Материалдар / Авторлық бағдарлама "Көркем жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Авторлық бағдарлама "Көркем жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту"

Материал туралы қысқаша түсінік
сауат ашу пәнінен "Көркем жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту" атты вариативтік компонент. Сауат ашудан «Көркем жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» атты вариативті компоненттің негізгі мақсаты: Мектеп жасына дейінгі ересек балаларды сауат ашу және жазу негіздеріне дайындау, алғашқы оқу дағдыларын меңгерту. Міндеттері: тілдің негізгі бірліктері дыбыс, буын, сөз, сөйлем туралы жалпы түсінік беру; жуан, жіңішке дауысты дыбыстар мен қатаң, ұяң, үнді дауыссыз дыбыстарды есту арқылы ажырата білуге,айтылу ерекшеліктеріне қарай анықтай білуге жаттықтыру; баспа әріп үлгілерімен таныстыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қазан 2021
1228
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Көркем жазу арқылы
сын тұрғысынан
ойлауды дамыту

УДК 373
ББК 74.287.3
Рецензент:
Мұқатаев О.О. педагог мастер, Қазақстан Республикасы «Өркениет» ғылымиәдістемелік орталығының аға ғылыми қызметкері;

Көркем жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту/құрастырған.:
Исина Ж.Ш. – Шығыс Қазақстан облысы / бастауыш сынып мұғалімі, 2021. – 116б.
ISBN 978-689-1123-88-4
«Көркем жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы мектеп
жасына дейінгі ересек балаларды сауат ашу және жазу негіздеріне дайындауға,
алғашқы оқу дағдыларын меңгертуге бағытталған.
.
УДК 373
ББК 74.287.3
«Өркениет» ғылыми-әдістемелік орталығының 2021 жылғы «09» қазандағы №2
хаттамасына сәйкес сараптау комиссиясының шешімімен баспаға ұсынылды

ISBN
978-689-1123-88-4

© ҚР «Өркениет» ҒӘО, 2021

2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
«ÓRKENIET» ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІКТІҢ БАСПАСЫНА ҰСЫНЫЛДЫ

Рецензент:
Рецензенттер: «Órkenіet» ғылыми-әдістемелік орталығының аға ғылыми қызметкері
О.О. Мұқатаев
Құрастырған:
Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы, «Нұрлыбек Баймұратов атындағы
орта мектеп» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Исина Жанар Шайзатовна

© Қазақстан Республикасы

«Órkenіet» ҚР ҒӘО, 2021ж.

3

Түсінік хат
Ана тілі –бәріміздің анамыз,
өйткені ол-ұлтымыздың анасы...
Н.Ә.Назарбаев
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, әлем тілдері ішіндегі ең
бай, келбетті тілдердің бірі, қазақ халқының ұлттық ана тілі. Тіл – адам баласының
әлем бейнесін тану жолындағы түсінігі, ойы, сезімі, идеясы, дүниетанымының
көрінісі. Тіл – халық тарихы. Тілде халық жасаған мәдениет пен өркениеттің даму
жолы жатады. Қазақ халқының барлық құнарлы ойы, құнды қиялы көркем сөзбен
кестеленген. Сондықтан да тілдің болашағын бағамдау үшін, оның кешегі өткен
тарихын білу – қажеттілік. Тіл бар жерде ұлт бар. Ұлттың өзгеден ерекшеленетін ең
негізгі де тұғырлы белгісі – тілі. Тілдің қасиетін түйсіну – ұрпаққа парыз, ал оның
қыр-сырын заман талабына сай меңгерту – мұғалімге міндет.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты
міндеті ұлттық және адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған
білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау...» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту
міндеттері көзделген.
Бұл міндеттерді шешу әр тәрбиешінің күнделікті ізденісі арқылы барлық
жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа
қарым-қатынасқа өту қажеттілігі туындайды.
Мектепке дейінгі ересек жас бүлдіршіндердің ақыл-ойы мен мінез-құлығының
дамуында тіл маңызды рөл атқарады.
Сауат ашудан «Көркем жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» атты
вариативті компоненттің негізгі мақсаты:
Мектеп жасына дейінгі ересек балаларды сауат ашу және жазу негіздеріне дайындау,
алғашқы оқу дағдыларын меңгерту.
Міндеттері:
тілдің негізгі бірліктері дыбыс, буын, сөз, сөйлем туралы жалпы түсінік беру;
жуан, жіңішке дауысты дыбыстар мен қатаң, ұяң, үнді дауыссыз дыбыстарды
есту арқылы ажырата білуге,айтылу ерекшеліктеріне қарай анықтай білуге
жаттықтыру;
баспа әріп үлгілерімен таныстыру.
Ұсынылып отырған «Сауат ашудан» вариативті компонент «Көркем жазу арқылы
сын тұрғысынан ойлауды дамыту» Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі
тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын басшылыққа ала
отырып фонемалық есту қабілеттерін жетілдіру арқылы дыбыс пен оның таңбасы
болып саналатын әріпті ажырата білуге, сөз арасындағы дыбыстың орнын екпін
түсіріп айту арқылы анықтай білуге үйрету жұмыстарына көп мән береді.

4

Бұл көмекші құралда ересек жастағы балалардың көптеген ызың, үнді дауыссыз
дыбыстарды
анық
айта
алмайтындықтары,
ұқсас
дыбыстарды
шатастыратындықтары ескеріліп, тілдің дыбысталу мәдениетіне көп қөңіл бөлінеді.
Көмекші құрал 36 тақырыптан тұрады, барлық оқу іс-әрекеттеріндегі тілдің
фонетикалық құрамын меңгеруге пайдалануға ыңғайланған.
Вариативті компонент ретінде ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері, көрнекті
дидактикалық материалдары,иллюстрациялар берілген.
Білім мазмұнын жаңарту – білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын,
оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады.
Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез келген өмірлік
жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін
тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру
ортасын тудыру – жаңартылған білім мазмұнын енгізудің нәтижесі болуы керек.
Заман талаптарына сәйкес қазіргі мектеп «білімді тұлға», яғни білім, білік пен
дағдылары қалыптасқан жеке тұлғаны дайындаумен ғана шектеле қоймай, «өмірдің
өзгерістеріне дайын болатын», белсенді және шығармашыл ойлайтын,
интеллектуалды және жан-жақты дамыған жеке тұлғаны дайындау тиіс.

5

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
11.
12.
13.
14.
15.
16.
17.
18.
19.
20.
21.
22.
23.
24.
25.
26.
27.
28.
29.
30.
31.
32.
33.
34.

Тақырыбы
Дыбыстар мен әріптер
Дауысты және дауыссыз
дыбыстар
Жуан және жіңішке жұп
дауыстылар
Буын
У дыбысы мен әрпі
Ш дыбысы мен әрпі
С дыбысы мен әрпі
Д дыбысы мен әрпі
Ы дыбысы мен әрпі
М дыбысы мен әрпі
К , Қ дыбысы мен әрпі
Ұ, Ү дыбысы мен әрпі
І дыбысы мен әрпі
Е дыбысы мен әрпі
И, Й дыбысы мен әрпі
Ғ, Г дыбысы мен әрпі
ң дыбысы мен әрпі
Ө дыбысы мен әрпі
З дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпі
Ж дыбысы мен әрпі
П дыбысы мен әрпі
Б дыбысы мен әрпі
Х дыбысы мен әрпі
һ дыбысы мен әрпі
Я дыбысы мен әрпі
Ф дыбысы мен әрпі
В дыбысы мен әрпі
Э дыбысы мен әрпі
Ц дыбысы мен әрпі
Щ дыбысы мен әрпі
Ч дыбысы мен әрпі
ь, ъ дыбысы мен әрпі
Қорытыңды сабақ

Сағат
саны
1
1

Өткізілетін Ескертулер
күні

1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1

6

Бағдарламаның жұмыс дәптері
Тақырыбы: Дыбыстар мен әріптер
1 тапсырма:
Әліпбиде неше әріп және неше дыбыс бар?

2 тапсырма:
Әріптерді қосып суреттердің атап бер:

О
Т
А

Ю
У
Қ

Тақырыбы: Дауысты және дауыссыз дыбыстар
1 тапсырма:
Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратып айт

7

2 тапсырма:
Дауысты дыбыстарды қызыл түспен, дауыссыз дыбыстарды көк түспен боя

Тақырыбы: Жуан және жіңішке жұп дауыстылар
1 тапсырма:
Жуан және жіңішке дыбыстарды екі бағанға бөліп жаз

Жуан

Жіңішке

2 тапсырма: суреттегі заттарды атап жуан және жіңішке дыбыстарды көрсет

8

Тақырыбы: Буын
1 тапсырма: буындарды қосып сөзді ата

2 тапсырма: буындарды қосып сөзді ата

9

Тақырыбы: У дыбысы мен әрпі
У әрпіне басталатын сөздерді
айт:

У әрпін тауып астын сыз

Тақырыбы: Ш дыбысы мен әрпі

10

Ш әрпіне басталатын сөздерді
айт:

Ш әрпінен басталатын сөздерді ата

Тақырыбы: С, Т дыбысы мен әрпі
С әрпіне басталатын сөздерді ата:

11

Т әрпіне басталатын сөздерді
ата:

Т әрпінің орнын анықта

Тақырыбы: Д дыбысы мен әрпі
12

Д әрпіне басталатын сөздерді ата

Д әрпіне басталатын заттардың атын тап

Тақырыбы: Ы дыбысы мен әрпі
Ыдыстарды түрлі түстермен боя

Ы әрпінің орның тап

13

Тақырыбы: М, Р дыбысы мен әрпі
Раушан гүлін түрлі түстермен боя

Жаңылтпашты қайтала:

Жұмбақты шеш:
Мұртын тілімен сипайды
Бетін сусыз жуады
Тышқанды аңдып түнімен
Көзі оттай жанадыОл не?

14

суретті бояп

шық

Тақырыбы: К , Қ дыбысы мен әрпі

Суреттегі заттарды атап шық:

Суретті боя:

15

Тақырыбы: Ұ, Ү дыбысы мен әрпі

Жасырын сөздерді тап

16

суретті боя
Орындарын тауып сөз құрастыр:

Тақырыбы: І дыбысы мен әрпі

Жасырын әріпті қойып шық

бояп шық

Тақырыбы: Е, Н дыбысы мен әрпі

17

Жұмбақтарды шеш:
Бір мезгілде бірге тұған екі адам ___________
Жетіден кейінгі математикалық сан ___________
Киіз үйдің бөлігі_____________

Тақырыбы: И, Й дыбысы мен әрпі

18

И әрпіне басталатын сөздерді ата:

Мысал келтір

Тақырыбы: Ғ, Г дыбысы мен әрпі

Мәтінді тындап әңгімелеп бер
Бүлдірген теруге барғанда
Бір топ бала бүлдірген теруге бармақ болды. Олар таңертең ерте тұрды. Түсте
ішетін тамақ, бүлдірген теретін шелек, себет алды. Балалар бүлдірген өсіп тұрған
жерге жетті.Бұл жер жап-жасыл. Жасыл кілем төсеп тастағандай. Ойпандар да,
бұта-өсімдіктер де көкпеңбек. Айналаға көз салсаң, жер дүние маужырап тұр. Не
деген сүлу табиғат!Балалар біраз тамашалап бүлдірген теруге кірісті. Бүлдіргенді
тойғанша жеді. Апарған ыдыстарын да толтырды. Сонан соң ағаш көлеңкесіндегі
көгалға отырып дем алды, түскі тамактарын ішті. Кешке қарай ауылға қайтты.
Бұл күн балаларға өте қызықты өтті!
Тақырыбы: ң дыбысы мен әрпі
19

Суреттіп бояп, атын ата

Мәтінді тындап ң әрпін белгіле:
Менiң атам екеу.

Мен он жастамын. Төртiншi сыныпта оқимын. үздiк оқуға менiң аталарым
көмектеседi. Менiң екi атам бар. Бiреуi- әкемнiң әкесi. Екiншiсi-анамның әкесi.
Үлкен атам ұзын бойлы, шашы көзi-қап-қара.
Кiшi атам әлi жас, қайратты. Ол орта бойлы,өте сабырлы адам. Мен
аталарымның ең жақсы қасиеттерiн алдым.
Тақырыбы: Ө, О дыбысы мен әрпі

Мәтінді тындап О және Ө әріптері бар сөздерді ата
Менiң бөлмем.
Бiздiң пәтер үш бөлмелi. Ең кiшкентай, жылы бөлме-менiкi. Бөлмемде екi
кiлем бар. Бiр кiлем қабырғада iлулi тұр. Оң жақта керует тұр. Сол жақта –
шкаф. Бөлменiң ортасында дөңгелек үстел тұр. Бұрышта, шкафтың үстiнде
гүлдер тұр. Мен бөлмемдi өзiм жинаймын.
20

Суреттерді атап қандай әріппен бірігіп тұрғаның ата

Тақырыбы: З дыбысы мен әрпі

суретті боя
Мәтінді оқып З әрпі бар сөздердің мәнің түсіндір
Құрманғазы Сағырбаев.
Құрманғазы Сағырбаев –ұлы күйшi, сазгер. Ол Астрахань облысында дүниеге
келген. Сазгердiң аты әлемге әйгiлi. Бiз бастауыш мектептен бастап, сазгердiң
күйлерiн тыңдап, тамашалаймыз. Атақты күйшi ұрпақтарына мол мұра
қалдырған. Мен Құрманғазының күйлерiн ұнатамын. Алматыда Құрманғазы
атында ұлт аспаптар оркестрi бар. ұлы сазгер өмiрдi сүйген.
Тақырыбы: А, Ә дыбысы мен әрпі

21

Мәтінді тындап сұрақтарға жауап бер
Мәншүк Маметова

Мәншүк Маметова менiң шәкiртiм едi. Оны екiншi сыныптан бастап
оқыттым. Бастапқы кезде Мәншүк орыс тiлiн бiлмейтiн. Бiрақ Мәншүк
үйренуден, бiлуден жалықпады. Оның бойында қайтпас талап бар едi. Бұл
қасиет оған орыс тiлiн тез үйренуге көмектеседi. Мәншүктiң тағы бiр
қасиетi-ұстамдылығы. Алдына қойған мақсатын ол табандылықпен
орындайтын.
1. Мәншүк Маметова деген кім?
2. Мәншүк Маметова өз мақсатына қалай жетті?
Тақырыбы: Ж , Н дыбысы мен әрпі

Мәтінді тындап сұрақтар құрастыр
Ерекше жаңа жыл
1-сынып оқушысы Әкежан анасы мен әкесінің жалғыз баласы болғандықтан, өте
ерке болып өсті. Ата-анасы да ерекше мәпелеп айтқанын екі етпейді. Міне
көптен күткен жаңа жыл да келді. Әкежан үшін басқа мерекелерден гөрі жаңа
жыл сыйлығы мол, тәттіге тоятын ерекеше күн. Ата-анасы былтырғы жылы
бағасы қымбат тұратын ұялы телефон сыйлаған болатын. Аяз ата беріп жіберді
деп ата-анасы алдаса да, Әкежан сыйлықтың қайдан келгенін жақсы біледі.
Биыл да ата-анасына Аяз атадан қандай сыйлық күтетінін алдын-ала ескертіп
қойған еді. Бірақ, жаңа жыл күні түні ақ халатты дәрігерлер келіп, анасын алып
кетті. Аң-таң болған Әкежан әкесіне: «Әке, менің сыйлығым қайда? Аяз ата мені
биыл ұмытып кетті ме? Анам қайда кетті? Қалай жаңа жылды қарсы аламыз?»деді жылам- сырап. Сәлден соң телефон шырылдады. Қуана жымиған әкесі:
«Сен биыл ерекше сыйлыққа ие болдың , Аяз ата саған іні сыйлады»-деді.
Бауырлары бар өзге балаларға ерекше қызғаныш- пен қарайтын, Әкежанның
22

қуанышында шек жоқ. Қатты қуанғаны сондай, қолын шапалақтап секіріп
жіберді. Әкежан үшін бұл жаңа жыл ерекше болды. Ол тіпті армандаған
сыйлығын ала алмағанына да өкінген жоқ.
Суреттегі бейнелердін атап шық:

Тақырыбы: П дыбысы мен әрпі

суретті боя
Мәтінді тындап П әрпі бар сөздерді ата
Балапан
Жазғы каникулда Арман мен Нұрлан атасы мен әжесінің ауылына қыдырып барды.
Бірде олар аталарына аула ішіндегі бау-бақшаны арамшөптерден тазартып, ретке
келтіруге көмектесіп жүр еді. Арман Нұрланды шақырды. Барса, жерде шиқылдап
сары ауыз балапан жатыр екен. Бұл ағаш басындағы ұядан құлап түскен торғайдың
балапаны болып шықты. Өзі кіп-кішкентай, жүні жоқ, қызылшақа. Балапан
шиқылдай береді. Арман басқышқа мініп, балапанды ұясына қайта салды. Арман
мен Нұрлан балапанға қарайлап, үнемі қамқорлық жасап жүретін болды.
1. Мәтінді мазмұндап бер
2. Мәтінде қандай оқиға болды?
Тақырыбы: Б дыбысы мен әрпі
23

Мәтінді тындап мазмұның әңгімеле
Бұлақ басындағы оқиға
Біз жазда малды ауылда жайлауда болдық. Бір күні папам, сіңілім Жанар үшеуіміз
қой тоғытуға үлкен бұлаққа бардық. Бұлақтың жан-жағы көк майса шөп.Қойды
тоғытып болып,үйге қайтып келе жатқанбыз. Кенет ешкінің бақылдағаны естілді.
Дыбысы аянышты шығады.Алғаш онша мән бермеген едік. Бірақ ешкі маңырауын
қоймады. Дыбыс шыққан жаққа қарай жүрдік.Байқасақ, бір лақ бақпаққа батып,
тұра алмай талпынып жатыр. Папам екеуіміз лақты ұйықтан шығарып алдық.Үстібасы батпақ-батпақ болыпты.Оны бұлақтың суымен жуып тазарттық. Біз Жанар
екеуіміз лақты өлімнен құтқарғанымызға қатты қуандық.
Жасырын сөздерді тап

Тақырыбы: Х, Ю дыбысы мен әрпі

24

Мәтінді тыңдап аю туралы әңгімеле
Аю мен бөрене
Қалың орманды аралап келе жатқан бір аю бал арасына кез болыпты. Ағаш
басындағы бал арасына тамсанып, аузынан сілекей шұбырып, оны жегісі келіпті.
Аю ағаш басына өрмелеп шығып,ұяға жақындағанда, ілініп тұрған ауыр бөрене
оған кедергі жасапты. Балға ұмтылған аю оны итеріп жіберді. Әрі серпілген ауыр
бөрене өз салмағымен қайта оралғанда аюдың басына сарт ете қалды. Қара күшіне
сенген өжет аю ашуланып одан бетер қатты итерді. Аюдың құлағы шыңылдап,
басы айналды. Бұған ызаланған аю күшімен бөренені үшінші рет итеріп
жібергенде, қайта оралған бөрене аюдың басын қақ айырып, ағаштан ұшырып
түсірді.
Мәтіннен қандай жағымды және жағымсыз әсер алдың, әңгімелеп бер

Мекемелердің атын құрастырып, ол мекемелерге адамдар не үшін баратыны
туралы әңгімеле
Тақырыбы: һ дыбысы мен әрпі

Мәтінді тындап әңгімелеп бер:
Нұрғиса
Ол өнерге ерте келген. Бес жасынан бастап Нұрғиса домбыра тартты. Мұқан
Төлебаев, Ахмет Жұбановтан сабақ алды. «Отырар сазы» оркестрін құрды. Оған
жетекші болды. Дүниенің төрт бұрышын аралады. Қазақ деген халықты, оның
25

өнерін әлемге танытты. Нұрғисаның әндері, күйлері біздің байлығымыз. Ол Ұлы
Отан соғысына қатысқан. Үш рет жараланып, аман-есен еліне оралды. Қолына
домбырасын қайта алды. Композиторға «Халық қаһарманы» атағы берілді. Ол
кісінің өлмес өнері мәңгіге қалады.
1. Каһарман деген сөздің мағынасын түсіндір.
Тақпақты тындап Һ дыбысы бар сөздерді көрсет

Тақырыбы: Я дыбысы мен әрпі

Қажымұқан
Қажымұқан жас кезден күшті болған. Бала кезінде жалшылықта жүрген. Оның
күшіне ел таңғалады екен.Қыстың қақаған шағында бала жігіт отынға барыпты.
Шанаға жеккен аты қарға омбылап мұзға тайғанақтап, мертігіп қалыпты.
Мертіккен атты шанаға көтеріп салып, аттың қамытын мойнына іліп, шананы өзі
сүйреп келіпті. Содан бастап оның атағы елге жайылыпты. Атақты палуан
Франция, Германия, Түркия, Қытай елдеріне барып өнер көрсетіп, жеңімпаз
атанған.
1. Я әрпі бар сөздерді көрсет
2. Қажымұқан ағамен басқа елге саяхат деген әңгіме құрастыр
Тақырыбы: Ф дыбысы мен әрпі

26

Мәтінді тындап футбол ойны туралы әңгімелеп бер
Қорқақтық жараспайды
Балалардың бәрі Асанды қорқақ деп атайды. Өйткені ол найзағайдан қатты
қорқады.Жаңбыр жауып, күн күркірегенде кірерге жер таппайды. Бірде күн
бұлттанып, майда жауын сіркіреп жауа бастады. Бір топ бала ауыл сыртындағы
алаңда футбол ойнап жатқанбыз. Асан қақпашы еді.Ол дегбірсізденіп, абыржи
бастады. Ретін тауып ойыннан шыққысы келді. Сөйткенше болмай, аспан жарқжарқ ете түсті. Асанның зәресі ұшты, балалар ойынды тоқтатып,қақпаның
жанында үйіріліп тұрды. Асанды найзағайдан қорықпауға, жауынның өткінші
екенін айтып сабырға шақырды. Асан үйіне тура жүгіруге балалардан ұялды.
Қанша қорықса да, шыдауға бекінді. Біраздан кейін жаңбыр басылды. Ойын қайта
жалғасты.

Тақырыбы: В, Л дыбысы мен әрпі

Бөгенбай батыр
27

Бөгенбай батыр - Абылай заманындағы атақты колбасшы, батыр. Сол кездегі қазақ
сарбаздарының үлкен ағасы болған. Бөгенбай арғын ішіндегі Қанжығалы руынан
шыққан. Оны халық аңызында «Қанжығалы қарт Бөгенбай» деп атаған. Бөгенбай
халық тәуелсіздігі үшін талай шайқастарға қатысты. Ол жоңғарлармен соғыста
ерен ерлік көрсетті.
1. Бөгенбай деген кім?
2. Батыр қандай болу керек?
Волейбол ойыны туралы әңгіме құрастыр

Тақырыбы: Э дыбысы мен әрпі

Мәтінді тындап Э әрпі бар сөздерді ата
Алтын адам
Астанада мұражайлардың түр-түрі бар.Балалар мұражайларды аралап, көп
қызықтады, әсіресе археология мұражайына жасалған экскурсия оларға қатты
ұнады. Мұражайдағы экспонаттар қазіргі Қазақстан жерінде ерте замандарда
қандай тайпалар мекендегенін білдіреді. Археологтар табылған еңбек құралдары,
ыдыстар,әшекей бұйымдарға қарап біздің ата-бабаларымыз қалай өмір сүріп,
немен шұғылданғандарын анықтап отыр.Балалар бір экспонаттың жанынан көпке
дейін кетпеді. Онда жас ханзада-сақ жауынгерінің бастан-аяқ әдіптелген киімі
қойылған.Оның дулығасы мен кіреуке сауытын көне зергер аңдардың,құстардың,
ағаштардың,таулардың суретін бейнелеп жасаған алтын табақшалармен
әшекейленген.Осы жауынгер киімі Есік қорғанында екі мың жылдан астам уақыт
жатса да, күні бүгінге дейін жақсы сақталған.
Эксковатордың пайдасы туралы әңгіме құрастыр
28

Тақырыбы: Ц дыбысы мен әрпі

Мәтінді тындап мазмұнын әңгімелеп бер
Мемлекеттiк мереке
Қазақстан-тәуелсiз мемлекет. Он алтыншы желтоқсан-мереке. Бұл күнi бiз
оқымаймыз -демалыс. Мерекелерде жиналыс. Концерттер болады. Мен де
концертке қатыстым. Отаным туралы қазақша ән айттым. Маған өз елiмнiң
елтаңбасы, жалауы өте ұнайды. Мен Қазақстанның азаматымын. Менiң арманым
- 2030 жылы президент болу.
Тақырыбы: Щ дыбысы мен әрпі

Жасырын сөзді тап

29

Баспалдақ бойынша сөздер жаз

Тақырыбы: Ч дыбысы мен әрпі

Чемпион қандай болу керек?

30

Тақырыбы: ь, ъ дыбысы мен әрпі

Мәтінді тындап жіңішкелік белгісі бар сөзді тап
Алматы апорты

Алматы апортының өзіндік тарихы бар. Өткен ғасырдың орта шамасында
Алматыға Орал уезінен Редько деген шаруа көшіп келді. Ол от-арбамен Алматыға
бір жыл жол жүріп жеткен екен. Ол Оралда апорт алмасын өсірген. Соның бір жаз
бұтағын құмыраға отырғызып, баптап-күтіп ала келеді. Алматы жеріне
отырғызады. Әлгі бұтақ аз жыл ішінде үлкен алма ағашына айналып, жеміс береді.
Бір ғажабы, жаңа қонысында біл апорт көлемі мен дәмі жағынан өзінің атамекеніндегі күйінен әлдеқайда асып түседі. Сөйтіп, ойда жоқта апорттың жаңа
сорты пайда болып, көбейтілді. Жер шарында Алматыдан басқа жерде мұндай
апорт түрі өспейді.
1. Мәтінде не туралы айтылған.
2. Ь таңбасын не үшін қолданады?
3. Ъ және ь белгілерін салыстырындар.

31

Қысқа мерзімді жоспар үлгілері
Сабақтың тақырыбы: Дыбыстар мен әріптер
Мақсаты:
Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын
сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке
дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау
Дескриптор:
Әліпбидегі әріптер мен дыбыстарды атайды
Әріптерді қосып оқиды
Құндылықтарға баулу: Ана тіліміз ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл
қазынамыз, сондықтан да өз тілімізде сөйлеу басты парызымыз
Күтілетін нәтиже:
Барлық оқушылар: Берілген тақырыпты ашып, әңгімелеп айтады, негізгі ойды
ашады.
Көптеген оқушылар: шығармашылыққа негізделген тапсырмаларды орындайды.
Кейбір оқушылар: берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.
Пәнаралық байланыстар:
Сабақтың
Сабақтағы оқушылардың қызметі
жоспарланға
н кезеңдері
Сабақтың
Ұйымдастыру кезеңі
басы
«Қасиеттер жәрмеңкесі» ойыны.
10 минут
Шарты: Оқушыларға екі бағанаға бөлінген ақ парақ
таратылып беріледі.
І бағанға «Сатамын», ІІ бағанға «Сатып аламын» деген
сөздер жазылады.
Нұсқау: Оқушылар өз бойларындағы қандай
қасиеттерді сатқылары келеді және қандай қасиеттерді
сатып алғылары келетіндіктерін қағазға (стикерге)
түсіреді.
Жазып болғаннан кейін стикерлерін жапсырып
жатып «сатуға ұсынылған» және «сатып
алғысы» келетін қасиеттерімен таныстырады

Ресурстар

Сергіту сәті
Сәби жылағанда қандай дыбыс шығарады?

32

Сәби күлгенде қандай дыбыс шығарады?
Сабақтың
ортасы
20 минут

1 тапсырма:
Әліпбиде неше әріп және неше дыбыс бар?

2 тапсырма:
Әріптерді қосып суреттердің атап бер:

О

Т

А

Ю

У

Қ

33

Сабақтың
соңы
10 минут

Сабақтың тақырыбы: Дауысты және дауыссыз дыбыстар
Мақсаты:
Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын
сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке
дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау
Дескрипторлар:
Сөз басталатын дыбысты анықтайды
Дыбыстарға мысал келтіреді
Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратады
Құндылықтарға баулу: Ана тіліміз ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл
қазынамыз, сондықтан да өз тілімізде сөйлеу басты парызымыз
Күтілетін нәтиже:
Барлық оқушылар: Берілген тақырыпты ашып, әңгімелеп айтады, негізгі ойды
ашады.
Көптеген оқушылар: шығармашылыққа негізделген тапсырмаларды орындайды.
Кейбір оқушылар: берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.
Пәнаралық байланыстар:
Сабақтың
Сабақтағы оқушылардың қызметі
жоспарланға
н кезеңдері
Сабақтың
Ұйымдастыру кезеңі
басы
Ұлағатты сөздерді оқып, олардың мәнін түсіндір.
10 минут
Жақсы мінез-құлық пен ақылың, екеуі біріккенде –
бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады.
Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы,
жақсы мінез-құлыққа байланысты.
Әл-Фараби
Мінез-құлық – әркімнің өзінің кейпін көрсететін айна.
И. Гете

Ресурстар

34

Сенім әдет болып қалыптасқанда ғана мінезге
айналады. Тек әдет арқылы адам өз мінезін
қалыптастырып, ойы іске айналады.
К.Д.Ушинский
Өзгермейтін, түзелмейтін мінез болмайды. Сондықтан
бір жағымсыз қылықты ақтап үшін мінездегі кемістікті
сылтау ету бос сөз. Адам өз мінезіне өзі жауапты.
Б.М.Теплов
Сергіту сәті
Таңертең «Шыр-р-р» деген не?
«Пс-с-с» деп секілдеген не?

Сабақтың
ортасы
20 минут

1 тапсырма:
Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратып айт

2 тапсырма:
Дауысты дыбыстарды қызыл түспен, дауыссыз
дыбыстарды көк түспен боя

35

Сабақтың
соңы
10 минут

Сабақтың тақырыбы: Жуан және жіңішке жұп дауыстылар
Мақсаты: Жуан және жіңішке жұп дауыстылар туралы білім алады
Дескрипторлар:
Дұрыс және дұрыс емес тұжырымды белгілейді
Сәйкес жұптарды табады
Топтамадан артық сөзді табады
Құндылықтарға баулу: Ана тіліміз ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл
қазынамыз, сондықтан да өз тілімізде сөйлеу басты парызымыз
Күтілетін нәтиже:
Барлық оқушылар: Берілген тақырыпты ашып, әңгімелеп айтады, негізгі ойды
ашады.
Көптеген оқушылар: шығармашылыққа негізделген тапсырмаларды орындайды.
Кейбір оқушылар: берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.
Пәнаралық байланыстар:
Сабақтың
Сабақтағы оқушылардың қызметі
жоспарланға
н кезеңдері
Сабақтың
Ұйымдастыру кезеңі
басы
«Сені көргеніме қуаныштымын...» жаттығуы
10 минут
Мақсаты: Қатысушылардың жағымды жақтарын
анықтау.

Ресурстар

Жаттығу барысы
Әрбір қатысушы өз көршісіне келесі сөздерді айтады:
«Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі ...». Бұл
36

сөйлемді адамның сыртқы келбетіне байланысты
сөзбен емес, мінез ерекшеліне байланысты сөзбен
аяқтау керек.
1.

Бұл жаттығуды орындау сізге қиын болды ма?

2. Көршіңіз «Мен сізді көруге қуаныштымын » деген
сөзді айтқан кезде қандай сезімде болдыңыз?
Сергіту сәті
Суреттердегі заттарды ата. Олар қандай дыбыс шығарады?

Сабақтың
ортасы
20 минут

1 тапсырма:
Жуан және жіңішке дыбыстарды екі бағанға бөліп жаз

Жуан

Жіңішке

2 тапсырма: суреттегі заттарды атап жуан және
жіңішке дыбыстарды көрсет

37

Сабақтың
соңы
10 минут

Сабақтың тақырыбы: Буын
Мақсаты:
Сөздерді буынға бөлу оның маңызы буынның түрлерін жасалу жолдарын
үйрену.
Дескрипторлар:
Буынның ережесін түрлерін біледі, оған мысалдар келтіре алады
Жаттығу жұмыстары арқылы, буынның жосалу жолдарын біледі.
38

Ашық, тұйық, бітеу буындардың ережесін біледі.
Құндылықтарға баулу: Ана тіліміз ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл
қазынамыз, сондықтан да өз тілімізде сөйлеу басты парызымыз
Күтілетін нәтиже:
Барлық оқушылар: Берілген тақырыпты ашып, әңгімелеп айтады, негізгі ойды
ашады.
Көптеген оқушылар: шығармашылыққа негізделген тапсырмаларды орындайды.
Кейбір оқушылар: берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.
Пәнаралық байланыстар:
Сабақтың
Сабақтағы оқушылардың қызметі
Ресурстар
жоспарланға
н кезеңдері
Сабақтың
Ұйымдастыру кезеңі
басы
«Комплимент» ойыны.
10 минут
Жаттығудың тапсырмасы – қатысушылардың бірін бірі
түсінісуі арқылы эмпатия деңгейін көтеру, тіл табыса
алу қасиетін, бірі бірін толық тануын дамыту.
Тренингке қатысушылар шеңбер бойымен орналасады.
Кез келген қатысушы жағымды комплимент айтады. Ал
қалғандары ол кімге арналғанын табады. Комплимент
алған қатысушы ойынды әрі қарай жалғастырады.
Барлығы түгелдей жағымды эмоция алмайынша ойын
аяқталмайды.
Сергіту сәті
Жануарларды ата. Олар қалай дыбыстайды?

Сабақтың
ортасы
20 минут

1 тапсырма: буындарды қосып сөзді ата

39

2 тапсырма: буындарды қосып сөзді ата

Дескриптор:
Буындарды қосып оқиды
Сөздерді қосып оқиды
Сабақтың
соңы
10 минут

Сабақтың тақырыбы: У дыбысы мен әрпі
Мақсаты:
әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру
40

дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну
сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар)
ажырату және дұрыс дыбыстау
Дескриптор:
Уу әрпіне берілген сөздерді буындап және тұтастай оқиды
Уу әрпіне мысалдар келтіре алады
Құндылықтарға баулу: Ана тіліміз ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл
қазынамыз, сондықтан да өз тілімізде сөйлеу басты парызымыз
Күтілетін нәтиже:
Барлық оқушылар: Берілген тақырыпты ашып, әңгімелеп айтады, негізгі ойды
ашады.
Көптеген оқушылар: шығармашылыққа негізделген тапсырмаларды орындайды.
Кейбір оқушылар: берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.
Пәнаралық байланыстар:
Сабақтың
Сабақтағы оқушылардың қызметі
жоспарланға
н кезеңдері
Сабақтың
Ұйымдастыру кезеңі
басы
Сәлемдесу «Жапон әліппесі» жаттығуы
10 минут
А – ка З – з
П – но Ц – ми Б – зу
И – ки Р – ши Ч – кэ В – ру К – мэ
С – ари Ш,Щ – хи Г - жи Л – та Т
– чи
Ь,Ъ,Ы – зук Д – тэ М – рин У – до
Э – мэй Е – ку Н – то
Ф – лу Ю – фу
Ж – су О – мо Х – ри
Я – на
Мұғалімдер осы әліппе арқылы өздерінің есімдерін
жапон тілінде қасына сын есімді косып айтып шығуы
керек. Мысалы: адемі Бегайым деген жапон тілінде
катэкурин Зукужикаки.

Ресурстар

Сергіту сәті

41

Сабақтың
ортасы
20 минут

У әрпіне
басталатын
сөздерді айт:

У әрпін тауып астын сыз

42

Сабақтың
соңы
10 минут

Сабақтың тақырыбы: Ш дыбысы мен әрпі
Мақсаты:
әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру
дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну
сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар)
ажырату және дұрыс дыбыстау
Дескриптор:
Шш әрпіне берілген сөздерді буындап және тұтастай оқиды
Шш әрпіне мысалдар келтіре алады
Құндылықтарға баулу: Ана тіліміз ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл
қазынамыз, сондықтан да өз тілімізде сөйлеу басты парызымыз
Күтілетін нәтиже:
Барлық оқушылар: Берілген тақырыпты ашып, әңгімелеп айтады, негізгі ойды
ашады.
Көптеген оқушылар: шығармашылыққа негізделген тапсырмаларды орындайды.
Кейбір оқушылар: берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.
Пәнаралық байланыстар:
Сабақтың
Сабақтағы оқушылардың қызметі
жоспарланға
н кезеңдері
Сабақтың
Ұйымдастыру кезеңі
басы
«Өзіңді білгің келсе» жобалық тест.
10 минут
Мақсаты: мұғалімдер жобалық тест арқылы
өздерінің мінез- құлықтары мен жекелік қасиеттерін
біле алады.

Ресурстар

43

Нұсқау: А4 форматтағы ақ қағазға сурет салу
ұсынылады.
Болған соң салынған суреттеріне қарай талданады.
Сурет салу: күн, тау, үй, ағаш, жол, жол, сақина.
Тау – дөңгелек салынса, мінезі жұмсақ, мейірімді,
сенгіш. Егер тау ұшты болса, өкпелегіш, тік мінезді.
Егер аралас салынса – басында қар болса, өзгермелі
адам.
Үй – суретте ағаш үй салынса, арманы орындалады.
Егер бір терезе салынған болса өзіне жақын бір адам
туралы көп ойланады. Егер бірнеше терезе болса және
жапқыштары болса, ол тұйық, сақ адам. Үйдің
төбесінде мұржасы болса, түтін шығып жатса, әңгімеге
жақын, өсекқұмар адам.
Ағаш – біреу болса өзінің жолдасына ұнайды. Егер
бірнешеу болса, балаларды жақсы көреді, оларға уақыт
бөліп, көңіл аударады. Қоршаған әлемді сүйеді, қанша
мықты әдемі салынса, сұлулыққа соншалықты құмар.
Жол – үйге жақын жатса, жолы жеңіл, алыс болса
керісінше. Егер жол үйдің есігінен шықса, тапқан
табысын үйге әкелетін, ал керісінше болса айналасына
тарататын адам.
Сақина – көзсіз болса қонақ қабылдағанды, қонақ
шақырғанды ұнатады. Көзі болса болашақты ойлайды,
капитал жинайды. Неке жүзігі мықты отбасын
білдіреді.
Сергіту сәті

