Авторлық бағдарлама "Менің денсаулығым - менің қолымда" 10-11 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Авторлық бағдарлама "Менің денсаулығым - менің қолымда" 10-11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал ҰБТ- ге баратын 11 сыныптарға мамандық таңдауына көмек әрі «Менің денсаулығым – менің қолымда» биология пәнінен қолданбалы (таңдамалы) курсының мақсаты: денсаулықты сақтау мен нығайту әр адамның қолынан келетіндігіне, оған ағзаның резервтік мүмкіндіктерін пайдалануға болатындығына білім алушының көзін жеткізу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, өзін –өзі тану әдістерін үйрету. «Менің денсаулығым – менің қолымда» биология пәнінен қолданбалы (таңдамалы) курсының міндеттері: - ішімдік, темекі, есірткі құрамындағы адам ағзасына зиянды әсерін түсіндіру; - оқушылардың зиянды әдеттерге негативті көзқарасын дамыту; - оқушылар бойында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға бағыттау, - оқушылардың ғылыми дүниетанымын кеңейту - негізгі ұғымдар мен теорияларды білу, - өз бетімен белсенді жұмыс істеуге үйрету, - оқыту өмірмен тығыз байланыстыру;
Материалдың қысқаша нұсқасы

ӘОЖ 373.5.016:57

М 45



Пікір жазған:

Р.Р.Бейсенова – Биология ғылымының докторы, Л.Н.Гумилев ЕҰУ.Қоршаған ортаны қорғау саласында басқару және инженеринг кафедрасының меңгерушісі

Б.А. Бимағанбаетова – «Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі» КММ. Аудандық биология пәнінің әдіскері



М 45 «Менің денсаулығым – менің қолымда»: биология пәнінен қолданбалы (таңдамалы) курсы /құраст.: Г.Н.Нурмуханбетова, 112 б.


ISBN 978-601-321-160-2




«Менің денсаулығым – менің қолымда» биология пәнінен қолданбалы (таңдамалы) курсының мақсаты: денсаулықты сақтау мен нығайту әр адамның қолынан келетіндігіне, оған ағзаның резервтік мүмкіндіктерін пайдалануға болатындығына білім алушының көзін жеткізу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, өзін –өзі тану әдістерін үйрету.






ӘОЖ 373.5.016:57



ISBN 978-601-321-160-2





© Г.Н.Нурмуханбетова, 2016 ж-



«Менің денсаулығым – менің қолымда» биология пәнінен қолданбалы (таңдамалы) курсы

Түсінік хат

Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. Адам бақыты – денсаулық. «денсаулық зор байлық» дейді қазақ. Ол адам символы. Соңғы жылдары, әсіресе кейінгі он жыл ішінде дүние жүзінің барлық елдеріндегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы халық денсаулығының тым нашарлап кетуіне байланысты және адамдардың тіршілік ету мерзімінің қысқаруына сәйкес – адамдардың денсаулығына көп көңіл бөліне бастады.

«2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» туралы әдістемелік нұсқау хатта білім беру саласы пәндерінен қолданбалы курстардың немесе таңдау курстарының ұсынылатын тақырыптарның бірі «Менің денсаулығым – менің қолымда» тақырыбы.

Адамзат баласының тіршілік өмірінде ең бір бағалы нәрсе, оның денсаулығы. денсаулықты сақтап, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек – дейді дәрігерлер мен биологтар. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті. Денсаулықты сақтау бала кезден есейгенге дейін мұқият күту керек.

Соңғы жылдары стрестің көбеюі, оның денсаулыққа зиянды әсерінен туындайтын аурулар көбейді. Дегенмен әр адам олардан өз организмін сақтай алу мүмкіндігінің бар екендігін түсіну қажет. Дау – жанжалдардың етек алуы, оны тани және дұрыс шеше білу қажеттігін туындайды. Сондықтан жоспарланып отырған тақырыптарда осы мәселені қозғайды.

Оқушыларға адам өміріне кері әсер ететін себептер жайлы түсінік беру, салауаттану туралы білімдері арттыру, тазалыққа, еңбексүйгіштікке, әдептілікке тәрбиелеу. Дені сау, білімді, жан – жақты дамыған адам ғана өз өмірін дұрыс жолға қоя алады. Денсаулықты ешқашан ешқандай ақшаға сатып ала алмайсың, бірақ оны сақтау және қалыптастыру әрбір адамның өз қолында. Ол үшін салауатты өмір салтын ұстану керек. Жасөспірімдік кезең есеюдің ең ғажабы. Бұл кезеңде адам ағзасында елеулі өзгерістер болады, сондай –ақ өмір сүру дағдысы қалыптасады. Жасөспірімнің болашақ өмірі үшін осы кезеңде зиянды әдеттерге үйір болмай өз денсаулығын күту керек, алдағы уақытта немен шұғылданады,  қандай отбасын құрады т.т.с.с  осы кезеңде дұрыс болуына байланысты. Өз ағзасын басқара алуы үшін ол ең бірінші  ағзасының құрылысы қандай, қалай жұмыс істейді, ненің пайдалы немесе зиянды екенін білуі қажет.

«Менің денсаулығым – менің қолымда» биология пәнінен қолданбалы (таңдамалы) курсының мақсаты: денсаулықты сақтау мен нығайту әр адамның қолынан келетіндігіне, оған ағзаның резервтік мүмкіндіктерін пайдалануға болатындығына білім алушының көзін жеткізу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, өзін –өзі тану әдістерін үйрету.

«Менің денсаулығым – менің қолымда» биология пәнінен қолданбалы (таңдамалы) курсының міндеттері:

  • ішімдік, темекі, есірткі құрамындағы адам ағзасына зиянды әсерін түсіндіру;

  • оқушылардың зиянды әдеттерге негативті көзқарасын дамыту;

  • оқушылар бойында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға бағыттау,

  • оқушылардың ғылыми дүниетанымын кеңейту

  • негізгі ұғымдар мен теорияларды білу,

  • өз бетімен белсенді жұмыс істеуге үйрету,

  • оқыту өмірмен тығыз байланыстыру;

  • Республикадағы экологиялық мәселелер және олардың тұрғындар денсаулығымен байланысын оқушыларға таныстыру. 

  • қоршаған ортадағы иондайтын радиацияның және химиялық қауіпті заттардың адам ағзасына жағымсыз әсері туралы оқушылардың білімін дамыту. 

  • экологиялық қолайсыз аймақтарда денсаулықты нығайтуға тиімді мінез құлық дағдыларына үйрету. 

  • Республикадағы және әлемдегі экологиялық мәселелерді шешу жолында белсенді тіршілік ұстанымына тәрбиелеу. 


Күтілетін нәтижелер:
1. Сабақта алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана біледі.
2. Танымдық қабілеттері дамиды.
3. Экологиялық мәдениеттері мен құзыреттіліктері қалыптасады.
4. Қоршаған ортаға сауатты қарым-қатынас жасау дағдыларын үйренеді.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
22.01.2018
2310
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі