықтары |
1 |
|
Лекция |
27. |
Кен орындары |
1 |
|
Картамен жұмыс |
28. |
Кен орындарының орналасуы мен өндірілуі |
1 |
|
Картамен жұмыс |
29. |
Экологиялық зардаптары мен жою жолдары |
1 |
|
семинар |
30. |
Кескін картаға облыстың табиғи ресурстары мен пайдалы қазбаларын түсіру |
1 |
|
Сарамандық жұмыс |
VІІ бөлім. Ауылым-алтын бесігім (3 сағат) |
||||
31. |
Ауылымның бүгінгі келбеті |
1 |
|
Презентация |
32. |
Теміржолдың дамуы,болашағы |
1 |
|
Дебат |
33. |
Теміржол кәсібіне баулу |
1 |
|
Лекция |
Қорытынды «Достығым-мақтанышым» (1 сағат) |
||||
34. |
Жергілікті жердің болашағы, перспективасы мен даму жолдары |
1 |
|
Семинар |
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
-
«География» қайталауға арналған оқу құралы, Астана-2016
-
«Қазақстан Энциклопедиясы» Жалын баспасы 2001-2005жж.
-
"Алматы облысының әкімшілік-аумақтық бірліктері мен физикалық-географиялық атауларының көрсеткіш анықтамалығы", Алматы 2008 жыл.
-
«Қазақстан географиясы» журналы Алматы 1994 жыл "Атамұра" баспасы. 1 басылым. 13-15 бет.
-
«Жетісу экологиясы» жинағы
-
Экология хрестоматия Ә. Бейсенова Ж. Шілдебаев «Мектеп» баспасы 2005 ж.
-
«География Биология Экология орта мектепте» Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал 2013-2016 жж
-
Маңызды биологиялық түрлер АТЛАСЫ Астана 2006 ж
«Жетісу өлкесін тану" арнаулы курс
бағдарламасында оқушыларға қойылатын талаптар
-
Арнаулы курс пәнінің мазмұны, мәнін білу;
-
Жетісу өлкесіне физикалық-географиялық,тарихи сипаттама беру;
-
Өз өлкесінің орналасқан жері мен аумағы туралы білу;
-
Алматы облысы,Алакөл ауданы,өзінің тұрып жатқан ауылы жайлы
толық мағлұмат келтіру;
-
Қазақстан Республикасының географиялық жағдайы,жер көлемі,
шекарасы, пайдалы қазбалары;
-
Ауданның,ауылдың шығу, құрылу, тарихи- географиялық
жағдайы, жер бедері /жазық, қырат т.б./
-
Топономикасын меңгеру;
-
Табиғи қазба байлықтар,олардың орналасы мен кен орындары жайлы;
-
Ауылдан шыққан тарихи тұлғалар: билер, батырлардың өмірі, ерлік
істері, ауылдың тарихи кезеңдегі келбеті, т.б;
-
Алакөл,Жалаңашкөл көлдерінің емдік-сауықтырудағы маңызын білу;
-
Туризмнің дамуы мен болашағы жайлы түсіну;
-
Теміржол шаруашылығының дамуын,кәсіп түрлерін меңгеру