44

Сабақтың
ортасы
20 минут

Ш әрпіне
басталатын сөздерді
айт:

Ш әрпінен басталатын сөздерді ата

45

Сабақтың
соңы
10 минут

Сабақтың тақырыбы: Тақырыбы: С, Т дыбысы мен әрпі
Мақсаты:
әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру
дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну
сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар)
ажырату және дұрыс дыбыстау
Дескриптор:
Сс, Тт әріптеріне берілген сөздерді буындап және тұтастай оқиды
Сс, Тт әріптеріне мысалдар келтіре алады
Сс, Тт әріптерінің сөздегі орнын анықтайды
Құндылықтарға баулу: Ана тіліміз ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл
қазынамыз, сондықтан да өз тілімізде сөйлеу басты парызымыз
Күтілетін нәтиже:
Барлық оқушылар: Берілген тақырыпты ашып, әңгімелеп айтады, негізгі ойды
ашады.
Көптеген оқушылар: шығармашылыққа негізделген тапсырмаларды орындайды.
Кейбір оқушылар: берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.
Пәнаралық байланыстар:
Сабақтың
Сабақтағы оқушылардың қызметі
жоспарланға
н кезеңдері
Сабақтың
Ұйымдастыру кезеңі
басы
«Аңдар мен жәндіктер» жаттығуы
10 минут
Нұсқау: Мұғалімдерге қағаз таратылады. Мұғалімдер
әр қатарға өздерінің ұнайтын аңдар мен жәндіктердің

Ресурстар

46

аттарын жазады. Саны алтау. Осыдан кейін әркім менің
оқыған сөйлемімді тыңдайды, оқылған сөйлем
арасында өзі жазған сөздерді рет – ретімен оқып
отырады, яғни өзінің кім екендігін анықтау.
Қорытынды:
1.
2.
3.
4.
5.
6.

Мені жұрт .... деп ойлайды.
Мені ...... деп ойласа екен деп ойлаймын.
Дәл өзім .....
Мен жұмыста.....
Жолдасыңыздың алдында.....
Негізі........
Сергіту сәті

Сабақтың
ортасы
20 минут

С әрпіне
басталатын
сөздерді ата:

47

Т әрпіне
басталатын
сөздерді ата:

Т әрпінің орнын анықта

48

Сабақтың
соңы
10 минут

Сабақтың тақырыбы: Д дыбысы мен әрпі
Мақсаты:
әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру
дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну
сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар)
ажырату және дұрыс дыбыстау
Дескриптор:
Дд әріптеріне берілген сөздерді буындап және тұтастай оқиды
Дд әріптеріне мысалдар келтіре алады
Дд әріптерінің сөздегі орнын анықтайды
Құндылықтарға баулу: Ана тіліміз ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл
қазынамыз, сондықтан да өз тілімізде сөйлеу басты парызымыз
Күтілетін нәтиже:
Барлық оқушылар: Берілген тақырыпты ашып, әңгімелеп айтады, негізгі ойды
ашады.
Көптеген оқушылар: шығармашылыққа негізделген тапсырмаларды орындайды.
Кейбір оқушылар: берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.
Пәнаралық байланыстар:
Сабақтың
Сабақтағы оқушылардың қызметі
жоспарланға
н кезеңдері
Сабақтың
Ұйымдастыру кезеңі
басы
«Паравоз» ойыны.
10 минут

Ресурстар

49

Мақсаты: ұжымда бір –бірімен жағымды қатынас
қалыптастыру, көңіл – күйлерін көтеру.
Нұсқау: Балалар бір қатарға тұрып реттік санымен
1,2ге саналады. Екі топқа бөлініп, бірінші топ қолдарын
бір рет шапалақтап, оң аяқтарын екі рет жерге қағады.
Ал екінші топ қолдарын екі рет шапалақтап, оң
аяқтарын бір рет жерге қағады. Осылайша ойын
жалғасады, шатасқан ойыншы өз өнерін ортаға шығып
көрсетеді.
Сергіту сәті

Сабақтың
ортасы
20 минут

Д әрпіне
басталатын
сөздерді ата

Д әрпіне басталатын заттардың атын тап

50

Сабақтың
соңы
10 минут

«Арал» әдісі
Үлкен парақта эмоционалды «аралдар» бейнеленген
карта салынады: қуаныш, мұң, аң-таң, ләззаттану,
жадырау, күту, алаңдау, шабыт, рахат, белгісіздік
аралы, т.б. Аралдар картасы тақтаға ілінеді. Оқушылар
тақтаның алдына шығып маркермен (фломастермен)
оның сабақтан кейін немесе күннің, аптаның соңында
эмоциялықсезімдік жағдайын көрсететін кемесін
картаға іледі немесе суреттейді.

Сабақтың тақырыбы: Ы дыбысы мен әрпі
Мақсаты:
әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру
дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну
сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар)
ажырату және дұрыс дыбыстау
Дескриптор:
Ыы әріптеріне берілген сөздерді буындап және тұтастай оқиды
Ыы әріптеріне мысалдар келтіре алады
Ыы әріптерінің сөздегі орнын анықтайды
51

Құндылықтарға баулу: Ана тіліміз ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл
қазынамыз, сондықтан да өз тілімізде сөйлеу басты парызымыз
Күтілетін нәтиже:
Барлық оқушылар: Берілген тақырыпты ашып, әңгімелеп айтады, негізгі ойды
ашады.
Көптеген оқушылар: шығармашылыққа негізделген тапсырмаларды орындайды.
Кейбір оқушылар: берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.
Пәнаралық байланыстар:
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!